Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері

Дене тәрбиесінің мақсаты — жалпы халық пен жеке адамның үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін кешенді дене шынықтыру және спорттық ілімдер мен тәжірибені меңгеру. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғамды құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтің талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың дене қимылы дамуын қалыптастыру болып табылады.

Осы тұрғыдан дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің құрылымы туралы соңғы зерттеу жұмыстарының бірі М.В.Буланова-Топоркованың (2002 ж.) ғылыми ұстанымына сүйенуге болады [74]. Онда дене шынықтыру пәнінің оқытылу ерекшелігіне байланысты нақты бір психофизиологиялық көрсеткіштермен келген оқушы немесе білімгер оқу мерзімінің соңында өзгерген немесе түрленген қасиеттерге ие болады, яғни дене шынықтыру қалыптастырудың белгілі бір технологиялық тізбегінен өтеді. Біз осы технологиялық тізбектің құрылымдық ерекшелігін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу арқылы  болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау үрдісінің сапасын көтере алуымыз әбден мүмкін дейді.

Міне, біз дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізін айқындау барысында  зерттеу жұмысымыздың шешуші ұстанымын анықтайтын құрылымын мынадай сипатта беріп отырмыз.

Аталған құрылымға сәйкес болашақ дене мұғалімдерін мектеп оқушыларымен жұмысқа даярлау қызметінің мазмұны  оның ұйымдас-тырушылық-басқару әрекетін алға шығаруды көздейді. Сондықтан, педагогикалық қызмет белгілі бір иерархиялық деңгейлерді, оның ішінде  педагогикалық рефлексияны басты әрекет деп санау қажеттігін дұрыс деп отыр. Бұл қызмет түрлі оқыту әдістерін салыстыру арқылы  оқыту тәжірибесін жинақтау, тиімді оқыту тәсілдерін айқындау, оқу құралдарын, оқу пәндерін, оқу бағдарламаларын құрастыру әрекеттерімен жүзеге асады. Осыған байланысты оқу үрдісінде оқушының немесе білімгердің белсенділігін арттыруға қажетті педагогикалық шарттар жасалынады, олар  оқу  мазмұнының  сапасын,  оқу құралдарының тиімділігн қадағалауға олар оқу мазмұнының сапасын, оқу құралдарының тиімділігн қадағалауға мүмкіндік береді. Рефлексия білімгердің кәсіби қызмет әрекетін меңгеру үрдісінде күрделі әрекеттерден қарапайым әрекеттерді бөліп алуына, сол арқылы күрделі мазмұнды  жүйелі қабылдауына мұмкіндік береді. Сол себепті, біз, ұсынып отырған құрылым қарапайым педагогикалық әрекеттерді күрделі мазмұнды түсінуге жағдай жасай отырып, болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға алғы шарт болады деп айтуға толық дәлеліміз бар. Өйткені, қабылданып үлгерген қарапайым қызметтік әрекеттер күрделі мазмұнға тасымалдану арқылы мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының тұрақты жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұл, алғышарт мұғалімнің дене шынықтыру пәнін оқытуда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруымен басқаруының сапасын арттырады.

«Мәдениет» латын тілінен — жетілу, тәрбие, білім, даму деген түсініктерді білдіреді және адамзаттың тарихи дамуы барысында адам қолымен жасалған материалдық, рухани қазыналардың жиынтығы (бұл туралы мәдениеттану сабақтарында толық түсінік берілген). Бұл ұғым әртүрлі қоғамдағы (көне дәуір, құл иеленуші, т.б.) техникалық, ғылым, білім, әдебиет, өнер, пәлсапа, адамгершілік және соған тән мекемелердің дамуы жолындағы қол жеткен табыстарын қамти көрсетеді. Дене мәдениеті — жалпы мәдениеттің бір түрі. Оның өзіне тән ерекше мәні адамның дене қуаты дайындығын, қимыл-әрекетін өмір тәжірибесіне сәйкес пайдалануға, өзінің дене ахуалын және дамуын үйлестіре жетілдіріп, ширата түсуіне байланысты, оған: жоғарыдағы қызметтің мақсатына сай жетілдірген түрлері, олардың мәдени құнды бағаға ие болған нәтижелері жатады. Дене мәдениеті кең ұғым деңгейінде алғанда қоғамның халық дене тәрбиесі қабілетін дамытуға бағдарлаған арнайы әдістер және жағдайлар жетістігінің жиынтығы болып табылады.

Адамгершілік, ізгілік өріс алған қоғамда дене мәдениеті жеке тұлғаның жан-жақты үндестік таба дамуы тиімді қүралдарының әр адамның дене шынығуын жетілдіру жолында игіліктерге жеткізудің арнаулы ықпал етуші фактордың біріне саналады. Осы жайларды ескере отырып, дене мәдениеті халықтың дене шынығуын жетілдіре түсуге жасаған жағдайлар мен тиісті құралдарды пайдалана білудегі жеткен нәтижелерінің жиынтығы болып табылады. Сөйтіп, дене мәдениеті осы саладағы қоғамдық тарихи даму практикасының барлық жетістіктерін бойға жинақтаған қоғамдық қүбылыс ретінде көрінеді. Дене мәдениетінің жетістіктері қоғам өмірінде белсенді рөл атқарады. Олар адамдардың дене және рухани мәдениетін тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланады.Негізгі түсініктер арасында «дене мәдениеті» деген сөздің мағынасы кең.  Дене тәрбиесінің пайда болуы және алғашқы дамуы қоғамдық құбылыс ретінде халықтың сана-сезімі арқылы дамыды. Негізінде дене тәрбиесі ертедегі адам қоғамындагы пайда болған ең алғашқы тәрбие негіздерінің біріне жатады.

Талай мындаған жылдар бойы адам аңдармен «жарысып» келді. Ол өзінің икемділігін, ептілігін, күштілігін, төзімділігін, жақсы дене қуатының дайындығы арқылы ғана жеңе алар еді, сондықтан барлық ұжым болып, бірігіп аң аулауға шығар еді. Найза лақтыру, садақ ату, т.б. еңбек құралдарын аң аулауға, үй шаруашылығына керекті шаруаларын істеді. Осының бәрі дене қимылын жетілдіруге әкеліп соқты. Сонымен бірге, сол уақыттағы табиғаттың дүлей күштері (жер сілкінісі, қарлы борандар, дауылдар, су тасқындары, құрғақшылық т.б.) және өз тайпасын қорғау немесе басқа бөтен тайпаларды басып алып, өзіне бағындыру үшін жасалынған қорғаныс-шапқыншылық әрекеттері де адамзат баласының өз тұқымын аман алып қалу мәжбүрлігінен туындаған еді.

Алайда, бұның бәрі дене жаттығуларына  әкелер әсері аз болғандықтан, дене қимылы жаттығуларын әрі қарай жетілдіру керек болды. Адам өзіне керек жаттығуларды күнделікті үйрену үшін қайталай берді. Бұл жаттығулар күнкөріс қамынан басқа ойын ретінде қолдана бастады. Соның арқасында дене қимылы жаттығулары одан әрі дами бастады. Ол жаттығулар адам еңбек құралынан адамның өзіне жарайтын қалыпқа жетті.

Қоғамның саяси, экономикалық өмір салтының өзгеруі дене тәрбиесі жүйелерінің өзгеруіне әкеліп соқты, жаңа жүйе пайда болды. Дене тәрбиесінің мақсат, міндеттері өзгерді, дене қимылы жаттығулары, амалдары, қағидалары т.б. формалары дене қимылын үйымдастыру жолдары өзгергенмен, қоғамдық құбылыс ретінде ол адам өмірінде мәңгі қалып қойды. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі дене тәрбиесінің арнайы амалдары — дене қимылы жаттығуларына да әсерін тигізді. Бір жаттығулар түрлері өзгерсе, екіншілері — пайдасының аздығынан немесе сол заманның сұранысына орай, жоғалып кетіп, олардың орнына жаңа жаттығулар келіп жатты. Ол екі себепке байланысты еді: біріншіден, қоғамның ол-ауқаты жақсарып дами бастаған әр кезеңде адамнан дене қимылы  мен қасиеттерін көбейтіп отыру керек еді. Жаңа міндеттер жаңа дене қимылы жүйелерін әкеліп жатты. Екіншіден, дене тәрбиесі ғылымының дамуына байланысты, дене қимылы қасиеттерін адам терендете оқып біле бастады, бұл деген адамға кездесіп көрмеген жаңа жаттығулар түрін дайындау болса, үшіншіден, сол дайындаған жаттығулардың адам ағзасына пайда келтіретін жаттығуларды дайындау болды. Дене тәрбиесі дамыған сайын дене қимылы жаттығулары да көп түрленіп, көбейе түсті.    Олар тек еңбек саласынан емес, әскери, өнер, би билеу салаларынан да алынып жатты. Уақыт өте келе, заман сұранысына байланысты, дене қимылы жаттығулары адамның өзінің білу мүмкіндіктеріне орай, жасанды істеліне бастады. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері. Аталмыш міндеттердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосар үлесі мол. Сондықтан да, оларға қысқаша сипаттама берген жөн.

Сауықтыру міндеттеріне — денсаулық күйін жақсарту, одан әрі нығайту, ағза түрлерінің және қызметтерінің үйлесімді дамуы, тұлға мүсінінің дұрыс қалыптасып жетілуі жатады. Нақтылы педагогикалық жүйеде барлық міндеттер өзара тығыз байланыста болады. Әрбір сабақ шын мәнінде сауықтыру және сауықтыру-тәрбиелік міндеттерін шешеді. Дегенмен, дене тәрбиесінің жекелеген кезеңдерінде олардың біреуінің мәні басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, қозғалыс әрекеттерін оқып-үйренуді алғашқы бастаған кезде білім беру міндеттері жетекші рөл аткарады, ал оны одан әрі жетілдіру әдістерін меңгеріп, оны жетілдіру кезеңінде бірінші кезекте тәрбиелік міндеттер тұрады. Сауықтыру міндеттерін шешу арқылы адамның материалдық қоры — мықты денсаулық, ағзаның жоғары қызмет мүмкіндігі, сүлу сымбаттылық калыптасады, бұларсыз адамның дене қасиеттерін жетілдіру туралы ойлаудың өзі мүмкін емес. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылданған кезде, адамның табиғатына оның жоспарлы әсері байқалады.

Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының жан-жақты дамуына рухани, патриоттық, адамгершілік, сана-сезім мен дене қуатының уйлесімді бірлігін құрайды. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық мәні. Білім беру саласында өзінің арнайы зандылықтарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады. Тәрбиелік міндеттердің мектептегі оқу-тәрбие, сыныптан және мектептен тыс жүмыстарына қосар үлесі мол. Дене шынықтыру мүғалімі бұл бағыттағы жұмыстарды ұжыммен бірлесіп істеуі қажет.

Білім беру міндеттері — дене шынықтыру мен спорт саласындағы арнайы білімдерді меңгеріп, оны арнайы орындарда қимыл-қозғалыстарды үйрету арқылы, күнделікті қолданысқа түсіру. Дене қимылының білімі деп, арнайы жүйелі білімді, дене қимылы жаттығуларын игеріп, оны түрмыста, өмірде, әскери қызметте т.б. түрлі амалдар мен айла-тәсілдер арқылы өз бетінше қолданады. Арнайы білім — дене тәрбиесінің зандылықтарын басшылыққа алатын білім. Бұл саланың мазмұнын дене қимылы білімінің деңгейі мен бағыты қарастырылады. Дене қимылы білімі ұғымын ең алғаш рет орыстың белгілі ғалымы П.Ф. Лесгафттың ғылыми еңбегінде айтылады. Нақ осы ғалым алғаш рет дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін бөліп, спорттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика түрлерін айырьш, олардың әрқайсысын жеке спорт түрі ретінде жіктеді.

Қазіргі кезде оқу материалының кеңеюі оқу орындарында бекітілген тарификация сағаттарының көлемімен беріледі. Елбасының бекіткен «Дене шынықтыру және спорт» туралы Заңына байланысты, жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақтарының саны артқаны белгілі. Жоғары буын оқушыларынан басқа, онда орта және төменгі буындарда да ұлдар мен қыздардың сабақта жеке өткізілуі көзделген. Болашақта дене шынықтыру мен спорт педагогикасы қүрамына біріктірілетін дене мәдениетінің тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және тағы басқа арнайы пәндерді кешенді оқу пәні ретінде оқыту жоспарлануда. Бұл педагогикалық мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, оны қалың жұртшылықтың қабылдауына игі ықпал етеді.

Қандай да болсын, оқу орындарында (орта мектептер, арнаулы орта білім беретін мекемелер мен кәсіптік білім беретін оку орьшдары, жоғары оку орындары) «Дене шынықтыру» пәнінің маңызы зор екенін әрдайым есте ұстап, оның маңызын биіктете отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені абзал, ол үшін жас мамандарды әрбір тақырыптарды өткен кезде нақтылы мақсат-міндеттерді қоя білу және бұқаралық көпшілік арасында дене тәрбиесі, дене шынықтыру және спорт жөнінде үгіт-насихат жұмыстары мен салауатгы өмір сүру салты женінде жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен дағды-машықтарын, әдістерін, қағидаларын және амалдарын үйренеді.

Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) барлық жеке адамдар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі;
2) халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіпқой спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;
6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;
7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;
8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу қағидаттары негізінде жүргiзiледi.

2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *