Азаматтылық, демократия және басқару

Азаматтық қоғам мен оның институттарының дамуы Қазақстанның саяси түрленуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қазіргі күні Қазақстанда 12 саяси партия, 5820 үкіметтік емес үйым (ҮЕҰ), 3340 қоғамдық қор, заңды тұлғалардың 1072 қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан аса конфессияларды білдіретін 3340 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істейді. Азаматтық қоғамның даму үдерісі БАҚ қызметінің құқықтық кеңістігінің ырықтандырылуына, олардың тәуелсіз дамуын ынталандыруға және тұтас ақпараттық кеңістіктің рөлін нығайтуға тығыз байланысты. Саяси өзара әрекеттестік нарықтық механизмдерін енгізу кезеңіндегі ең бір бәсекеге қабілетті партиялардың, ҮЕҰ мен БАҚ-тың нығаюымен қатар, елде кәсіподақ ұйымдары сияқты азаматтық қоғамның әлеуметтік бағытталған институттарының бірінің жандануы өте маңызды болып көрінеді. Ақырында, азаматтық қоғамның толық дамуы жергілікті өзін-өзі басқару институты сияқты жергілікті орындарда басқарудың тиімді механизмін өмірге енгізусіз мүмкін емес болып көрінеді. Соңғы жылдары заң деңгейінде Қазақстан Халқы ассамблеясының рөлі мен беделі айтарлықтай жоғарылаған, оның іс жүзіндегі қызметі мен жауапкершілігінің салалары кеңейген.

Қазақстан көпұлтты және жартылай конфессиялық мемлекет ретінде ұлтшылдық, діни төзімсіздік, нәсілшілдік, ксенофобия мен антисемитизмнің, яғни еврейлерді жеккөрушілікті тиімді еңсеру үшін ЕҚЫҰ мен басқа да беделді халықаралық институттардың әлеуетін белсенді түрде пайдалануға үндейді. Кең ауқымдағы төзімділік тақырыбы оның ЕҚЫҰ мен Ислам конференциясы ұйымындағы төрағалығы аясында Қазақстанның басты назарында болды. Осы маңызды халықаралық ұйымдардың Астанада өткен саммиттері әлемнің тұрақты дамуының жаңа көкжиектерін ашты — бұл жалпы құндылықтар негізінде ортақ мақсатқа келу, стратегиялық бағыттарды және шынайы тұтас, әрі бөлінбес қауіпсіздік қоғамдастығын құру жолында жүйелі түрде алдыға жылжудың «жол картасын» айқындау.

Ел басшылығы қоршаған ортаның ластануына қатысты ақпараттың ашықтығына ерекше мән береді. Қазақстан экологиялық ақпаратқа бұқаралық қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойды. Олардың ішінде аса маңыздысы — бұл қауымдастықтың қоршаған ортаға қатысты мәселесі бойынша әділеттікке қолжетімділік пен шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуы, ақпаратқа қолжетімділік туралы БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Конвенциясы немесе 2000 жылы қол қойылған Орхусс Конвенциясы. Конвенция Қазақстанда сақталуға тиіс экологиялық ақдаратты алуға қоғамдық сауалдары бар мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың жұмысына қатысты жоғары талаптар белгілейді.

Азаматтардың мүдделігінің артуына және оларды тұрақты дамуға өту мақсаттарына жетуге тартуға кепілдік бере отырып, мемлекет жергілікті деңгейде тұрақты дамуды іске асыру мен Жергілікті күн тэртіптері-21 қүру мен қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындайды. Мэні бойынша ЖКТ-21 — бұл бір немесе басқа елді мекеннің немесе аймақтық құрылымның болашаққа арналған даму жоспары. Бұл жоспар тұрақты дамудың ұлттық саясатының және жергілікті ерекшеліктердің негізінде қоғамдастықтың қатысуымен жасалады, өйткені әрбір қала, аймақ, ауыл өз алдына бірегей, демек, олар тұрақты дамуға жету бойынша өз жоспарларын құруға тиіс. Бірақ Жергілікті күн тәртібін жоспарлаудың дәстүрлі түрлерінен түбегейлі айырмашылығы — қоғамдық ұйымдар да, азаматтар топтары да, жеке белсенділер де бұл жұмыстың бастаушысы бола алатыны. Жергілікті күн тәртіптерін дайындау мен іске асыру үдерісіндегі серіктестік принципі мүндай бастамалардың міндетті шарты мен табысқа жетудің кепілі болып табылады. Ол кезде түрақты дамуға байланысты мәселелерге тек биотүрлілік пен ландшафтарды сақтау ғана жатпай, сонымен қатар кедейшілікпен күрес және денсаулықты қорғау жататынын түсінуіміз қажет. Әлеуметтік және тұрғын үй салаларын, демалыс пен бос уақытты үйымдастыруды «тұрақты даму призмасы арқылы» қарастыру қажет. Жергілікті билік қызметінің барлық мәселелері тұрақты дамудың кеңірек және көпжоспарлы стратегиясына енуі өте маңызды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *