9fj8jxIVvQIWBhpj18iq2g3i1723GS

Бүгінгі қазақ телеарналарының барлығында түрлі ұлттың телехикаялары көрсетілуде. Көп отбасы сол фильмдердегі кейіпкерлер үшін уайымдап, солардың есімдерін қазақ тұлғаларының аттарына қарағанда жиі тамсанып айтып отыратын қауіпті құбылыс белең алып барады. Бүгінгі қазақ телевизиясы өзінің жаңа сатыға өту кезеңінің алдында тұр. Казақ тілінде түсірілетін өнімге сұраныстың аздығы әрі ондай жобаларды жүзеге асырудың материалдық-техникалық кемдігі өз отандық дүниелерімізді туғызуға мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан да бүгінгі көрермен шетелдік хикаялар мен бағдарламаларды көруде. Өкінішке қарай, ол халқымызды Түрік, Корея, Еуропа және Ресей сценаристерінің көзқарасымен ойлауға мәжбүр етеді. Төл өнімі жоқ ұлт толығымен тәуелсіз бола алмайтындығын есімізден шығармау керек. Қазақстандыктар қазақ жерінде, қазактың дүние танымына, салт санасына сәйкес мәні бар қазақ актерлерінің қатысуымен түсірілген туындыны көруі қажет. Қазіргі телеарнаға үңілген көрермен басқа мәдениеттің өкілін көреді, солардың сөзін тыңдайды, сөйтіп өз бейнесінен жаңылады. Біз тамашалап жүрген бағдарламалардың кейіпкерлері көбіне интериационалды кейіпте бейнеленген, оларда белгілі бір ұлтқа тән белгілер сирек кездеседі. Жергілікті қазақ тілді телекөрсетілімдердің санының аздығы — қазіргі теленарыктың осал тұсы. Төл өнімдердің эфирдегі үлесі 20%-дан аспай отыр.

Бұл жерде телеарна басшысы ретінде бізді де кінәлауыңыз әбден мүмкін, бірақ та ұлттық бағдарламалар түсіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып тұр. Мысалы, шетелдік хикаяны арзан бағаға сатып алып, оны Қазақстанда көрсету арқылы компания табыс табады. Ал өзіндік өнім түсіруге кеткен қыруар қаражатты, ондағы жарнамадан түскен каржы шығынды толығымен ақтамайды. Сол себепті де шығын айырмасы мемлекет тарапынан өтелуі тиіс. Бұл ұлттық телевизия мен отандық контентті дамытуды көздеген әрбір мемлекеттің басынан өткен тәжірибе. Телеарналар отандык бағдарламалар жасауға қулықсыз емес, басты мәселе жарнама нарығындағы ойыншылардың қызы-ғушылығының аздығында. Яғни еліміздегі ірі сауда компаниялары отандық бағдарламаларды сапасыз тауар ретінде қарастырып, оған қаржы инвестициялауды дұрыс көрмей отыр. Бүгінгі жарнама берушілер таңдайтын бағдарламаларды алып қарасақ, қазақ тілді бағдарламаларды көретін қазақстандыктардың тауар сатып алу мүмкіндігі орыс тілділердікінен әлдеқайда төмен дегенге сай келеді. Бұл қалыптасқан дұрыс емес стереотип.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *