Адам организмі және оның құрылысын құраушылар

Жердегі барлық тірі организмдердің құрылысында шығуына байланысты өзіндік және жалпы ерекшеліктер болады. Адам және жануар организмі бір-біріне тәуелді дәрежедегі қатарды ажырататын толық жүйені көрсетеді: жасуша — тін — морфологиялық функционалді ағза бірліктері — ағзалар — ағзалар жүйесі. Осылайша, адам және жануарлардың дамуының және құрылысының негізі жасуша болып табылады.

Жасуша — тірі заттардың ядродан, цитоплазмадан және жасуша қабығынан құралатын функционалді бірлігі. Тірі жасуша — тұрақты жаңару мен түзілу жүретін, бүкіл өмір бойында тоқтаусыз зат алмасу өтетін күрделі динамикалық жүйе. Адам денесінде жасушалар және жасушалар тобы әртүрлі қызметтер орындауға бейімделіп дифференцияланады, яғни ағзаға байланысты онымен байланыста бола отырып пішінін және құрылысын өзгерте алады. Жасушаның тоқтаусыз даму процессі адам тінін құрайтын көп түрлі тіндерді шығуына әкеледі.

Тін — бір жасуша жүйесін және туындыларын сипаттайтын филогенетикалық жасушалар жүйесі. Эволюция процесінде ағзалардың қоршаған ортамен өзара байланысы және жағдайларға бейімделуі бірнеше тін түрлерінің шығуына әкелді. Төрт түрлі тіндерді ажыратамыз: 1. эпителий 2. дәнекер немесе ішкі ортаның (қан, лимфа, меншікті дәнекер тін, шеміршек және сүйек) тіндері 3. бұлшықетті 4. нерв.

Эпителий тіндер (textus epitheliales; сурет 1). Дененің барлық сыртқы бетін, кейбір ағзалар бетін (асқорыту, тыныс алу және несеп-жыныс жолдары), сірлі қабықтарды қаптайды. Көптеген организм бездерінің (асқазан-ішекгік, қалқанша, тер, май бездері т.б.) құрамына кіреді.

Эпителиалді тін

Эпителиалді тін

Эпителий тіні арқылы сыртқы орта мен организм арасында зат алмасу жүреді, олар қорғаушы рөлін, секреция қызметін, сору, бөлу, газ алмасу рөлін атқарады. Эпителидің қайта қалпына келуі (регенерация) жақсы дамыған, яғни ол оған жеке тұлға өміріндегі көптеген функционалді атқаруды қамтамасыз етеді. Эпителий тіні басқа тіндерден бірнеше белгілермен ерекшеленеді: ол әрқашан шектеуші орын алады. Тек тегіс қабат қалыптастыратьш эпителий клеткалардан тұрады. Құрылысына және орналасуына байланысты бірқабатты, көпқабатты және ауыспалы эпителий болып ажыратылады. Бірқабатты эпителийде (сурет 1, А, а-г) барлық клеткалардан негіздік жарғақта орналасады, көпқабаттыларда (сурет 1, А, д, е) негіздік жарғаққа тек жасушаның ішкі қабаты жалғасады, ал сыртқы қабаттарында байланыс болмайды. Ауыспалы эпителий (несепағар, несепкуық) аралық орын алады. Пішініне қарай эпителий тегіс (сурет 1, А, а), текше (сурет 1, А, б) және призмалық (сурет 1,А, в) болады. Сонымен қатар, көпқабатты эпителий мүйізделу дәрежесіне қарай мүйізделетін (тері эпителий) және мүйізделмейтін (мүйізше эпителий) болып бөлінеді. Эпителий бездердің негізгі салмағын құрайды. Эпителий жасуша қызметі — өмір сүруге қажетті заттарды жасау және бөліп шығару. Бездер (glandulae) экзокринді (тер, сілекей, сүт,т.б.), яғни ішкі ағзалар қуысына секрет бөлетін бездер және эндокринді (гипофиз, бүйрекүсті, т.б.), яғни ағыны жоқ, секретін қанға немесе лимфаға бөлетін бездер болып бөлінеді.

Дәнекер тін (textus connectivus) екі үлкен топты меншікті дәнекер тін және арнайы дәнекер тін тіректік (шеміршектік пен сүйектік) және гемопоэтакалық (миелоидты мен лимфоидты) қасиеттеріне байланысты бөлінеді. Меншікті дәнекер тінде талшықты және дәнекер тінді ерекше қасиеттерімен ажыратады. Талшықты дәнекер тінге борпылдақ қалыптаспаған мен тығыз қалыптасқан және қалыптаспаған дәнекер тіндер жатады. Бұлар құрылысына қарай әр түрлі.

Борпылдақ дәнекер тіндер

Борпылдақ дәнекер тіндер

Дәнекер тін ерекше қасиеттерімен ретикулярлы, майлы, шырышты және пигмент тіндерімен берілген. Борпылдақ талшықты дәнекер тінде (сурет 2, А) талшықтың саны аздау, бірақ жасушалар мен негізгі заттардың саны тығыз талшықты тінге қарағанда көптеу болады. Борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тіннің негізгі жасушалары: фибробласттар, фиброциттер, макрофагтар, сонымен бірге қанның кейбір жасушалары (лимфоциттер, эозинофилдер) перициттер, майлы клеткалар болып табылады. Борпылдақ талшықты дәнекер тін қан тамырларын, түтіктер мен нервтерді, ағзаларды бір-бірінен бөліп, қан мен тін арасында тіректік, қоректік, сонымен бірге қорғаныштық, репаративті қызметтерді атқарады.

Тығыз талшықты дәнекер тінде (сурет 2, Б, В) борпылдақ дәнекер тінге қарағанда талшықтары көп, ал негізгі заттары мен клеткалары аз.

Шеміршек тін (textus cartilagineus; сурет 3, А) жасушалардан (хондроцит) және жоғары тығыздығы бар жасушааралық заттан тұрады. Бұл тін тірек қызметін атқаратындықтан қаңқаның бірнеше бөліктерінің құрамына кіреді және шеміршектердің негізгі салмағын құрайды. Адам денесінде гиалинді (кеңірдек, бронх, буын беті сүйектерінің шеміршегі), серпімді (құлақ қалқаны) және талшықты (омыртқааралық дискілер) шеміршек тіндерін ажыратады.

Гиалинді шеміршек тіні шеміршек тінінің көп тараған түрі және гиалинді шеміршекті құрайды (сурет 3, А, а). Бұл шеміршек түрлерінің ішіндегі қатты және берігі. Серпімді шеміршекті құрайды (сурет 3, А, б). Адамдарда бұл шеміршекті тіннің түрі құлақ қалқанында, сыртқы есту жолында, есту түтігінде, көмейдің ұсақ шеміршектерінде және бронхыларда кездеседі.

Сүйек тіні (textus osseus; сурет 3, Б) бас және қол-аяқ қаңқасын, дененің біліктік қаңқасын құрайды. Организм денесінің пішінін анықтап, бассүйегінде, кеуде және жамбас қуысында орналасқан ағзаларды құрайды. Сонымен қатар, минералдар алмасуына қатысады. Сүйек тіні жасушалардан (остеоцит, остеобласт және остеокласттар) және жасушааралық заттан құралған. Соңғысы коллагенді талшықтар мен негізгі сүйекті затты құрайды. Мұнда сүйекке мықтылық беретін көп мөлшерде (70% дейін) минералды тұздар жиналады. Ретикулофиброзды немесе дөрекіталшықты сүйек тіндерін ажыратуға болады. Табақшалы сүйекті тін тығыз (түтікті сүйектер диафизінде) немесе кемікті зат (сүйек эпифизінде) бола алады. Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық ағзаның ішкі ортасы болып табылады. Қан тіндерге қоректік заттар, оттегі тасымалдайды, алмасу өнімдерін және көміртегі газын жояды, антиденелер қалыптастыруын жүргізеді және организмнің түрлі жүйелерін реттейтін гормондар алмастырады.

Қан және лимфа

Қан және лимфа

Қан (sangius; сурет 4, А) формалық элемент (30%-40%) және жасушааралық зат плазмадан (60%-70%) құралған. Қанның формалы элементтері эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер деп бөлінеді. Лейкоциттер түйіршікті (цитоплазмада арнайы гранулалары бар) және түйіршіксіз болуы мүмкін. Түйіршікті лейкоциттерге ацидофилді, базофилді және нейтрофилді гранулоциттер жатады. Түйіршіксіз лейкоциттер, моноциттер және лимфоциттер болып, ал лимфоциттер Т-лимфоциттер (тимус-тәуелді) және В-лимфоциттер (бурса-тәуелді) болып бөлінеді. Организмде қанның формалы элементтері нақты сандық қатынаста болады. Оны қан формуласы (гемограмма) деп атайды. 1 мм қанда әйелдерде 4-4,5 млн. эритроцит және еркектерде 4,5-5,5 млн. эритроциттер, 4000-8000 лейкоциттер және 180000-300000 тромбоциттер қан табақшасы болады. Бұдан басқа, лейкоцитарлық формула -шеттік қанға лейкоциттердің түрлі түрлерінің пайыздық қатынасын анықтайды. Дені сау адамда соңғысы келесі түрде болады: эозинофилдер 1-5%, базофилдер 0,5-1%, нейтрофилдер 50-60%, лимфоциттер 25-30%, моноциттер 6-8 %. Медицинада қан анализі организмнің жағдайын сипаттау үшін және ауруларға диагностика жасауда маңызды қызмет атқарады.

Лимфа (lympha; сурет 4, Б) — тін сұйықтығынан қылтамыр қабырғалары арқылы қан плазмасының үнемі сүзілуінен болатын ашық мөлдір немесе сарғыш түсті сұйықтық. Бұлшықет тіндері (textus musculares; сурет 5) тегіс салалы және көлденең жолақты бұлшықет болып бөлінеді. Бұл тіннің негізгі ерекшелігі организмдегі қозғалыс процесін негіздейтін жиырылу қабілеті болып табылады. Бұлшықет тінінің жиырылдырушы элементтері миофибрилдер деп саналады.

Тегіс салалы бұлшықет тіні (textus musculares nonstriatus; сурет 5, А) ішкі ағзалар (асқазан, жатыр, қуық, т.б), қан тамырлар құрамына кіреді және еріксіз жиырылады. Ол жасушалық құрылысты болады және тегіс миофибрилл түрінде жиырушы аппаратты болады. Тегіс бұлшықет жасушалары миоцит түйінге жиналып, олар бұлшықет қабатына жиналады. Бұлшықет қабаты ішкі ағзалар қабырғасын пішіндейді.

Көлденең-жолақты скелетті бұлшықет тіні (textus muscularis striatus; сурет 5, Б) қаңқа бұлшықеттерін жасап, ерікті жиырыла-ды. Осьшдай құрылымдық-функционалдық бірлік — миопласт. Бұл созылған көп ядролы симпластан құралатын көлденең-жолақты бұлшықет талшығы болып табылады. Бұлшықет талшығында миофибрилдер реттеліп орналасқан және біркелкі қайталанатын фрагменттерден (саркомерлер) тұрады. Фрагменттердің бірнеше оптикалық және физика-химиялық ерекшеліктері болады.

Жүректің бұлшықетті тіні (textus; сурет 5, В) жүректің бұлшықетті қабырғасының құрамына кіріп, бірақ бұлшықетті талшықтардан емес, бұлшықетті клеткалардан-кардиомиоциттерден тұрады.

Нерв тіні (textus nervosus; сурет 6) — сыртқы ортамен қатынасын қамтамасыз ететін және адам организміндегі барлық процесстерді реттейтін нерв жүйесінің негізгі компоненті. Нерв тінінің құрамына 2 түрлі жасуша кіреді: нейрондар және глиоциттер. Нейрондар нерв импульсін қабылдау, анализдеу және өткізу қызметін, ал глиоциттер тірек, трофикалық және қорғаныш қызметін орындайды. Нерв түрінің негізгі құрылымдықфункционалді бірлігі — нейрон (нейроцит) болып табылады. Нерв денесінен көптеген өсінділер шығады. Олардың арасында нейрон денесіне қозуды өткізетін дендриттер және импульстің нерв жасушаларынан жұмысшы ағза немесе басқа нейронға өткізетін аксондар (нейрит) болады. Нерв жасушасының қабықпен қапталған өсінділер тобы нерв талшығын құрайды. Талшықтардың 2 түрі ажыратылады: арнайы қабықпен қапталған миелиндік және қапталмаған миелинсіз. Өсінді талшықтардың ортасында орналасып, біліктік цилиндр деп аталады. Нерв талшықтарының бірігуі нерв түтігін немесе нервтерді құрайды. Нерв талшықтары дененің әр ағзаларында сезімтал және қозғалғыш нерв түбірлерімен аяқталады. Тіндер бір-бірімен өзара құрылымды және функционалді әсерлесе отырып, ағзалар түзеді. Организм — спецификалық қызметін орындап, пішіні мен құрылысы бар денеде белгілі орын алатын дене бөлігі. Организм құрылысында түрлі тіндер болады, бірақ оның құрылымдық және функционалдық ерекшелігін көрсететін тек біреуі басты болып табылады. Сүйектер үшін — сүйек тіні, бұлшықет үшін — бұлшықет тіні, ми үшін — нерв тіні, бездер үшін — эпителий тіні. Ағза құрылысына кіретін басқа тіндер жанама қызмет атқарады. Дәнекер тіндер қаңқа негізі деп аталатын дәнекер тінді жасайды, эпителий тіні ішкі ағзалардың (тынысалу, асқорыту және т.б. жүйелер) шырышты қабығын қаптайды, бұлшықет тіндері ішкі ағзалардың қабырғасын жасауға қатысады. Ағзаларға сүйектер, бұлшықеттер, бездер, өкпе, асқазан, бауыр, бүйрек т.б. жатады. Құрылысы, дамуы және атқаратын қызметінің ұқсастығына байланысты ағзалар бір жүйеге біріктіріледі. Тынысалу, несеп, жыныс, жүрек-қантамыр, нерв және т.б. жүйелері ажыратылады. Құрылысы және шығуы әр түрлі, бірақ бірдей қызмет атқаратын ағзалар бірігуі тұтас адам организмін құрайды. Оның құраушылары өзара қарым-қатынаста болады. Осының негізінде ағзаның бір тұтас жиналуы нерв және эндокринді жүйелерге жатады. Бұл екі жүйе ағзаның нейрогуморалді қызметін реттейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *