Фосфорлы тыңайтқыштар

Фосфорлы тыңайтқыштар. Бір гектар жерге егілген дақыл бір вегетациялық кезеңде 60 кг Р205 игереді. Оның көп мөлшері топыраққа қайтпайды. Сондықтан топыраққа белгілі мөлшерде фосфорлы тыңайтқыш қолданылуы қажет. Фосфорлы тыңайтқыштың қажеттілігі өсімдіктер азотпен жақсы қамтамасыз етілгенде арта түседі. Фосфорлы тыңайтқыштардың төмендегідей түрлері өндіріледі. Суда еритін жай суперфосфат — Са(Р204) 2 және екі еселенген суперфосфат Са(Р204)2 * Н20 — құрамында аздаған бос фосфор қышқылы бар тыңайтқыш. Суперфосфаттар құрамындағы фосфор нашар жылжитындықтан, олар түскен жерінде шоғырланып қалады.

Суда ерімейтін бірақ, әлсіз қышқылдарда еритін фосфорлы тыңайтқыштарға преципитет, томосшлак, т.б. жатады. Олардың кұрамындағы фосфор өсімдікке оңай сіңетін күйде болады. Суда ерімейтін, әлсіз қышқылдарда нашар еритін фосфорлы тыңайтқыштарға — фосфорит және сүйек ұнтағы да жатады.

Минералды тыңайтқыштар арасында азотты, калийлі тыңайтқыштар дайындайтын шикізат қоры бірсыпыра мол болғанымен, фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын шикізат қорлары елімізде аз кездеседі.Бұрынғы Одақта Кольск түбегінің апатиті, Қаратаудың, Шилісайдың фосфориты, т.б. орналасқан кен орындарының жалпы қоры шексіз емес. Әрі қазіргі кезде фосфорлы тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданған деңгейлері сақталса, онда алдын ала есептелген болжамға қарағанда, олардың жалпы қоры 60-70 жылға ғана жетеді. Оның үстіне Қазақстандағы бүкіл егіс алқаптары топырағының 70%-ға жуығы құнарлылық дәрежелері фосфорға төмен алқап болып саналады.

Өсімдіктердің бірқалыпты өніп-өсуіне ең қажетті элементтерге калий де қосылады. Оның өсімдік ұлпаларындағы мөлшері кұрғақ затына есептегенде 0,5-1% шамасында болады. Өсімдіктің жас, өсіп тұрған бөліктерінде көбірек кездеседі, ол өте жылжымалы. Бұл элемент ферменттердің немесе басқа да физиологиялық белсенді қосындылардың қүрамына тікелей енбесе де, өсімдіктегі энергетикалық процестерге қажет екендігі ертеден-ақ белгілі. Калийдің фотосинтездің қараңғы сатысының реакцияларын өзгертіп, жарық сатысына онша әсер етпейтіндігі де анықталған. Калийдің топырақтағы қоры фосфорға қарағанда 8-40 есе, азоттан 5-50 есе артық. Топырақта калий минералдың кристалды торларында, алмасатын және алмаспайтын күйде, жылжымалы қалдықгар құрамында, микроорганизмдерде, топырақ ерітіндісінде минералдық түздар күйінде кездеседі.

Соның ішіндегі өсімдік үшін ең қолайлысы калийдің ерігіш түздары болып есептеледі. Бұлар өсімдік тамырларына оңай сіңіп, азайған кезде алмасатын, одан соң алмаспайтын калийдің есесінен орыны толығады. Жасанды калийлі тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Олар топырақпен қосылғанда калий топырақ коллоидтарымен алмасу реакцияларына қатысады. Нәтижесінде оның 25-80%-ы топырақтың сіңіргіш жиынтығымен байланысуы мүмкін. Бұл реакцияларда топырақ ерітіндісіне сутегі иондары, кальций, алюминий, магний, марганец, т.б. катиондар ығыстырылады. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын тұздар негізінен физиологиялық қышқыл болатындықтан, топырақта хлор және күкірт қышқылы жиналады.

Өсімдіктегі калийдің негізінен зат алмасушылық деңгейі өте жоғары меристема, камбий, жас жапырақтарда, өркендерде, бүршіктерде шоғырланатындығы белгілі. Клеткадағы калий негізінен бос ион күйінде кездесіп, органикалық қосындылардың қүрамына енбейді. Клеткадағы калийдің 80%-дайы вакуольда болады. Ол клетка шырынындағы катиондардың негізгі бөлігін құрайды. Бұл катионның мардымсыз мөлшері митохондрия және хлоропласт белоктарымен тығыз байланысқан күйде кездеседі.

Дегенмен, қазіргі кезде калийдің көптеген физиологиялық, биохимиялық процестерге өте қажетті элементтердің бірі екендігі ешқандай күмән тутызбайды. Мысалы, асқабақ тамырында калийдің тапшылығынан фосфордың зат алмасуға қатысуы баяулап, оның макроэргті қосындыларының, пирожүзім қышқылының тотығу деңгейі, органикалық қышқылдардың мөлшері төмендегені байқалады. Калий жетіспеген жағдайда кетоглутар, алма және янтар қышқылдарының мөлшері азайып, оксипирожүзім және глиоксил қышқылдарының мөлшері көбейеді. Мұндай өзгерістер азотты қосындылардың алмасуын нашарлатады.

Калийдің ферменттік және энергетикалық процестердегі биохимиялық маңызы және субстраттық фотосинтездік фосфорлануға қатысуы туралы да деректер бар. Сонымен қатар калий амилаза, инвертаза және біраз протеолиздік ферменттердің белсенділігін арттыратындығы да дәлелденді. Бұл элементтің фосфофруктокиназа, пируваткиназа ферментінің белсенділігіне қажеттілігі, амидтердің пайда болу, қайталап аминденуі, белоктар синтезінде амин қышқылдарының белсенділігі арту сияқты ферменттік реакцияларға қатысатындығы белгілі.

Қазіргі кезде алынған деректерге сәйкес, калийдің әсерінен 60-тан астам ферменттердің белсенділігі артуы белгілі болып, оның зат алмасу процестеріндегі маңыздылығы толығымен дәлелденді. Ол фосфатты органикалық қосындылардың енуі, белоктардың, полисахаридтердің синтезделуі үшін қажет және флавинді ферменттердің бөлігі рибофлавиннің синтезделуіне де қатысады. Калийдің әсерінен картоп түйнегінің крахмалдылығы, қант қызылшасының қанттылығы, жемістер мен көкөністерде моносахаридтердің, клетка қабығында целлюлозаның және пектинді қосындылардың мөлшері артады. Нәтижесінде астық дақылдастардың жапырылуға төтеп бергіштігі, зығыр мен сораның талшығының сапасы жақсарады. Калиймен жақсы қамтамасызданған өсімдіктер саңырауқүлақтық және бактериялық ауруларға төзімді келеді. Клеткада калий азайғанда натрий, магний, кальций, бос аммиак, сутегі иондарының, минералдық фосфордың мөлшері көбейетіндігі байқалды. Калий тапшы жағдайда өскен өсімдіктер жапырақтары төменінен жоғары қарай өскіндерден жапырақтар бағытында сарғая бастайды. Кейінірек олардың жиектері және үштары қоңырланып, курап, үгітіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *