Көркем шығарма тілін зерттеудің тарихы

Европа тіл ғылымындағы эстетикалық ағымның өкілдері Б.Кроче, К.Фосслер адамдардың шығармашылық қызметінің жемісі ретіндегі тілді зерттеуге баса көңіл бөлсе, көрнекті орыс филологі А.А.Потебня мен тағы басқалар олардан да асыл түсіп, көркем (поэтикалық) тіл туралы теорияны жасауға алғашқылардың бірі болып ат салысты. Тілдегі эстетикалык факторды бірінші орынға қойған олардын бұл саладағы ізденістері стилистики ғылымын тудырды. Сөйтіп, тілдің эстетикалық кызметін, жазушы тілі мен жалпыхалықтық, әдеби тілдің ара-қатынасын зерттеуге кең жол ашылды.

А.А.Петебняның эстетикалық-тілдік концепциясының негізін құраған жай — тілді шығармашылық қызметінің боламасы деп тануы. Өнер мен сөз оның ілімінде ішкі мәні мен құрылымы жағынан бір-біріне тең құбылыстар ретінде түсіндіріледі. Оның пікірінше, поэтикалық шығармада сөз өзінің ішкі формасы арқылы символдық мәнге ие болады, сол арқылы адам санасында поэтикалық бейне (образ) калыптасады. Гносеалогиялық және эстетикалык тұрғыдан алғанда, сөздің ішкі формасында туындаған бейне сол сөздің ғана емес, тұтас көркем дүниенің саналы-шығармашылық қызметінің көршісі бола алады. А.А.Потебняның осы мәселедегі ғылыми көзкарасы өзінен кейінгі зерттеушілерге үлкен қозғау салды.

Көркем (поэтикалық) тіл мәселесі формалды әдіс иелері Л.Л.Якубииский, Р.Якобсон, В.Б.Шкловскийдердің теориясында өзінше көрініс тапты. Формалистердін бірінші ұсынған тезисі: практикалық тіл жүйесі мен поэтикалық тіл жүйесі бір емес, басқа-басқа. Соңғысы — практикалық тіл зандылықтарына бағынбайтын өзіндік ерекше тіл. Екіншіден, поэзия — бейнелеудің сыртқы болмысына айрықша көніл бөлетін ерекше тілдік қолданыс түрі. Үшіншіден, көркем шығарма — таза тілдік тәсілдердің жиынтығы ғана. Мұндай пікірді сол тұстағы және кейінгі дәуірлердегі бірсыпыра зерттеушілер де колдады.

Үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап орыс лингвистикасында тілдің және онын құрылымдық элементтерінің әдеби жазба шығармалардын әр алуан түрлеріндегі (көркем, ғылыми, публицистикалық, саяси әдебиет, шешендік сөйлеу т.б.) қызметі туралы мәселе көтерілді. Жалпы, тілдік қызмет мәселесін, онын көптүрлігіне ден кою жазушы тілін, көркем әдебиет тілін зерттеуге де жаңаша қарауға алып келді. Ол — көркем әдебиет тілін жалпы әдеби тіл стильдерінің тарихы аясында қарау еді. Бұл зерттеулерде әдеби тілдік басқа стильдері мең көркем әдебиет тілінің тарихи қарым-қатынасы, өзара әсері жан-жақты қарастырылады.

Сонымен қатар, көркем тілдің түрлері, көркем әдебиет тілінің жанрлары туралы мәселе қойылып, зерттеле бастады. Жазушы тілі проблемасы көркем шығарманың жанрлары мең түрлері мәселесімен байланыста қарастырылды. Прозалық, позиялық, драмалық шығармалардың тілдері мағыналық, кұрылымдық ұйымдасу принциптері, стилистикалық міндеттері жағынан ерекшеленеді. Ол ерекшеліктер көп жағдайда олардын жанрлық, тұр-тұрпаттық өзіндік сипаттарын байланысты болып келеді. Осы кезеңде жазушы тілін өзара байланысты екі тұрғыда зерттеу принципі ұсынылады: ұлттық әдеби тіл мен оның стильдері тұрғысынан және барлық жанрдағы, стильдік көріністегі көркем әдебиеттің тілі тұрғысынан. Жазуым тілі, бір жағынан, әдеби тілдің нормаларына тәуелді болса, екінші жағынан, көркем әдебиеттің құрылысын белгілейтін сөз өнерінің категорияларына тәуелді. Демек, көркем шығарманың тілін зерттеу бір мезгілде әрі лингвистикалық тұрғыда, әрі әдеби-стилистикалық тұрғыда жүргізілуі тиіс. Әрине, ондай зерттеулердің міндеттері басқа-басқа болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *