Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірбаяны

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — қазақ елінің саяси «Алаш» қозғалысының лидері, ұлттық Алашорда үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым ормантанушы, есепші, тарихшы, энциклопедист, этнограф, әдебиеттанудың негізін қалаушы, аудармашы, саясаткер, көсем сөз шебері. XX ғасыр басындағы қазақтың зиялы ортасын жарып шыққан мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың серкесі, әдебиетші Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — Алаштың саяси элитасының дамуына тікелей әсер еткен тарихи […]

Read More

Қазақ әдебиеттануы

Қазақ әдебиеттануы — өз арнасы, ұлттық бастаулары бар ғылым саласы. Оның туу, жетілу, қалыптасу кезеңдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, З.Ахметов қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірін Қазан төңкерісінен кейін бастауды ұсынған екен. Бұл көзқарастың басты дәлелі — XX ғасырдың 20-30-жылдары алғашқы әдеби зерттеулердің дүниеге келуі. Кез келген халықтың әдебиеттану ғылымының тууын […]

Read More

Жүсіпбек Аймауытұлы өмірбаяны

Жүсіпбек Аймауытұлы 1893 жылы бұрынғы Кереку уезі, Семей облысы, Қызылтау болысында туған. Руы арғын ішінде сүйіндік. Аймауыт — Жүсіпбектің өз əкесі. Аймауыттың əкесі – Дəндебай, оның əкесі – Жуан, Қуан бай адамдар болған. Дəндебай шағын шаруалы адам болған. Дəндебайдан Иса, Аймауыт, Оспан, Абайділдə деген төрт бала туған. Дəндебай өзі шаруа адам болғанымен, балаларына, əсіресе, Оспанға […]

Read More

Мұхтар Әуезов «Қаракөз» драмасы туралы

Адам баласы тұрмыс үшін күреседі. Жер үстінде қалай өмір сүруге шаралар іздейді. Жер жүзінде көп жылдар өмір сүрген адам балаларының көрген тəжірибесінен өмір сүрудің неше түрлі əдістері табылады. Өнімді қалай қолға алып, оған қожа болу, кожа болу үшін саяси билікті қолға алу, бұларға коса салт-сана, əдебиет бетін де өздеріне аударып, тұрмысқа құрал қылу қамын іздейді. […]

Read More

Мұхтар Әуезов «Қилы заман» повесі туралы

«Қилы заман» Мұхтардың 1916 жылғы қазақ көтерілісінен алып жазған тарихи ұзақ əңгімесі (повесі). Бұл 1928 жылы Қызылордада Қазақстан баспасында басылып шықты. Повестің қысқаша мазмұны мынау: Бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезіне қарайтын Алатаудың бір саласындағы Албан дейтін елдің жайлауда отырған кезінде, 1916 жылы қазақтан майданға қара жұмысқа жігіт алу туралы патша үкіметінің жарлығы шығады. Осы кезде […]

Read More

Мұхтар Әуезов өмірбаяны

Мұхтар Əуезұлы 1897 жылы бұрынғы Семей округі, Шыңғыстау ауданында туған. Өз əкесі – Омархан деген кісі. Əуез – Омарханның əкесі. Мұхтардың тұқымы төмен ата жəне басқа рудан келген кірме болса керек. Мұхтар əкесінен 6-7 жасында жетім қалады. Омарханның бастапқы əйелінен калған Мұхтардың ағасы (аты беймəлім) Омархан өле салысымен еншісін алады да, Мұхтар өз шешесімен шаруаға […]

Read More

Сəбит Дөнентайұлы өмірбаяны

Өмірі дегенде Сəбит Дөнентайұлының өмір тарихынан қолымызға керекті мəлімет түспеді. Əйткенмен оны аздап білетін Жаманқұлұлы сықылды жолдастардың берген қысқаша мəліметін жазуды мақұл көрдік. Сəбит Дөнентайұлы əлі тірі кісі болғандықтан оның өмірінде болған істерді кейін толықтырармыз дедік. Дөнентайұлы бұрынғы Кереку уезі, Аққу болысында (қазіргі Павлодар ауданы) 1884 жылы туған. Əкесі Дөнентай молдасымақтау кедей адам дейді. Жас […]

Read More

«Қамар сұлу» қысқаша мазмұны

Мазмұны: Қамар Омар деген жаңашыл, ашық пікірлі адамның қызы. Қамардың Қасен деген орысша оқып жүрген ағасы бар. Осы Қасенмен бірге оқып жүрген Ахмет Жəуке баласы дейтін, шаруасы кедей, бірақ жігітшілігі оңды жігіт бар. Осы Ахмет Қамарға ғашық болады. Қамар Ахметті жақсы көреді, бірақ ол кездегі əдет-ғұрыптың күштілігін ойлап, Ахмет сықылды кедейге үйінің бермейтінін болжап, жақындаспайды. […]

Read More