Философ деген кім?

Ежелгі Грекия даналары өз шәкірттерін өмірдің ерекше салты мен таным стиліне үйретті. Ежелгі Үндістанда дағдыларды беру формасы Упанишада (санскр. ира – «жанында» және sad – «ұстазбен отыру») атауына ие болды. Шәкіртке білім (веда) ұстазымен үнемі қатар жүрген кезде, «мен сияқты істе» ұстанымы іске асырылған жағдайда ғана ашылады. Ұстаз басты нәрсені екінші дәрежелі нәрседен айыруға, көзге түсетін толып жатқан белгілерден назардан жылыстап кететін мәнді табуға, жекелеген оқиғалар мен нақты жағдаяттар әлеміне кіре отырып, олардағы байланыстырушы негіз бен туындатушы себепті табуға үйретті.

Ежелгі гректердегі «Пифагор одағы» оқыту жүйесі өте үлгілі болды. Онда оқушылардың зияты мен теориялық ойлауын дамыту үшін ұстаз олардың назарын сезімдік түсінімдер мен эмпирикалық мазмұннан бұра отырып, өзгеше бір тілде баяндау, жұмбақпен сөйлеу әдістерін пайдаланады. Оқытудың бұл бірінші сатысы акусматикада (акмус – естілетін дегеннен) оқушылар ұстазды үндеместен тыңдайтын. Екінші, математикалық сатыда олар логикалық белгілеу және ой елегінен өткізу ісіне кірісті. Бұл ретте іс жүзіндегі нақты жағдаяттарға деген белгілі бір арақашықтық сақталды. Пифагор мен оның серіктерінің пікірі бойынша, «күнәлі эмпирия» деп аталатын бір мезеттік әсерден айыға отырып қана, болмыстың ақыл жететін мәнісіне жақындауға болатын еді.

Алайда философия – бұл білімдердің толықтығы ғана емес, сондай-ақ адамгершіліктік жетілу, рухтың ішкі біртұтастығы. Бұл – қолжетімді болу үшін адамның бүкіл мәні қатынасатын ерекше бір сенім.

Шынайы философтың парызы – өз заманының оқиғаларына қызығушылық таныту, жағдаяттардың бірмәнді еместігі мен көпөлшемдігін талқылау, өтіп жатқан нәрсенің мәнін көлегейлеу емес, сөзімен және дана кеңесімен айқындап түсіндіру. Философта өзі өмір сүретін қоғамның ойлары мен үміт-армандары орын табады. Сондықтан да философияны оймен тұтылған дәуір,  өз уақытының рухани түйіні деп атайды.

Нағыз философ – бұл білімі мол адам. Ол заттардың мәнісін көре біледі, әрт үрлі құбылыстардың себептері мен салдарларын, табиғи және әлеуметтік үрдістер дамуының жалпы заңдылықтарын түсінеді, оларды жекелеген өмірлік құбылыстармен қатынастыра алады.

Философ білімді жақсы көреді және оған әрдайым пайда үшін емес, ақиқат пен жетіле түсу үшін ұмтылады. Және де, ең соңында, нағыз философ өз өмірінің мағынасы мен философияның басты мақсаты – өзін және қоршаған дүниені танып білу мен жетілдіруді сезінеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *