Архив рубрики: Саясат

Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси өмірдегі рөлі

Заманауи өмірде бұқаралық ақпарат құралдары қандай орын алады? Енді келесідей жағдайды көзіңізге елестетіп көріңіз: сіз газеттер, журналдар, теледидарлар, радиотаратқыш құралдар мен компьютерлер толық жоғалып кеткен жағдайға тап болдыңыз делік… Байланыс және коммуникация құралдарының барлығынан айырылған адамның әдеттегі күні қалай өтетіндігін ойға алып көрелік. Сіз соңғы жаңалықтарды, футболдық жарыстардың нәтижелерін біле алмайсыз, қызық концерттік бағдарламаларды көре… Читать далее »

Дін және саяси өмір

Неміс философы И.Кант Құдай жөнінде және дүниенің жаратылысы туралы тәуелсіз жеке пікір білдіре алуды айтарлықтай маңызды құқықтардың бірі деп санады, өйткені «діни мәселелердегі біліксіздік зиянды болумен бірге ұятты нәрсе». Дегенмен, адамзаттың діни сенім бостандығы туралы заманауи түсінікке жету жолы ұзақ болды. Ежелгі дәуірлерден бастап мемлекеттер діни негізде құрылып, билік Құдайдан беріледі деп саналды және ол… Читать далее »

Саяси мәдениет

Саяси мәдениет — саяси удеріс шеңберінде көрініс табатын белгілі бір қоғамда тарихи қалыптасқан сенімдер, құндылықтар мен жүріс-тұрыс үлгілері. Саяси мәдениет ұғымы саясаткерлер мен мемлекеттік органдардың әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың ұйымдасу түрін, саяси жүріс-тұрыс түрлерін, тұрғындардың кең бөлігінің саяси үдеріске қатынастарын қамтиды. Саяси салада жекелеген адамдардың, әртүрлі топтар мен мемлекеттің мүдделері араласып және бетпе-бет… Читать далее »

Қазақстанның сайлау жүйесі

Сайлаулар демократияның маңызды институттарының бірі болып табылатындықтан, Қазақстанда оған үлкен мән беріліп отыр. Егер біз тарихқа назар аударар болсақ, біздің қоғамның еркін және демократиялық сайлаулар өткізуге енді төселіп келе жатқанын байқар едік. Еліміздің азаматтары осыған дейін әртүрлі сипаттағы көптеген дауыс берулерге қатысуға тура келсе де, олардың сайлаудың шынайы мәнін XX ғасырдың соңында ғана сезіне бастағаны… Читать далее »

Сайлаулар. Сайлау жүйелері

Әрбір азамат өз елінің саяси бағытына қалай ықпал ете алады? Сайлаулар — тұрғындардың мемлекет өміріне қатысуының пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады. Белгілі бір кандидатқа дауыс беру мемлекеттің одан кейінгі даму бағытын айқындайды. Сайлаушылар осы арқылы елдің саяси болашағына қатысты өз көзқарасын ұсынатын үміткерлердің бағдарламаларына қатынасын білдіреді. Азаматтардың сайлауларда өз ерік-қалауларын білдіруі билікке және заңнамалық үдеріске ықпал… Читать далее »

Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады.Саяси… Читать далее »

Мемлекеттің федеративтік құрылысы

Федеративтік мемлекетте билік біртұтас мемлекетті құрайтын орталық үкімет пен аймақ басшыларының арасында бөлінеді. Мұнда жекелеген аумақтар конституция мен заңдарда бекітілген ережелерге сай айтарлықтай кең өкілеттіліктерді иеленеді. Осы орайда, федерацияда іс жүзінде екі заң шығару, сот, саяси, кейде кедендік жүйе қатар әрекет етеді. Жекелеген аймақтар (Ресейдегі республикалар, Германиядағы жерлер және т.б.) өз конституцияларын қабылдап, өз азаматтықтарын… Читать далее »

Қазақстан біртұтас (унитарлық) мемлекет ретінде

Аумақтық-мемлекеттік құрылыс нысаны мемлекеттің ішкі құрылымын, орталық және жергілікті биліктің өзара қатынас қағидаттарын айқындайды. Заманауи мемлекеттерді әкімшілік-аумақтық белгілері бойынша бөлу негізіне келесідей принциптер қойылады: — мемлекеттің жекелеген бөліктерінің құқықтық мәртебесі, — орталық пен аймақтардың өзара қатынас түрі.Қазіргі күнде аумақтық-мемлекеттік құрылыс нысанының үш негізгі түрлері туралы айтуға болады: біртұтас, федеративтік және конфедеративтік. Біртұтас мемлекет — әкімшілік-аумақтық бірліктерден құралатын… Читать далее »

Тоталитаризм және авторитаризм

Адамдар барлық кезде әділ қоғамдық жүйені орнатуға ұмтылып келді. Осы ретте, халық атынан басқарылатын идеяның өміршеңдігін мейлінше толықтай көрсете алған демократия осы қатардағы сәтті нысанның бірі болды. Әрине, тарихи тұрғыдан алғанда демократияның жекелеген елдерде қысқа уақыт өмір сүргендігі де мәлім. Демократия ғаламдық құбылысқа тек XX ғасырда ғана айнала алды, ал оған дейін әлемде демократиялық емес… Читать далее »