Архив рубрики: Биология

Минералды тыңайтқыштар және оларды қолдану

Физиология ғылымы жаңа қалыптаса бастаған кездерде-ақ табиғаттың топырақпен және оның құнарлығымен байланысының сырын ашуға, топырақтың түзілу процесінің мәнін айқындауға, егін себудің неғұрлым тиімді және үнемді әдістерін табуға ғасырлар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Өйткені топырақтың түзілу сырын ашу және оның құнарлылығын арттырудың ғылыми әдістерін белгілеу ауыл шаруашылығы даңылдарынан жоғары және тұрақты өнім алудың аса маңызды теориялық… Читать далее »

Өсімдіктегі азотты заттардың алмасуы

Барлық химиялық элементтердің ішінде азоттың өсімдіктер өміріндегі маңызы күшті. Азоттың физиологиялық мәні оның барлық белокты заттардың құрамына кіретіндігіне байланысты. Протоплазманың құрылымының биокаталитикалық белсенділігі белокты заттарға тығыз байланысты. Оның себебі белок молекуласы клеткада кездесетін барлық ферменттердің негізі болады. Ферменттердің көпшілігі тек белоктан тұрады. Ал кейбір ферменттер белок негізінің белок емес топтармен қоспасынан түрады. Простетикалық топтар (белок… Читать далее »

Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы

Өсімдіктер үшін микроэлементтердің де өте зор маңызы бар. Микроэлементтерді өмірге әкелген де өсімдіктің өзі. Микроэлементтер туралы алғашқы зерттеулерді геохимия ғылымының негізін салған В. И. Вернадский сонау 1918-1919 жылдардан-ақ бастаған бөлатын. Бүгінгі ғылым өсімдікте де, тірі организмде де Менделеев кестесінің элементтері түгелдей дерлік бар деп есептейді. Ғылыми жаңалық өмір талабынан, дәуір дәрежесінен туады. Соның бір куәсі… Читать далее »

Торпырақтың өсімдік қоректенуіндегі маңызы

Өсімдік қандай заттармен қоректенетіндігі мәселесімен өсімдіктер физиологиясы өзінің пайда болған күнінен-ақ шұғылданып келеді. Өсімдіктер тіршілігінде минералды заттармен қоректенудің маңызы өте үлкен, өсімдіктің өсуі мен даму жағдайларына зор әсер етеді. Осы минералды заттармен қоректенуде өсімдіктің негізгі бір ерекшелігін, яғни оның автотрофтығын көреміз. Топырақтан қабылдаған минералды заттарды өсімдіктер органикалық заттарға айналдырады.Ежелден бері өз заманының ең алдыңғы қатарлы… Читать далее »

Топырақтың қоректік дәрежесі

Топырақтың қоректік дәрежесін білу үшін жүргізілген сансыз көп зерттеулер мынадай қорытындыға алып келді: топырақтың өте мардымсыз бөлігі ғана тікелей қоректік қызмет атқарады, ал қалғандары өсімдіктерді шын мәнінде қоректендіруге қатыспайтындығы белгілі болды. Бүл үшін өсімдік өзіміз әдейі берген қоректік заттардан басқа зат алмағанына эбден көз жеткізу үшін, қандай да болмасын бір жай, мүлде қүнарсыз затпен, мысалы,… Читать далее »

Топырақ құнарлығы

Өсімдік өніп-өсіп дамуы барысында ауаны және жылылықты қажет етеді. Өсімдіктердің осы мұқтажын өтейтін тек құнарлы топырақ. Сондықтан құнарлылық — топырақтың ең басты қасиеті. Ол топырақтың бірқатар басқа да қасиеттеріне байланысты болады. Топырақ бөлшектерінің топырақ ерітіндісіндегі әртүрлі қосылыстарды сіңіретін қабілеті бар. Топырақтың сіңіру қабілеті негізінен ондағы органикалық және минералдық заттардың күйіне, шығу тегіне байланысты. Осыған орай… Читать далее »

Өсімдіктің тыныс алуы

Тыныс алу деп өсімдіктің тірі ұлпаларында органикалық заттың бос оттегінің қатысуымен ыдырап, С02 және Н20 бөлініп шығуының және бұл процесте өсімдік тіршілігі үшін керекті белгілі қуат босауын айтады. Дем алу — барлық тірі организмдерге тән өте маңызды қызмет. Тіптен сонау XVII ғасырдың бастапқы жылдарының өзінде-ақ Крук атты зерттеуші адам денесін сипаттай келіп: «дем алу процесінсіз… Читать далее »

Минералды элементтердің физиологиялық рөлі

Бұрын өсімдікке жеке элементтердің қажеттілігін олардың өсімдік құрамында кездесу мөлшеріне қарай бағалайтын. Бірақ мұндай көзқарастың дұрыс емес екендігі, әсіресе, өсімдікте микро, ультрамикроэлементтерді анықтағаннан кейін толық дәлелденді. Бұл элементтердің қажеттілігі олардың органикалық қосындылардың құрамына енуіне байланысты. Органикалық заттардың құрамына енген минералды элементтер олардың химиялық активтігін ұлғайтып, оларға жаңа қасиет береді. Мысалы, кейбір металдардың белокпен қосындылары —… Читать далее »

Калий және кальций туралы мәлімет

Калий қоректік минералды элементтердің ішіндегі негізгілерінің бірінен саналады. Топырақтың қүрамында кездесетін калийдің көп бөлігін өсімдіктер сіңіре алмайды. Өсімдіктер алмаса алатын және суда еритін калийді ғана сіңіре алады. Калий тамыр клеткаларына катион түрінде өтеді. Бұл элементтің көп бөлігі клеткада ион түрінде жиналады, ал басқа бөлігі клетка белоктарымен адсорбциялық байланыс арқылы қосылған. Клетка шырынында калий күкірт қышқыл,… Читать далее »