Стандарттау және экология

Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықты өте толғандырады. Атап айтатын болсақ, мұны Киот хаттамасына қол қойған барлық елдердің өнеркәсіп газдарын тастауды 8%-ға төмендету туралы шешім қабылдағанынан байқауға болады. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға газ тастаудың, шудың, электр магнит сәулесінің және т.б. деңгейі қатаң шектеледі. Осының барлығы елеулі бөлігі табиғат пен экологияны қорғауға арналған стандарттау саласында көрініс тапқан. Еуропа […]

Read More

Стандарттау және метрология

Метрология — бұл өлшемдер, қазіргі жағдайда метрологиялық қамтамасыз ету — бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемдердің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажет ғылыми және техникалық құралдардың, ережелер мен нормалардың кешені. Метрологиялық қамтамасыз ету өзінің міндеттерін стандарттаумен тығыз байланыста мына себептерге орай неғұрлым тиімді шешеді: Тиімді стандарттау стандартталатын объект туралы дәл және дұрыс дерексіз жүргізіле алмайды. […]

Read More

Стандарттаудың мәні

Стандарттау алғаш рет XVIII ғасырдың соңында, XIX ғасырдың басында Еуропаның дамыған елдерінде басталған өнеркәсіптік революциядан бастау алды. Тауарлар мен бұйымдарды ауқымды топпен шығаратын ірі фабрикалар мен зауыттар пайда болып, өнімнің біркелкі көлем тәртібін, біркелкілігін, өзара алмасымдылығын реттеу қажеттілігі туындады. Ресейде, 1 Петр билеген 1715 жылдың өзінде Тула зауыттарында дәрімен атылатын қару өндірісінде біркелкі көлем тәртібін […]

Read More

Пайдалы қазба кенорындарын барлау

Кенорындарды барлау дегеніміз кешенді зерттеулер болып табылады. Олар кенорындардың өнеркәсіптік мәнін анықтауға қажет жұмыстарды атқаруды көздейді. Жер қойнауындағы бөлікшені геологиялық зерттеу оны жобалауға дейінгі өнеркәсіптік игеру сатысында барлаумен аяқталады. Барлау мәселелері Пайдалы қазбаның сапасын бағал ау үшін барлау үдерісінде оның заттық (минералдық және химиялық) құрамы, құрылымдық-бітімдік сипаттамасы, физикалық-химиялық қасиеттері мен барлық сапалық көрсеткіштерінің кеңістікте таралу […]

Read More

Алтын мен күміс туралы мәлімет

Өндірілген алтынның негізгі бөлігі мемлекеттік қорларда сақталады. Ол халықаралық төлемдер мен есеп айырысуларда валюта ретінде, оларды қамтамасыз етеді. Мәселен, басты шетелдердің алтын қоры 40 мың тоннаға жетеді. Өндірілген алтынның қалған бөлігі зергерлік бұйымдар жасауға (50%), электрондық техникада химиялық өнеркәсіпте, фосфор бүйымдар өндірісінде (35%), медицинада (10%) қолданылады. Соңғы жылдары алтын жаңа техникада дәнекер материал ретінде, терможүптар […]

Read More

Мору кенорындары

Мору кенорындары минералдар мен таужыныстарға атмосфераның жербеті мен жерасты суының, органикалық агенттердің ықпал етуі нәтижесінде жаралады. Олардың әрекетінен таужыныстар мен минералдар механикалық жолмен жекелеген құрамдас бөліктерге қирайды, содан кейін химиялық үдерістер ықпалынан ары қарай өзгеріске үшырайды. Бүрынғы минералдар экзогендік жағдайларға төзімді жаңа минералдармен алмасады. Бұл үдерістердің мору деп аталатыны белгілі. Олардың нәтижесінде мору қыртысы мен […]

Read More

Магмалық кенорындар

Магмалық кенорындар ультранегізді, негізді немесе сілтілі құрамды кенді магманың дифференциациялану және кристалдану үдерісінде, жоғары температура (700-1500°С) мен жоғары қысым жағдайында және үлкен тереңдікте (>3-5 км) қалыптасады. Магмалық кенорындардың кенжасаушы элементтерінің негізгі көзі жердің жоғарғы мантиясының заты болып табылады. Бұл туралы кенорындардың да, оларды сыйыстырушы таужыныстардың да кеңістікте терең жарылымдарда орналасуы куәландырады. Интрузиялық массивтердің қалыптасуы барысында […]

Read More

Кен заттардың көзі мен олардың түзілу тәсілдері

Кенорындардың пайдалы минералдар массасын қалыптастыратын зат көздері біршама әр түрлі болады. Олардың негізгілері болып саналатындар: 1) қыртыстық немесе мантиялық текті магмалық балқымалар; 2) магмадан оның белгілі бір даму сатысында бөлінуі мүмкін немесе магма балқымасынан байланыссыз пайда болатын газды, газ-сұйық және сұйық ерітінділер; беймагмалық генезисті ерітінділер арасында жер қыртысы мен жоғарғы мантияның терең бөліктерінен газсыздану кезінде […]

Read More