Адам организмі және оның құрылысын құраушылар

Жердегі барлық тірі организмдердің құрылысында шығуына байланысты өзіндік және жалпы ерекшеліктер болады. Адам және жануар организмі бір-біріне тәуелді дәрежедегі қатарды ажырататын толық жүйені көрсетеді: жасуша — тін — морфологиялық функционалді ағза бірліктері — ағзалар — ағзалар жүйесі. Осылайша, адам және жануарлардың дамуының және құрылысының негізі жасуша болып табылады. Жасуша — тірі заттардың ядродан, цитоплазмадан және […]

Read More

Нефрогендік артериялық гипертония

Артериялық гипертензиядан азап шегетін көптеген науқастардың 30-35 процентінде гипертензия бүйрек пен оның тамырларының ауруына байланысты болады (нефрогендік гипертензия). Нефрогендік гипертензияның екі формасы бар: вазоренальды және паренхиматозды (15.1-кесте). Вазоренальды гипертензияның даму негізінде бүйрек артериясы мен оның негізгі тармақтарының туа біткен немесе жүре пайда болған бір немесе екі жақты зақымдануы жатады. Паренхиматозды гипертензия көбіне бүйректің бір немесе […]

Read More

Еркектердің бедеулігі

Еркектің бедеулігі проблемасы аса күрделі мәселе, оның зор әлеуметтік маңызы бар. Қазіргі уақытта еркектің көбею жүйесін гормондық бақылаудың 5 негізгі компонентін ажыратады; орталық нерв жүйесі, гипоталамус, ги­пофиз, аталық без, андрогендерге сезімтал ақырғы мүшелер нысаналар. Жүйенің барлық осы компоненттері өнімді реттеуге және аталық, бездерде жасалатын андрогендердің концентрациясын сақтауға қатысады. Андрогендер организмнің қалыпты дамуына, ақырғы жыныс белгілерінің […]

Read More

Жедел бүйректер жетіспеушілігі

Жедел бүйректер жетіспеушілігі (ЖБЖ) дегеніміз -бұл әр түрлі экзогендік және эндогендік факторлардың бүйрек паренхимасына патологиялықәсер етуі салдарынан екі бүйректің немесе жалғыз бүйректің фильтрациялық, экскреторлық және секреторлық қызметінің кенеттен бұзылуы (мұнда барлық нефрондар, немесе шу­мақты аппарат, немесе өзекшелердің барлық бөлімдері зақымданады). Бұл аурудың клиникалық көріністері оны тудыратын себептерге байланысты және қанда азотты ыдырау өнімдерінің тежелуінен, су-электролит […]

Read More

Созылмалы (калькулезді) пиелонефрит

Егер зәрдің шығуы үнемі бұзыла берсе, қабыну процесі өршіп бара жатса, жүргізілетін антибактериялық терапия тиімсіз болады, бүйрек тырысады (нефросклероз), оның кызметі төмендейді. Созылмалы калькулезді пиелонефриттің келесі көрінісі пионефроз — бүйрек паренхимасының ірінді босауы мүмкін. Пионефрозда бүйректің қызметі толығымен немесе қайтпастай болып жойылады, осыған байланысты қолданылытын бірден-бір емдеу әдісі — нейрэктомия. Гидронефроздың дамуы несепағардың окклюзиялық тастары […]

Read More

ДСТЛ кезінде туатын асқынулар, олардың профилактикасы және емдеуі

Біздің мағлұматтарға карағанда, ДСТЛ кезінде науқастардың 90 процентінде қысқа мерзімдік гематурия, 25 процентінде — бүйрек шаншуы, 10 процентінде қалтыратпайтын, бір реттік гипертермия, 2,6 процентінде — ДСТЛ жағындағы пиелонефриттің асқынуы, 0,6 процентінде — «тас жол» немесе несепағарда ірі фрагменттердің түйісуі байқалған (мұндай фрагменттер ДСТЛ-ды қайталау немесе литоэкстракциямен қоса, трансуретральды эндоскопиялық литотрипсияны қолдану арқылы жойылған), 0,2 процентінде […]

Read More

Несептастарының түрлері

Әр түрлі несеп тастарының химиялық құрамы мен жиілігі әр түрлі географиялық аймақта түрліше болып, жеке де, бірігіп те кездесуі мүмкін. Оксалат уролитиазы барынша таралған, оның жиілігі әр түрлі аймақта 45-72 % құрайды, кальций-фосфат уролитиазы — 14-39 %, не­сеп қышқыл уролитиазы — 11-20 % құрайды; 0,3-0,4 %-i — цистин тастарының үлесіне, 0-0,4 %-і — белокты тастардың […]

Read More

Себепті (кузальды) генез фарторлары

Бүйрек тасының түзілуіне себепші болатын факторларды экзогенді және эндогенді факторларға бөледі, ал эндогенді факторларды — жалпы (бүкіл организмге тән) және жергілікті (тікелей бүйректегі өзгерістерге байланысты) факторларға бөледі. Нефролитиаздың эндемиктігін экзогенді этиологиялық факторлардың рөлімен түсіндіреді. Адамның тамақ және су ішу режиміне әсер ететін климаттың, топырақтың геологиялық құрылымының және онымен байланысты су құрамының, флора мен фаунаның маңызы […]

Read More