Мақсатқа жету үшін мынаны білу қажет:

  • карта мен картасызбаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;
  • картасызбаның қажеттілігін;
  • картасызбалардың құрастырылуы мен дайындалуын.

Картасызбаның картадан айырмашылығы неде?

Карта — маңызды географиялық ақпарат көзі. Ал картографиялың әдіс географияда маңызды орын алады. 6-сыныпта карталардың міндеті мен жіктелуі, картада жердің беткі қабатын бейнелеу тәсілдері оқытылады. Сендер шартты белгілер жүйесінің көмегімен географиялық карталарды оқуды үйрендіңдер. Картаның көмегімен кез келген жердің және кез келген нысанның географиялық координаттарын анықтай аласыңдар.

Бұл дағдылар басқа адамдар құрастырған карталарды дұрыс пайдалануына байланысты. Географиялық зерттеулерде картаны пайдаланып қана қоймай, оларды құрастыра білген де маңызды. Математикалық дәлдігі жоғары кәсіби карталарды кәсіпқой картографтар құрастырады. Карта жер бетінің жазықтықтағы бейнесі ғана емес, ол бойынша қашықтықты дәл есептеуге, кеңістікті бағдарлауға, ыңғайлы жолдар салуға болады. Мұндай карталар көптеген жаңа тәсілдерді, негізгі бөлігі ГАЖ-технологиялар (геоақпараттық жүйе — технологиялар) деп аталатын озық технология мен техниканы пайдаланумен арнайы кәсіпорындарда құрастырылады.

Соншалықты дәлдікті талап етпейтін және кеңістікте географиялық нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді шамамен көрсетуге арналған карталарды көпшілік құрастыра алады. Тек оларды картасызбалар деп атайды.

Күнделікті тәжірибеде көптеген маман иесі картасызба құрастыра алады. Олар: жерге орналастырушы, құрылысшы, геолог, тергеуші, жол полициясының қызметкері, метеоролог, эколог, сәулетші, туризм жөніндегі мамандар және басқалар.

Картасызба қолмен орындалуы мүмкін, мәселен, далалық зерттеулер кезінде қойындәптеріне жасалады. Оны құрастыруда көбінесе кескін карталар қолданылады. Әдетте картасызбаның картографиялық торы болмайды, онда масштаб үнемі сақтала бермейді. Сондықтан картасызбаның көмегімен есептеу жүргізе алмайсың. Бірақ ол ненің қайда орналасатынын немесе орналасқанын, географиялық нысанда не болғанын ұзақ ауызша және жазбаша түсіндірусіз көрсету үшін маңызды. Картасызбаның басты міндеті — белгілі бір жердегі элемент, құбылыстар мен үдерістер арасындағы өзара байланысты көрсету. Жай картасызба нысандардың географиялық орналасуын көрсетеді.

Цунамидің пайда болу сызбасы
Цунамидің пайда болу сызбасы

Картасызбада құбылыстар мен үдерістерді көрсетіп үйренген маңызды. Құбылыстар — географиялық нысандармен болатын өзгерістер; үдеріс — құбылыстардың біртіндеп ауысуы, географиялың нысанның дамуындағы жағдай. Бұл параграфта сендерге географиялық нысандарға тән қасиет, құбылыс және үдерістерге қатысты мәлімет ұсынудың түрлі тәсілдері түсіндіріледі. Ал осы параграфта географиядағы «Қайда?» деген басты сұраққа жауап беруді үйренеміз. Сондықтан бір географиялық материалда қасиетті, құбылыс пен үдерісті емес, оған қоса олар қайда және қалай байқалатынын да көрсетуді білмекпіз. Мұның ең оңтайлы жолы — картасызба жасау.

Карта — жердің беткі қабатының жазықтықтағы кішірейтілген бейнесі. Сызба — географиялық нысан, құбылыс немесе үдерістің құрамдас бөліктерінің және олардың арасындағы байланыстардың шартты белгілер түрінде көрсетілген жалпылама бейнесі. Картасызба — картадағы белгілі аумақтың географиялық нысандарына тән қасиет, құбылыс және үдерістердің жеңілдетілген сызбалық бейнесі.

Картасызбада не көрсетіледі?

Картасызбада қарастырылатын тақырыпқа тікелей қатысы бар нысан, құбылыс пен үдерістер ғана көрсетіледі. Назарды бөлмеу үшін артың элементтердің болмағаны дұрыс. Картада көрсетілім нысандарын іріктеу жалпылану деп аталады.

Картасызбаны құрастыру кезінде төмендегідей ретті сақтау керек:

  • оның мазмұнын анықтау (ол нені білдіруі тиіс);
  • материалды жүйеге келтіру, нысанның (құбылыстың) тізбесін жасау;
  • бейнелеу тәсілін таңдау.

Аумақтың жеңілдетілген картасында құрылым, жүйе, кешен, қозғалыс және тізбекті бір нысан қасиетінің басқасынан тәуелділігін сызба түрінде көрсетуге болады.

Құрылым — нысан элементтерінің өзара орналасуы мен олардың арасындағы байланысты көрсететін сызба. Көп жағдайда мәтіндерде қолданылады. Картасызбаларда нысан, құбылыс және үдерістердің аумақтық қөрылымы, яғни олардың элементтері аумақта қалай таралғаны көрсетіледі.

Құрылым — графикалың үлгі түрлерінің бірі. Оны құрылымдық сызба ретінде көрсетеді. Мұндай сызбааралық байланысы сызықтар немесе меңзерлер түрінде көрсетілген бірнеше блоктан тұрады. Сызба бірыңғай, тұтас нәрсенің құрылымын көрсетеді. Бір-бірімен байланысты элементтерден тұратын, біртұтас нәрсе құрайтын мұндай нысандар кешен, жүйе деп аталады.

Қозғалыс — бір нәрсенің кеңістікте және уақытта орнын өзгертуі. Картасызбада қозғалыс бағыты мен сипаттамасы меңзермен көрсетіледі.

Қартасызбалар қалай рәсімделеді?

Картасызбаларды ресімдеудің тұрақты ережелері жоқ. Бұл параграфта тек ұсыныстар беріледі. Картасызбаларды мұқият ресімдеу қажет. Осының арқасында картасызбаны оның авторы ғана емес, мұғалім де, оқушылар да, ата-аналар да оқи алатын болады. Мәтіндер мен географиялық нысан атаулары міндетті түрде оқылатын болуы тиіс. Сондықтан картасызбадағы барлық жазулар қара түсті баспа әріптерімен, қатесіз және қысқартусыз беріледі.

Картасызбаны құрастыру үшін қара және түрлі түсті қарындаштар, қара және түсті сия пайдалану қажет. Қағазды бүлдірмеу үшін және жазуды немесе таңбаны өзгерту мүмкіндігін сақтау үшін қарындашты қатты батырмау керек. Фломастер, маркер, акварель бояуы пайдаланылмайды. Бояу тым ашық болмауы тиіс. Өйткені қала, өзен-көлдер, сауда жолдары және т.б. атаулары көрінбей қалады.

Әрбір картасызбада сол бөліктің жоғарғы жағына немесе ортаға жазылатын атауы болуы тиіс. Атау қысңа және аралатын тақырыпқа сәйкес болуы керек. Картасызбаның төменгі оң бұрышына орындаушының аты-жөні мен сыныбын жазуға болады.

Картографиялық нысандар картаға географиялық орналасуына сәйкес жазылуы тиіс. Картасызбаларда кескін жеңілдетіледі, контурлар біріктіріледі немесе мүлде жүргізілмейді. Маңызды, бірақ кіші нысандар кейде ірілеу етіп көрсетіледі. Барлық географиялық атаулар бас әріппен жазылады. Географиялық атауларды бұрмалаудан аулақ болу керек. Бұл үшін орындалған картасызбаны географиялық картамен салыстырған жөн. Географиялық нысан атауы бүкіл нысан бойымен бірдей орналасады. Нысанның атауы нысан шеңберінен шықпауы тиіс. Олардың ішінде бұл картасызбаның масштабына жазу үшін көлемі жеткілікті емес нысандарға бұл ереже жүрмейді.

Мұндай жағдайда жазуды аталмыш нысанның қасына орналастыруға болады. Картасызбаға атауы сыймайтын географиялық нысандар масштабтан тыс белгілермен (сандар, әріптер) таңбаланады және олардың атауы түсінік сөздерге (легенда) жазылады. Нысанға қатаң таңылмаған географиялық атаулар кескін картаның жоғарғы және төменгі шегіне қатар жазылуы тиіс. Кейбір жағдайда атаулардың жалпыға бірдей қысқартулары берілуі де мүмкін. Географиялық нысандардың белгілері мен атаулары бір-бірін жауып тастамауы керек. Географиялық нысандардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктеріне сәйкес картада атауы көлденеңінен де, тігінен де орналасуы мүмкін. Көлемі үлкен географиялық нысандар (жазық жерлер, қыраттар және мемлекет өлшемі бойынша айтарлықтай ауқымды т.б. жерлер) көлденеңінен жазылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *