Архив рубрики: Биология

Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері

Жалпы жыныстық көбею кез-келген тірі организмдердің көбеюінің бір түрі. Зигота кезеңі — ұрықтың алғашқы даму сатысы және ол бұл кезде екі еселенген (диплоидты) хромосомалары бар бір клеткадан тұрады.Партеногенез (грекше «партенос» — ұрықтанбай даму) — организмдердің жыныстық көбеюінің бір түрі. Бұл ұрықтанбаған аналық клетканың дамуы. Бұл жолымен көбею жыныстық көбеюдің түрі ретінде бір клеткалы және көп клеткалы омыртқасыздар… Читать далее »

Клеткалардың бөлінуі

Бір және көп клеткалы организмдердің клеткаларына, сондай-ақ дербес тіршілік ететін клеткаларға тән өзінен-өзі көбеюі бірнеше жолмен жүреді. Өсімдік пен жануарлар организмінің көптеген тканьдеріндегі клеткалар ядросының тура бөлінуі — амитоз. Амитоз жолымен бөлінуде ядро ең алдымен ортасынан жіңішкеріп, тікелей екіге бөлінеді, содан кейін цитоплазма бөлініп, бір клеткадан екі жаңа клетка пайда болады. Кейде клетка бірнеше рет… Читать далее »

Өсімдіктердің радиацияға төзімділігі

Қазіргі адам қоғамының атом бомбалары мен ракеталарын жарып, дүниені ойрандап жатқан заманда тірі организмдердің, соның ішінде өсімдіктердің төзімділігін зерттеп, оларды опаттан сақтаудың әдістерін жасап шығару жұмыстарының қаншалықты маңызды болатындығы айтпаса да түсінікті. Тірі организмдерге радиация тікелей және жанама әсер етеді. Сәулелену энергиясының сіңген жеріндегі молекулалардың радиациялы-химиялық өзгерістері тікелей эсерге жатады. Тікелей молекулаларга енген энергия оны қозған немесе… Читать далее »

Өсімдіктердің ортаның газдануына төзімділігі

Өсімдіктердің атмосферадағы түрліше зиянды газдардың әсерінен залалданбай, тіршілік әрекеттерін қалыпты күйде сақтау қабілеттілігін газға төзімділігі деп атауға болады. Оған қоршаған ортадағы физикалық, химиялық, географиялық және ауа райы жағдайлары үлкен ықпал жасайды. Сонымен бірге өсімдіктердің ерте замандардағы тектерінде газға төзімділікті анықтайтын жүйелер қалыптаспаған. Соған сәйкес қазіргі замандағы өсімдіктердің газдар эсеріне төзімділік механизмдері басқа қолайсыз әсерлерге төзімділік механизмдерімен… Читать далее »

Өсімдіктің суыққа төзімділігі

Еліміздің көптеген жерлерінде тосыннан суықтың түсуі себілген дақылдар мен көшетінен отырғызылған өсімдіктер үшін өте қауіпті. Мысалы, Оралда мамыр айында-ақ өте жылы болғанымен маусымның ортасына дейін жылылық сүйгіш дақылдарды көшеттен отырғызбайды, себебі маусымның 10-на дейін бірнеше рет суық түсіп, үсітетін болғандықтан. Ал Қиыр Солтүстікте, мәселен Мурманск облысында тіптен маусым мен тамыз айларында, кейбір жылдары шілдеде де суық… Читать далее »

Өсімдіктер тіршілігіндегі периодтық құбылыстар

Өсімдіктер тіршілік циклінде біркелкі өсіп, дамымайды. Кейде өсу қарқындылығы баяу, кейде жылдам жүріп отыруы ауа райының ырғақты өзгеруіне байланысты. Мәселен, біздің ел жағдайындағы өсімдіктер көктем кездерінде қарқынды өсіп, тез жетіледі де, ал олардың өсуі күзге қарай баяулап, жапырағын түсіріп, тыныштық күйге көшеді. Тыныштық қалыпта ұрық, жуашық, көген тамыр және т.б. мүшелер түрінде сақталады. Кейбір өсімдіктерде… Читать далее »

Жылылықтың өсімдікке әсері

Жылылықтың әсері. Тыныштық күйдегі өсімдік мүшелері температураның төмендеуіне немесе жоғарылауына шыдамды келеді. Суық ауа температурасына дейін мүздатылған тұқымдар тіршілігін жоғалтпайтын болса, өсімдіктің өсуіне қолайлы температура шектері онша қашық болмайды. Өсудің төменгі температуралық шегі клетка сөлінің қату температурасына, яғни 1гЗ°С-қа тура келеді. Ең жоғарғы температуралық шек протоплазма белоктарының коагуляциялану нүктесіне, яғни 50-60°С-қа жақын болады. Бактериялар мен балдырлардың… Читать далее »

Жеке өсімдік дамуының молекулалық негіздері

Соңғы кездерде тіршіліктің негізгі белгілері, соның ішінде тұқым қуалаушылық пен даму молекулалық деңгейде зерттеле бастады. Молекулалық биологияның қалыптасуына байланысты өсімдіктердің жеке даму процесін дұрыс, толығырақ түсінуге және онтогенездің жан-жақты теориясын жасауға жеткілікті мүмкіндік туды. Өсімдіктердің дәуірден-дәуірге үздіксіз дамуының (эволюция) нәтижесінде ішкі (эндогенді) ырғақтылық деп аталатын белгілері қалыптасты. Сонымен қатар ішкі факторлар эндогенді ырғақтылықтың мерзімді өзгеріп тұратын… Читать далее »

Өсімдіктің дамуын бағыттайтын факторлар

Өсімдік организмінің олардың тұқымкуалаушылық қасиетіне сәйкес дәлме-дәл дер кезінде гүлдеу мен жеміс салуға көшуіне биология ғылымы өзінің дамуының әр дәуірінде әртүрлі түсінік беріп келген. Преформистердің /олар жалпы даму принципіне қарсы болған/ көзқарастары бойынша организмнің тіршілік циклі — ұрықта дайын күйінде түрған мүшелердің жай санды ұлғаюы. Қазіргі уақытта биология ғылымы организм мүшелерінің даму кезеңінде жаңадан пайда болатындығын берік… Читать далее »