Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғаныс республикамыздың ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өзі құрылған сәтінен бастап халықты және ел аумағын авиациялық, зымырандық қару-жарақ пен жаппай қырып-жоюшы (зақымдау қаруы) қарудың қатерінен қорғаудың стратегиялық міндетін орындайды. Бүгінгі күні Азаматтық корғаныстың міндетіне бейбіт уақыттағы табиғи апаттардан — жер сілкінісінен, су тасқынынан, т.б. төтенше жағдайлардан қорғау жатады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі ережелері, міндеттері мен қағидалары 2014 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің қолы қойылған «Азаматтық корғау туралы» Заңында баяндалған.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі — тұрғындар мен объектілерді және Қазакстан Республикасы аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстардан туындаған қауіп-қатерден қорғау бойынша жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған басқару органдарының және Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының жиынтығы.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) — бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы аумағын және халқын заманауи зақымдаушы құралдардан, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша жалпы-мемлекеттік іс-шаралар кешенін орындауға міндетті азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс іс-шаралары республикалық және аумақтық деңгейде, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс санатына жататын ұйымдарда объективті деңгейде ұйымдастырылады және орындалады.

Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығы жүзеге асырады.

Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазакстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді.

Орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бірінші басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөліктерінде Азаматтық қорғанысқа басшылықты әкімдер жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бөліктердің Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліктердегі Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарының орынбасарлары болып табылады.

Азаматтық корғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету:

1) Азаматтьщ корғаныс саласындағы (ҚР төтенше жағдайлар комитеті) уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы Азаматтық; қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;

3) Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған, бірінші басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда Азаматтык қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыс-керлерге жүктеледі.

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:

1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын алдын алу және тоқтату;

2) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу арқылы адамдарды құтқару және көшіру;

3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;

4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халыкты оқыту;

5) қорғаныс құрылыстарының, қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының сақтық қорын және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау және әзірлікте ұстау;

6) төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күнібұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыру;

7) азық-түлікті, су қорларын (шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су жинау орындарын), тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радио-активтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау;

8) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

9) құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;

10) заманауи зақымдау құралдарының қауіпті фактор-ларының әсер етуін азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу,  оны әзірлеу және іске асыру;

11) мемлекеттік қорды қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету.

Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:

1) аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық қорғау жүйесін үйымдастыру;

2) төтенше жағдайлардан азаматтар мен қоғамға төнген қатерді және залалды барынша азайту;

3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, Азаматтық қорғанысқа және апаттық-құтқару жұмыстары мен жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ұдайы әзірлікте ұстау;

4) жариялылық және халық пен ұйымдарға болжанып отырған немесе туындаған төтенше жағдайлардың салдарын қалпына келтіруді қоса алғанда олардың алдын алу және тоқтату барысында қолданылған шаралар туралы хабар беру;

5) апаттық-құтқару жұмыстары мен жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде тәуекелге бару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады.

Аумақтық кіші жүйелер облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде өздерінің аумақтары шегінде төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды қалпына келтіру, Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес келетін буындардан тұрады.

Орталық атқарушы органдар салалық кіші жүйелерді өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрады.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік. Объектілік деңгейді қоспағанда, әрбір деңгейге:

  • азаматтық қорғаудың басқару органдары;
  • басқару пункттері, жедел-кезекшілік қызметтер;
  • консультациялық-кеңесші органдар — төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар;
  • азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары;
  • байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне басшылықты:

1) республикалық деңгейде — Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) аумақтық деңгейде — тиісті әкімшілік-аумақтық бөліктердің әкімдері;

3) объектілік деңгейде — ұйымдардың басшылары;

4) салалық кіші жүйелерде — орталық атқарушы органдардың басшылары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаудың басқару органдары:

1) республикалық деңгейде: уәкілетті орган; салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;

2) аумақтық деңгейде: жергілікті атқарушы органдар; уәкілетті органның аумақтық бөлімніелері; салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталың атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері;

3) объектілік деңгейде — ұйым басшылары болып табылады.

Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбіт уақытта және соғыс уақытында апаттық құтқару жұмыстары мен жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Азаматтық қорғаныс құрамалары облыстық, қалалық, аудандық орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.

Азаматтық қорғаныс құрамалары бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдер мен соғыс уақытында жқмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *