Әлемде тоғызыншы орын алатын аумағымен Қазақстан Еуразия орталығында орналасқан және жер шарында бар ландшафтардың барлық түрлеріне ие. Қазақстанда өсімдіктердің алты мыңнан аса түрлері өседі, құстардың 500 жуық түрі, жануарлардың 178 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі, қосмекенділердің 12 түрі, ал өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі мекендейді. Республиканың өсімдіктер әлемінде су өсімдіктері түрлері көп емес (63 түр), бірақ ең ежелгі саналады. Балықтар үшін су өсімдіктері уылдырық шашатын жер қызметін атқарады, олар үшін де, суда жүзетін құстар үшін де азық қоры болады. Батпақты өсімдіктер әлемінде, өзен алқаптары мен жайылымдарда өсімдіктердің 450-ден астам түрі бар. Алуан түрлі омыртқасыз жануарлар мұнда өте көп: жәндіктердің ғана 30 мыңға жуық түрі өмір сүреді.

Тұрақты дамудың негіздері
Тұрақты дамудың негіздері

Қазақстанның далалары — планетадағы ең ірілердің бірі. Оларға ерекше көркемдікті үйректердің, қаздардың, шағалалардың, крачкалардың, шалшықшылардың, аққұтандардың ондаған түрлерін көрсететін суда жүзгіш және су маңында жүретін мыңдаған құстар жиналатын түщы және тұзды көлдер береді. Орталық Қазақстанда Теңіз тұзды көлінде қызғылт бірқазандар ұя салады, оларды қорғау үшін мұнда Қорғалжың қорығы құрылған. Көлдерден басқа, мұнда Қазақстан далаларының оңтүстіктегі ең бірегей қарағайлы орман қорғауға алынған, онда жыртқыш құстардың ең көп саны мекендейді, олар — қыран-тазқаралар, сұңқарлар (бүркіттер, қырғилар, күйкентайлар және басқалары). Шөлдер тым өзгеше болып келеді. Қазіргі кезде Қазақстанның өсімдіктер әлемі шөл жағдайына бейімделген 250 өсімдік түрлерін қамтиды. Қазақстанның сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктері арнайы қорғауға жатады. Республикада олардың шамамен 600 түрі бар, олардың айтарлықтай бөлігі ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Бұл 287 гүлді -рафидофитон, тобылғытүс, ботташықты, недзвецкия, канкриниелла, Қаратауы доремасы, Сөгеті сасыры, дәрмене ащы жусаны, және басқалары. Еуразиялық континенттің орталық бөлігіндегі ұлан-байтақ аумақты алып жатқан Қазақстанның жануарлар дүниесі өзгеше бай. Тек омыртқалы жануарлардың — 837, балықтардың — 104, қос мекенділердің — 12, бауырымен жорғалаушылардың — 49, құстардың -488, сүтқоректілердің 178 түрі, олардан басқа, омыртқасыздардың ондаған мың түрлері бар, олар — жәндіктер, өрмекші тәрізділер, ұлулар, құрттар және басқа да қарапайым жәндіктер.

Қазақстан аумағы Азиядағы ең үлкен аңшылық-кәсіпкерлік құстардың қоры. Әсіресе ол суда жүзетін қүстарға бай, бірақ су қоймаларының бірқатары (Наурызым, Торғай және Қорғалжың көл жүйелері) халықаралық маңызы бар жерлерге жатады. Аталған құстардың басым түрлері — сұр қаз, айырқұйрық, шиқылдақ, барылдауық, жабайы сүр үйрек, қызыл басты қара үйрек, қасқалдақ. Бұл құстар жиынтығында екіден бірнеше он миллиондаған санды құрайды.

Бірақ антропогенді әсерлердің салдарынан — тың жерлерді тұтас жыртудан, су ағындарын реттеуден, жайылымдардың артуынан, өрттерден, пестицидтерді кең қолданғаннан жерүсті және топырақты омыртқасыздардың, әсіресе жәндіктердің әр түрлері қатты зардап шекті. Шамамен 70% Батыс, Орталық, Солтүстік және ішінара Шығыс Қазақстанда жәндіктердің аймақтық далалық түрлері жойылған. Ұқсас жағдай Тянь-Шаньнің далалы ендігінде де орын алады, онда антропогендік факторлардың теріс әсерінен көптеген жабайы аралар түрлері — өсімдіктерді тозаңдандырғыштар, жыртқыш және паразит жәндіктер — зиянды түрлердің санын табиғи реттеушілер сирек ұшырасатын болды, ал кейбір жерлерде мүлдем жоғалып кеткен. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай жоталарындағы, сонымен қатар шөлдердегі жайылымдардың молдығынан көптеген жәндіктердің түрлері өздерінің таралу аймақтарын да, санын да қысқартқан және Қазақстанның Қызыл кітабына енуге үміткер. Егер барлық аталған факторлар ары қарай сол қарқынмен жалғаса беретін болса, онда шамамен 2010-2015 жылдарға қарай аталған ландшафтарда жәндіктердің әртүрлілік құрамы 20-30%-ке дейін қысқаруы мүмкін. Әсіресе жекелеген икемді түрлер басым болады, олар ауылшаруашылық дақылдары мен жабайы өсетін пайдалы өсімдіктердің жалпы зиян келтірушілері бола алады.

Зооресурстардың жекелеген топтарының қазіргі жағдайы тұрасында келтірілген мысалдар ресурстардың өздерінің жай-күйіндегі өзгерістердің теріс үрдістерімен қатар, қолда бар ақпараттың қанағаттанғысыз деңгейін дәлелдейді. Біріншілердің басты себебінің антропогендік негізі бар — артық кәсіпшілік және заңсыз аң аулау, биотоптардың шектен тыс өзгеруі, шамадан тыс жайылым, өзендерді реттеу, тіршілік ету ортасын химиялық пестицидтермен және өнеркәсіптік қалдықтармен ластау.

Қазақстанда жан-жануарларды қорғау жағдайы мен тиімді пайдалануды ұйымдастыруды қанағаттандырарлық деп тануға болмайды. Бұл тұяқты (бөкен, қабан, бұғы) және терісі бағалы (ондатр, суыр, сусар) аңдарға, суда жүзетін құстарға, балықтардың қүнды түқымдарына, улы жәндіктерге — жыландарға, өрмекші тәрізділерге және басқаларына қатысты. Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқандар тізіміндегі жануарлар түрлерінің саны, Қазақстанның Қызыл кітабының бірінші (1978 ж.) басылымынан 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін омыртқалылардың 87-ден 125 түріне дейін және омыртқасыздардың 99 түріне дейін артты. Сонымен қатар 10 жыл ішінде сүтқоректілер арасында қатерлі түрлер саны — 31-ден 42-ге дейін, құстар — 43-тен 53-ке дейін, балықтар 4-тен 16-ға дейін өскен.

Арал теңізі деңгейінің адам айтқысыз төмендеуінің салдарынан болған  шөлдену жергілікті  аумақтардағы  сужанды  аңдардың  (ондатр, қабан, су сұр тышқаны) толығымен жоғалып кетуіне, басқалар санының, әсіресе кәсіпшілік түрлерінің (бөкен, қоян, сарышұнақ) күрт төмендеуіне әкеліп соқтырды. Құлан, киік, гепард, қарақал, сабаншы және басқалары жоғалып кеткен. Ұқсас жағдай Балқаш бассейнінде де қалыптасып отыр. Іле өзені атырауының кебуі ондатр өсіру сияқты шаруашылықтың маңызды саласының жоғалуына әкелді; мұнда атыраудың барлық бірегей кешеніне, соның ішінде бұйра және қызғылт бірқазандардың ТМД-дағы негізгі ұялау орындарына қауіп-қатер төніп

Тіршілік ету ортасын пестицидтер мен өнеркәсіптік өндірістің қалдықтарымен ластау Қазақстан Республикасы аумағының көптеген бөлігінде байқалады. Қазіргі кезде Солтүстік Үстірт пен Маңғыстаудың шамамен 25% ауқымдары омыртқалы, соның ішінде сирек кездесетін жануарлардың (киік, жека) бірқатар түрлерінің тіршілік етуі үшін жарамсыз. Әсіресе мүнай мен газдың Теңіз және Жаңаөзен кен орындарындағы кеңістіктері өмірге жарамсыз, онда ұңғымалардан ағатын мүнай ағындары тұтас мұнай көлдерін құрайды, олар барша тіршілік иелерінің өміріне қатер төндіреді.

Өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап қума желдердің әсерінен мерзімді түрде су басып қалатын Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы мүнай-газ кен орындары аймақтарында суда жүзетін қүстардың жаппай қырылуы жиі кездеседі. Жоғарғы Ертіс бассейнінде тіршілік ететін су және жерүсті жануарларына Б.И.Брагин мен В.И.Ниловтің жүргізген экологиялық-токсикологиялық зерттеулері мырыштың, мыстың, қорғасынның, кадмийдің, сынаптың, хлоорганикалық пестицидтер мен бефинилдердің ПӘК-інен асатын жоғары қоспасын анықтады. Балықтар етіндегі мырыш пен кадмий, қорғасын мен сынаптың нормативтік санитарлық көрсеткіштерінің жоғарылағаны анықталған.

Балқаш көлі мен оның негізгі су көздерінің ластануы және деңгейінің төмендеуі күрделі экологиялық мәселеге айналды. Зоопланктон, зообентос пен балықтарды жаппай сынақтан өткізіп талдау нәтижелері ауыр металдар жинақталуының салыстырмалы жоғары деңгейін көрсетеді. Уландырғыштардың әсерінен балықтардың, негізінен, Шардара су қоймасындағы құнды түрлерінің қырылуы жиі байқалады. Мүндағы хлор-органикалық пестицидтердің көбіреқ шоғырлануы 1 мг/кг-ден асып, балықтардың ішкі майы мен бас миында анықталған.

Биосфераның орнықтылығы оның құрамдас бөлшектерінің байлығы мен әртүрлілігіне тікелей байланысты болғандықтан, Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтау тек Еуразияның ғана емес, сонымен қатар түтас биосфераның экологиялық тұрақтылығы үшін өте маңызды. Қазақстан аумағының кеңдігі және оның табиғатының өзіндік ерекшелігі табиғи ландшафтар кешеніндегі оның қүрамдас бөлшектерінің ішкі өзара байланыстарының үлкен әртүрлілігі мен қиындығын, олардың аймақтық және белдеулік құрылымын анықтайды. Биоресурстардың әртүрлілігі бойынша, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің шикізат пен кәсіпшілік қорларының саны бойынша Орталық Азия — ТМД Республикалары мемлекеттерінің арасында Қазақстан бірінші орын алады.

Биологиялық әртүрлілік жағдайына әсер ететін себептер:

  • Табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалану және олардың жұтаңдауы (заңсыз аң аулау, артық кәсіпшілік, бақыланбайтын қалпына келтіру қызметі).
  • Экожүйелердің құлдырауы және антропогендік іс-әрекет салдарынан өсімдіктер және жануарлар әлемінің кейбір түрлері санының қысқаруы немесе құруы.
  • Халықтың жеткіліксіз экологиялық мәдениеті.
  • Халықтың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелері табиғатты қорғау қызметін іске асыру қажеттілігімен қақтығысқа түсетін жергілікті қауымдастықтар деңгейіндегі кикілжіңдер.

Қазақстанда ресми түрде омыртқалы жануарлардың 126 түріне, омыртқасыздардың 96 түріне және өсімдіктердің 207 түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Республика аумағында екі негізгі: Орталық Азия-Үнді және Батыс Азия-Африка көші-қон жолдары қиылысады. Қазақстанда құстардың ғаламдық қауіпті 32 түрі ұялайды немесе ұшып келіп кездеседі. Қазақстанның биотүрлілігін сақтау саласындағы әрекетсіздік жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің толық жоғалуымен, экожүйелердің құлдырауымен қауіпті. Мысалы, 1993 жылы бөкендердің таралу жиынтығы 1 млн 300 мың басты құраған, 2003 жылы 21 мыңға дейін күрт төмендеген, ал қазіргі кезде 85 мыңнан астам басты құрайды.

1994 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Републикасы биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияны бекітті. Конвенцияны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы 1999 жылы биологиялық әртүрлілік бойынша Ұлттық стратегияны құру үшін грант алды. Стратегия шектерінде елдің биологиялық әртүрлілігін сақтау мен теңгерімді пайдалану бойынша әрекет ету жоспары жасалған, ол 27 жобаның іске асуын ұйғарады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы биоәртүрлілік бойынша Стратегияның 2-ші сатысын іске асыру жөнінде жоба ұсынысын дайындады. Бұл ұсыныстың басты мақсаты — ерекше қорғалатын аумақтар әлеуетін ұлғайту бағдарламасын құру, биоәртүрлілік туралы ақпарат жинау және алмастыру механизмін құруға басты салым ретіндегі биотүрлілік жөнінде ұлттық ақпараттық желі құру.

Конвенцияның толық құқылы мүшесі атанып, Қазақстан елдің биоәртүрлілігін сақтау және тұрақты дамуына қосымша қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, бүгінгі күні ҚР-да биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша орта және ірі ауқымды жобалар іске асырылуда: құстардың мекендеу жері ретінде артықшылығы бар сулы-батпақты жерлерді сақтау; Қазақстандағы таулы агро биотүрлілікті in-situ сақтау; Батыс Тянь-Шаньнің биотүрлілігін, сонымен қатар бірқатар шағын жобаларды сақтау. Жалпы алғанда, республика ҚР-дағы биотүрліліктің сақталуы мен теңгерімді пайдаланылуына 1,8 млн. долл. қаржылық көмекті игерген. Бұдан басқа, дайындау кезеңінде бірқатар келесі жобалар бар:

  • қазақстандық бактриан мысалына сүйеніп, Арал маңындағы шөлдер мен шөлейттердегі жануарлар әлемінің генетикалық түрлілігін сақтау және тұрақты дамыту.
  • Бөкендерді және олардың көші-қон жолдарындағы, қыстау мен жайлау: Бетпақдала-Үстірт даласы — Солтүстік Каспий маңы жерлеріндегі тіршілік ету ортасын сақтау.
  • Алтай-Саян таулы экоаймағының биотүрлілігін сақтау және тұрақты пайдалану
  • Алтайдағы тұрақты дамудың трансшекаралық биосфералық аумағын құру (Қазақстан Республикасы, Моңғолия, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының аумақтарында).
  • Қытайдың, Иранның, Қазақстан мен Ресей Федерациясының аймақтық жобасы. Азиядағы Сібір тырнасын және басқа да қоныс ауыстыратын суда жүзгіш қүстарды сақтау үшін ұшып келу-кету бағыттары желісін және ВБУ аумағын дамыту.
  • Биоқауіпсіздік бойынша ұлттық шектерді құру.
  • Биотүрлілік саласындағы ақпаратты басқару жүйесін нығайту және әлеуетін ұлғайтудағы қажеттіліктерді бағалау.

Биотүрлілікті сақтаудағы ең тиімді шара ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру болып табылады. 1973 жылы ЮНЕСКО-ның  «Адам және  биосфера»  атты халықаралық бағдарламасының аясында биосфералық қорықтардың бүкіләлемдік жүйесі құрылған. Биосфералық қорықтар бұл табиғатты қорғау жөніндегі шаралар қажетті ғылыми зерттемелермен сәйкесетін арнайы қорғалатын аумақтар.

Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн гектарды немесе барша аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық түрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін мүлдем жеткіліксіз және 10% құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.

Қазіргі кезде Қазақстанда төмендегілер жұмыс атқарады:

  • пайдаланылатын 10 және болашақта іске қосылатын 18 қорық;
  • жұмыс істеп тұрған 11 және алда жоспарланған мемлекеттік 6 ұлттық парк;
  • жұмыс істеп тұрған 52 және алдағы 58 арнайы орындар;
  • жұмыс істеп тұрған 5 және келешектегі 3 ботаникалық бақ, сонымен қатар 3 дендрология паркі;
  • жұмыс істеп тұрған 3 жэне келешектегі 1 зоологиялық парк;
  • ерекше мемлекеттік маңызы бар 81 су қоймасы.

Қорықтар өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әр-алуан түрлерінің экожүйелерін сақтау үшін құрылған. Мысалы, Қорғалжың қорығы қоқиқаздарды сақтау және көбейту үпіін, Алматы қорығы — Тянь-Шань көгілдір шыршасын, Баянауыл қорығы таулы алқапты сақтау үшін құрылған. Табиғаттың ескерткіштері ретінде Павлодардағы «қаздардың жылы жаққа ұшуын», Жетісу кораллдарын, Ақтаудың тас қорғандарын келтіруге болады.

Каспий теңізі планетадағы бірегей экожүйесі бар дара және ең үлкен континенталдық теңіздер қатарына жатады. Мұнда қорғалатын түрлер бар гидросфераның биотүрлілігі теңіздің литосферлі бөлігіндегі минерал ресурстарының ауқымды қорларының құрылуымен үйлестіріледі. Теңізге үлкен өзендер, соның ішінде Еділ мен Жайық келіп құяды. Ол әлемдік мұхитпен байланыспаған. Ол өзгермелі климатқа және солтүстік пен оңтүстік бөліктер арасында айтарлықтай температуралық айырмашылыққа ие. Топырағының тұздылығы және температураның ауытқуы тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қатаң жағдайлар туғызады. Сондықтан да теңіз аумағы халықаралық дәрежеде қорғалатын табиғи аймақтар санына жатады.

Биотүрлілік органикалық әлем дамуының нәтижесі болып табылады және адамзаттың экономикалық, әлеуметтік дамуы үшін өте қажетті. Оны сақтау — қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мақсаты, өйткені қоршаған ортадағы кез келген өзгеріс биотаның белгілі бір салада тарихи қалыптасқан: өсімдіктер, жан-жануарлар мен микроағзалардың әр түрлерінің жиынтығының өзгерісіне әкеліп соқтырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *