Загрузка...

Төменде БҰҰ ұсынған (1995 ж.) тұрақты дамудың әлеуметтік ұйғарымдарын құрайтын әлеуметтік-саяси принциптер, мақсаттар мен құралдар келтірілген.

1) Біздің қоғамымыздың жұмыс істеуі мен әл-ауқатын анықтайтын шешімдерді құруға және іске асыруға азаматтық қоғамның кең түрде қатысуы.

2) Демографиялық мақсаттарға жетуге, халық өмірінің сапасын арттыруға септігін тигізетін және тұрақты даму мен кедейшілікті жою қарқынын тездететін экономикалық стратегиялар мен даму стратегияларына демографиялық мәселелердің ықпалдастығы, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсу мен тұрақты дамудың кең ауқымды үлгілері.

3) Әлеуметтік топтар мен елдер арасындағы өсуге себеп болған пайдаларды әділ және кемсітусіз бөлісу және кедейшілікте өмір сүріп жатқан адамдар үшін өнімді ресурстарға қолжетімділікті кеңейту.

4) Тиімді және әлеуметтік дамуға септігін тигізетін нарықтық күштердің өзара әрекеттесуі.

5) Әлеуметтік антогонизмге алып келетін факторларды еңсеруге бағытталған мемлекеттік саясат және плюрализм мен көптүрлілікті құрметтеу.

6) Демократия, даму мен адамның барлық құқықтары және негізгі бостандықтар арасындағы байланыстарды өзара нығайтуға септігін  тигізетін   қолайлы,   тұрақты   саяси   және   құқықтық құрылым.

7)  Діни және мәдени көптүрлілікті қоса алғанда, плюрализм мен көптүрлілік принциптерін сақтау мен оқшаулануды болдырмаумен сипатталатын саяси және әлеуметтік үдерістер.

8)  Әлеуметтік даму мүддесінде және жоғары деңгейде өткен Халықаралық кездесу және түрғын халық пен даму, сонымен қатар қауым мен азаматтық қоғамның рөлі бойынша Халықаралық конференцияда жария етілген үстанымдарға, мақсаттар мен міндеттемелерге сәйкес отбасының рөлін нығайту.

9)  Білімдерге, технологияға, білім беруге, медициналық қызмет пен ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту.

10) Барлық деңгейлерде тілектестікті,  серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту. 11) Адамдарға  салауатты  жэне   өнімді   өмір  үшін  мүмкіндіктер

тудыратын мемлекеттік саясат. 12) Адамдарға бағытталған тұрақты даму үйғарымында қоршаған

табиғи ортаны қорғау мен сақтау. Халықаралық тәжірибеде түрақты дамудың  әлеуметтік мәселелерінің төмендегі индикаторлары қабылданған:

  1. Табыстар тецсіздігінің индексі Джини (Оіпі) индексі немесе табыстарды шоғырландыру индексі қоғамда табыстарды бөлісудің біркелкі еместігінің дәрежесін көрсетеді, олардың біркелкі бөлінуінің теориялық сызығынан халықтың сан жағынан тең топтары бойынша табыстарды нақты бөлуден ауытқушылықты анықтайды.
  2. Қорлар коэффициенті қоғамдық жіктелу дэрежесін сипаттайды және ең жоғары табысы бар халықтың 10%-і мен ен; төмен табысы бар халықтың 10%-інің ақшалай табыстарының орташа деңгейлері арасындағы арақатынас ретінде анықталады.
  3. Халың өсуінің қарқыны — белгілі бір кезең ішінде халық саны өзгеруінің жыл сайынғы орташа деңгейі.
  4. Коші-ңонныц таза децгейі халықтың орташа санына белгілі бір кезең ішінде белгілі бір аумақта иммигранттар мен эмигранттар саны айырмасының қатынасы.
  5. Халықтың тығыздығы белгілі бір аумақтың ауданына бөлінген елдің немесе аумақтың барлық халқы (шаршы шақырымға шаққандағы адам санымен белгіленеді).
  6. Ересектердің сауаттылық деңгейі 15 жас және одан жоғары жастағы сауатты ересек халықтың бөлігі.
  7. Білім беруге жұмсалған жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) — ЖІӨ бөлігі ретінде белгіленіп, білім беруге жұмсалған шығындар (%).
  8. Туу кезіне күтілетін өмір ұзақтығы — берілген кезеңге нәрестенің өлімнің табиғи жасына дейін өмір сүруі қажет орташа жылдар саны.
  9. Нәрестенің қалыпты салмағы жаңа туған балалардың 2500 граммға тең немесе одан 1000 граммға артық салмағы ретінде анықталады.
  10. Бала өлімінің деңгейі — сол кезеңде тірі туған 1000 баланың ішінен 1 жасқа дейінгі өлгендерінің саны.
  11. Ана өлімінің деңгейі 1000, 10 000 немесе 100 000 тірі туған балаға шаққандағы қайтыс болған аналардың саны.
  12. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатысты денсаулық сақтауға жұмсалған жалпы ұлттық шығындар — қоғамдық және жеке шығындарды қоса алғанда, денсаулық сақтау қажеттіліктеріне бағытталған ЖІӨ үлесі (%).
  13. Бір адамға шаққандағы орташа тұрғын аудан — пәтердегі немесе үйдегі адам пайдаланатын тіршілікке қажетті кеңістіктің орташа саны (шаршы метр).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *