Мәдениет динамикасы

Сонау тастан жасалған балтадан бастап қазіргі заманның компьютеріне дейінгі, жабайы адамдық табынан құқықтық мемлекетке дейінгі адамзат өткен жол мәдениеттің өзгерістерге және құбылмалыққа толы екендігіне куә. Алайда әр түрлі халықтардың мәдениеттерінің өзгерістері әртүрлі қарқындылықпен өтіп және әр түрлі нәтижелерді береді. Мысалы, жылдам даму үстіндегі еуропалық өркениетпен қатар жүздеген тіптен мыңдаған жылдар бойында Азия, Африка және Австралия халықтарының мәдениеті ешбір өзгеріссіз қатар өмір сүруде. Барлық мәдениеттану теориялары және мектептері мәдениеттің осы өзгерістеріне өзіндік түсініктерін беруде.

Осы бағыттағы алғашқы талпыныстарды біз мифтерден көре аламыз. Өйткені мифтердегі мүндай түсініктердің негізінде табиғат пен адамның бірлігі туралы түсініктер жатыр және де әлемдегі барлық құбылыстар мен процестер адами сезімдер мен көз алдына елестетулері және мінез-құлықтары арқылы түсіндірілді. Осы тектес жағдайларды көне грек мифтерінен табуға болады, онда қоғамдық адамның өміріндегі барлық оқиғалар құдайлардың қалауымен және тілектерімен байланыстырылды. Дүниежүзіліктер діндер — христиандық, ислам, буддизм — әлемдегі болып жатырған барлық өзгерістерді кұдіретті Құдайдың еркіне жатқызды.

Мәдениет өзгертерінің рационалды себептерін іздеуді философияда қарастырылған болатын. Онда бұл себептерді әлем мен қоғамның ішкі даму заңдылықтарынан және осы заңдылықтарды өз мақсаттарында қолданатын адамдардың қарекетінен тапты. Мәдениет динамикасы туралы ғылыми түсініктер XIX ғ. эволюционизмінің төңірегінде пайда болды. Алайда ол уақыттары «динамика» терминінің өзі қолданысқа енбеген. Ғалымдар дамудың барысын абсолюттендіріп мәдениеттегі қозғалыс қарапайымнан күрделіге ұласады деп есептеді.

Қазіргі уақыттары мәдениеттегі даму деп мәдениеттің ішіндегі кез-келген трансформациялық өзгерістерді айтатын болды. Оларға реттелгендік, қарқындылық, тұрақтылық немесе дағдарыстарды туындататын реттелмегендік, баяулық, тұрақсыздық жатады.

Мәдениет динамикасы туралы түсініктер, оның өзгерістері және дамуы, саяси және шаруашылық циклдерін, өнердің, ғылымның, күнделікті өмірдің динамикалык бірқалыптылығын бақылаумен негізделеді.

XX ғасырдан бастап мәдениеттің сипаттары және ондағы өзгерістердің бағыттылығы туралы түсініктердің кеңейтілген түрлері пайда болды. Қазір өзгерістер деп тек қана дамуды қарастырмайды сонымен қатар мәдениеттің ішіндегі кез келген трансформациялануды айтады. Оларға дағдарыстар, көнеге оралуды, толығынан жойылуды және басқалар жатады. Сонымен қатар мәдениеттің реттелген және тәртіпке салынбаған, қарқынды және әлсіз, тұрақты және тұрақсыз, дамуға немесе дағдарысты сипаттарын туындататын жылжымалығы және мәдениет түрлерінің трансформациялануы туралы айтыла басталды

Бүгіндері мәдениет динамикасы деп тек қана дамуды емес сонымен қатар мәдениеттегі кез-келген өзгерісті, оның құрамдас бөліктерін, белгілі бір бөліктерін, белгілі бір күй-жағдайларды туындататын кезеңдер ретінде түсініледі. Сонымен даму және өзгеру мәдениет динамикасы түрлерінің бірі ретінде қалыптасты.

Мәдениет динамикасының — типтері және түрі, ондағы өзгерістердің үлгілері (модельі), детерминанттары және мәдениет динамикасының механизмдері бірте-бірте ұзақ зерттеулердің нәтижесінде бір топ мәселелер анықтала басталды. мәдениет динамикасының моделі мәдениетке сырттай қарауға мүмкіндік туғызады.

Мәдениет динамикасының модельдері (үлгілері). Мәдениет динамикасы  оның  оралымдық циклі,  өзгерістері — саяси және шаруашылық циклдерінің (кезеңдерін) дамуына және өнердегі, ғылымдағы, күнделікті өмірдегі динамикалық ырғақтары туралы түсініктері бақылауға және зерттеуге негізделеді. Мәдениет динамикасын бағалауда жеке адамның тіршілік циклдері де әжептәуір мағынаға ие бола алады.

Зерттеушілер өздерінің байқауларының нәтижесінде, тарихтағы және мәдениеттегі өзгерістер тізбекті сатылардың бекітілуіне немесе күй-жағдайларға ие болады деген тұжырымға келді. Орнын басушылық және мәдениеттегі өзгерістер екі түрде бар бола алады. Біріншіден, эволюциялық үдеріс түрінде, мәдениет жүйелерінің күрделі ұйымдасқан деңгейінің жоғарылауының қайтымсыз мәнінен түзеледі. Екіншіден, қайталанып отыратын білгілі бір фазалардың немесе күй-жағдайлардың тізбегін ұсынатын уақытша шеңбер түріндегі (циклдік). Дүниежүзілік тарих және мәдениеттердің нақты дамуын көрсететін бұл екі «таза» түрден өзге мәдениет динамикасының тағы да басқа бірнеше үлгілері бар.

Циклдік үлгі (модель). Мәдениет динамикасы туралы алғашқы тарихи түсініктер уақытша шеңбер түрінде (циклдік), сонау ертедегі әлемде Қытайда, Үндіде, ежелгі Грекияда әлемнің мифологиялық үлгілерінің шеңберінде пайда болды. Олар оқиғалардың мәңгі айналыста болатындығын және өздерінің қайнар көздеріне мәңгі қайтып отыратындығы жайлы ойларға негізделді, сонымен қатар, табиғаттағы және мәдениеттегі құбылыстардың оқтын-оқтын қайталанып отыратындығына сенді.

Мәдениет динамикасының циклдік үлгісін алғаш рет жүйеге келтірген Гесиод және басқа да антикалық ойшылдарға жатады. Оның көзқарастары бойынша адамзаттың жалпы тарихи уақыттардағы қозғалыстың мәңгілігі ретінде төрт дәуірге бөлінеді — алтын, күміс, мыс және темір ғасыры болып. Әрбір дәуір мәдениеті өзіне тән күй-жағдайлармен сипатталады. Тарихтың мәні — тұрақты түрде қайталану, нақтылы қоғамның ерекшеліктеріне тәуелді болмай жалпы заңдарды жаңғырту. Өз дамуында қоғам алтын ғасырдан неғұрам алысырақ кетсе, бастапқы идеалды үлгі — архетиптен ауытқуы соғұрам күштірек болады. Сондықтан да, адам мәні негізінде өзгермейді деп есептелінді, дәл осы ауытқулар мәдениеттің төрт кезеңдерінің әрбірін анықтады. Ол уақыттары мәдениет моралдық нормалардың, биліктің сипатын мінез-құлық, ұрпақтар байланысы, мәдениет құндылықтарын меңгеру тәсілдерінің жиынтығы ретінде түсінілді. Алтын ғасырда адам құдайларға теңелді, әлемде махаббат, теңдік төрелік етті, ұрпақтар арасында тығыз байланыстар болды, еңбек етудің қажеттілігі болмады, өйткені өмір сүруге қажетті заттардың барлығы тікелей табиғаттың өзінен алынды, қажет десе білімді де сол табиғаттан алды. Темір ғасырға жақындағанда адамдар толық естен шыққан моралдық ұстанымдарға, барлықтарының барлықтарға қарсы соғысына келді, ұрпақтардың байланыстары жоғалтылды, табиғатпен үйлесімдік жойылды.

Дамудың ақырғы кезеңі мәдениеттің дағдарысына әкелді, әдетте адамға қарсы табиғаттың бүлігімен байланысты. Дағдарысты тұтас күйінде тек қана негативтік құбылыспен байланыстыруға болмайды, өйткені ол мәдениетті ақырғы күйреуіне әкелмейді, ол оны әуелгі нүктесіне қайтарады. Бір нүктеде өткен мен келешек түйіседі, олар бір бірінің инварианттары болып қалады. Бұндай циклдер шексіз қайталанды, міне мәңгі қайталанудың және өткенді дәріптеушіліктің мәні осында.

Инверсия. Мәдениет динамикасының циклдік үлгісінің бір түрі инверсия болып табылады, онда өзгерістер шеңбер түріндегі айналыста болмайды, маятниктің тербелісі сияқты мәдениеттің бір мағыналарынан екінші бір полюсына ауысып тұрады. Осы тектес қайта ауысулар, егер мәдениеттің берік ядросы немесе құрылымы құралып шықпаған жағдайда пайда болады. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық қаншалықты аз дәрежеде болса соншалықты оның құрамдас бөліктерінің арақатынасы әлсіз болады және соншалықты оның рухани немесе саяси өміріндегі бетбұрыстар пәрменді болады: адамгершіліктің қатал талаптарынан бастап моралдық бейбастақтықа дейін, үнсіз көнгіштіктен аяусыз бүлікке дейін.

Қарама-қайшылықтардың элементтері мәдениеттің дамуының әр түрлі деңгейлеріне қатысты. Мифологиялық санада бұл қарама-қайшылықтар бақталастық жағдайындағы екі әртүрлі бағыттар тұрғысында түсініледі (күн — түн, өмір — өлім, жақсылық — жауыздық және т.б.), ал олардың алма-кезек инверсиясы тек күй-жағдайлардың уақытша алмасуын білдіреді. Қытай мәдениетінің мұраларында өмірдің екі қарама-қарсы бастауларын инь және ян деп атайды, олардың тіркесімдерінің алмасуы тіршілік жағдайларының барлығын анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *