Торғай өлкесінің жер асты ұшан теңіз байлыктарының көбісі 20-шы ғасырдың ортасына дейін «ақтаңдақ» күйінде, әлі белгісіз болып қала берді. 1946 жылға дейін Торғайда геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген жоқ. Бірақ соғыстың алдындағы жылдардың өзінде, Магнитогоскінің алып металлургиялык комбинаты шикізат корының жеткіліксіздігін өезіне бастаған болатын. Бұл жағдай тез арада темір рудасының жаңа көздерін табу үшін маңайдағы, оның ішінде Торғай да бар, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді кажет етті. Корытындысы тамаша болды, 1953 жылы нақ «ақтаңдақта» бірнеше темір қорлары орындары табылды, оның ішінде екеуі — Соколов және Сарыбай орындары Магнитогорскі комбинатына шикізат өндіретін көзге айналды. 50-ші жылғы дерек бойынша Торғай төрткүл өлкесіндегі темір рудасының қоры 12,5 млрд тонна, келешекте 21,4 млрд тонна болады деп бағаланады.

Торғайда темір рудасынан баска, көлемі 43,4 млрд тонналық, сапасы жағынан қоңыр және тac көмірлерінің аралығында болатын, көмірдің өте үлкен коры, тағы да бокситтің, марганецтің, калий тұзының құрамында титан, гафинин және тории бар элементтің, мұнайдың қорлары белгілі болды. Совет үкіметі тұсында бұлардың кейбіреулерінің пайдаланулары басталды, 20 жылдың ішінде Қостанай облысы темір өндірудің үлкен орталығына айналды. Біракта одан кейінгі уакытта, Қазакстан егемендік алғаннан кейін де, онша өзгеріс болған жоқ. Мамандардың бағалауынша, кезінде, советтік Қазакстанның басшылары Торғайда металлургнялық орталықты жасаудың мүмкіншілігін жіберіп алған.

Торғай бұғазы суының жер тарихының әр кезеңінде жайылған, оның жағалауы болған өңірлердін жаратылуы, одан әрі дамуы, ондағы процестер кезінде, бүгін белгілі болып отырған, ұшан-теңіз табиғи байлыктардың түзілуі, орналасуы туралы деректер негізінде, ғалымдар, бұл өңірге кіретін жерлерді әртүрлі геоморфолагиялық физика-географиялық аудандарга тараткан.

«Кеңесбек Мәулетұлы, зерттеуші»

Comments

  1. Кеңесбек Мәулетұлы

    Бұл мақала Кеңесбек Маулетұлының «Торғай төрткүл өлкесі — Бүкіл адамзаттың табиғи, да тарихи, аса қасиетті мекені ежелгі дүниеде». — Астана. 2015. — 256б. кітабының 233 бетінен алынған. Сондықтан мен кітап авторы ретінде мақаланың сонында «Кеңесбек Мәулетұлы, зерттеуші» — деп көрсетуді талап етемін. Қорытындысын менің электронный почтама хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *