Архив рубрики: Культура

Қазақ халқының ою-өрнек өнері

Қазақ ою-өрнегінің теориясы және көркемдік мәдениеттегі ерекшелігіОю-өрнек өнерінің қоғамда қалыптасуын, адамдардың эстетикалық және интеллектуалдық қоршаған ортадан алған жемісі деп қарастыруға болады. Ою-өрнектерді топтауда (классификация) дүниежүзіне ортақ формула жоқ. ХХ ғасырда Н. Могилянский: «Не подлежит сомнению, что ни в одной другой области, пожалуй не было построено столько априорных теорий, гипотез, высказаной сображений и разного рода предложений,… Читать далее »

«Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының сипаты

«Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының архаикалық сипатыҚазақ халқының даңқты ғашықтық жыры — «Қозы Көрпеш — Баян сұлудың» шығу тегі, тарихы және көркемдік шындығы, айтушылары, вариант-нұсқалары, жинаушылары, поэзиялық ерекшеліктері т.б. жөнінде зерттеулер бірнеше ғасыр бойында жүргізіліп келеді. Бұл жырдың көп қырлы сипаты мамандарға ғана емес, жалпы оқушы жұртшылыққа да танымал. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»… Читать далее »

Орхон ескерткіштері және эпикалық дәстүр

Орхон ескерткіштерінің ең көрнектілері: Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазуларында, түркі аңыз, дастандарында жиі кездесетін сарындардың орын алғаны назар аударарлық болып көрінеді. Сол сарындардың кейбіреулері төмендегіше.Мифтік, эпикалық уақыт пен кеңістік. «Күлтегін» жазуындағы «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласын басқаруға ата-баба жаралды. Бумын каған, Істеми каған отырған, түркі халқы елін, заңын ұстай… Читать далее »

Наурыз мейрамы туралы мәлімет

Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Кейде оны «Ақ мерекесі», «сүт мейрамы», «төл ырысы» деп те атап жүр. Қазақта науқан және ырыздық деген сөз бар. Осыған қарағанда, жаңа жылдың ырыздығы дегенді білдіруі… Читать далее »

X-XIII ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті

Қазақстан мәдениетінің тарихын жазу барысында көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері, кітаптары, деректері, мұрағаттық құжаттар пайдаланылды. Соның нәтижесінде Қазақстанды мекендеген халықтардың көне замандардағы мәдениетінен бастап, X-XIII ғасыр басындағы Қазақстан мәдениетіне талдау жасалынды. Яғни, отандық мәдениеттің аса бай тарихы кезең-кезеңмен қарастырылды.[toc]Қалалардың дамуы (X-XIII ғасырдың басы)Қала салу ерекшеліктері. X ғасыр мен XIII ғасырдың басы — экономика мен… Читать далее »

Мұсылман елдерінің мәдениеті

Араб халифатына енген Мысыр, Сирия, Палестина, Орта Азия елдерінің мәдениеті жоғары дамыған еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл — араб тілі болды. Араб тілі әдебиет пен ғылымның тіліне айналды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзі саналды.Мәдениеттің дамуына шаруашылықтың… Читать далее »

Сақтардың киім үлгілері

Қазақтарға тән киім үлгілері орта ғасырдан бастап қалыптасса, оған дейінгі кезеңдерде өмір сүрген сақ (скиф), түркі киім үлгілерінің нұсқасы туралы деректер аз. Сақтардың (скиф) б.з.б. VIII — I ғ.ғ. киген киімдерін кілем, түскиіздерден және көне ескерткіштерден көруге болады. Сақ (скиф) тайпа көсемдерінің туыстары мен қарапайым скифтердің киім үлгісінде дәстүрлік жергілікті ерекшеліктер сақталған. Ондай аймақтық ерекшеліктер… Читать далее »

Ислам дінінің қазақ салт-дәстүрімен байланысы

Магистр З.Т. АлтынбековаМ.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, ТаразБұл мақалада қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының ислам дінімен байланысы жан-жақты зерттелген. Яғни, дәстүрлі қазақ қоғамындағы шариғат нормаларының көріністері, қазақ халқындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр терминдерінің шариғи ұғым екендігі туралы көптеген мәселелер қозғалып, қарастырылған.  Түйінді сөздер: дін, ислам, әдет-ғұрыпы, салт-дәстүр, шариғат.Бүгінгі қоғамда дін мәселесі, оның ішінде адасушылық жолда жүрген жастарымыздың… Читать далее »

Артефакт, мәдениеттің түрі және мәдениеттілік жүйе

Осыған дейін айтылғандай, мәдениет қоршаған әлемде тірі қалуға көмектесу үшін пайда болды. Мәдениеттің арқасында адам өз өмірін ыңғайлы және қауіпсіз қылып жасайды. Мәдениет арқылы өзінің бар болуы үшін ортаға икемделе отырып ол өзін қоғамда, табиғатта, әлемде бекітеді.Ең алғашқы мәдениеттен бастап екі мың ұрпағынан астам уақыт бойы өмірқарекеті үшін тіршілікте қазіргі заманның адамдық қоғамы қалыптасты, бірақ… Читать далее »