Алтын мен күміс туралы мәлімет

Өндірілген алтынның негізгі бөлігі мемлекеттік қорларда сақталады. Ол халықаралық төлемдер мен есеп айырысуларда валюта ретінде, оларды қамтамасыз етеді. Мәселен, басты шетелдердің алтын қоры 40 мың тоннаға жетеді. Өндірілген алтынның қалған бөлігі зергерлік бұйымдар жасауға (50%), электрондық техникада химиялық өнеркәсіпте, фосфор бүйымдар өндірісінде (35%), медицинада (10%) қолданылады. Соңғы жылдары алтын жаңа техникада дәнекер материал ретінде, терможүптар жасауға, хронометр мен гальванометрдің талшықтарында, ғарыш аппараттарының бетін қаптауға (жылу мен жарықты шағылыстыру үшін) кең пайдаланылады.

[alert style=»success»]Геохимиясы мен минералогиясы[/alert]

Алтынның кларкі өте төмен болғанымен (4,3 • 10-7%), бұл металл табиғатта кең таралған. Оның жоғары концентрациясы гранит мен диабазға тән. Алтын әлем мұхиты суында бар, оның мөлшері өте төмен болса да өнеркәсіптік игерілуі жолға қойылған. Алтынның концентрациялану коэффициенті өте жоғары — 2000 шамасында. Табиғатта құрамында алтын бар 15 минерал белгілі. Негізгі өнеркәсіптік мәнге сомтума алтын мен оның теллуридтері ие. Сомтума алтында күміс, мыс, темір, висмут, қорғасын мен сүрменің қоспалары болады. Алтынның сапасы оның сынамымен (сынам — 1000 бірлік массасындағы алтын мөлшері) бағаланады. Жоғары сапалы табиғи алтынның сынамы 900-ден асады, ал төменгі сапалыда — 700-ге дейін. ТМД елдерінде алтын бұйымдары үшін 375, 500, 583 (585), 750, 958 сынамдар стандарт ретінде қабылданған.

[alert style=»success»]Кен типтері мен кондициялары[/alert]

Алтын кварц желісінде немесе сульфид минералдар — пирит, арсенопирит, халькопирит, солғын кен, галенит, сфалеритте шашыранды түрде және түйір тәрізді немесе бұрыс пішінді бөлінімдер түрінде кездеседі. Осыған байланысты түбірлік кенорындардың алтынды кварц және алтынды сульфид кені бөлінеді. Шашылымдарда алтын сомтума түрде байңалып, біршама жоғары сынамымен ерекшеленеді. Түбірлік кенорындарда алтынның мөлшері 3 г/т, ал шашылымдарда -0,1 г/м3 (драга арқылы өндіргенде) шамасынан асқанда кен кондициялың саналады. Өлшемі бойынша дисперсиялың (10 мкм-ға дейін), ұсақ (0,1мм-ге дейін), орташа (1 мм-ге дейін), ірі (5 мм-ге дейін) және сомтума (5 мм-ден немесе массасы бойынша 10 г-нан асады) алтын түйірлері бөлінеді.

В.И.Соболевскийдің деректері бойынша, адамзат тарихы барысында барлығы массасы 10 кг-нан асатын 25-30 ірі сомтума ғана табылған көрінеді. Жекелеген сомтумалардың массасы 36,2 кг-нан («Үлкен Үшбұрыш», ТМД) 285 кг-ға («Холтерман тақтасы», Австралия) дейін жетеді.

[alert style=»success»]Қоры мен өндірісі[/alert]

Алтынның жоғары категориялар бойынша барланған шетелдердегі қоры 31 мың тоннаны құрайды. Оның 75% -ға жуығы ОАР үлесіне тиеді. Алтынның жалпы қоры 60 мың тонна. Өте ірі түбірлік кенорындарда барланған алтынның қоры 100 тонна, ал шашылымдарда — 50 тонна деп бағаланады. Ірі кенорындарда тиісінше — 50-100 және 25-50 тонна, орташа кенорындарда — 10-50 және 1-25 т, ұсақ түбірлік кенорындарда 10 тоннаға дейін, шашылымдық кенорындарда — 1 тоннаға дейін. Қоры бойынша бірегей саналатын Витватерсранд кенорнында (ОАР) 32,5 мың тонна алтын бар деп есептелген.

Алтын өндірісі шамамен 50 елде шоғырланған, оның көлемі жыл сайын артып келеді, 1985 жылы ол 1140 тоннаға жеткен. Бұл көлемнің 60% мөлшері ОАР; 7,5% -Канада; 6,9% — АҚШ; 5,5% — Бразилия; 5% — Австралия үлесінде. Алтын өндіретін елдердің ішінде айтарлықтайы Филиппин, Зимбабве, Гана, Колумбия, Мексика (жылына 10-20 тонна) саналады.

ТМД елдерінде алтын Саха Республикасы, Забайкалье, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Орал кенорындарында өндіріледі. Алтынның құны әлем биржасында 8-25 $/г немесе 1 унциясы (31,1035 г) $250-750 шамасында өзгеріп тұрады. Қазақстан алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша -үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кенорында (126 — түбірлік, 47 — жиынтықты, 23 — шашылымдық) есептелген. Жиынтықты алтынды кенорындар қорының үлесі 35,1%, шашылымдар — 0,5% құрайды.

Өзіндік алтын кенорындарының есепке алынған қоры 65%, оның 40% -дан астамы бес кенорында шоғырланған — Васильков, Бақыршық, Жолымбет, Бестөбе және Ақбақай. Балансқа алынған кенорындардың 30% шамасы игерілуде. Алтын дербес алтын кенррындарынан да (61%), кешенді кенорындардан да (39%) өндіріледі.

Алтын өндірілетін ең басты дербес алтын кенорындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда — Жолымбет, Бестөбе, Ақсу, Ақбейіт; Батыс Қазақстанда — Юбилейное; Шығыс Қазақстанда — Бақыршық, Суздаль, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда — Ақбақай. Өнеркәсіптік игерілу Көкшетау ауданындағы өте ірі Васильков кенорнына жүріп жатыр.

Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі — Кенді Алтайдың колчеданды полиметалл кенорындары: РиддерСокольное, Тишинск, Малеев, Грехов. Алтын мыстыпорфир кенді Бозшакөл, Нұрқазған (Самар), Ақтоғай, Айдарлы; мысты-колчеданды Ор маңы, Аралша, Лиманды; колчеданды полиметалл кенді Абыз, Майқайың, Мейізек, Құсмұрын, Ақбастау, т.б.: скарндық мыс кенді Саяқ тобының кенорындарында бар. Ондаған түбірлік және шашылымдық алтын кенорындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіғара, Жарқұлақ, Секисов, Ақжал, Балажал, Олимпиадалық, Кенгір, Миялы, Кулуджун, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров I, Кеншыңғыс, т.б.).

[alert]Күміс туралы мәлімет[/alert]

Қолданылуы. Күмістің 10%-дайы ақша мен медаль жасауға, 20%-дайы күміс пен күмістелген құймалар даярлауға, ал 70% -дайы электротехникада, электрондық өнеркәсіпте, зымыран мен ұшақ жасауға, химиялық аспаптар мен жабдыңтар өндірісінде, фото мен кино өнеркәсібінде, фарфор мен керамика өндірісінде, медицинада пайдаланылады.

[alert style=»success»]Геохимиясы мен минералогиясы[/alert]

Жер қыртысында күмістің орташа мөлшері 7 • 10-6%. Бұл металдың жоғары концентрациясы постмагмалық жаралымдарға тән. Мұнда күміс алтынмен, мыспен, қорғасын және мырышпен бірге кездеседі. Күмістің концентрациялану коэффициенті 1000 шамасында. Құрамында күміс бар 60-қа жуық минерал белгілі. Олардың негізгілері сом-тума күміс Ag (қүрамында алтын, мыс, висмут, сүрме, сынап қоспалары болады), аргентит AgS, пираргирит Ag3SbS3 пен прустит Ag3AsS3.

[alert style=»success»]Кен типтері мен кондициялары[/alert]

Күміс негізінен қосымша (ілеспе) ретінде қорғасын-мырыш пен мыс по-лиметалл кенді өңдеген кезде айырып алынады, оның мөлшері 10 г/т шамасынан төмен болмау керек. Алтын-күміс кендеріндегі күмістің минимал мөлшері 100 г/т, ал дербес күміс кенорындарында — 400 г/т болады.

[alert style=»success»]Қоры мен өндірісі[/alert]

Күмістің шетелдердегі барланған қоры 360 мың тонна шамасында, ал жалпы қоры 500 мың тонна. Негізгі қор АҚІП, Мексика, Канада, Перу, Австралия кенорындарында шоғырланған. Металдың 90%-ға жуық қоры жиынтықты кенде. Ірі кенорындардағы күмістің барланған қоры 1 мың тоннадан асады, орташа кенорындарда — 100 тоннадан 1 мың тоннаға дейін, ұсақ кенорындарда — 100 тоннаға дейін. Күмістің жылдың өндірісі (ТМД-ны қоспағанда) 7400 тонна, ол 45 елде өндіріледі. Оның 70% -ға жуығы түсті металдар кенін өңдегенде, 10-15%-ы алтын-күміс кенорындарынан, ал қалғаны дербес күміс кенорындарынан алынады.

Күмістің әлемдің құны 0,2-0,5 $/г шамасында өзгеріп отырады. Қазақстан күміс өндірісі бойынша ТМД мен Азия елдері арасында бірінші орын алады. Өндірілген күмістің мөлшері: 1990 жылы — 700 тонна, 1994 жылы -550 тонна. Ол құрамында күміс бар кенорындардың мыс, колчеданды полиметалл, қорғасын-мырыш және алтын-күмісті кенін жиынтықты түрде өңдеген кезде ілеспе металл ретінде өндіріледі. Қазақстанда күмістің негізгі қоры шоғырланған нысандар. Кенді Алтайдың колчеданды мыс кенорындары (Малеев, Орлов, Тишинск, т.б.) — 39,5, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қорғасын-мырыш кенорындары (Жайрем, Мырғалымсай, т.б.) — 28,5; Жезқазған ауданының мыс кені (Жезқазған, Жаман Айбат, т.б.) — 23,9; Орталық Қазақстанның мысты порфир кенорындары (Аңтоғай, Бозшакөл, т.б.) -5,6; Орталық Оңтүстік Қазақстанның алтын-күмісті кенорындары (Тасқора, Арқарлы, т.б.) — 2,5. Соңғы жылдары Торғайдың Соколов кенді алаңында күмістің Павлов дербес ұсақ кенорны анықталған. Алдағы уақытта қазақстандық өнеркәсіптің негізгі бағыттамасы — аталған типті кенорындар концентраттарын кешенді өңдеп, күміс айырып алу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *