Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі қалыптасқанға дейінгі органикалық дүниенің қалыптасуы туралы көзқарастар. Тірі табиғаттың қалыптасуы туралы көзқарастар Ежелгі Үндістан, Қытай, Месопотамия елдерінің ғалымдары еңбектерінде б.э.д. II мыңжылдықтан байқалады. Ары қарай эволюциялық ойлардың қарқынды дамуына антикалық философтардың б.э.д. VII-I ғасырлардағы еңбектері үлкен әсер етті (Аристотель, Эмпедокл, Демокрит, Гераклит).

Аристотель б.э.д. VII ғасырда тірі формалардың біртіндеп даму теориясын жасап шығарды, сол арқылы табиғат баспалдағы бойында онымен ұйымдастырылған организмдер орналастырылды. Дамудың қозғаушы күші ретінде Аристотель ойынша, қарапайымнан күрделіге, таңқаларлық дәрежеге дейін өзгерте алу қабілеттілігі жатады.

Орта ғасырлар (V-XV ғ.) мистикалық ойлаудың басымдылығымен, мәдениеттің, ғылым мен өнердің құлдырауымен сипатталады. Осы кезеңде жаратылыстануда табиғатқа деген метафизикалық көзқарастар басымдылық танытты. Табиғат құбылыстары шектелген күйде зерттелді, өзара қарым-қатынастан алшақ болды. Дүниеге көзқарастың басым түрі креационизм болатын, ол түрлердің тұрақтылығы концепциясы, органикалық дүниенің алуантүрлілігін Құдайдың жаратқаны деп қарастырды.

Мәдениет пен ғылымның көтерілуі Қайта өрлеу дәуірінен басталады, демек сауда, шаруашылық салалары, өндірістің дамуымен қатарласа жүруіне байланысты. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап жаратылыстану тез дами бастады. Шаруашылық мақсатта табиғат ресурстары зерттеле бастады. Әр түрлі географиялық ашылудан танылған жерлер зерттеле бастады. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамы туралы жинақталған ақпараттар ағыны үлкен көлемді материалды жүйелеуге негіз берді.

Ботаниктер мен зоологтардың алғашқы жүйелері өнерлік сипатқа ие болған. Тірі организмдерді жүйелеу олардың туыстық қатынастарына сүйенген жоқ, олардың сырттай көзге түскен белгілерінің ұқсастықтарына негізделген болатын. Өсімдіктер мен жануарлар қандай да бір белгілері бойынша топтастырылды, олар жүйе түзушіге қолайлы болуына қарай жасалатын. Сол себептен түрлі негіздерге сүйенген бірнеше жүйелер болды. Жануарлар мен өсімдіктердің жасанды жүйесін құрудың қорытындысы швед табиғаттанушысы Карл Линнейдің жүйесі саналады, ол алғаш рет оның «Табиғат жүйесі» (1735 ж.) атты еңбегінде сипатталған болатын.

Карл Линней табиғаттың үш патшалықтарын бөлді: жануарлар патшалығы, өсімдіктер патшалығы және минералдар патшалығы. Әр патшалық кластарға жіктелген. Әр класс отрядтарға, ал отрядтар ұқсас түрлер топтарын құрайтын туыстардан тұрады. Әр түрге Линней латынша атау берді, ол атау бинарлы номенклатура принципіне сай жасалған. Мысалы, үй мысығын ол Felis domestica деп атады. Бірінші сөз – туыстың атауы, екіншісі – түрлік эпитет. Мысықтар туысына Линней жабайы мысықтарды, жолбарысты да жатқызады. Мысықтар туысы өзге де жыртқыштар сияқты жыртқыштар отрядына біріктіріледі. Сүтқоректілердің барлық отрядтары сүтқоректілер класын құрды. Өсімдіктер гүлінің саны мен сипатына қарай Линней гүлді өсімдіктерді 23 класқа біріктіреді. 24 класқа ол мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтарды жатқызады. Жануарлар дүниесін Линней 6 класқа жіктейді: сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар, балықтар, жәндіктер, құрттар.

Қазіргі көзқараспен қарағанда, Линнейдің жүйесі жалған әрі жасанды болып саналды. Мысалы, сәбіз қарақатпен бірге бір класқа түсіп қалған, себебі олардың гүлдерінде бес аналықтан тұрады. Тістердің құрылысына қарай бір отрядқа кесірткелер, құмырсқа жегіштер, піл және морждар бір отрядқа біріктірілген. Бірақ жүйенің жалғандығына қарамастан, ол биология ғылымының ары қарай дамуына үлкен роль сіңірді. Бір-бірімен байланысты систематикалық категорияларды, латынша терминологияны, бинарлы номенклатураны ендіру салдарынан систематикадағы түсінбеушіліктің тамырына балта шабылды. Кейбір түр бірнеше атауға ие болып, берілген жануар нақты қай түрге жататындығын анықтау қиын болатын. Линней шамамен 12 мыңға жуық өсімдіктерді сипаттады,ботаникалық тілді игерді, 1000 жуық терминдерді анықтап ғылымға енгізді.

Креационист, оның еңбектері жаңа эволюциялық идеялардың пайда болуына себеп болған адам атақты француз ғалымы Ж.Кювье болған. Ж.Кювье – жануарлар типтері туралы ілімнің негізін қалаушы. Жануарлар құрылыстарын зерттегенде ең алдымен олардың ішкі мүшелерінің орналасу ұқсастықтарын есепке алған тиімдірек. Ол алғашқылардың бірі болып салыстырмалы әдісті қолданды, организм бөліктерінің салыстырмалы корреляция заңы ашылған болатын, оған сәйкес кез келген организмнің құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері тұрақты қатынастарымен байланысты болды. Ж.Кювье – эволюциялық ілімге бай мағлұмат беретін салыстырмалы анатомияның негізін қалаушы. Эволюциялық идеялардың дамуына Ж.Кювьенің палеонтологиялық жұмыстарының маңызы зор болды. Салыстырмалы анатомияның дістерін сәйкестендіріп, ол өліп біткен түрлер келбетін жасай отырып, органикалық дүние алмасып отыратынын дәлелдейді. Ежелгі қазбалардан жаңасына өткен сайын ежелгі түрлердің қазіргілеріне ұқсастықтары арта түскен. Алайда ашылған фактілерді теологиямен байланыстырғанда Ж.Кювье «катастрофалар теориясын» ойлап табады. Бос теориялар ары қарай жаңа түрлермен толықтырылып отырды, олар түкпір-түкпірден келіп отырған болатын. Ж.Кювьенің ғылыми беделінің арқасында бұл теория көптеген натуралистер арасында беделге ие болды, ол бірнеше уақытқа Кювьенің ашқан палеонтологиялық зерттеулерін қанаттандырды.

Организмдердің табиғи жүйесінің құруының қарқынды мәні жануарлар типі туралы Ж.Кювьенің еңбегі болды. Тип деп ең ірі таксономиялық қатарды атау керек деді, олардың өкілдері құрылысы жағынан ортақ болуы тиіс, демек құрылыстары бірдей және органдарының сәйкес келуін атауды ұсынды. Белгілі бір типтің жануарының басты белгісі Ж.Кювье жүйке жүйесінің құрылысын есептеген. Осы негізде ол жануарлар дүниесін төрт типке бөледі: омыртқалылар (сүтқоректілер, құстар, рептилиялар), жұмсақденелілер (моллюскалар), буындылар (буылтық құрттар, шаянтәрізділер, өрмекшілер және жәндіктер), сәулелілер (тікентерілілер, полиптер және инфузориялар).

Ж.Кювье жұмыстарынан кейін жануарлар классификациясы үшін сыртқы морфологиялық белгілер ғана емес, сонымен қатар анатомия, салыстырмалы эмбриологияның мәліметтері қолданыла бастады. XVII-XIX ғ. эволоюциялық ілімнің дамуына үлкен үлесін трансформизмнің жақтаушылары француз жаратылыс зерттеушісі Ж.Бюффон және Э.Ж.Сент-Илер қосты.

Трансформизм – жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің және түрлердің бір-біріне ауысуы туралы ілім, XVIII ғасырда пайда болған. Түрлердің өзгергіштіктерін мойындай отырып, трансформисттер табиғаттың жалпыға бірдей тарихи дамуының реттілігі туралы нақты көзқарастарға ие болмады. Олар өзгергіштік кез келген бағытта жүреді деп есептеді.

Ж.Бюффон (1707-1788) өз шығармаларында Жердің қалдықтардан пайда болғандығын зерттейді, ол кометаның соғуынан Күннен алшақтап кеткен деп ойлаған. Ж.Бюффон Жердің суу салдарынан атмосфера буларының конденсациясы нәтижесінде жер Әлемдік мұхитпен қапталды. Материяның тірі бөлшектерінен аздаған жануарлар мен өсімдіктердің формалары түзілген, олардан климаттың, қоректің және гибридизацияның өзгерістері салдарынан қалған түрлер пайда болған. Африка және Оңтүстік Американың кейбір жануарлары арасындағы ұқсастықтарды Ж.Бюффон ол материктер ертеректе бір бүтін болуымен түсіндіреді, ол қазіргі замандағы материктер дрейфі теориясына бастама берген. Ол сонымен қатар, омыртқалы жануарлардың, сондай-ақ адамның құрылыстарының бірдейлігіне назар аударады, адам және маймылдар құрылыстары бір деген қорытындыға келеді.

Э.Ж.Сент-Илер (1772-1844) омыртқалы жануарлардың құрылыстарының бір болатыны туралы ілімнің негізін қалаушы, оны олардың шығу тегі бір екендігін қарастырған. Денеде орналасу жағынан ұқсас органдар аналогтық деп атаған, яғни бір-біріне сәйкес келетін мүшелер, мысалы, балықтың жұп жүзбе қанаттары және құрылықтағы жануарлардың аяқтары.

Э.Ж.Сент-Илермен анықталған заңдылықтар эволюциялық теорияның дамуына үлкен әсерін тигізген болатын.

Ж.Б. Ламарктың органикалық дүниенің эволюциясына арналған алғашқы ғылыми теориясы

Органикалық дүниенің табиғи дамуының бірінші теориясын құрастырған – француз жаратылыстанушысы, энциклопедист Ж.Б.Ламарк. өз еңбектерін ол «Зоология философиясы» атты еңбегінде жариялаған болатын. Трансформистерге қарағанда, Ламарктың теориясы эволюцияны жалпы тірі табиғатқа тән ортақ ретінде қарастырғанымен қоса, эволюцияның қозғаушы күштерін көрсеткенімен ерекшеленеді.

Ж.Б.Ламарк систематикамен айналысып келіп, түрлердің тұрақсыздығын мойындайды және олардың арасындағы көрінбейтін өтпел барын айтады. Тірі табиғат оның көз алдына үздіксіз көбейіп жатқан даралар сияқты көрінетін, оларды адам өз қалауына сай түрлерге біріктіреді. Ол қателік жасап, табиғатта түрлердің бар екендігін мойындамайтын. Организмдердің баспалдақтар сияқты орналастыру керек деп санаған, табиғаттың төменгі және жоғары сатыдағы орналасуына сай тарихи жолын сипаттайды. Төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай организмдердің орналасуы эволюция процесінде ол градация деп атады.

Даму деңгейінің күрделену идеясына сай, Ж.Б.Ламарк онымен жіктелген 14 жануарлар класын 6 градация баспалдақтарына орналастырды:

I баспалдақ – инфузориялар және полиптер;

II баспалдақ – сәулелілер, құрттар;

III баспалдақ – жәндіктер, өрмекшітәрізділер;

IV баспалдақ – шаянтәрізділер, мұртаяқтылар, моллюскалар;

V баспалдақ – балықтар, рептилиялар;

VI баспалдақ – құстар, сүтқоректілер.

Эволюция себептерін түсіндіре келе, Ж.Б.Ламарк басты эволюцияның қозғаушы күші тірі табиғаттың пайда болу сәтінен пайда болады. Эволюцияның өзге қозғаушы күштері қоршаған орта факторларына бейімделген түрлер пайда болады. Қоршаған ортаның кез келген өзгерісі оларға тек пайдалы қасиеттерді дамытады, олар ұрпақтан-ұрпаққа туабіткен белгі ретінде тұқым қуалайды. Ж.Б. Ламарк ойлағандай, олар өсімдіктер және төменгі сатыдағы жануарларға тікелей әсер етеді. Жоғары ұйымдасқан жануарларға ортаның әсері сезім мүшелері мен жүйке жүйесі арқылы жауап берумен шектеледі. Сыртқы орта тіршілік ету шарттарының өзгеруіне сай, оларға деген қажеттіліктің өзгеруіне алып келеді, ал оның өзі жаңа әдеттердің пайда болуына жол ашады. Сол арқылы жануар алдын қолданбай, жүрген мүшелерін пайдалана бастайды. Нәтижеде бұл мүшелер үлкейіп, дами бастайды, себебі оларға қоректік заттардың ағыны келіп түседі. Ал қарқындылығы жаңа ортада төмендей бастаған мүшелер деградацияланады.

Өз қорытындыларын дәлелдей келе, Ж.Б.Ламарк көптеген мысалдар келтіреді. Жиірек оның көзқарасынша, өз аяқтарын жүзуге көп пайдаланатын құстарда, құрбақаларда, теңіз тасбақасында аяқ саусақтары арасында тері жарғақтары пайда болған. Осындай тәсілмен жағалау құстарында ұзын аяқтар мен мойын түзілген, олар денесін су ішінен немесе батпақтан көтеріп қарауға ұмтылады. Аяқ және мойын ұзындығының жирафтарда артуы, оның үнемі құрғақ саванналарда ағаштың жапырақтарымен қоректену мақсатында созады.

Ламарк өзімен түзілген эволюциялық ілімге сүйене отырып, адам ежелгі адамтектес маймылдардан пайда болған деп есептеген, олар сыртқы орта өзгерістері салдарынан жерде тіршілік етуге бейімделген. Соның салдарынан олардың артқы аяқтары жүруге бейімделіп, аяққа айналған, ал денесі вертикальды бағытта орналасты. Топпен өмір сүріп, бір-бірімен қатынас орнату сөйлеуге бастама берді.

Ж.Б.Ламарктың теориясы қазіргілермен лайықты деңгейде бағаланбады. Түрлердің жоқтығы, іштей қарқындылыққа ұмтылушылық, кез келген орта өзгерістеріне алдын ала мақсаттылығы, игерілген белгілердің тұқым қуалауы ойлары қателіктер болып саналды. Соған қарамастан, Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы эволюциялық ілімнің ары қарай дамуына өз үлесін қосты.

Ч Дарвиннің айтуынша, Ламарктың үлкен жетістігі органикалық та бейорганикалық әлемдегі барлық өзгерістер ерекше күштің әсерінен емес, тікелей табиғаттың араласуынан болған деген тұжырым жасаған.

Эволюциялық ойлардың Ресейде дамуы

Жаратылыс заңдылықтарына сай табиғаттың үздіксіз дамуы, демек трансформизм идеясы М.В.Ломоносов, К.Ф.Вольф, К.М.Бэр, Х.И.Пандер, өзге де орыс ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. М.В.Ломоносов алғашқылардың бірі болып, ғылым тарихында геология туралы эволюциялық идеяның негізін қалады. Оның ойынша, геологиялық қабаттардың кезектесуі Жер тарихындағы түрлі дәуірлердің кезектесуі, климат, әлем флорасы мен фаунасының құрылымдық өзгерістерінің салдарынан түзілген.

К.Ф.Вольф – қайта қалыптасу жолымен организмдердің ұрықтарының дамуы туралы теорияның авторы. Бұл көзқарастарды ол бүкіл табиғатқа тарқатты. Табиғаттың барлық денелері табиғи себептер әсер ету арқылы біртіндеп қалыптасады деген.тірі организмдердің өзгергіштіктерінің себебі қоршаған орта шарттарының өзгерісі себеп болады: жарық, жылу, ылғалдылық және т.б.

К.М.Бэр – атақты эмбриолог, географ, антрополог және этнограф. Ч.Дарвин өзінің ізбасарлары қатарында аты аталған ғалым. К.М.Бэр өзі ашқан заң негізінде бір түрге жататын өкілдердің ұрықтары ерте кезеңде бір-біріне ұқсастығын айтып, ал олардың ары қарай кластарға, туыстарға жіктелуі, олардың ересек күйлерінде орын алатынын айта келе, осындай заңдылықтар жануарлар патшалығының бүкіл даму сатысында орын алатынын атап көрсетті. К.Бэрмен қалыптасқан «Ұрықтық даму ұқсастықтары» заңын Дарвин эволюцияның дәлелдемелерін жасауда қолданған болатын.

Х.И.Пандер атақты палеонтолог, эмбриология және салыстырмалы анатомия бойынша бірнеше кереметтей еңбектердің авторы, өзінің «Салыстырмалы остеология» атты еңбегінде қазіргі заманғы жануарлардың қаңқалары әліп-біткен формаларынан біртіндеп қоршаған ортаның өзгерісі салдарынан пайда болған деген пікір білдіреді.

Ф.Рулье ойынша, Жерде тіршілік қарапайым түрлерден суда тіршілік етуінен басталған. Ары қарай бейімделу салдарынан күрделі және алуан түрлі организмдер пайда болған. Олардың кейбіреулері құрлықты жаулай бастап, қосмекенділерге және бауырымен жорғалаушыларға бастама берген, ал олар өз кезегінде құстар және сүтқоректілердің ататектеріне айналды.

Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының пайда болу себептері

XIX ғасырдың екінші жартысында Ч.Дарвин эволюциялық теориясын құрастырып жатқанда, әлеуметтік-экономикалық жандану және бірқатар ғылыми жаңалықтардың орын алуымен сипатталған болатын, олар табиғат туралы метафизикалық көзқарастардың құлдырауы және эволюциялық идеялардың дамуына қолайлы уақыт болды.

Сол кезде Англия ең ірі колониалды ірі өндірістік елге айналады. Өндірістік шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында, қарқынды дамушы қалалардың тұрғындары ауылшаруашылық өнеркәсіппен айналысып, ерекше жетістікке селекция жеткен болатын. Сұрыптау және әдістемелік сұрыптау арқылы жоғары сапалы өнім беретін мәдени өсімдіктердің сорттары және жануарлар қолтұқымдары алынған болатын. Практикалық селекцияның нәтижелерін жариялау Ч.Дарвинге өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және сұрыптаудың заңдылықтарын анықтауға негіз берді.

Маңызды ғылыми еңбектер қатарына Ч.Лайельдің «Геология негіздері» атты еңбегін айту керек. Бұл шығармасында Лайель геологиялық қабаттарда орын алған барлық өзгергіштіктер ұзақ уақыттар бойы келесі табиғи факторлардың әсерінен пайда болған дейді: су, вулкан әрекеті, жер шарының ашылуы мен көтерілуі, тірі заттың әрекеті. Геологияда эволюция идеясын тірі табиғатқа да қолдануға болар еді.

Эволюциялық идеялардың дамуына үлес қосқан әскери және сауда-саттық экспедициясына қатысқан натуралистердің жинақтаған әлемнің түрлі аудандарындағы өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтар туралы биогеографиялық мәліметтер үлкен роль атқарды.

Дүние жүзін «Бигль» кемесімен экспедициясына Ч.Дарвиннің өзі де қатысқан болатын. Солтүстік және Оңтүстік Американың фаунасын салыстыра отырып, ол мынадай қорытындыға келеді, бұл материктер ертеректе бір-бірімен байланысқан, тек олардың екіге ажырау салдарынан жануарлар дүниесі де түрліше дами бастады.

Саяхаттан оралған соң, Ч.Дарвин тағы да 20 жыл бойына бір органикалық түрлердің өзгелеріне айналу туралы дәлелдемелер жинақтайды, тірі заттардың пайда болу механизмдерін анықтап, эволюцияның қозғаушы күштері мен факторларын анықтады. Осы еңбегіне ол палеонтологияның, салыстырмалы анатомия, эмбриология, систематика, биогеография және геологияның, сондай-ақ ауыл шаруашылығының, соның ішінде селекцияның нәтижелерін пайдаланды.

Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы

Өзінің эволюциялық теориясының негізделерін ескере отырып, Ч.Дарвин өзінің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің пайда болуы» атты еңбегінде келтіреді. Жариялым ерте берілген себебі табиғат эволюциясы туралы дәл сондай ұқсас көзқарасқа А.Уоллес те келеді, ол бұл туралы Ч.Дарвинге жазған хатында баяндайды, АУоллес Ч.Дарвиннің эволюция теориясында жасаған еңбегін ескеріп, оны «дарвинизм» деп атауды ұсынады.

Қолтұқымдар және сорттардың эволюциялық факторлары. Қолдан сұрыптау

Эволюциялық теорияны негізге ала отырып, Дарвин қолтұқымдар мен сорттардың қолдан сұрыптау жағдайында пайда болуының факторларын қарастырады. Ары қарай түрлерді табиғи орта жағдайында зерттейді, мақсаты мұндай кезде оның идеясы дәлелдемеліболып шығатынына сенген. Ол үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігіне назар аударады, сондай-ақ олардың жабайы түрлермен салыстырғандағы өзгергіштігі жоғары болатынына көз жеткізеді.

Солтүстік Африканың шөлдерінде финик пальмаларының 38 түрі, нан ағашының 24 түрлері кездессе, Қытайда бамбуктың 63 түрі белгілі. Үй жануарларының алуантүрлілігі таңқалдырарлықтай. Дарвин кептерлердің жүздеген түрлерін санап шықты. Ірі қара малдың 400-ден астам түрі, 250 түрлі қойлардың және 350 иттердің қолтұқымдары белгілі. Мәдени өсімдіктердің сорттары мен үй жануарлары сорттары арасында үлкен өзгергіштік бар, олардың барлығына ортақ құбылыс. Алайда бұл сорттар мен қолтұқымдар арасындағы айырмашылықтарына қарамастан, бір түрге жатады, себебі өзара шағылысуға қабілетті және өмір сүре алатын ұрпақ қалдыра алады. Сорттар және тұқымдардың шығу тегін зерттей келе, Дарвин олардың барлығы бір не бірнеше жабайы ата-тектен таралғандығын анықтайды. Мысалы, үй кептерлерінің дараларын шағылыстырған кезде Дарвин жабайы кептерге өте ұқсас бояуға боялған кептер ұрпағын алады. Оның анықтағанындай, үй тауықтарының барлық түрлері банкив тауықтарынан таралған. Ол Үндістан және оған жақын орналасқан аймақтарда мекен етеді.

Белгілердің өзгеру сипатына қарай Дарвин өзгергіштіктің екі типін ажыратты: анықталған және анықталмаған.

Анықталған өзгергіштік деп Дарвин белгілі даралар орта әсеріне ұшырап, бірдей өзгеріске ұшырайтын түрін атайды. Бұған ол тыңайтқыштардың мөлшері мен санының әсерінен өсімдіктердің өсуінің өзгеруін жатқызады. Қазіргі заман терминологиясына орай өзгергіштіктің мұндай типі модификациялық деп аталады.

Анықталмаған өзгергіштік (Ч.Дарвин бойынша) – бір түрге жататын даралардың бір-бірінен ажыратылатын шексіз алуан түрлі өзгергіштіктер. Бұл ерекшеліктер бір түрден тараған жануарлардың ұрпақтарының немесе бір гүлден шыққан ұрпақтардың бір-біріне ұқсамауы. Осы кезде жануарлар мен өсімдіктің бойындағы жаңа қасиеттері ешқандай адамның қатысынсыз кенеттен пайда болады. Осылайша, қысқа аяқты қой және бүтін жиекті таңқурай пайда болған. Өзгергіштіктің дәл осы түрі , Ч.Дарвин айтқандай, өсімдіктің жаңа сорттары мен жануардың жаңа қолтұқымын шығаруда басты роль ойнайды. Қазіргі көзқарастар бойынша анықталмаған өзгергіштіктер мутациялық өзгергіштікке тура келеді.

Ч. Дарвин, сонымен қатар қатынастық өзгергіштікті де бөліп қарады, бұнда бірнеше белгілербірге көрінеді. Мысалы, тұяқтылардың мүйіздерінің ұзындықтары олардың жүндерінің ұзындықтарымен коррекцияланады, жүнсіз иттер әдетте тіс аномалиясымен зардап шегеді, ал көк көзді мысықтар керең болуы да ғажап емес.

Сорттар мен қолтұқымдардың эволюциясын зерттей келе, Дарвин олардың түзілуіне бір өзгергіштік аз деген қорытындыға келеді. Жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің сорттарының алуантүрлілігінің негізгі бағыттаушы күші және негізгі факторы қолдан сұрыптау саналады. Қолдан сұрыптаудың екі формасы белгілі: кенеттік және әдістемелік қолдан сұрыптау.

Кенеттік қолдан сұрыптау өсімдік және жануар шаруашылығы пайда болған кезден белгілі. Олар – адамға құнды болып келетін өсімдіктер мен жануарлардың белгілерін іріктеп алу. Қандай да бір сорт немесе қолтұқым жасап шығару міндеті қойылмайды.

Әдістемелік қолдан сұрыптау арнайы әдістемелерге негізделініп, бұрынғы белгілерінен өзге өсімдіктің жаңа сортын немесе жануардың жаңа қолтұқымын мақсатты түрде алуға бағытталған. Адамға қажетті барлық белгілері көрінген дараларды табу селекционер үшін өте ауырға түседі. Бірнеше ұзақ уақыт бойы пайдалы қасиеті бар дараны іздеу керек. Ол үшін селекционердің дарыны болуы керек. Іріктеп алынған даралар өзара шағылыстырылады. Олардың ұрпақтары сырттан ұрықтанудан сақтанып отырады. Сұрыптау және шағылыстыру бірнеше ұрпақтар бойына созылады. Осы кезде іріктеп алған белгі бойынша оның көрінуіне максималды орта жағдайлары жасалады.

Қолдан сұрыптау арқылы түрлі шаруашылық салаларын және адамның эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыру үшін жаңа сорттар мен қолтұқымдар жасалады. Сол себептен де олардың объектілері бір-біріне және жабайы түрлеріне ұқсамайды. Ч.Дарвин бұл процесті дивергенция немесе белгілердің ажырауы деп атады. Қолдан сұрыптауды зерттеудің Дарвин үшін фактор мен қозғаушы күшті тану үшін жаңа түрлердің қалыптасуын анықтау керек дейді.

Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің пайда болуы

Ч.Дарвин алғашқылардың бірі болып түрлердің тірі организмдер жүйесінің эволюциясы барысында сапалық кезеңдерінен өткен негізгі құрылымдық бірлік деп есептеді. Ол кез келген жабайы түрлердің дараларының немесе жабайы өсетін өсімдіктер, тіпті бір ата-анадан тараған ұрпақтар көптеген жеке ерекшеліктерге ие, олар үй сорттарымен салыстыруға тура келеді. Егер сорттар мен қолтұқымдар адамның мақсатына жараса, онда жабайы түрлер табиғаттың түрлі факторларына көнеді. Организмдердің эволюциялық қайта түзілушіліктің қозғаушы күштері мен факторларын анықтау, сондай-ақ олардың қоршаған ортаның түрлі факторларына төзімділіктері Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің мәнін құрады.

Эволюцияның себептерін анықтауда, Дарвиннің пікірінше, организмдердің жоғары өнімділігі және тіршілігіне қажетті ресурстардың шектетілуі арасындағы сәйкессіздікті түсіну керек. Дарвин өте баяу көбейетін пілдің көбею процесін қарастыра келе, бұндай жағдайдың өзінде 740-750 жылдан соң, олардан шамамен 19 млн ұрпақ алуға болады. Осылайша, кез келген түр Жердің кез келген аймағын мекен ете алатын болар еді, егер ол түрлер өліп, бітіп қалмаған жағдайда. Алайда шынында организмдердің шексіз көбеюі табиғатта орын алмайды, себебі олардың көп бөлігі тіршілік үшін күресте қырылып қалады. Және өзінің соңында ұрпақ қалдырмайды. «Тіршілік үшін күрес» ұғымы ретінде Дарвин организмдердің  бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастарын түсінген, организмдердің максималды көбеюі мен дамуына бағытталады. Даривн тіршілік үшін күрестің үш формасын ажыратады: түрішілік, түраралық және бейорганикалық әлемнің қолайсыз шарттарымен күрес.

Түрішілік күрес бір түр даралары арасында жүріп отырады. Бұл тіршілік ресурстары үшін күрес формасы өте қарқынды, себебі бір түр даралары бірдей қажеттілікке мұқтаж келеді. Бірдей қоректің түріне, бірдей мекен ортасына және тағы басқалар үшін күреседі. Ол даралар санының және мамандану деңгейінің артуымен көбейеді. Түрішілік күрес ол түрдің өнімділігінің төмендеуімен және даралар санының жартысының қырылуымен сипатталады, нәтижеде ортаның шарттарына төзе білген организмдер ғана ары қарай тіршілігін жалғастырып, ұрпақ қалдырады.

Түраралық күрес әр түрлі даралар арасында байқалады. Түраралық қатынастар түрлі сипатқа ие болады. Антагонистикалық типтен – жыртқыш – қорек, өзара пайдалы түрлерге дейін, яғни бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Түраралық қатынастың қауіпі әр түрлі түрлердің ұқсас жағдайларда және қоршаған ортаның бірдей шарттарын пайдаланған кезде орын алады. Түраралық бәсекелестік салдарынан бір түр екіншісін қашырып тастауы мүмкін немесе территориялық ажырау орын алады. Жалпы, табиғи сұрыптау барысында қоршаған ортаның жағдайына төзетін организмдер ғана тірі қалады.

Бейорганикалық табиғаттың шарттарымен күресу қолайсыз климаттық немесе топырақ жағдайларының организмдердің тіршілігіне қабілеттілігі салдарынан пайда болады.

Тіршілік үшін күрес салдарынан қоршаған ортаның шарттарына онша төзе алмайтын даралардың көбеюінің шеттелуі немесе тіршіліктерін жоюы орын алады. Тіршілік үшін күрестің нәтижесі табиғи сұрыптау саналады.

Табиғи сұрыптау – ортаға жақсы бейімделген түрлердің тіршілігін жалғастыра отырып, артынан ұрпақ қалдырумен қатар жүретін табиғатта орын алып жатқан барлық процестердің жиынтығы.

Табиғи сұрыптаудың бірден-бір мысалы ретінде қоршаған ортаның шарттарына организмнің бейімделуі және олармен биологиялық мақсаттарды орындалуы жатады. Ортаның шарттары алуан түрлі болатындықтан, организмдердің формалары жағынан да айырмашылықтар болады. Құрылысы да күрделене түседі, себебі өте күрделі организмдерде түрлі құрылымдарды құруда мүмкіндіктері жоғары. Осылайша, табиғи сұрыптау эволюцияның басты қозғаушы күші қызметін атқарады.

Ч.Дарвин өз еңбектерінде тіршілік ортасына бейімделудің бірнеше мысалдар келтірген, олар табиғи сұрыптау нәтижесінде пайда болған: қорғаныштық бояу, мимикрия және т.б.

Қорғаныштық бояу – ол қоршаған ортаның түсіне сай жануарлардың түстерінің сәйкестігі. Сол себептен олар дұпашдарына аз байқалады. Мысалы, шөлдерді мекен етушілер әдетте құмның түсіне ұқсайды. Солтүстік және қоңыржай ендіктердің құстары және аңдары қанық жазғы бояулар қысқа қарай ақпен алмастырылады.

Ерекше бейімделушіліктің бір түрі, жануар дене түсімен ғана емес, дене пішінімен де өзге заттарды немесе жануарларды имитациялайды. Осындай имитация мимикрия деген атауға ие болды. Мысалы, пяденица атты көбелектің құрты қауіп төнген сәтте бұтаққа ұзына бойына қатып қалады. Бұтаққа отырған малайлық каллима көбелегі құрғақ жапыраққа өте ұқсас келеді. Оның қанаттарының төменгі бөлігінде жапырақты еске түсіретін жүйкелердің суретін көруге болады.

Табиғи сұрыптаудың әрекеті деп тозаңдандырғыш жәндіктерді еліктіретін гүлдердің шығуымен де түсіндіреді. Соның өзінде өсімдіктерге жәндіктерден өздерін жақсы тозаңдандыратын түрлеріне деген бейімделушілік қалыптасқан. Мысалы, қызыл жоңышқа гүлдері шіркейлермен, ақ жоңышқа аралармен тозаңдануға бейімделген.

Дарвин органикалық бейімделушілікке материалдық негіз бере қоймады, сонымен қатар оның қатынастық сипатын да көрсете білді. Мысалы, құстардың ауа ортасына бейімделгіштігі мақсатты және суда тіршілік етуге жарамсыз саналады.

Түр түзілік механизмін зерттеуде Дарвин жаңа қолтұқымдар жасап шығарудың, әсіресе үй жануарларының, кептердің дараларын ау туралы мәліметтерді қолданды. Ол үй кептерлерінің барлық қолтұқымдары бір түрден көк кептерден пайда болғандығын дәлелдеп шықты, олардың алуантүрлілігі селекционерлердің өздерінің алдына қойған мақсаттарына орай өзгеріп отырды. Сол кезде кептерлердің түрлі қолтұқымдары арасындағы аралық формаларды селекционерлер көзін жойып отырғандықтан, ол формалар кездеспейді.

Ч.Дарвин табиғаттағы түрлер табиғатта сұрыптау әсерінен де пайда болатынын болжады. Артықшылыққа өз ататегіне физиологиялық құрылысы жағынан ұқсамайтын түрлер ие болады, ал аралық формалар тіршілігін жояды. Бұл бір-бірінен ажыратылатын белгілері бар формалар өздерінен кейін сапалы ұрпақ қалдырып, әлсіз тіршілік үшін күресте ары қарай тіршіліктерін жалғастырумен сипатталады. Себебі олар бір-бірімен аз бәсекелеседі, нәтижеде белгілердің ажырауы орын алады. Олар түр ішінде жаңа даралар топтарын құруға бастама береді. Дарвиннің ойынша, тірі организмдер өз белгілерімен нақтырақ ерекшеленетін болса, осындай топ даралары берілген территорияда ұзақ уақыт тіршілік ете алады. «Тіршіліктің үлкен сомасы, — деп жазады ол, — құрылысының алуантүрлілігімен іске асады».

Дарвиннің эволюцияның дивергенттік сипаты туралы ілімі монофилия принципіне сүйенеді, ол бойынша бір түрге жататын барлық түрлер бір түрдің ұрпақтары және бір түрдің тұқымдас туыстары бір діңнен таралған. Осылайша, шығу тектің бірегейлік заңы бүкіл жануарлар және өсімдіктер әлеміне таралады.

Дивергенция процесін Дарвин иллюстрациямен де түсіндіріп өткен болатын. Егер қандай да бір А түрінің ұрпақтары одан бірнеше белгілері бойынша алшақтаса, онда осы ұрпақтар арасындағы түраралық күресте өте бейімделгіш ұрпақтар тірі қалып, ары қарай ұрпақ қалдырады. Осы принципте Дарвин айтқандай, тірі организмдердің алуантүрлілігі жатыр.

Дивергенция таксондардың эволюциясының негізгі формасы саналады, бірақ оның басқа да түрлері кездеседі. Егер, түрлі топтың жануарлары қоршаған ортаның бірдей жағдайларына түссе, оларда эволюция барысында ұқсас белгілер дамуы мүмкін. Мұндай процесті Дарвин конвергенция деп атады. Секіргіш сүтқоректілердің дене пішіні мен аяқтарының, теңіз бауырымен жорғалаушыларының және теңіз сүтқоректілерінің дене пішіндерінің ұқсастықтары осылайша пайда болған.

Жақын туыстық организмдердің ұқсас тіршілік орталарына түскен жағдайда оларда ұқсас белгілердің тәуелсіз дамуы орын алады, ол олардың шығу тегінің ортақтығына жақындасады. Бұл процесс параллелизм деп аталады. Паралеллизм жолымен көптеген ескекаяқтылардың суда тіршілік етуге бейімделушіліктері қалыптасқан.

Осылайша, Ч.Дарвин бірінші болып эволюцияның қозғаушы күштері табиғи сұрыптау және өзгергіштік деп дәлелдеп шықты. Осы негізде биологиялық мақсатқа жетушілік пен түрдің түзілу механизмдерінің себептерін нақты түсіндіріп шықты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *