Күріш адам өмірінде өте маңызды орын алатын көне дақылдардың біріне жатады. Оның тарихы адамзаттың ерте заманғы даму тарихымен ұштасып жатыр. Бұл дақыл әлемнің 10-ға жуық елінде 150 млн.га жерде өсіріледі. Сексенінші жылдардағы күріш астығының жалпы өнімі 400 млн.тоннадан асты. Алайда тікелей жазба деректердің болмауына байланысты күріштің дәл қай кезден бастап мәдени дақыл ретінде егіле бастағаны белгісіз болып отыр. Шпрехердің айтуы бойынша күріш Үнді жерінде біздің заманымызға дейінгі 2 мыңыншы жылдары белгілі болған. Ол жақтан кейін шығыска — Қытай мен Жапонияға және батысына -Парсы елі мен Мессопотамияға тараған. В.Л. Комаров Бретшнейдердің деректеріне сүйене отырып, күріш жөнінде Кытайдың көне әдебиетінде бұл дақылдың жалпы егіншілік басталғаннан бері қолданыста болғанын айтады. А. Декандоль Қытай колжазбаларынан үзінді келтіре отырып, күрішті біздің заманымыздан 2800 жыл бұрын еге бастаған дейді.

Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвисти-калық мәліметтерге қарағанда, күріштің жабайы түрлерін мәдени түрге айнаддыру бұдан 20 мың жыл және одан да бұрын Солтүстік Үндіқытайда жүзеге аскан. Үндіқытайдан күріш Кытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдеріне тарап, егіле бастаған. Үндістанның бастысында да күрішті екпе түрге айналдыру осы тұста жүзеге аса бастаған.

Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған күріш үлгілеріне карап, вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдеінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Н.И. Вавилов өсімдіктердің мәдени және екпе дақыл түріне айналған жерлердің 8 орталығын анықтаған. Оның ішінде күріш екінші Үңдістан аймағынан, бұған Бирма және Ассам қосылады.

Г.Г. Гущиннің пікірінше, күріш Гималай тауының оңтүстік-шығыс беткейі етегіндегі жауын-шашыны мол жерлерден шыққан, ал Р.Ю. Рожевиц күріштің шыққан жері Үндістан, Үндіқытай немесе Қытай деп есептейді. Алайда П.С. Ерыгин физиологиялық қасиеті және анатомиялық құрылымы бойынша күріш — гигрофиттік өсімдік, ал оның кұрғақта өсетін кейбір түрлерінің, суда өсетін түрлерінен шыққан экологиялық топ екенін дәлелдеді. Тарихи, лингвистикалық, археологиялық және фольклорлық мәліметтерді жинап тұжырымдау аркылы Дао Тхе Туан күріштің шыққан жері Онтүстік-Шығыс Азия деп есептейді.

Орта Азиядағы күріш туралы алғашқы жазба мәлімет грек Страбонның (б.з.д. 1 ғасыр) «География» атты трактатында келтірілген. Бұл аймақта муссондық климатта ғана кездесетін көп мөлшердегі жауын-шашынның болмауына байланысты күріш егісі тек суармалы жағдайда ғана егілуі мүмкін. Аталған зерттеушілер күріш егуге кажетті ирригациялық құрылыстар тек құл иеленуші заманда ғана мүмкін болған деп топшылайды. Өйткені бұл кұрылыстарды салу өте көп қол күшін қажет еткен. Ал Орта Азия аумағында құл иеленуші мемлекеттер б.з.д. VII-ғасырда пайда болды. Оларға Бак-трия, Хорезм, Соғдия және Парфия, яғни қазіргі Ауғанстан, Тәжік-стан, Өзбекстан, Түркменстан және Иран мемлекеттері аумағының бөліктері жатады. Сондыктан Орта Азия аймағыңда б.з.б. VII ғасырдан бұрын күріш өсіру мүмкін емес деп есептейді.

Археологиялық және жазба деректерге қарағанда, Үндістан мен Орта Азия арасындағы байланыс б.з.д. III ғасырдан, ал Кытаймен -б.з.д. II ғасырдан, Ужан Цзян сапарынан кейін «Жібек жолы» қа-лыптасқан кезден бастап орнаған. Орта Азияға күріш Гиндукуш және Бактрия (Ауғанстаи) арқылы келген.

Кытаймен байланыс орнағанға дейін: күріш түрлері Үндістаннан әкелінген. Майда дәнді, ортаға төзімді мұндай күріш түрлері кон-тинеталды ауа райы жағдайына бейімделіп өскен. Осы түрлерден майда дәнді, жартылай қатты қылтықты ортаазиялық күріш түрлері пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы I ғасырдан бастап Қытаймен сауда байланысы орныққаннан кейін, ерте пісетін сорт-тар әкелінген Орта Азия жағдайында бұл сорттарда катты қылшық пайда болып, масақтар көлемі үлкейген. Осы күріш түрлері арасы-нан ірі дәңді ортаазиялық сорттар шыққан.

Қорыта айтқанда, Орта Азия аймағы күріш егіншілігің ең көне аймақтарының біріне жатады. Орта Азиядан күріш басқа аймақтарға, оның ішінде Сыр өңіріне тараған. Казақстанда күріш егіншілігі негізінен Іле мен Қаратал өзендері алқабында (Ақдала мен Қаратал массивтері) және Сырдария өзені бойыңда (Кызылкұм массиві мен Қызылорда облысы) орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *