Загрузка...
Адам ағзасының микрофлорасы
Адам ағзасының микрофлорасы

Адамның қалыпты микрофлорасы микро — және макроағзалардың даму кезінде қалыптасқан. Жеке ағзалар мен ағза қуыстарында тіршілік ететін микробты түрлердің жиынтығы биоценоз деп аталады. Биоценоздың бұзылуы, әсіресе ауру туындататын микроағзалардың ағзада пайда болуы аурудың дамуын туындатады.

Адамның ұрығы жүктілік кезінде залалсызданған күйде болады. Босану барысында нәресте ағзасына ананың босану жолдары арқылы, ананың терісінен, қызметкерлер қолдарынан, қоршаған заттар мен ауадан микроағзалар түседі. Өмір бойы адам микрофлорасының сипаты өзгереді, бірақ жалпы алғанда ол тұрақты. Әдетте адамның ішкі мүшелері зарарсызданған (қан, ми, бауыр және т.б.). Қоршаған ортамен жанасып отыратын мүшелер мен тіндерде микроағзалар болады.

Тері микрофлорасы тұрақты. Оның құрамында стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар, споратүзгіш бактериялар, ашытқы тәрізді саңыраукұлактар болады. Олардың қоректік субстраттары май бездері мен тері бездерінің шығындалары, өлген жасушалар мен ыдырау өнімдері болады. Дені сау, таза теріге түскен микроағзалар әдетте тері бетінде тұракты тіршілік ететін микроағзалардың, түрлі бездердің шығындылары мен бактериялар әрекеті салдарынан өледі. Терінің ластануы патогенді микроағзалардың дамуына ықпалын тигізеді, сол себептен теріні таза ұстау өте маңызды.

Ауыз куысында микрофлораның көптеген түрі кездеседі. Тұрақты температура, ылғалдылық, қоректік заттардың болуы, сілекейдің сілтілі реакциясы микроағзалардың дамуы үшін қолайлы жағдай туындатады. Кокктардың, сүт-қышқыл бактериялардың, дифтероидтардың, спирохеттердің әртүрлі өкілдері басым болады: сонымен қатар ұршық тәрізді таяқшалар, актиномицеттер және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар да кездеседі.

Ауыз қуысының микроағзалары тіс жегісінің, стоматиттің, жұмсақ тіндердің қабынуына себеп болады. Қабынудың бастапқы кезендерінде стрептококктар, бактероидтар, актиномицеттер басым болады. Тіс жегісінің дамуына қарай, олардың қатарына шіріткі бактериялары: протей, клостридиялар және т.б. қосылады. Осы аурулардың алдын алу үшін ауыз қуысының тазылығы маңызды рөл атқарады.

Қарын-ішек жолдарының микрофлорасы. Қышқыл асқазан сөлінің кері әсерінен әдетте асқазан микрофлорасы аз болады. Ащы ішекте де сілтілі реакцияға қарамастан, микроағзалардың саны ферменттердің әсерінен төмен. Тоқ ішекте микроағзалардың көбеюіне жағдай қолайлы. Адамның өмірінде тоқ ішектің микрофлорасы өзгеріп тұрады: емізулі балаларда сүт-қышқыл бактериялар саны басым болады, ал ересек адамдарда әдетте бактероидтар, бифидобактериялар, ішек таяқшалары, нәжіс стрептококктар және басқа микроағзалар кездеседі. Нәжістің үштен бір бөлігін түрлі микроағзалар құрайды.

Тыныс жолдарының микрофлорасы. Адам ағзасына тыныс алу барысында ауамен бірге микроағзалардың үлкен мөлшері түседі. Бірақ олардың көпшілігі мұрын қуысында ұсталып қалады немесе эпителий көмегімен сыртқа шығарылады. Мұрын — жұтқыншақта және аңқада әдетте стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар және басқа микроағзалар кездеседі. Ағза әлсірегенде (жауырағанда, ашыққанда, жарақаттанғанда) жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрақты тіршілік ететін микроағзалар тыныс алу жолының төменгі бөліктерін зақымдап, түрлі ауруларды туындатуы мүмкін (бронхит, өкпе қабынуы).

Көздің шырышты қабатының микрофлорасы көз жасының қүрамына кіретін лизоцимнің теріс әсерінен өте аз болады. Соған қарамастан конъюнктивте стафилококктар жэне дифтероқдтар кездеседі. Қынап микрофлорасы әйелдің өмірі бойында өзгеріп отырады. Қыздарда коккты флора, ересек әйелдерде — Дедерлейн таяқшасы басым болады. Адамның қалыпты микрофлорасы — оның денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Түрлі мүшелерде және ағзаның жүейлеріндегі микробты биоценоздардың бұзьшуы патологиялық үрдістердің дамуын, ағзаның қорғаныс күштерінің әлсіреуін, дисбактериозды туындатады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *