Табиғи қышқылдар мен сілтілер

Қышқыл ерітінділерінің қышқыл дәмі болады. Мысалы, көптеген жемістердің дәмінің қышқыл болуы құрамында қышқылдардың кездесуіне байланысты. Цитрус жемістері — грейпфрут, апельсин, лимонда және аскорбин қыш-қылдары бар. Сүтте сүт қышқылы, қызанақта салицил қышқылы кездеседі. Қышқылдың атаулары да осыған байланысты: лимон, алма қышқылы және т.с.с. Алайда кез келген қышқылдың дәмін татып көруге болмайды. Олардың арасында улы қышқылдар болуы […]

Read More

Ауа және оның құрамы

1774 жылы француз ғалымы А.Лавуазье ауаның 4/5 бөлігі азоттан, 1/5 бөлігі (көлемі бойынша) оттектен тұратын газдар қоспасы екенін дәлелдеді. Ауаның сапалық құрамын мынадай тәжірибемен анықтауға болады: ауамен толтырылған шыны қалпақ суға төңкеріледі. Темір қасыққа салынған қызыл фосфорды тұтатып, суға төңкерілген қалпақ астында жақса, су қақпақтың 1/5 бөлігіне дейін көтеріледі. Өйткені фосфордың жануына ауа құрамындағы оттек қана […]

Read More

Химиялық элементтер және олардың таңбалары

Осы тақырыпта: әр химиялық элементтің өзінің жеке таңбасы болатынын білетін боламыз; химиялық элемент атомның белгілі бір түрі екенін түсінеміз; элементтерді металдар және бейметалдар, заттарды жай және күрделі заттар деп жіктеуді үйренеміз. Химия ғылымына ұлы орыс ғалымы Д.И.Менделеев: «Химия — элементтер және химиялық қосылыстар туралы ғылым», -деп дұрыс әрі дәл анықтама берді. Химиялық элементтер — химияның […]

Read More

Атомдар мен молекулалар туралы мәлімет

Осы тақырыпта: атом заттың ең кіші бөлшегі екенін білетін боламыз; молекула заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екенін түсінеміз; заттар құрамына қарай жай және күрделі деп жіктелетінін оқып-үйренеміз. Заттар неден құралатыны жөніндегі сұрақтар адамзатты ертеден-ақ ойландырды. Гректер заттардың ұсақ бөлшектерден тұратынын білген. Б.з.д. 420 жылы грек философы Демокрит «материя бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады» […]

Read More

Заттың агрегаттық күйі

Осы тақырыпта: заттың агрегаттық күйін білетін боламыз; қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың құрылымымен танысамыз. Бізді түрлі денелер қоршап тұр. Денелер әртүрлі заттардан тұрады. Заттардың ең ұсақ бөлшегі молекула болып табылады және заттың химиялық қасиеттері қандай болса, молекуланың қасиеттері де сондай болады. Кез келген нақты зат тек сол заттың ғана молекулаларынан тұрады: су — су молекулаларынан, оттек […]

Read More

Физикалық және химиялық құбылыстар

Осы тақырыпта: физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратамыз, химиялық реакцияның белгілерін білетін боламыз, химиялық реакцияның басталуы мен жүру жағдайларын оқып-үйренеміз. Біздің айналамыздағы заттар түрлі өзгерістерге ұшырайды: шалшықтар кебеді немесе қыста қатады, су буланады немесе мұзға айналады, күзде өсімдік жапырақтарының түсі өзгереді (хлорофилл ыдырайды). Заттардың осындай өзгерістерге ұшырауы құбылыстар деп аталады. Заттардың молекулалары өзгеріске ұшырамайтын құбылыстар физикалық […]

Read More

Гетерогенді және гомогенді қоспаларды бөлу

Қоспаларды бөлудің түрлі әдістері Гетерогенді қоспаларды бөлу Тұндыру. Бұл әдіс жердің тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы қатты заттар мен сұйық заттардың қабат түзіп бөлінуіне негізделген. Мысалы, темір ұнтағын ағаш ұнтағынан бөлу үшін қоспаны суға араластырады және тұндырады. Темір ұнтағы ыдыстың түбіне шөгеді, ал ағаш ұнтағы су бетіне қалқып шығады. Оны сумен қоса құйып алуға болады. Кейбір […]

Read More

Таза заттар және қоспалар

Табиғатта заттар таза күйінде көп кездеспейді. Табиғи заттардың кейбіреулері көптеген заттардың қоспаларынан тұрады. Ерітінділер, құймалар, ауа т.б. қоспаларға жатады. Қоспалардың құрамы тұрақты емес. Олар әртүрлі қатынастағы түрлі заттардан тұрады. Қоспада әр зат өзінің қасиетін сақтайды. Теңіз суы — әртүрлі тұздардың сулы ерітіндісі. Ауа — газдар қоспасы. Оның құрамына азот, оттек, көмірқышқыл газы және инертті газдар […]

Read More