Ежелгі Үнді философиясы

Философиялық ой біздің дәуіріміздің алғашқы І-ші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі дүниенің негізгі үш орталығындағы -Үндіде, Қытайда ертедегі Грецияда шамамен бір мезгілде туды. Ежелгі шығыс елдеріндегі, ең алдымен, Үнді мен Қытай философиясының дамуы мен қалыптасу тарихы, «оларда философия толық дамымаған» — деген еуропашылдық көзқарастарды жоққа шығарады. Қазіргі уақыттары Шығыс және Батыс философиялық ойларының бір-біріне деген ықпалдары адамзат өркениетінің жаңа үлгісіндегі тұжырымдарды тудыруда.

Ежелгі шығыста адам өмірінің мәні, жағдайды өзгерту арқылы емес, оның өзін-өзі өзгерту шарттарымен байланыстырылады. Өзін-өзі өзгерту идеалы болып көнелік саналады. Шығыс философиясы әуеліде көнеліктің, кейіннен діннің «қызметшісі» және де жаңа ілім ескі теорияларды дәл, нақты оқуымен баламаланды. Шығыс философиясы әр уақытта бірсалалы болып келеді және онда онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, психологиялық тұрғылардан қарастыру позициялары болмайды.

Шын мәнінде, үнді өркениеті, біз саналы немесе рефлексиялы түрде үлгі-нұсқа ретінде санайтын еуропалықтан айырмашылығы бар, мәдениеттің және тарихтың басқа үлгісі болып саналады. Алайда адамзаттың рухани жетуілуі — ғылым, философия, демократия батыста дүниеге келген деген түсінік біздің санамызға әбден сіңсіп кеткен.

Ал, үнді мәдениетінде көптеген философиялық сюжеттер еуропалыққа қарағанда басқаша дәлелденеді. Бұл әлемге адам қайдан келеді, оның мақсаты неде, елім дегеніміз не? Ежелгі үңді дәстүрлері бойынша, бұл жерге жаңа адам, жаңа дене кейпінде қайтақайта келеді және алдын ала анықталған түрде, бұл реинкарнация идеясы яғни қайта туу идеясы. Индустар үшін жердегі өмірі жаттану күй-жағдайын бейнелейді, ал, өлім болса қосылуды, рухани босануды және оянуды әкеледі. Тағдыр доңғалағы әрбіреуді рух жетілгенше қайта келудің азабын көтеруге мәжбүр қылады. Бұл мәдениеттің адамдарды өлімнен емес, жаңа тіршіліктің қайталануынан қорқады. Міне сол себептен қасиетті доңғалақтардың астына ұмтылып, Ганга суларына бататыны. Адам не ғұрым қайта туудың кезендерінен өтсе, сол ғұрлым жақсырақ …

Дәстүрлі мәдениет Құдай, құдайлар, құдайлылық, қасиеттілер, такуалар туралы тұрақты түрде айтып келді, яғни біздің табиғаттан тысқы күш деп айтатындарымыз. Соған қарамастан дәстүрлі мәтін жұмбақтарға толы және оны түсіндіру де қиын. Бірақ дәстүрлі мәтін өзінің бастапқы түрінде пәнділік белгілерсіз болған.

Ол адам жадында болады және есте сақтау арқылы ауызша бірден-бірге беріледі. Үндістік қасиетті мәтін дәл осылай — «шрути» (естілген) деп аталады және «смрити», (есте қалған), Сонымен қатар, әсіресе мынаны ерекше атаған жөн, ауызша айтылатын мәтіндер алғашқы жазылу түріне түскенге дейін жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Үнді философиясы туралы айта кететін тағы бір ерекшелік мынада, ондағы бізге жеткен шығармалар тікелей философияға арналған емес.

Ия оларда метафизикалық ойлар көп. Бірақ олар қатаң философиялық трактат түрінде баяндалмаған. Бұл, бір жағынан әдеби мұра және сонымен бірге діни сананың әлпеті және мифтік жеткізілімдер. Философиялық мазмұн да және нұрға бөлену де бар. Бірақ, айрықша бөлектенген түрде философиямен айналысу әзірге жоқ. Сол себептен болар қазіргі заман философтарының көшілігі философияның пайда болуын Үндімен емес, антикалық мәдениетпен байланыстырады.

Жалпы, сараптап айтсақ үнді философиясын ерекшелендіретін негізгі қасиеттер жиынтығы мыналардан тұрады: 1) өзіндік мәдени негізде болуы; 2) дәстүрлілік; 3) діншілдік; 4) өзін-өзі іштей тереңдету және руханилықтың шыңына ұмтылушылық (спиритуалдылы бағыттылық); 5) рационалдылыққа мистиканы қосу; 6) ең жоғарғы мақсаттарды анықтағанда және әлем бейнелерінің көптігін мойындауда көпшілік мектептердің бірлігі; 7) әлемді мойындауды және оны жоққа шығаруды үйлестіру; 8) транстық жағдайға көшуді барлық мектептердің қабыл алуы; 9) философияға өмір сүру салты ретінде қарау; 10) қоғамда философияны жоғары дәрежеге қоюы және мәдениетте философиялық ойлардың ықпалдылығы.

Даналықтың сарқылмайтын қайнар көздерін, тарихилықтан гөрі мифологиялықты баяғы өткеннен іздестіру, уақыттан тыс мәңгілік — ежелден қалыптасқан философиялық ілімдер, үлгі ретінде бағаланады.

Үнді философиясы — адам ақылының тәуелсіз жетістігі. Дін мен әлеуметтік мәселелер өмірде басты роль атқаратын болса да, ол философиямен еркін айналысуға мүмкіндік берді. Адам өмірі касталық құрылым нормаларымен шектелсе де, кез-келген пікірге қосылуға құқығы болды.

  1. Ведалық (сөзбе-сөз — білім) кезең (б.д.д. ХV-VІІ ғ.ғ.) арийлық өркениет пен мәдениеттің біртіндеп таралу мезгіліне сай келеді. Ведалық әдебиеттің төрт сатысы: самхиттер (қасиетті жазбалар немесе діни гимндер), немесе ведалардың тікелей өздері (Ригведа, Самаведа, Яджурведа және Атхарваведа).
  2. Эпикалық кезең (б.д.д. VI ғ. — б.д II ғ). Рамаяна және Махабхарата поэмаларының түпкілікті қалыптасқан мезгілі.
  3. Сутр кезеңі (б.д. III ғ. бастап — XVIII ғ.) әртүрлі мектептер жинақтаған философиялық нәтижелерін қорытындылап, оларды бір жүйеге келтіру мезгілі болды.

Үңдідегі ең алғашқы мәтін «Веда» (кіріспе, білім) деп аталады. Солардың ішінде діни ән ұран болып аталатын «Ригведаның» дүниеге көзқарастарының ең басты принципі, табиғат пен әлеуметтік өмірдің кейбір құбылыстарын құдай деп тұту болды. Мыс: Индра — найзағай құдайы, құдіретті сардар; Варуна — әлемдік тәртіптілік пен әділеттіліктің құдайы; Агни — от пен әулиеттің құдайы; Сома — қасиетті сусынның құдайы.

Ежелгі үнді философиясы екі мектептер (даршан) тобына айырылады. Біріншісі, ортодоксальдық — алты даршаннан тұрады: санкхья, йога, нъяя, вайшешика, пурва — миманса, веданта. Екінші топ — үшеу: буддизм, джайнизм, локаята (кейде үшінші ортодоксалъды емес даршанга адживиканы жатқызады) мектептен тұрады.

Бірінші топтағы даршандар кейде қосарласқан күйінде аталады, өйткені санкхья — йогаға, ньяяға, вайшешикке; пурва — миманса ведантаға жақын келеді. Енді осыларды қысқаша сипаттаймыз.

Санкхъя (санскрит бойынша — санап шығу, есептеу, қарастыру деген мағынаны білдіреді). Негізін қалаған біздің д. д. VII ғ. өмір сүрген Канила. Санкхъя мектебі веда жолымен дамыды, болмыстың жалпыға бірдей рухтылығын жариялады. Әлемнің әртүрлілігінің көптігін екі алғашқы басталыммен байланыстырды — материалды (пракрити) және идеалды (пуруши). Пракрити (жаратушыдан алғашқы) Әлемді жасаушы күш және әр түрлі сапалықтың қайнар көзі. Ол алғашқы материя — барлығының басқы себебі. Ол әлемдегі шекті, өзара тәуелді, нақтылы заттарының себебі Пуруши (адам, еркек) ешбір іс-әрекет жасамайтын сапасыз таза трансцендентальды сана. Пурушты денемен, сезімдермен, ақылмен, зердемен теңдестіруге болмайды. Ол танымның объектісіне жатпайтын субъектілі көптілік тәжірибе. 

Пракритилердің субстанционалдық күштері гун деп аталады (санскритте — арқан, ықпал жасаушы). Пракрити үш гуннан түзіледі: саттва — жарық пен қуаныштың қайнар көзі, раджас — қайғы-қасіреттің қайнар көзі, тамаса — қараңғылықтың қайнар көзі.

Гун физикалық түрде қабылданбайды. Оларды салдарына байланысты, яғни қуаныш, қайғы-қасірет, рахаттылықты тудыратын объектісіне байланысты біледі. Мысалы, гүл қызға жан рахатын әперсе, ауру адамға басқаша әсер етеді, ал жас жігітте немқұрайлылықты туғызуы мүмкін. Гунның тепе-теңдіктегі өз ара әрекеттестігі пракрити қозғалысы болып саналады. Гун шын мәнінде тіршілік энергиясы, әртүрлі күштердің жиынтығы. Жалпы гун заттардың пайда болуы үшін өзара шырмалған.

Пуруши және пракрити — негізгі субстанция. Олардың қосындысынан тірі жандар сияқты әлемді құрастырылады, сезімтал дене (джива) пайда болады. Әлем ғарыштың ұйқысынан оянып саналылыққа айналғандай болады. Пуруши мен пракритидің қосылуы өз қозғалысына ықпал жасайтын адам денесін еске түсіреді. Пуруши шығармашылыққа ие, әлемнің дамуына түрткі болады. Өзін-өзі жетілдіру мен танымның мақсаты — Әлемнің құрылымын, пуруштың пракритиден дербес екіндігін түсіну, рухтың кемелділігі, өз мақсатын онымен біттестіру, өзіндегі пракрити мен пурушиды айыру арқылы азаттыққа жету — мокша.

Адам өзінің парықсыздығынан, білімсіздігінен Пурушиді заттық әлеммен байланыстырады. Кез-келген қайғы-қасірет сонымен қатар қуаныш пен рахаттылық сондай араласудың нәтижесі. Тап осы күй-жағдайдан шығып даналық жолына түсу үшін оқиғалардың әділ бақылаушысы болу керек. Сонымен Мен (Пуруши) сыртқы әлемнен босанып, еркіндік алады, қайта жаратылу және елу айналымдарынан (сансара) босанады.

Карма ұғымы, сансара (қайта туылу жүйелері) ілімімен тығыз байланысты. Осы сансарадан шығу мокша (босану) деп аталады. Мокшаға жету жолдарын әртүрлі мектептер өзінше айқындайды: құрбандық шалу, аскеза, йогалық практика.

Йога (байланыс, күш салу, тырысу) негізін қалаған (біздің д. д. II ғ. Немесе б. д. II ғ) Патанджали — «Йогасутрдың» авторы. Йога, азат болудың санкьхя белгілеген жолдар мен Әдістерін іс-тәжірибелік жолға қоңды. Йога, белсенді жігерлік арқылы және қадалушылық арқылы, өз- пурушын өзінің пракритиінен айыру арқылы, өте құнды киелікке ие, Жоғарғы Пурушиге және Ишваро деп аталатын жаратушы Әміршіге әкеледі. Бұл үшін йогтердің «сегіздік» Әдісі өңделген: діни жарлықтың орындалуын және өнегелі талаптарды қатал сақтау, әсіресе ахимсаны — тірі жанға зиян келтірмеуді; физикалық және тыныс органдарын жаттықтыру арқылы денеге бақылау орнату; назарын, сезімдерін, пайымдарын шоғырландыру — осынысымен Пракритидің өте нәзік құрамаларының байламдарын бірте-бірте жүйелі түрде жоя бастайды. Ақыр соңында, әйтеуір транстық күй-жағдайына жетеді (самадхи), тіпті әртүрлі айырмашылықтар, ойлар жоғалады, тоқтайды және бостандық орнайды.

Ньяя (ереже, қисын) даршанының негізін салған Готама (II ғ. б. э. дейін немесе б. э. II г.) Негізгі мәтіні — «Ньяясутра». Бұл мектептің жақтастары адамдық Меннің қимастарын қиып өтіп таза ойдың органы болып есептелінетін өзіндегі атманға қарап, обьектіге, еркіндік алуға қарай жүру керек, — деп есептейді. Мұның негізгі жолы — таным. Ньяя философтары танымның тәсілдерін зерттей отырып, ең анық және анық емес білім түрлерінің жіктелуін жасады, әртүрлі логикалық қорытындыларды шығару формаларын өндеді. Дүниетану мәселерінде ньяя негізінен вайшешиктердің ережелеріне ерді.

Вайшешика (айыру) мектебінің негізін салған Канада (б. э. Дейінгі I ғ. Немесе б. э. I ғ.) «Вайшешика сутрды» жасады. Вайшешиктер метафизикасының негізінде теизм, атомизм, сонымен қатар схоластика үлгісіндегі реализм идеялары жатады. Соңғы вайшешиктің буддистгермен болған таласында қорғаған тезисі: категориялар, заттарға ұқсас нақты, дербес бар болуына ие бола алады. Вайшешиктерде, абсолютті құдайшыл Мен — Ишвара Әлемді атомдардан жаратады, оларды сүйейді және оларды карма заңымен жасалатын (көрінбейтін) каузалды-құндылықпен — адришты арқылы қиратады. Білім — Әлемдегі жүйені табу. Онда нақты ақиқаттың жеті түрлі айырмашылығы бар, олардың әрқайсысы көптеген түрлерден тұрады. Мысалы: сапа және қарекеттерді сақтаушы — субстанцияның тоғыз түрі бар: апаттардың бес элементі: жер, су, от, ауа, эфир (акаша) және тағы да (санада берілген үйлестік (координация) органы) төрт элемент — кеңістік, уақыт, жан — атман, ақыл — манас.

Пурва — миманса (дәл.: алғашқы зерттеу). Бұл мектептің негізін қалаған Джаймини болып есептеледі (б. д. дейінгі IV — III ғғ.), «Мимансасутраның» авторы. Бұл дарашан Веда және ведалық салттарды сақтау мақсатында пайда болды. Веда жетілген, өзімен дхарма ақиқатын әкелетін фундаментальды қасиет ретінде түсінілді Ол бастапқыда сөзді табиғи деп түсінді, тек кейіннен ғана бір шама адам сөздерінің дыбыстарынан ғана көрінді. Салт-жоралардың орындалуының нәтижесінде адам азаттыққа жетеді. Бостандықты, қайғы-қасіреттерден құтылу және салттарды атқару нәтижесінен рахаттану тұрғысында түсінді. Миманса қоғамдық — касталық ұжымды демеуге және брахманизм мен индуизм мәдениеттерінің құндылықтар қатарын сүйемелдеуге көмектесті.

Веданта (Веданың аяқталуы), ежелгі Үндідегі негізгі мектептердің бірі. Ол басқа да мектептер сияқты упанишадтың негізінде құрылды, кейіннен индуизмнің пайда болуының қайнар көзі болды. Бұл мектептің негізін салушы және «Ведантасутраның» авторы Бадаран (б. д. дейінгі IV — III ғғ.) болып есептелінеді. Ведантаның қалыптасу шыңы ведалық бағыт ретінде орта ғасырдың басынан басталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *