ТМД-ның біркатар мемлекеттерінің заңнамасында адвокатураның анықтамасы берілген. Мысалы, 1996 жылғы 27 желтоқсандағы №349-1 «Адвокатура туралы» Өзбекстан Республикасының Заңының 1-бабында «Адвокатура — адвокаттық қызметпен айналысатын тұлғалардың тәуелсіз, ерікті, кәсіби бірлестіктерінің және адвокаттық тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларды қамтитын кұқықтық институт» — делінген. Ал 1993 жылғы «Адвокатура туралы» Украина заңының 1-бабыңда «Украина адвокатурасы Украинаның Конституциясына сәйкес Украина азаматтарының, шетел азаматтарының азаматтығы жоқ адамдардың, занды тұлғалардың құқыктарын, бостандыктарын қорғауға және занды мүдделерін білдіруге жәрдемдесуге, оларға өзге заң көмегін көрсетуге шақырылған ерікті кәсіби қоғамдық бірлестік болып табылады» — деп көрсетілген.

Беларусь Республикасында адвокатураға 1993 жылғы 15 маусымдағы №2406-ХІІ «Адвокатура туралы» Беларусь Республикасының заңының 1-бабына сәйкес «Беларусь Республикасындағы адвокатура Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес кәсіби құқык қорғашылық қызметті жүзеге асыру үшін шақырылған тәуелсіз құқықтық институтты білдіреді» — деген анықтама берілген. Ал енді Ресейде 2002 жылғы 31 мамырдағы №63-ФЗ «Ресей Федерациясынын Адвокаттык кызмет және адвокатура туралы» Ресей Федерациясының Федералдық заңының 3-бабында «Адвокатура адвокаттардың кәсіби қауымдастығы және азаматтык қоғамның институты ретінде болып табылады. мемлекеттік билік органдары мен өзін-өзі басқару органдарының жүйесіне кірмейді» — деген анықтама берілген.

Алайда жоғарыда аталған ТМД мемлекеттеріне қарағанда Қазақстан Республикасының қолданыстағы занңамасында, сондай-ақ Қазақстанның заңи әдебиеттерінде де адвокатураның накты анықтамасы берілмеген. Мысалы, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан   Республикасы заңының 1-бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсаттарын көрсетуден басталады. Ал «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 20-бабында тек адвокаттар алқасы ұғымы ғана берілген. Сондықтан да көрсетілген олқылық орнын толтыра және осы ұғымды кеңейте отыра, өз түсінігімізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.

Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны нақ осы адвокаттар алқасы болып табылады және сондықтан «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында адвокаттар алқасының адвокаттардың түбегейлі ұйымы екендігі айтылған. Алайда бұл адвокатураның Қазакстан Республикасының Адвокаттар одағы, Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) Қазак филиалы сияқты өзгеде нысандарының бар екендігін жокқа шығармайды. Ал болашақта белгілі бір міндеттер мен мақсаттарды алдына қоятын басқа да адвокаттар бірлестігінің құрылуы мүмкін.

Адвокаттар алқасы занды және жеке тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың құкықтары мен заңды мүдделерін білдіру және корғау үшін. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңында белгіленген өзге де міңдеттерді орындау үшін құрылған адвокаттардың коммерциялық емес. кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі каржыландыратын ұйымы болып табылады.

Заңда адвокаттар алкасы қоғамдық ұйым ретінде аталмаған. Алайда оның нақ осы қоғамдық ұйымға тән белгілері бар. Бұл:

  1. Кәсіби ұйымды кұрған тұлғалардың теңдігіне негізделген, тиісті ретпен рәсімделген мүшеліктің болуы. Адвокаттар алқасы жоғары заң білімі, біліктілік емтиханың тапсырған және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан құрылады. Алқа мүшелігіне қабылдау және одан шығаруды сайланбалы алқа органы — адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді. Әрбір адвокат — алқаның толық мүшесі және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14, 15, 28 және 29-баптарында карастырылған құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығына ие болады.
  2. Қоғамдык ұйым мүшелерінің оның мүліктік меншігін және материалдық катысуы тек кіру және мүшелік жарна турінде ғана жүргізілмейді. Адвокатурада ұйымның мүліктік негізін құруға арналған қаражат сондай-ақ өз қорларынан заң консультациялары аударған сома және адвокат кеңселері азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсеткені үшін алған төлемнен құралады. Мүлік, сонымен қатар ерікті мүліктік жарналар мен садақалардан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, заңда тыйым салынбаған өзге түсімдерден құралады.
  3. Адвокаттар алкасы мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, адвокаттар алқасының бас органдарын сайлауға, оның басшы органдарының қызметін бақылауға қатысуы — осының барлығы өзін-өзі басқаратын қоғамдык ұйым ретінде осы құқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді.

Жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсете. аныктау, алдын ала тергеу. сот, мемлекеттік және басқа органдар мен ұйымдарда және азаматтармен қарым-катынаста өкілдік пен корғауды жүзеге асыра, сот төрелігін жүзеге асыру процесіндс сайысушы тараптардың бірі ретінде қатыса отыра, адвокаттар ақы алады, оның бір бөлігін алка қызметін колдауға жұмсайды. Яғни, олар аткарған кызмет — коммерциялык әрекет емес. Бұның өзі «Адвокаттық кызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңының І-бабының 2-тармағында адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік кызмет болып табылмайды деген ережеде бекітілген.

Сөйтіп. адвокаттар алқасы құрылу және жұмыс істеу әдісі бойынша мемлекеттік органдарға тәуелсіз өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кәсіби бірлестікке тән емес мынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың әділет органдары мен қарым-катынас сипатына катысты атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің жаныңдағы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде азаматтар мен занды тұлғаларға, оның ішінде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылык және азаматтық істерді карау кезінде өкіл немесе корғаушы ретіндегі адвокаттың жағдайын, адвокатты тәртіптік жауапкершілікке тартуды және т.б. ұйымдастыру үшін өзара байланыс және жағдай жасау жөніндегі құрылымдық бөлімшенің болуы. Сонымен қатар, әділет органдары адвокаттық кызметпен айналысуға лицензия береді. Алайда бұл адвокаттардың тиісті лауазымдык міндеттемесін аткаратын қызметшілер екендігін білдірмейді.

Біріншіден, адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды (тағайындау, сайлау немесе конкурс бойынша), яғни мемлекеттік қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасымен шарт жасамайды.

Екіншіден, мемлекеттік қызметшілер кызметтік міндеттемені орындайды, мемлекеттің немесе оның органының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етеді. Олардың көпшілігі мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерді атқарады. Бұл қағида ешбір жағдайда да адвокаттарға қолданылмайды. Олар азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсетеді, өз атынан сөз сөйлейді және азаматтар мен мемлекетті корғандарға қатысты мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер жүктелмеген.

Үшіншіден, адвокаттар еңбегі үшін мемлекеттік қызметшілер сияқты мемлекеттен сыйақы алмайды. Көрсеткен зан көмегі үшін төлем ретінде азаматтар мен ұйымдардан адвокаттар кеңсесіне және заң консультациясына түскен каражаттан еңбекақы алады («Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы). Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсетілетін жағдайдың өзінде адвокат еңбегі заң консультациясының немесе адвокат кеңсесінің қаражатынан ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган немесе сот Қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республикалық бюджет қаражатынан төленеді. Заң консультацияларында меңгерушінің кесімді жалақы алуы да, мұнда да жалақы сол көздерден төленгендіктен істің мәнін өзгерте алмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *