Салықтардың пайда болу тарихы, даму эволюциясы

Салық мемлекеттің қалыптасуымен бірге пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті қамсыздандыру үшін, азаматтардың біртіндеп міндетті және үздіксіз бола бастаған табиғи және ақшалай түріндегі жарналары қажет болды. Адамзаттың даму тарихында салық нысандары мен әдістері өзгеріске түсті, өңделді, мемлекет қажеттілігі мен сұранысына бейімделді, олардың қызметі кеңейді, әлеуметтік-экономикалық процестердегі ролі өзгерді. Салық төлету нысандары мен […]

Read More

Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен белгілері

Шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына көшу — бұл кәсіпкерлік тұрпаттағы экономикаға көшу. Демек ол кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау өтпелі экономикадағы трансформациялық өзгерістердің өте маңызды құрамдасы болып табылады. Кәсіпкерліктің экономикалық тегі кәсіпкерлік қызметтің тарихи және генетикалық бастапқы кезеңі болып табылатын нарықтық шаруашылықпен ажырамас байланысты. Шаруашылық өмірдің құбылысы ретіндегі кәсіпкерліктің ерекшелігі үздіксіз жүзеге асырылатын айырбас операцияларында көрінеді. […]

Read More

Әлеуметтік тұрақты экономикалық дамудың мәні

XXI ғасырдың басындағы қазіргі заманғы экономика әлеуметтік жағынан тұрақты дамып, қоғам азаматтарының әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарып келеді. Әлеуметтік жағынан тұрақты, орнықты экономика қалыптастыру қазіргі кезеңдегі экономиканың негізгі міндеті мен мақсатына айналып отыр. Осы міндет пен мақсатқа жетуге бірнеше себеп бар. Біріншіден, технологиялық жағынан экономика бір-бірін өзара толықтыратын қазіргі заманғы күрделі өндірістік, техникалық, қаржы және ақпараттық […]

Read More

Экономикалық және әлеуметтік дамудың негіздері

Жаңа экономикалық жүйенің қалыптасу барысында оның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары мен ел азаматтарының ахуалына, экономикалық және әлеуметтік дамудың арақатынасына, әлеуметтік проблемалардың мәні мен оны шешу жолдарына, өмірдің әлеуметтік құрылымының ұлттық үлгісі мен әлеуметтік саясаттың негіздеріне қатысты мәселелер шешімін міндетті түрде табуға тиіс. Экономиканың өзі мен оның дамуы жеке адамның мақсаты емес. Экономика адамдардың, әрбір адамның тағдырымен әрі […]

Read More

Мемлекеттің экономикалық рөлінің дамуы

Мемлекеттің ақша жасап, оны басумен, салық енгізумен байланысты алғашқы қадамдары, мемлекеттің экономикалық қатынастарды реттейтін алғашқы заңнама актілері мемлекет экономикалық процестер мен қатынастарға әр кезде ықпал етіп, өзінің міндеттері (армияны, билік органдарын ұстау) мен басқаратын топтың міндеттерін шешуге бағытталған шараларды әзірлеуге тырысқанын көрсетеді. Экономиканың даму шамасына орай мемлекеттің экономикалық рөлі салиқалы, ал экономикаға деген көзқарасы — […]

Read More

Меншік нысаны

Қазіргі кезеңде меншік нысандарының құрылымын сипаттайтын функционалдық, деңгейлес тәсілдеме экономикалық процестің жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық мәртебесін анықтайтын экономикалық өкілеттіктердің құрамдастырымына байланысты тарихи көзқарасты ерекше сипаттамалармен толықтыру қажет. Экономикалық өкілеттік меншік нысанының функционалдық анықтамасы мен оның құрылымының теориялық негізі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі меншік құқығының теориясында онан (ірілендірілген жіктемеде) бір жарым мыңға дейін (бөлшектік жіктемеде) өкілеттік бар. […]

Read More

Меншік құқығы

Экономикалық теориядағы меншік құқығы, біріншіден, іс жүзінде ұдайы өндіріс процесінде көптеген заңды қатынастар (төменде айтылады) экономикалық қатынастарға көшеді және керісінше болатындықтан арнайы зерттеуді қажетсінеді. Екіншіден, меншіктің заңды ғана емес, сонымен бірге экономикалық құқықтары да болады. Экономикалық және заң ғылымында меншік құқығын зерттейтін континенталдық және ағылшын-сакондық деп аталатын екі негізгі дәстүрі қалыптасты. Континенталдық дәстүрде иемделінген объектінің […]

Read More

Экономикалық өсудің ерекшеліктері

Экономикалық өсу. Әрбір экономикалық жүйе және мемлекет елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін арттыруға, халықтың табысын өсіруге ұмтылады. Сондықтан да үкіметтің экономикалық жүйелердегі мақсаттарының бірі экономикалық өсуге қол жеткізу болып табылады. Оның серпіні ұлттық экономиканың дамуына, халықтың тұрмыс деңгейіне және т.б. әсер етеді. Экономикалық өсу қоғамдық өнім мен оны өндіру факторларының сан жағынан артуы және […]

Read More