Құтыру ауруы

Құтыру — көне заманнан бері белгілі ауру. Ол туралы алғашқы деректер біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр жазбаларынан табылған. Цинке (1804), Грюнер мен Сальмон (1813), Бернд (1822), сондай-ақ Магенди бұл аурудың жануарлар (ит, құс, күйіс қайыратын мал) мен адамның сілекейі арқылы жұғатынын дәлелдеп берді. 1825 жылы Россин құтыру осы ауруға шалдыққан жануардың нерв ткані арқылы да жұғатынына назар аударады.

Құтыруға қарсы тұңғыш вакцина жасап, оны адамға еккен ұлы Пастер (1884) болатын. 1886 жылы Одессада И. И. Мечников пен Н. Ф. Гамалея Пастер станциясын ұйымдастырып, құтырған ит қапқан адамдарды сол вакциңамен еге бастады. 1887 жылы В. Бабеш құтырған жануарлардың ми клеткаларында ерекше заттар түзілетінін анықтады, ал 1903 жылы А. Негри бұл заттардың ауруды анықтауда үлкен мәні бар екеніне жұртшылық назарын аударды. 1950 жылдан бері олар Бабеш-Негри денешіктері (түйіршіктері) деп аталады.

1908 жылы Ферми үй қоянының вирусы жайлаған миынан глицерин аралас фенолвакцина жасап шығарды. Құтыруға қарсы сандаған вакциналар жасалды. Бұл абыройлы жұмысқа біздің еліміздің, сондай-ақ шет ел ғалымдары ат салысты. Бірақ, амал қанша, әрбір вакцинаның өзіне тән кемістіктері бар: вакцина еккеннен кейін иммунитет кеш (2-4 аптадан кейін) қалыптасады, кейде асқыну белгілері пайда болады. Сондықтан кейбір ғалымдар құтырған жануарды, мәселен итті, алдын ала арнаулы сывороткамен егіп, аурудан аман алып қалуға тырысады.

Көптеген ғалымдар бір мезгілде сыворотка мен вакцинаны қатар қолданады. Бұл тиімді болып шықты. Соғыстан кейін Люксембург пен Голландияда, Югославияда, ФРГ мен ГДР-де тағы да індет шыға бастады. Қазіргі кезде де құтыру ауру жоқ жаңа аймақтар мен елдерде жайылып барады. Бүгінгі таңда ол дүние жүзіне тегіс жайылған. Ауру тек Австралия мең Гавай аралдарында ғана жоқ. Ол тіпті «ақ түлкі мен иттің тағылануы», «тағылану», «солтүстік құтыруы» деген аттармен Арктикадағы аралдарда да кездеседі.

СССР бойынша ауру РСФСР мен Қазақ ССР-інде жиірек кездеседі. Оған түлкі, қарсақ, жәнет, ал кейбір аймақтарда қасқыр, шүйе бөрі шалдығады. Бұларға құтыру тышқан тәрізді кемірушілер арқылы тарауы мүмкін. Ол әсіресе Еділ, Жайық, Іле, Сырдария, Амудария өзендері алқаптарында, сондай-ақ Балқаш өңірінде жиі кездеседі. Осыған орай құтыруды трансмиссивтік аурулар қатарына жатқызуға болады.

Ауруға әр елде, әр континентте әр түрлі жануарлар шалдығады. Оны тасымалдаушылардың түрлері де әр турлі. Мәселен, Үндістанда бұл ауруға түлкі, қорқау тәрізді ит, шүйе бөрі, мангуст және күзен, Иранда — асқыр, АҚШ-та түлкі, аққұлақ, сусар, Нигерияда — алатышқан, Заполярьеде — лемминг шалдығады. Оңтүстік Амсрика, әсіресе Бразилияда аурудың негізге тасымалдаушысы қан сорғыш вампир, АҚШ пен Югославияда — насеком қоректі жарқанат. Мал түліктерінің ішінде құтыруға ең бейімі — ірі қара, одан кейін қой, жылқы, ит, шошқа т. б.

Патогенез. Ауру әдетте малдың сілекейі арқылы тістеген кезде жұғады. Бұл тұрғыдан алғанда, әсіресе қасқырдың тістеуі өте қауіпті. Сондай-аіқ вирус мал денесіне ауыз бен көздің кілегейлі қабықтары, сәл ғана зақымданған тері арқылы енуі мүмікін. Тышқан мен түлкі құтырып өлген малдың өлексесін жеген сәтте ауруға шалдығады. Ауруға шалдыққан мал ауру белгілері білінуіне 8 -10 сағат қалғанда сілекеймен, кейде сүтімен бірге сыртқа вирус шығарып тұрады.

Мал денесіне енісімен құтыру вирусы нерв тканін жайлап алады да, оны зақымдайды. Одан әрі нерв талшықтарын бойлай жылжи отырып, вирус орталық нерв жүйесіне, айталық миға барып, жетеді де, мұнда көбейіп, нервтер арқылы барлық органдар мен тканьдерге, сілекей бездеріне тарайды.

Вирус мал денесіне нерв талшықтары арқылы ғана емес, сондай-ақ сөл және қан тамырлары арқылы да тарайды. Бұған дәлел — құтырып өлген малдың құрсағындағы төлден вирус табылған. Клеткада вирус өніпөсіп көбейеді де, сол клетканы ыдыратып, босап шығады да, осы арадағы басқа сау клеткаға енеді. Клеткалар жаігпай зақымданса, тыныс органдары мен жүрегі параличке ұшырап мал өледі. Кейде індет одан әрі дамымай, күрт үзіледі де, мал әсіресе ит сауығып кетеді. Мұның себебі — денедегі ауруға төтеп беретін қорғаныс күштер жеңіп, иммунитет қалыптасады. Құтырған малдың нерв тканіне жайылған нейтротоксин сау малға еккен кезде оны құтырта алады. Мұның механизмі әлі толық анықталған жоқ.

Ауру белгілері. Астыртын кезең әдетте 3 апта, кейде 3 айға созылады. Өте сирек кездесетін жағдайда бұл кезең 3 күнге, тіпті 3 жылға созылуы мүмкін. Әрине мұны лабораториялық жолмен байқауға болады. Құтыру ірі қарада елірме және паралич түрінде өтеді. Еліріп құтыру орта есеппен жалпы құтырудың 15-30 процентіне тең. Ауру мал бастапқы кезде еліріп, алға қарай ұмтылады, кез келген нәрсені, мәселен, шөмеледегі шөпті, мүйізімен іліп, алып жан-жағына шашады, қорадағы қоршауларды мүйіздеп бұзады, маңайына жолаған ит пен мысыққа тап береді, оларды сүзеді. Әлсін-әлсін басын шалқайтып бар дауысымен қатты өкіреді. Өкірген сәтте мал кенеттен жалп етіп құлап, аяқтарын тырбаңдатады, кенеттен бұрынғы қалпына келуі мүмкін. Аузынан сілекей шұбырып, ауру мал терлейді, әлсін-әлсін зәр шығарады, осы уақытта оның жыныстық шабыты артады. Сиырдан сүт шықпай қалады, бірақ ол аздап жем жеп, су ішеді. Кейде оның көпке дейін тәбеті қашпайды. Кейде мал аурудың алғашқы сатысында-ақ жемнен бас тартып, су ішпей қояды.

Еліріп, айналасындағы жануарларға тап бергеннен кейін мал көбінесе қатты күйзеліп, тырысып-бүрісіп қалады. Ақырында әбден әлсіреп бір бүйіріне жатып алады, айналасында не болып жатқанын сезбейді. Аяқтарын делбеңдетіп жер соғады. Арандай ашылған аузынан тілі салақтап шығып, сілекей шұбырады. Аурудың бұл сатысы әдетте екі күнге созылады. Құтырған ірі қара көбінесе параличке ұшырайды: алдымен. артқы аяқтары, кейін алдыңғы аяқтары сал болады. Оның сырт белгілері 5 — 7 күн-бойы айқын білінеді.

Өлекседегі өзгерістер. Әсіресе құтырған иттің өлексесі жете зерттелген. Сондықтан сөз алдымен сол туралы. Өлексе тым арық, бас пен мойын, алқым тұстары, алдыңғы аяқтар сілекеймен шыланған. Қасыну, еліріп кез келген нәрсеге соғылуы салдарынан терінің көп жері жарақаттанған. Ауыздың ішкі беті қызарған, бірқатар жері ойылып уытты жараға айналған. Шел мен бұлшық ет едәуір құрғаған.

Ішкі органдар қызарып, қанталаған, олардың ұлпасы азғынданған. Қарын бос, оның ішінде ештеңе жоқ (бұл осы ауруға тән белгі). Кейде қарынның ішінен төсеніш, шүберек қалдығы, ағаш жоңқасы, тас т. б. бөгде заттар табылады. Қарынның кілегейлі қабығы қызарып, қабынған, оған қан құйылган. Мидың сыртқы қабығы керіліп, тырсылдап тұрады. Ми қыртыстары тегістелген. Тіліп жібергенде нерв тканінің қызғылт тартқаны, оның әр жеріне нүкте тәрізденіп қан құйылғаны байқалады. Ткань аздап жұмсарған. Ми қарыншаларына, жұлын каналына көп болып жалқаяқ жиналған. Қан тамырларына қан кернеген, олар быттиып тұрады. Жұлынның қабынуы да осыған ұқсайды, бірақ ондағы өзгерістер айқын емес, көмескілеу. Жалпы орталық нерв жүйесіндегі өзгерістер әдеттегі жіті қабынуға ұқсайды, құтыруға тән белгілер жоқ. Жоғарыда баяндалған өзгерістер ірі қараға да тән, бірақ оның жалбыршақ қарны мен тақия қарынында нығыздалып қатайған жем болады, бөгде заттар болмайды.

Гистологиялық зерттеу нәтижесінде мида іріңсіз энцефалит бар екенін білуге болады. Лейкоциттер мен лимфоциттер саны (әсіресе нерв тканінде) едәуір артады. Нейронофагия байқалады. Мида муфта тәрізді периваскулит, яғни «құтыру түйіндері» кездеседі. Кейбір нейрондардың цитоплазмасынан бір немесе бірнеше Бабеш-Негри денешіктері (түйіршіктері) табылады. Жеке түйіршіктің диаметрі 2—10, кейде 1 — 30 микрон. Түйіршік эозинмен қызғылт түске боялады. Ауруды анықтауда мұның үлкен мәні бар. Симпатикалық нерв түйіндері қатты өзгерген, көптеген нерв клеткалары ыдыраған. Шеткей нервтер, мәселен, сілекей бездеріндегі нервтер бірқатар өзгеріске үшыраған.

Ауруды анықтау. Құтыруды анықтау әдістері екіге бөлінеді. Бірінші әдіс ауру белгілері мен эпизоотологиялық деректерді, өлекседегі өзгерістерді жақсы білуге, сондай-ақ кейбір лабораториялық жануарларға ауру жүқтырып (тышқан, үй қояны), оларды биологиялық сынаудан өткізуге негізделген. Екінші әдіс иммундықлюменесценттік микроскопия (ИЛМ), агар геліне қойылған преципитация реакциясы (РП), бейтараптау реакциясы арқылы вирусты идентификациялау (рН) сияқты зерттеулерді қамтиды. Лабораториялық зерттеу нәтижесімен толықтырылса, бірінші әдіс ауруды анықтау ісіне жарай береді, алайда екінші әдіс анағұрлым дәлдсу.

ИЛМ — өте сезімтал әдіс. Оның дәлдігі люменесценттік бейтараптағыш заттардыц сапасына байланысты. Бұл әдістің мынадай кемшіліктері бар. Ауру салдарынан өзгерген ткань өздігінен жарқылдап, бұл індетке тән емес белгілер көрсетеді, оларды басып тастауға (жоюға) тура келеді. Тек бұзылмаған материал ғана зерттеуге жарайды. Бұл әдісті вакцинамеы егілген малға қолдануға болмайды: вакцина антигені зерттеу нәтижесін теріске шығарады.

РП әдісі Петри тостағанының түбіндегі жұқа агар пластинкасына қойылады. Алғашқы тәуліктің өзінде-ақ осы әдіспен мидағы өзгерістің 90 процентін табуға болады. Зерттелетін ми шіріп кетсе де, реакция нәтижесіпе нүқсан келмейді, бірден преципитация реакциясы арқылы (РП) құтыруды анықтау мүмкін болмаса, ауру жұқтырып, оны биологиялық сыннан өткізу қажет. Егер тышқан өлсе, оның миын РП әдісімен зерттеу керек. Зерттеу нәтижесі ауруды анықтауға толық мүмкіндік береді.

рН әдісі бірнеше вирустың өзара ұқсастығын айыру үшін қолданылады. Оның мәні мынада: тканьнен алынған вирус суспензиясына әр мөлшерде құтыру кезінде пайда болатын бейтараптағыш заттар (денелер) қосады да, осы қоспаны тышқан денесіне енгізеді. Дәл осы кезде баоқа бір тышқанға эталонды штаммен ауру жүқтырады. Егер суспензиядағы вирус қүтыру ауруының қоздырғышы болса, тышқан денесіне қатар енгізілген бейтараптағыш заттар оның уытын қайтарады да, тышқан сау қалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *