Архив рубрики: Ветеринария

Төлдердің жұқпалы аурулары

 Диплококктік инфекция – сепсиспен, энтеритпен, өкпе қабынумен және буындардың зақымдануымен сипатталатын бұзаулардың, қозылардың, сипегірек торайлар мен құлындардың залалды ауруы. Стрептококкозды 1974 жылға дейін ғылыми әдебиеттерде диплококк індеті немесе диплококкоз деп жазып келді. Қазіргі кезде төлдің стрептококкозы деп атайды.Таралуы мен тарихи деректері. Ауру барлық елдерде белгілі, бірақ кең таралмаған. Ауру туралы алғаш жазып және қоздырушыны бөліп алған… Читать далее »

Шошқалардың жұқпалы аурылары

Шошқа обасы – жіті түрде дене мүшелерінде қанталау, жітілеу және созылмалы ағымдарында өткенде өкпе мен тоқ ішек қабынуы, қызба, жаппай қанталаулармен сипатталынатын аса жұғымтал вирустық ауру. Тоңазытылған,тұздалған етте екі айдан бірнеше жылға дейін сақталынады. Обаға үй және жабайы шошқалардың барлық тұқымдары мен жастағылары бейім.Аурудың белгіллері. Ауру ағыны көбінесе жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Малдың… Читать далее »

Жылқының жұқпалы аурулары

Сақау – жас жылқылардың жақ асты, жұтқыншақ тұсы бездерінің іріңді қабынумен сипатталатын ауру. Жиі түрде екі жасқа деінгілер бейім. Ауру оқиғалары алғашқыда бірен-саран болып, кейіннен көпшілік жабағы, тай, құнандар шалдығады. Қар қалың болып және әлсіз жабағыларды уақытында бөлмегенде мал шығынға ұшырайды.Аурудың сыртқы белгілері. Танау және жұтқыншақ кілегей қабықтары мен лимфабездерінің жіті қабынуы, танау қуысынан алғашқыда… Читать далее »

АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Аналық малдың жыныс ағзаларының құрылысыАналық малдың жыныс ағзалары сыртқы және ішкі мүшелерден тұрады. Сыртқы мүшелерге сарпай (вульва – сыртқы жағы) қынап кіреберісі және шүртекей (клитор), ішкі мүшелерге – қынап, жатыр, түтікшелер, аналық жыныс бездері жатады.Сарпай (сыртқы жағы) екі жыныстық еріндерден және олардың арасында тігінен орналасқан жыныстық саңылаудан тұрады.Қынап кіреберісі – қысқа бұлшық етті түтік, ол… Читать далее »

Малдың ас қорыту жүйесінің аурулары

Стоматит – ауыздың кілегей қабықтарының кабынуы (ауыз уылуы). Стоматиттердің талауранған түр жиірек, ал күлдіреген, жаралы, күлбіреген қабыршықтанған және іріңді түрлері сирегірек кездеседі.Өту барысы бойынша жіті және созылмалы, ал пайда болу себептеріне байланысты — басалқы және қосалқы болады. Басалқы стоматит қабыңтың тітіркенуінен өз бетiмен, ал қосалқы – басқа бір аурулардың салдарынан пайда болады.Себептері. Басалқы стоматит механикалық,… Читать далее »

Малды жалпы зерттеу

Жалпы зерртеуге малдың габитусын, кілегей қабықтарын, сыртқы лимфа бездерін, жүні мен терісін және дене қызуын өлшеу әдістері жатады.Габитус туралы түсінік. Габитус дегеніміз – малдың сыртқы түрі. Габитусқа мына сыртқы белгілері жатады: кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті, дене құрылымы, қоңдылығы, дене бітімі (конституция), темпераменті (сыртқы әсерлерді сезгіштік).Малдың кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті табиғи және амалсыздан немесе еріксіз болып… Читать далее »

Өлекселерді жою

Қазіргі уақытта жануарлар өлекселерін жоюдың төрт әдісі колданылады: 1) ветеринарлық-санитарлық пайдаға асыру зауыттарында өңдеу; 2) өртеу; 3) биотермиялық шұңқырларда жою; 4) өлексе қорымдарына көму. Медициналық-ветеринарлық тұрғыдан ең қауіпсіз әpi тиімді әдіс – ветеринарлық-санитарлық пайдаға асыру зауыттарында өлекселер мен шығынға шыққан жануар тeктi шикізаттарды өңдеу болып табылады. Ветеринарлық-санитарлық зауыттары жоқ жерлерде жануар өлекселерін өртейді, биотермиялық шұңқырларда… Читать далее »

Патологиялық анатомиялық жаруды ұйымдастыру

Казақстан Республикасының ветеринарлық заңдылықтарына орай ветеринарлық дәрігерлік жаруды ұйымдастырып өткізеді, жануар өлімінің себебі жайлы қорытындылар толтырады. Осы кезде олар ветеринарлық-санитарлық ережелерді қоғамдық және жеке бастың қауіпсіздігі мен өлекселерді санитарлық жою тәртіптерін қатаң сақтайды. Аталған жұмысты ветеринарлық мамандар патологиялық-анатомиялық зерттеулердің әдістемелік және техникалық ережелерін қатаң сақтап, әр жануар түрлерінің жас аралық анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен ауру сипатын… Читать далее »

Қызба

Мал денесінің қызуы қалыпты жағдайда болады. Мал денесі температурасының тұрақтылығы зат алмасудың қалыпты деңгейін қамтамасыз етудің алғышарты болып саналады. Сонымен қатар, зат алмасу мен энергия деңгейі мал денесінің тұрақтылығына байланысты. Энергия көзінің бастысы — май және көмірсулар.Жоғары сатыдағы жануарлардың жылулық гомеостазын сақтау жылу бөлу және жылу шығару физиологиялық процестері арқылы өтеді.Жылудың бөлінуі — химиялық, ал… Читать далее »