Қазіргі заман философиясы деп, XX ғ. пайда болып және осы күнге дейін негізгі идеялары өнделіп келе жатқан философиялық ілімдердің жиынтығын айтамыз. Бұл кезең саяси — әлеуметтік, ғылыми — техникалық және экономикалық тендесі жоқ даму жағдайлармен ерекше. Әртүрлі әлеуметтік-саяси уәжіптердің дамуы, олардың арасындағы қайшылықтар екі дүниежүзілік соғысқа әкеліп, әлемді ядролық апатқа соқтыру қаупін тудырды. Ақыр соңында, жаһандық мәселелердің туындау уақыты келді. Бұның барлығы осы заман философтарының тұжырымаларының мазмұнына өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Қазіргі замандағы қоғамдардың рухани өмірлерінде философия ғылыммен, дінмен, өнермен, бірге дағдарысты жағдайларды жеңу жолдарын іздестіруде, адамға рухани тірек болуға ұмтылуда.

Тақырыпты меңгерудегі қыйындықтардың бірі олардың қолданысындағы үйреншікті дағдыдан тыс «микрокосм», «экзистенция», «бұрмалаулардың әдісі» және т.б. сияқты ұғымдардың болуында. Алайда, батыстың қазіргі замандағы философиясының мазмұны мен ерекшеліктерін білмей, адамзаттың қазіргі замандағы жалпы мәдениетін, рухани өмірін, түсіну мүмкін емес.

Қазіргі заманның философиялық парадигмаларының жалпы сипаты

XIX ғ. ортасына қарай қалыптасқан философияны классикалық деп атайды. Бұл, философияның бұрынғы дамуымен салыстырғанда теориялық ойлардың қалыптасуындағы ең маңызды қадамдардың бірі еді. Бұл философияға тән сипаттардың бірі, ойлыақылға деген шексіз сенім. Классик — философтар рационалдық танымды, ғылымды алдағы уақыттары адамзаттың барлық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін сенімді күш деп таныды.

Классикалық философия адамды және тарихты қарастыра отырып, өз назарларын бостандық проблемасына және басқа гуманистік құндылықтарға шоғырландырды және адамзаттың жалпы өнегеліктік принциптерін, идеалдарын рационалды танудың қажеттілігін бекітті.

XX ғ. философиясы (классикалық емес) ең алдымен нақты бір «жаңа философиялық ойлау» сияқты классикалықтың антитезисі ретінде құрылды. Классикалық емес философияға мына ерекшеліктер тән:

  1. Қазіргі заман философиясы әр түрлі философиялық мектептерге бөлінуімен сипатталады. Олардың ең белгілілеріне мыналар жатады: герменевтика, экзистенциализм, неопозивитизм, неофрейдизм, неотомизм, персонализм, прагматизм, структурализм, феноменология, антропологиялық философия және т.б.

Әйткенмен де бұл оның ғарышталынуы емес. Керісінше қазіргі заман философиясы жалпыазаматтық, планетаарлық сипат алуда. Негізінде, XX жүз жылдық — бұл адамзаттың біртүтастығының қалыптасу уақытында, өзін белсенді түрде жалпыадамзаттық тәжірибенің субъектісі ретінде анықтай бастаған жаңа деңгейі. Бұл жағдайларда философия өзінің бүткіл тарихында алғашқы рет нақты «дүниежүзілік философияға» айналды — оның басқы мектептері планетаарлық философиялық ойдың дүниежүзілік тенденцияларының мәртебесіне ие болды. Бұл жағдайлар әр түрлі мэдениет өкілдерінің бірін — бір түсінуге маңызды алғы шарт болып табылады.

  1. Қазіргі заман философиясы рационализмнен бастартып, иррационалистік тұрғыдан шықты. Иррационализм (лат. Irrationaiist ақылға сыймайтын, санасыз) — философсиялық ілімдердің бұл жүйелері, рационалдылық танымның шектелгендігін сақтайды, және оған танымның негізгі түрлер ретінде интуицияны (зердені), сенімді қарама-қарсы қояды. Философия тарихында иррационалдықтың негізгі идеясы — неоплатоншылдарға, августианшылдарға және басқа философиялық мектептерге тән болатын. Философиялық бағыт ретінде иррационализм XIX ғ. құрылып батыс философиясында үстем бола бастады; «ойлау философиясы» «өмір философиясына» ауыстырылды.

Иррационализмді оның бұрынғы рационалдық танымды төмендететін немесе әлемді объективті түрде тануға мүмкін еместігін жариялайтын агностицизмен шатастыруға болмайды.

  1. Қазіргі заман философиялық жүйелерінің көпшілігі антропологиялық сипатта болады. Оларды бір ерекшелік біріктіреді: ең негізгі философиялық мэселелерді анықтағанда, атап айтқанда адам мәселесіне келгенде оларға жалпы ортақ тұрғы тән. Антропологиялық жеке адамның өрістерін және негіздерін және субъективтілігін анықтау әрекеттерінен көрінеді, адамды «барлық заттардың өлшемі» ретінде қарастыруынан, оның өзінен және соның арқасында дәл өзін, сол сияқты қоршаган ортаны (табиғатты, қоғамды) және сонымен қатар мәдениетті түсінуге деген талпынысынан көрінеді. Антропологияшылдық философияның дамуына мына идеялар (ой) ықпалын жасады. Біріншіден, адам — түрлі символдарды жасай алушы жан иесі тегінен. Екіншіден, адам, табиғаттан салыстырмалы дербестігін ала отырып өздігінен даму, түрлену мүмкіншілігіне ие болды. Үшіншіден, адамдық табиғаттың жоспарсыздығы, олардың іс-әрекеттер арқылы болмысты өзгерте алуы, бейне бір адамның өзін қайта жасайтындығы, тек қана рухани жағын емес, сонымен қатар биологиялық түр ретінде.
  2. ХХ-шы жүз жылдықтағы философияда ғылымға деген қарама-қайшы түсініктер байқалды. Сциентизм (лат. science — білім, ғылым) және антисциентизм сияқты көзқарастар пайда болды. Сциентизм — дүниеге көзқарас, оның негізінде әмбебап мәдени қүндылықтар туралы және адамның әлемде бағыттала алуына жеткілікті жағдайлар ретіндегі ғылыми білім туралы түсініктер жатады. Ғылым — бұл «бәрін көріп біле алатын», барлық сүрақтарға жауаптары бар және адамға кез-келген өмір жағдайларындағы әрекеттерінің табыстылығына абсолютті кепілдігін беретін әмбебап. Бұндай көзқарас ғылымның ең маңызды белгісін, дәлірек айтсақ діннен айырмашылығын елемейді.

Ал антисциентизм болса принципиалды түрде адамдық бар болу проблемаларын шешуде ғылымның шектілігін бекітеді, ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз зардаптарына назар аударады. Антисциентизм ғылымды адамдық бар болудың трагедиялығының қайнар көзі болатын «дегуманистік күш», ретінде түсіндіреді.

5. XX ғ. діни философия одан әрі дами түсті. Шындықты діни тұрғыда түсіну әрекеттері ғылыми әдістерден басқа өз ерекшіліктері болады. Алайда діни арнада да адамзат мәдениетіне маңызды әсер берген көрнекті философиялық ілімдер туды.

6. XX ғ. көптеген философиялық мектептер және ағымдар марксизм философиясына қарсы тұрды. Өйткені, тәжірибе жүзінде коммунистік ойларды іске асыруға талпынған қоғамның саясаты мен идеологиясының басты мақсаты марксистік көзқарас арқылы болды. Марксистік принциптердің іске асуы мүмкін емес екендігін дәлелдеу барысында философиялық ағымдардың көпшілігі сынға ұмтылды. Философияның ұзақ жылдар бойғы дамуы идеологиялық қарсыласу өрістерінде жүзеге асырылды. Нағыз философиялық мэселелерді шешудің орнына қарсыластар бір-бірінің философиялық концепцияларының кемшіліктері мен осал жерлерін іздеді. Осының негізінде идеология ықпалынан, табиғаттылықтан, тіптен ғьшымнан дербес философиялық жүйелерді құру әрекеттері күшейді.

XX ғ. көптеген философиялық бағыттардың және ағымдардың ішінде олардың дамуының негізгі тенденциясын көрсететін бірнеше тізбектілікті байқауға болады. Олар, біріншіден, иррационалшыл-гуманистік; екіншіден, сциентистикалық; үшіншіден, діни. Енді осы бағыттардың негізгі идеялары қандай, адамзат менталитетін жаңа сатыға көтере алды ма, әлеуметтік-мәдени болмысқа, адамның дүниені түсінуіне және руханилығына ықпал жасай алды ма деген мәселелер тұрғысынан қарастыралық.

Қазіргі заман философиясындағы иррационалистикалық — гуманистік бағыт

Иррационалистикалық тұрғыны қазіргі заман философиясының көптеген мектептері және бағыттары қолдайды. Осы көзқарастардың арасында ең маңыздыларының біріне өмір философиясы жатады. Бұл философиялық бағыт XIX жэне XX ғғ. негізінен Германия мен Францияда қалыптасты. Оның негізін жасаған Артур Шопенгауэр (1788-1860) адам өміріндегі және әлемдегі ойлы-ақыл шамалы ғана, тек қана техникалық роль атқарады деп есептеді. Негізінен өмірдің маңызды үдерістері зерденің қатысуынсыз өтеді. Адам тіршілігіндегі әлем ақылсыз, былыққан, және де оны әйтеуір бір реттілікке ойлыақыл емес, «әлемдік ерік» ғана келтіре алады. Шопенгауәр тек жаңа философияның негізгі идеяларын көрсетті, ал оның жан-жақты дамуын Фридрих Ницшенің (1844-1900) ерік философиясынан көруге болады. Енді осыны және осы тектес мектепттердің негізгі идеяларын қысқаша қарап шығамыз.

Фридрих Ницшенің ерік және билік философиясы мына шығармаларында баяндалды. «Заратуштра дәл осылай сөйледі», «Жақсылық пен жамандықтың ар жағында», «Өнегелік генеалогиясы», «Билікке деген ерік», «Антихристиан және басқалары».

Біріншіден, Ницше қоршаған әлемді «өмірдің былыққан селі», белсенді тіршілік универсумы ретінде бағалады. Өмір — бұл материя және рух, болмыс және сана болып бөлінудің алдында болған бірінші нақты шындық (субстанция). Ол жеке даралықта және адамдардың қайталанбайтын қарекеттерінің түрлерінде іске асатын болмыстың мәңгілік принциі. Өмірде ойлыақыл, сана тек қана сыртқы ортаның қиратқыш ықпалдарынан қорғайтын болмашы, бағынышты роль атқарады. Негізінен адамның барлық әрекеттерін ынталандыратын, сол әрекеттердің мазмүнын анықтаушы, тіршіліктің санасыз әуестіктер сферасы болып табылыды.

Екіншіден, «өмірге деген ерік» негізінде Ницше «билікке деген ерік» концепциясын дамытты. Барлық бардың негізі ретіндегі ерік ұғымын ол Шопенгауэрден алды, бірақ онда ол ұғым абстрактылы «әлемдік ерік» туралы емес, анық та, айқын ерік — билікке деген ерік. Әлемнің негізгі заңы, Ницшенің түсінуінде ықпал жасауға, үстемдікке тоймайтын ерік. Ол осімдікте, және жануарлар әлемінде де бар. Билікке деген ерік — бұл, әлемнің терең қойнауларына қойылған «жаны» іспеттес. Әлем — бұл, басқалардан артықшылықты қажет ететін билік үшін күрестің аренасы. Мансапқорлық әр түрлі дәрежеде болғанмен органикалық түрде адамдардың бәріне тән.

Адамның нағыз болмысы тек түрақты қозғалыс және қалыптасу, ұдайы шығармашылық. Философтың пікірі бойынша адамның кез-келген қарекеті — «мансапқорлық тегінен». Қоғамдағы әділетсіздік және езгі абсолютті табиғи, өйткені олар билікке деген әртүрлі ұмтылыстардың қиылысуынан және құдіретті күштіліктің кеңейуінен туады. Билікке ұмтылу адамның өзгермейтін ішкі мәні.

Үшіншіден, Ницше адамның ең жақсы үлгісін өз табиғатының әлсіз жақтарынан азат болған асқан тұлға деп есептеді (супермен). Асқан тұлға идеясы Ницше есебінде адамды әлсіз, көнгіш және қорлаған догматтық христиандыққа қарсы неміс философының өзгне тән реакциясы болды. Адамдағы болған барлық жақсылық, философтың айтуынша, христиандықпен жойылған. Ол әрқашанда әлсіздер жағында болды, ол адамдарда жабысып әлсіздікті өсірді және үрей сезімін өсіре отырып олардың күшін өлтірді. тардың Адам туралы христиандық идеадан айырмашылығы, Ницше үшін адам — өктемшіл, күшті жан иесі. Ол былай деп жазды: «Құдай өлді», өйткені бұндай Құдайға сенім көрсетіп назар аударуға тұрмайды, бірақ Құдайға деген сенім болу тиісті, сондықтан — «Мейлі Құдай өмір сүрсін», бірақ әлсіз құлдардың құдай емес, бәрі қолынан келетін күшті супермендердің Қүдайы» Ницшенің бұл ойлары кейіннен неміс фашизмі қолданған болатын, бірақ философ неміс ұлтын өзге ұлттардан артықшылықтары бар деп ешуақытта айтқан емес.

Қазіргі заман философиясының позитивтік тенденциясы

XX ғ. ғылымдардың дамуына байланысты нақты мәселелеріне жауап ретінде, философияда позитивизм (лат. Positivus — дұрыс) бағыты пайда болды. Позитивизмнің негізгі идеяларын француз философы Огюст Конт (1798-1857) қисынға келтірген болатын. Осы уақытқа дейінгі дәстүрлі философия (материализм және идеализм), Конттың пікірі бойынша, олардың абстракцияларымен («материя», «рух» және басқа) және өз беттерімен нақтылықты зерттейміз деген талаптары бар болуға құқықтар жоқ. Әлем туралы барлық білімдер тек қана адамдардың тікелей тәжірибесіне сүйенетін нақты «болымды», яғни позитивистік (осыдан оның аталуына да сай) ғылымдардан алуға болады. Конт, көне «философия» деген атын сақтап ғылыми білімнің синтезі болатындығымен келіседі. Ондай философияның пәніне арнайы-ғылыми білімдерді жүйеге келтіруі мен құру жатады.

Ол негізінен «метафизика», яғни дәстүрлі философия, сол кездегі ғылымның дамуымен қойылған сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз деген ойымен алга шықты. Бұл идея Конттың танымның даму сатылары ілімімен негізделді. Бірінші сатысы теологиялық, діннің үстемдігімен сипатталады; екінші сатысында табиғатты түсіндіруде «мән» және «себеи» сияқты абстрактылы ұғымдарға тән метафизикалық- философия үстемдігі; және ең соңғы сатысы — позитивтік саты бұрынғы екі сатыдан (гылымға дейінгі) теологиялықтан және метафизикалықтан бас тартып қабыл алмайтын, барлық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіреді дейтін, позитивтік ғылымдардың үстемдігі жағындағы позитивтік сатысы.

XІХ ғ. екінші жартысына «екінші позитивизм» немесе эмпириокритицизм деп аталатын кезең басталды. Оны жасаушылар Вена университетінің физигі, профессор Эрнст Мах (1838-1916) және швейцариялық философ Рихард Авенариус (1843-1896) болды. Философияны синтез жасаушы ғылым деп қараған «бірінші позитивизмнен», эмпириокритицизмнің айырмашылығы философияны таным теориясына ендіріп, таным теориясының теориялық үлгісін жасауға ұмтылды. Бұл философияның орталығында идеалистік тұрғыда түсіндірілген тәжірибе ұғымы тұрады. Тәжірибені объективті әлемді бейнелеу ретінде қарастырмай, сыртқы әлемнің ықпалынан байланыссыз туындайтын — түйсіктер селі сияқты, сананың ішкі әлемі, адамдық жан толқыныстар ретінде қарастырды. Эмпириокритицизм бейне бір нақты бар бола алатын тек түйсік, ал басқалары — олардың кешендері екендігін дәлелдеуге ұмтылды. «Екінші позитивизм» үшін кеңістік және уақыт, заңдылық, түйсіктерді реттестіретін объективті мазмұннан толық айрылған субъективті түр. Эмпириокритицизм субъектіні және объектіні сананың өзіндік элементтері сияқты анықтайды. Ол адамдық білімдердің қабілеттілігін, ғылым арқылы объективті шындықтың танылуын жоққа шығарады. «Таза суреттелетін» қабылдаудың сезімдік фактілері ғылымның шегі болып табылады, оған ой икемделеді.

XX ғ. басында позитивистік философияның жаңа нұсқасы пайда болды — «үшінші позитивизм», немесе неопозивитизм. Бұл ағым, әртүрлі қисынды-философиялық мектепттерден тұрды. Олардың арасында: қисынды позитивизм, теріс қисындылық, семантикалық позитивизм (цисынды талдау) және басқалар. Енді осылардың негізгі ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Қисынды позитивизм (қисынды эмпиризм) 1022 ж. құрылды. Қисынды позитивизма, классикалық позитивизм істегендей философияда арнайы-ғылыми білімдерді жүйеге келтіруге өзінің назарын салмай, білімнің тілдік түрлерін талдауға кошті. Философия теория емес, бұл талдау арқылы тілді ашатын және белгілеулердегі «метафизикалық» сөйлемдер туындататын дәйексіздіктерді жөндейтін қарекет. Философ соншалықты бір білім бермейді, ол тек қана жорамалданған білімді жояды. Философияның тазартылуы, неопозивитистердің пікірі бойынша «верификация» (лат. Verficare — шындықты растау) тәсілі арқылы өтеді. Оның мәні мына-да, әрбір дәйектілік деректермен салыстырып бекітілуі қажет. Егер бұл жағдайда принципиалды түрде белгілі бір тұжырымдарды берілген деректермен салыстыру мүмкін болмаса, онда оны мәнінен айрылған «жалған тұжырым» деп есептеу керек. Сайып келгенде, философияның қызметі — тіл әлемдегі адам қарекетін түсіндіру.

Верификация принципі ең алдымен философияның дүниеге көзқарастық негізіне қарсы бағытталған болатын. Бірақ философиядан және ғылыми білімнен дүниеге көзқарастық сұрақтарды алып тастау күткен үмітгерді ақтамады. Классикалық метафизикалық мәселелер тек қана адам табиғатын, адамдық тіршілік қарекеттерін ұғынуға арналған емес, сонымен қатар гносеологиялық сүрақтарды да қарастыруға кажет. Және де, ақырына дейін ғылым тілін формалдандыруға болмайтын болды. Өйткені ғылыми тілдің құрамында тексеруге болмайтын метафизикалық айтылымдар бар. Осының бәрі верификация принципінің күйреуіне соқтырады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *