Тұрақты дамуға жетудің сөзсіз талаптарының бірі — кедейшілікті жою, өмір деңгейіндегі айырманың азаюы және әлем халқының көбінің қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз ету болып табылады. 1960 жылы элемнің ең бай адамдарының 20%-і ең кедейлердің табысының 20%-інен 30 есе асатын табысқа ие болған. Бүгінгі күні бұл сан 82 есеге дейін артып отыр. 7 млрд халықтың тек 500 млн адамы молшылықта өмір сүреді, ал сол уақытта қалған 6,5 млрд адам ең қажеттіге мұқтаж. Әлемде жұмыспен қамту толық емес, ол шамамен 1 млрд адамды қамтиды. Олардың көбі әлемнің ең кедей елдерінде өмір сүреді. Өз азаматтарына қамқор болатын мемлекет адамдардың ұзақ, қауіпсіз, дені сау және ауқатты өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасауы қажет.

Кедейшілік — бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс, онда халықтың белгілі бір топтары конституциялық түрде бекітілген құқықтар мен бостандықтар шегінде қоғам өміріне толық ауқымда қатысу мүмкіндігінен айырылған, өмірге деген құқығын іске асыруға байланысты бірінші қатардағы физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиыншылықтарға тап болады. Кедейшілік тек халық өмірінің төмен деңгейінің мэселесі ғана емес, сонымен қатар қоғам тіршілігінің барлық салаларындағы дағдарыстың салдары бола тұра, ол, өз кезегінде, қылмыстың өсуі, ертеңгі күнге сенбеушіліктен болатын бала туудың төмендеуі, өлім деңгейінің өсуі, адам денсаулығы және басқа да қоғамның әлеуметтік түрақтылығына қауіп-қатер төндіретін қүбылыстары сияқты мәселелерді тудырады.

Кедейшілікпен күресмемлекеттер жүргізетін әлеуметтік саясаттың басымдыққа ие мақсаттарының бірі. Елдер үкіметтері қала мен ауыл түрғындарының табыстарын теңестіру бойынша іс-шаралар қабылдаса, ауылшаруашылық реформалары жүргізілуде, жүмыспен қамту және жүмыс орындарын құру бағдарламасы, ауыл инфрақұрылымын дамыту іске асырылуда, шағын және орта бизнесті тез дамыту үшін жағдайлар құрылуда және басқалары орындалып жатыр. Қазіргі күні көптеген елдердегі басымдық — жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар төлеу. Басқа басымдық — еңбекпен қамтылуға көмектесу, жұмыс іздеуге ынталандыру қажет. Экономиканы түрлендіру барысында пайдалы болып саналатын жұмыспен қамту саясаты саласында белсенді іс-шаралар қабылдануы қажет.

XX ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанда ырықтандыру реформаларын жүргізудің нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымының түрленуі орын алды, терең әлеуметтік шекаралар қалыптасты. Бұрын кедейшілік шегінде өмір сүргендер ғана емес, сонымен қатар осы уақытқа дейінгі орта табысты, жұмыс істейтін, жұмысқа қабілетті, әлауқаты жеткілікті халықтың үлкен бөлігі де қиын жағдайға тап болды.

Қазіргі кезде отбасылардың әл-ауқатына жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің жоғары тарифтері, өмір құнына сәйкес келмейтін еңбекақының төмен деңгейі теріс әсерін тигізеді. Мұндай жағдайларда балалардың сапалы әлеуметтенуі, олардың әлеуетті мүмкіндіктерінің іске асуы, олардың рухани және ақыл-ой дамуы мүмкін болмайды. Сөйтіп, кедейшілік — қазіргі заман әлемінің түрацты дамуга нақты қауіп-қатер тудыратын, күн тәртібінде тұрған және күрделі мәселелерінің бірі.

Қазақстандағы кедейшілік деңгейінің ресми көрсеткіші — бүл табысы өмір сүру деңгейінің ең төменгі шегіндегі халықтың үлесі. Өмір сүру деңгейінің ең төменгі шегі — мөлшері бойынша ең аз тұтыну қоржынының құнына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең аз тұтыну қоржыны заттай және құн түріндегі адамның тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түліктер, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік қоржыны мен азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге белгіленген інығындар бөлігінен тұрады. 2011 жылы өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшері 15 938 теңгені құрады, ал кедейшілік шегі 6375 теңгеге тең болады. Кедейшілік шегінде өмір сүретін халықтың үлесі 7% құрады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауында әлеуметтік саясат мәселелері басты орынды иеленіп, әрі маңызы бойынша үкіметтің болашақтағы және ағымдағы әлеуметтік саясаты үшін мақсат көздейтін болып саналады. Тұрақты өсу мен әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың нәтижесінде Қазақстандағы кедейшіліктің деңгейі соңғы 10 жылда 4 есе төмендеген. 2011 жылғы мамырдағы бағалау бойынша, халықтың жан басына шаққандағы орташа нақты ақшалай табысы 43316 теңгені құрады, орта айлық жалақы — 84116 теңге. Жұмыссыздардың саны 461,2 мың адамды немесе халықтың экономикалық белсенді санының 5,3%-ін құрады.

Қазақстанда, қорлардың коэффициенті көрсеткіші бойынша, өтпелі кезеңнің басына дейін халықтың ең бай 10%-і мен ең кедей 10%-і арасындағы ақшалай табысында төрт есе айырмашылық байқалған. 1998 жылы бұл айырмашылық он есе мөлшерден асқан (11,3 есе). Халықтың ең бай бөлігінің он проценті 27% табыс алған, ал сол уақытта халықтың ең кедей 10%-і тек 2,3% табыс алған. Аймақтардағы кедейшіліктің ең үлкен саралауы байқалады және ол соңғы жылдары тек өсуде. Қала мен ауылдағы кедейшіліктің таралу ауқымындағы айырмашылықтары айтарлықтай. Қалалық және ауылдық жерлердегі кедейшілік арасындағы айырмашылық 2,7 есені құрайды.

Халықтың бұл топтарын әлеуметтік қорғауда шешуші мәнге ақшалай және заттай жәрдемақылардың дамыған жүйесі ие. Мұндай жүйе нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде бар және оның дамуының көптеген теріс салдарларын жұмсартатын маңызды әлеуметтік амортизатор ретінде қызмет етеді. 11 жыл ішінде республикадағы зейнетақылардың орташа мөлшері 8 есе өскен.

Кедейшілік — көпқырды әлеуметтік құбылыс. Адамдар тек өздерінің азық-түліктегі, киім-кешек пен баспанадағы қажеттіліктерін қанағаттандырумен ғана шектелмеуге тиіс. Олардың денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет, қоғамдық өмірге қатысудың негізгі қызметтеріне қолы жетуі керек. Сондықтан да кедейшіліктің алдын алу бойынша шаралар жан-жақты сипатқа ие болуы және адам әлеуетінің дамуына бағытталуы керек.

Қазақстанда Елбасы жаңа еңбек доктринасын жариялаған, оның негізінде жалпылама жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жатыр. «Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары қабылданған, олар халықтың жұмыспен толық қамтылуына, кіші және орта бизнестің дамуына және сол арқылы кедейшілік деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *