Аналық малды қолдан ұрықтандыру

Аналық малды ұрықтандыруды таза, жарық бөлмеде жүргізеді. Қолдан ұрықтандырудың интрагениталдық тәсілмен жүргізеді. Оларға қынаптық, цервикалдық, аналық жыныс түтікшесі арқылы ұрықтандыру жатады. Қынап әдісімен ұрықтандыру сирек қолданылады, бұл жағдайда ұрық цервикалдық әдіске қарағанда көп мөлшерде жұмсалады. Ұрықты шприц-катетермен, капрон шприцпен қосылған полистирол түтігі арқылы қынапқа жібереді.

Осылай қояндарды және қынабы тар тұсақ пен тайыншаны ұрықтандырады. Несеп шығатын жолға түспеу үшін аспапты қынаптың жоғарғы eзуiнен (бұрышынан), тоқтыларға 15-18 см, ал тайыншаларға 30-35 см тереңдікте енгізеді:

Цервикалдық әдіспен ұрықтандырғанда ұрықты жатыр мойнының жолына шприц-катетермен немесе басқа аспаптармен енгізеді.

Цервикалдық мынадай түрлерге бөлінеді: а) қынап айнасы көмегімен ұрықтандыру (визоцервикальдық); б) жатыр мойнын тік ішек арқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикалдық); в) жатыр мойнын қолмен ұстап тұрып ұрықтандыру (моноцервикалдық).

Кұстарды қолдан ұрықтандырғанда шәуетті ұрық түтікшесіне жіберу әдісі қолданылады.

Малды күйлеу феноменінің  өте айкын көрінген кeзінде ұрықтандырған дұрыс, бұл кезде жатырдың тонусы өте жоғары, кілегей қабығында шырыш мол, таза спермиялардың алға қарай қозғалуына ең қолайлы жағдай туған кeзі. Еске сақтайтын бір жайт: овуляцияға дейін ұрықтандырып болу керек. Малды ұрықтандырған кезде мүмкіндігі  болғанша тыныштық сақтау керек, малды ұрып-соғуға болмайды. Бөгде кісілердің жүруі, айкай-шу ұрықтандыратын малдың көңілін бөліп,  алаңдатады, жатырдың тонусы төмендеп, овуляция болмай калады. Осының бәpi ақырында қолдан ұрықтандыру жұмысының нәтижесіз калуына әкеліп соғады.

Сиырларды қолдан ұрықтандыру. Кынап айнасы көмегімен  ұрықтандыру (визоцервикалдық). Ұрық жатыр мойнының жолына шприц-катетер арқылы енгізіледі. Бұл сиырларды, саулықтарды және ешкілерді ұрықтандырғанда қолданады.

Аспаптарды даярлаған соң аналық малдың қынабына қынап айнасын кіргізеді.  Содан колдың кемегімен жатыр мойнының жолына саулыққа 0,5 см, сиырқа 4-5 см тереңдікте ұрықтың тиісті мөлшерін жібереді.

Жатыр мойнын тік ішек aрқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикалдық).  Көп мамандар малды қынап айнасынсыз пипеткамен тiк ішек арқылы жатырды ұстап ұрықтандыруды қолайлы деп санайды. Бұл бір қолмен тік ішек  арқылы жатыр мойнын ұстап, ал екінші қолмен қынап арқылы пипетканы енгізеді. Бұл әдісте бір рет қолданылатын полиэтилен қолғаптар, полистирол немесе шыны пипеткалар кажет.

Бұл әдісті әсіресе жұқпалы аурулары бар шаруашылықтарда қолдану пайдалы. Бұл әдіспен ұрықтандыру үшін жуылған және спиртпен сүртілген құрғақ қолмен пакеттен полистирол пипетканы алады да, оған пластмасса ампуланы немесе резеңке баллонды қосады, пипеткаға байланыстыратын муфтаға кішкентай  капрон жалғайды, содан 1 мл ұрық сорады.

Сулы тампонмен не қайнатылған сулы  сиырдың сыртқы ағзаларын сүрткен соң, оң қолмен пипетканы қынапқа оның жоғарғы epнеуінен (қабырғасынан)  кіргізеді. Полиэтилен қолғап киілген  бір қолды сабындап, тiк ішекке енгізіп  жатыр мойнынан ұстайды да, пипетканың ұшын оған бағыттайды.

Пипетканы енгізгеннен кейін (бір әдіспен)  оны әpi қарай жылжыту үшін жатыр мойнын қолдың барлық саусақтарымен ұстап, жеңіл айналыспен абайлап пипеткаға кигізеді. Аналық малды ұрықтандырғаннан кейін полиэтилен қолғапты және полистирол пипетканы жағып жібереді,  ал шыны пипеткаларды де, стерилденгенше бөлек темip трубкада сақтайды.

Жатыр мойнын қолмен ұстап тұрып ұрықтандыру (моноцервикалдық) әдісін Ф.И. Осташко және В.А. Чирков ұсынды. Бұл әдісте стерилді бір рет қолданылатын аспаптарды: полистирол катетер мен полиэтилен қолғап қолданады. Ұрығы бар ампуланы термостан алып шығып, 70С-тық спирт ұрықтар араласу үшін сілкеді,  содан кейін қайшымен қақпашасын ампуланың мойнына полистирол салады, сосын зат шынысының үстіне ұрықтың бір тамшысын сығып, оның белсенділігін тексереді, ұрықтың сапасын тексерген соң оны жатыр мойнына енгізеді. Ол үшін сиырдың сарпайын және құйрық түбін фурациллиннің ерітіндісімен сүртеді. Полиэтилен қолғап киілген және физиологиялық ерітіндімен суланған оң қолды абайлап қынапқа енгізеді, жатыр мойнының қынап бөлігіне массаж жасайды. Қолды қынаптан шығармай тұрып екінші қолмен дайындаоған ампуланы береді, қолдың бақылауымен катетер жатыр мойнына кіргізеді, ампуланы көтеріңкірейді, сосын ампуланың ішіндегі ұрықты жатыр мойнына ол босаңсығанда баяу сығып жібереді.

Қойды қолдан ұрықтандыру. Күйлеген қойды арнайы станокка бекітіп ұстап тұрады, оның құйрығын жоғары көтеріп, сарпайын жуып сүртеді. Ұрықтандырушы техник станоктың арт жағында қазылған шұңқырға түсіп отырып жұмыс істейді. Ұрықтандыру үшін жаңа алынған шәует (дозасы 0,05 мл) немесе сұйылтылған шәует (0,1-0,2 мл) қолданылуы мүмкін. Қандай шәует болғанда да олардың қозғалу белсенділігі  8 баллдан төмен болмауы керек. Ұрықты визоцервикалдық әдіспен жібереді.Ол үшін жартылай автоматты шприц немесе микрошприц қолданылады.

Күйлеген саулықтың арасына 10-12 сағат салып eкi рет — таңертең және кешке ұрықтандырады.

Мегежінді қолдан ұрықтандыру. Күйлеген шошқаны eкi рет ұрықтандырады:      бірінші рет    күйлегені анықталған кезде, екінші рет ұрықтандырғаннан кейін 18-20 сағаттан кейін.  Шаруашылықта негізінен күйлегені таңертең анықталған шошқаны бірінші рет кешке ұрықтандырады да, ертеңіне қайталайды, ал күйлегені кешке қарай анықталған шошқаларды келесі күні таңертең бірінші  рет ұрықтандырып, кешке қарай екінші рет ұрықтандырады.

Шошқаларды негізінен eкi әдіспен ұрықтандырады.

  • Сұйылтылған шәуетпен ВИЖ әдісі бойынша. Бұл әдісті акдемик В.К. Миловановтың тобы ұсынған. Шәуеттің дозасы шошқаның 1 кг тipi салмағына 1 мл, сұйылтылған шәует жалпы көлемі 150 мл-ден асуға тиісті емес. Қазіргі кезде бұл әдіс бойынша ПОС-5 деген аспаппен тікелей жатырға жібереді.
  • Фракциялық әдіс бойынша. Бұл әдісті Полтава шошка шаруашылығы институтының академигі А.В. Квасницкийдің тобы ұсынған. Бұл әдістің мәнici мынада: жатырға шәуетті бірнеше фракциямен жібереді. Бірінші фракция аздап сұйылтылған 50 мл шәует, оның артынан таза 100 мл сұйылтқыш жібереді. Бұл — екінші фракция. Оның қызметі — бірінші фракцияны тереңірек жатыр тармақтарының ушына дейін итеріп апару. Бұл әдіспен шәуетті үнемдеуге болады. Ұрық жіберетін аспап УЗК-5 деп аталынады.

Биені қолдан ұрықандыру. Биені ұрықтандырғанда көбінece И.И. Ивановтың қалың резеңке түтікшесін не болмаса Растяпиннің ампуласын қолданады. Биенің артқы  eкi аяғына шідер салып мойнына тартып байлап қояды. Көмекші кici биенің жүгенінен ұстап, алдыңғы бір аяғын тұрады. Ұрықтандырғыш техник полиэтиленді қолғап киіп, сыртын сабындап, резенке түтікшенің үшкір ушынан ұстап, қынап арқылы акырындап жатыр мойнына жеткен соң оның арасына резеңке түтікшені 12-15 см тереңдікте енгізеді. Содан кейін шприцтің поршенін басып немесе Растяпин ампуласын жоғары көтеріп шәуетті жатырға жібереді.

Күйлеген биені күнінe бір рет немесе күнара овуляция болғанға дейін 2-3 рет, кейде 4 рет ұрықтандырады. Ұрықтандырылған биелерді 1,5 ай еткен соң тiк ішек аркылы буаздыққа тексереді.

Кұстарды қолдан ұрықтандыру. Тауықтарды жұмыртқалап болған соң түстен кейінгі мезгілде сұйылтылған шәуетпен де, сұйылтылмаған шәуетпен де ұрықтандыра береді. Ұрықты арнайы тамызғышпен жібереді немесе қойға қолданылған микрошприцтің  кaтетерін қысқартып пайдалануға болады.

Көмекші кici тауықты сол қолмен қысып ұстап, оң қолымен ішін қысып клоакасын сыртқа ашып шығарады, сол кезде катетерді  ұрық 4-5 см тереңдікке кіргізеді де, шәуетті жібереді. Кораздың бір эякулятымен 20-30 мекенді ұрықтандыруға болады. Ұрықтың дозасы — 0,02-0,03 мл. Оның ішінде 100 млн. тіpi спермиялар болуы керек. Кұстарды аптасына бір рет қана ұрықтандырады. Күрке тауықты eкi аптада бір рет ұрықтандырса да жетеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *