Өкпе туралы мәлімет

Оң және сол өкпелер

Оң және сол өкпелер

Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі болып өкпе (pulmones; cyрет 150) саналады. Бұлар кеуде қуысының көлемін дерлік толығымен алатын, жұп мүше. Өкпенің әрбірі өзінің өкпеқабында орналасып, жүрек, үлкен тамырлар (қолқа, жоғарғы қуыс тамыр), өңеш және басқа мүшелер орналасқан, көкірек қуысымен бөлінеді. Өкпе пішінімен қиық конусқа ұқсас, оның төбесі (apex pulmonaris) бұғана үстілік шұңқырына, ал ішке қараған негізінен — көкеттік бетімен (facies diaphragmatica) — көкет куполына бағытталған. Өкпенің жұмыр төбесі кеуде қуысынан жоғарғы тесігі арқылы, мойын аймағындағы 1-ші қабырғалық мойнына дейін бағытталған. Ең ұзын иілген қабырғалық беті (facies costalis), қабырғаларға және қабырға-аралық бұлшықеттеріне омыртқа бағанымен, алдынан — көкірек қуысы мүшелерімен шектелген. Өкпе беттері шеттермен бөлінген. Алдыңғы жиегі (margo anterior) қабырғалық бет медиалді бөлігімен бөледі. Сол өкпенің алдыңғы жиегінде жүрек ойығы (incisura cardiaca) бар, ол астынан сол өкпенің тілшесімен шектелген. Артқы жиегі (margo posterior) қабырғалық және медиалді беттерінің арасында орналасқан. Төменгі жиегі (margo inferior) қабырғалық және медиалді беткейлік көкеттік бетінен бөледі. Әрбір өкпенің ішкі жағынан сопақ пішінді қысылымы — өкпе қақпасы (hilum pulmonaris) орналасқан. Ол арқылы өкпе тамырын (radix pulmonaris) құрайтын, негізгі бронх, өкпе артериясы, өкпе тамырлары мен нервтері, лимфа жолдары және түйіндері өкпеге өтеді. Оң өкпенің қақпасы, сол өкпенің қақпасымен салыстырғанда қысқа және кеңірек.

Оң жақтағы көкет күмбезінің жоғары тұруына байланысты, оң өкпе сол өкпеден кеңірек және қысқалау. Терең саңылау сол өкпені 2 (жоғарғы және төменгі), ал оң өкпені 3 (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) бөлімге (lobi pulmonaris) бөлінеді. Қиғаш саңылау (fissura obliqua) әрбір өкпедегі өкпенің артқы дөңес жиегінен оның төбесінен 6-7см төменірек басталып, қабырғалық бетімен төмен және алға бағытталып, өкпенің төменгі жиегінің алдыңғы жиегіне өтуінің қасыңда жетеді. Содан соң осы саңылау медиалді бетіне жалғасады, жоғары және артқа өкпе қақпасына бағытталады. Қиғаш саңылау әрбір өкпені жоғарғы (lobus superior) және үлкен төменгі (lobus inferior) бөлімге бөледі. Оң өкпеде қиғаштан басқа горизонталді саңылау (fissura horizontalis) болады, ол өкпенің қабырғалық бөлігіңде, қиғаш саңылаудың ортасынан басталып, және алға 4 қабырғадан өкпенің алдыңғы жиегіне дейін жалғасып, сонда медиалді бетіне өтіп, өкпе қақпасына жетеді.

Горизонталді саңылау жоғарғы бөлімнен, тек алдынан және медиалді жақтан 4 және 6 қабырға арасынан көрінетін, оң өкпенің ортаңғы бөлімі (lobus medius) бөледі.

Практикада өкпені бронх-өкпелі сегменттерге (segmenta bronchopulmonaris) бөледі: оң өкпеде олар 11, ал сол өкпеде 10. Сегменттер төбесімен қақпаға, ал негізімен өкпе бетіне бағытталған, конус немесе пирамида пішіндес болады. Олар бір-бірімен дәнекер тін қолқасымен және веналармен бөлінген. Әрбір сегмент ортасында сегменттік бронх және сегменттік артерия, ал көрші сегментпен шекарада — сегментарлық тамыр орналасқан.

Оң өкпе сегменттері:

Жоғарғы бөліміндегі сегменттер: 1) ұштық сегменттік бронх (seg. apicale). Оның төменгі бөлігі алдыңғы және артқы сегменттер арасына кіреді. 2) артқы сегменттік бронх (seg.posterius). Ұштық сегменттік бронхпен төменгі бөлік арасында орналасқан. 3) алдыңғы сегменттік бронх (seg.anterius). Ұштық сегментпен ортаңғы бөлім арасында орналасқан.

Ортаңғы бөлім сегменттері: 4) латералді сегменттік (seg.laterale). Ортаңғы бөлімнің артқы бөлімінде орналасқан. 5) медиалді сегменттік (seg. mediale). Ортаңғы бөлімнің медиалді және көкеттік беттерін құрайды.

Төменгі бөлім сегменттері: 6) жоғарғы сегменттік (seg. superius), тұрақсыз түптөбелік сегменті бар оң өкпенің артқы — жоғарғы бөлімінде орналасқан. 7) медиалді (жүректік) базалді сегменттік бронх (seg.basale mediale cardiacum) 8) алдыңғы базалді сегменттік бронх (seg.basale anterior), көкетпен орта бөлім арасында орналасқан. 9) латералді базалді сегменттік бронх (seg. basale laterale ), артқы және алдыңғы базалді сегменттер арасында орналасқан. 10) артқы базалді сегменттік бронх (seg. basale posterior). Омыртқа бағанының латералді базалді сегменттік бронх арасында жатыр.

Сол өкпе сегменттері:

Жоғарғы бөлім сегменттері: 1-2) ұштық-артқы сегмент (seg. basale apica-posterior). Қиғаш саңылауымен және жоғарғы бөлімнің алдыңғы сегментінің арасында орналасқан, екі сегменттен (ұштық және артқы) тұрады. 3) алдыңғы сегмент (seg. anterior) жоғарғы тілшік және төбелік — артқы сегменттер арасында орналасқан. 4) жоғарғы тілшік сегменті (seg. lingulare superius), төменгі тілшік сегментінің үстінде жатыр. 5) төменгі тілшік сегменті (seg. lingulare inferius), жоғарғы тілшік сегменті мен қиғаш тілшік арасында орналасқан.

Төменгі бөлімінде: 6) жоғарғы сегмент (seg. superius), тұрақсыз кездесетін түп-төбелік сегменті бар омыртқа жотасының жанындағы төменгі бөлімнің төбелік артқы-жоғарғы бөлігі. 7) медиалді (жүректік) базалді сегмент (seg.basale mediale cardiacum). 8) алдыңғы базалді сегмент (seg. basale anterius), латералді базалді сегмент пен қиғаш саңылауы арасында орналасқан. 9) латералді базалді сегмент (seg. basale laterale), алдыңғы және артқы базалді сегменттер арасында жатыр. 10) артқы базалді сегмент (seg. basale posterior) омыртқа жотасының жанында, төменгі бөлім жоғарғы сегментінен төмен орналасқан.

Әрбір өкпе бронхылардың тарамдалуы, олар мүшенің өзіндік қаңқасын бронх тармағын құрайтын және тыныс алу жүйесінің респираторлық (газ алмасу) бөлімі болатын өкпелік көпіршіктер және альвеоалар жүйесінен тұрады.

Бронх ағашы (arbor bronchialis) негізгі бронхдан (bronchus principalis) тұрады, ол үлкен өкпе сыртылық бөлімдік бронхтарға (І реттік бронхлар) бөлінеді, ал олар өз кезегінде, үлкен зональды өкпе сыртылық (әрбір өкпеден 4-ден) бронхтарға (2реттік бронхлар) тарамдалады. Соңғылары өкпе ішілік сегменттік бронхларға (әрбір өкпеде 10) өтеді, олар өз кезегіңде 3-5 реттік бронхтарға субсегменттік немесе орта бронхтарға (5-2мм) бөлінеді. Орта бронхтар тарамдалып, ұсақ (диаметрі 2-1 мм) бөлімше ішілік бронхларға, ал одан соң, соңғы бронхшаларға (bronchioli terminales) өтеді.

Олардан кейін өкпенің респираторлық бөлігі басталады. Бронхша бұтақтары диаметрінің кішіреюіне байланысты, олардың қабырғаларының шеміршек сақиналарында кішірейеді, шағын гиалинді, ал одан кейін эластикалық табақшаларға айналады, олар бронхшаларда мүлдем жойылады. Бронхшалардың жұмсақ қабырғаларында тегіс бұлшықетті талшықтар саны үлкейеді.

Респираторлық бөліктің құрылылымдық-функционалді бірлігі — ацинус (acinus pulmonaris) болып табылады. Қан мен тіндер арасындағы газ алмасуды өткізетін көпіршіктер жүйесін көрсетеді. Ацинус 1-ші реттік тыныс алу бронхшасынан (сурет 152) (bronchiolis respiratorus) басталады, ол дихотомды бұтақтанып, 2-ші, ал содан кейін 3-ші реттік респираторлық бронхшаларға бөлінеді. Әрбір 3-ші реттік респираторлы бронхшалар өз кезегінде көпіршіктер жолдарына (ductuli alveoares) бөлінеді.

Өкпе үлесі

Өкпе үлесі

Әрбір көпіршікжол 2 көпіршіктер қапшалармен (sacceuli alveoares) аяқталады, Олар көпіршіктік жолдың дисталді ұшындағы көпіршіктер жинақталуын елестетеді. Көпіршіктік жолдар мен қапшықтар қабырғаларында өкпенің бірнеше ондық альвеолалар орналасқан. Көпіршіктер (alveoli pulmonaris) диаметрі 200-300 мкм жұмыр құрылымдар, үлкен адамдағы олардың орташа саны 300-400 мкн-ға жетеді. Үлкен адамның максималді, дем алғандағы барлық көпіршіктер беті 100-150 м-ге дейін жетеді, ал дем шығарғанда ол 2-2,5 есе азаяды. Көпіршіктердің қабырғасы 1 қабатты тегіс эпителиймен жабылған. Эпителий астында, газ алмасуға және су буларының бөлінуіне кедергі жасамайтын, эпителоциттермен бірге қан мен ауа арасындағы, қалындығы 0,4-0,6 мкм, барьер (аэрогематикалық барьер) жасайтын, жұқа дәнекертін қолқамен көптеген қан өткізу капиллярлары жатады (сурет 152,Б).

Ацинусқа 15-20 көпіршіктер, өкпе үлешесіне 12-18 ацинус кіреді. Үлесшелерден өкпе үлесі құралады. Практикада өкпе шекараларын білу қажет. Өкпе ұштары бұғанадан 2-3 см жоғары шығып тұрады. Оң өкпенің төменгі шекарасы (өкпенің төменгі жиегі) орта — бұғаналық сызықпен -VI қабырғаны, алдыңғы қолтықпен — VII қабырғаны, ортаңғы қолтықтық — VIII қабырғаны, артқы қолтықтық — IX қабырғаны, жауырындық сызықпен — X қабырғаны, омыртқа жанындағы сызықпен — XI қабырғаның мойнының деңгейінде аяқталады, сол жерде артқы шекараға өтеді. Сол өкпенің төменгі шекарасы төменірек орналасқан. Максималді дем алу кезінде өкпенің төменгі жиегі 5-7 см-ге төмендейді. Өкпенің артқы шекарасы омыртқа бағанының оң және сол жағынан, 2-ші қабырғалардың бастарынан XI қабырға мойнына дейін алып жатады. Алдыңғы шекара (алдыңғы жиегі) 2 өкпенің ұштарынан төмен түсіп, 1,0-1,5 см ара қашықтықта, IV қабырға шеміршегіне дейін, паралель дерлік өтеді. Осы жерде сол өкпе шекарасы солға 4-5 см-ге ығысып, жүрек ойығын құрайды. VI қабырға шеміршегінің деңгейінде өкпенің алдыңғы шекаралары астыңғысына өтеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *