Ауру анальдық өзектің кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы (трещина) және сол аймақта жедел немесе созылмалы қабыну құбылысының пайда болуымен сипатталады. Кездесу жиілігі жағынан проктологиялық аурулар арасында геморрой мен колиттен соң үшінші орында түрады. М.Б.Барканның (1965) деректері бойынша бұл ауру тұрғындардың 10%-да кездеседі.

Сырқат іш қату немесе, керісінше, іш өту құбылыстарымен ұласатын эмоционалды стресс жағдайлардан соң пайда болады және, көбінесе, геморроймен қосарласа байқалады.

Аурудың негізгі белгісі ол дефекация актісі кезінде немесе одансоң туатьш, күші өте жоғары дәрежедегі, ауру сезімі. Ол сегізкөз, сан, боксе, тік ішек аймақтарына таралуы ықтимал. Аталмыш сезімінің күштілігінен ауру адамдарда әрбір дефекация алдында үрей туады, сондықтан олар толық тамақтанудан қорқып, оны шектеп отырады. Ауру сезімі зәр қуығының қысқышын (сфинктерін) тітіркендіріп, оның жиырылуна себебі тиеді, ал ол, өз кезегінде, зәр шығу құбылысының бұзылуын тудырады. Кейбір жағдайларда нәжістің қанмен араласып түсуі байқалады. Диагнозды көзбен көру, саусақпен және аспапты (аноскоп, ректороманоскоп, колоноскоп) зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып анықтайды. Анус сызатын геморройдан, тік ішек обырынан (рак), коксигодиниядан, т.б. ажырату қажет.

Емдеу. Ауруды емдеу үшін консервативті және хирургиялық әдістер қолданылады. Консервативті ем алдымен ауру сезіміне және анус қысқышының жиырылуына қарсы бағытталады (спирт-новокаинды тосқауыл-блокада, спазмолитиктер т.б.) . Одан соң үлкен дәретті реттеп, сызаттың жазылуына жағдай туғызылады (диета, отырып қабылданатын былау (ванна), балауызшам (свеча) тәрізді дәрілерді қолдану т.б.). Хирургиялық ем (сызатты ойып кесіп алу, Рыжих А.Н. немесе Аминев А.Н. операциялары өлшемді сфинктеротомия) ауру созылмалы түрге айналғанда немесе консервативті ем ойдағыдай нәтиже бермей, ауру адамды мазалай берген жағдайда қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *