Ұма (scrotum) пердемен екі қуысқа бөлінген, оларда сағақтарымен қоса ендер және ұрықты әкететін жолдың бастапқы бөлігі болады,  осының өзінде ұманың сол бөлігі оң бөлігінен біраз төмен тұрады. Ұманың терісі созылмалы, жүқа, жылтыр келеді. Үманың ішперденің алдыңғы қабырғасының редукцияланған бөлігі екенін ескеріп, онда 7 қабат бар делінеді: 1) тері (derma); 2) етті қабық (tunica dartos);3) қарыннын беткі шандыр қабығының жалғасы — fascia, spermatica exsterna; 4) fascia cremasterica; 5) m. cremaster; 6) fascia spermatica interna — келденең шандыр қабықтың жалғасы; 7) tunica vaginalis testis — еннің қынап қабығы.

Ен (testis) — жұп безді орган, мөлшері 4-5 см, ені 2-2,5 см, жуандығы 2,5-3 см. Екі қабығы — кынаптық және тығыз белок кабығы —  tunica albuginca — болады. Еннің артқы жиегін бойлай сағағы (epididіmis) орналасқан, оның басы, денесі және ұрықты әкететін жолға ұласатын кұйрығы болады.

Жатыр ішіндегі тіршіліктің 6 және 7-ші апталары арасында индифферентті жыныс гонадтары сараланады — ен дами бастайды — онын дамуымен жыныс жолдарының екі жүйесі байланысты: 1) мезонефральдық (вольфтық)  — алдыңғы бүйрек өзегі, одан әрі бастапқы бүйрек өзектері — мезонефроса; 2) парамезонефральдық (мюллерлік) — әйелдің жыныс аппаратының өзектері мезонефроспен қатар орналасқан. Белгілі бір уақыт бойында олар қатар бір уақытта болады. Жыныс безінде эпителиал ұрық клеткалары қалыптасады;

бұлар одан әріде мезонефростың қалған өзекшелерімен (еннің әкететін өзекшелері) қатынасы бар желіге (оларда сперматогониялар дамиды)

жіпшелер түрінде келіп қосылады. Еннің бұл әкетуші өзекшелері мезонефральдық өзекте ашылады, бұл өзек ен сағағының өзегі, одан әрі ұрық әкететін өзек, ал одан соң ұрық шашатын өзек болады. Еннің сағағы    мезонефростың    өзектерінен    түзіледі.    Мезонефрос өзекшелерінің көпшілігі редукцияланады да, парамезонефраль өзекшелері ретінде инволюцияға түседі. Эмбриогенездің 7-8-інші аптасында ендер жоғарғы бел омыртқалар деңгейінде орналасады, бұл арада оларды ішперде қатпарлары ұстап тұрады, нақ осы уақытта ішпердеден ұмаға баратын қынаптық өскін (оның ішкі қабаты) түзіледі. 3-інші айда ен мықынасты шұңқыршасына түседі. 7-ші айда шап каналының терең шеңбері қасында және тууға 1 ай қалғанда ұманың қуысында болады. Еннің ұмаға миграциясы негізінен енді ұстап тұратын және оның ішперде қуысынан шап каналы арқылы ұмаға

баратын жолында жолбасшы міндетін атқаратын өрмеге байланысты. Бұдан  әріде  қынаптық өскін  мен   енді  ұстап  тұратын  өрме редукцияланып, ішперде қуысымен байланыс тоқтайды тұратын және оның ішперде қуысынан шап каналы арқылы ұмаға баратын жолында жолбасшы міндетін атқаратын өрмеге байланысты. Бұдан әріде қынаптық өскін мен енді ұстап тұратын өрме редукцияланып, ішперде қуысымен байланыс тоқтайды.

Еннің артқы бетінде белок қабық қалыңдайды — «еннің орта қабырға аралығы» (гаймор денесі), одан радиар түрде testis ішіне тіндерді қосатын перделер тарап, оның бүкіл паренхимасын шамамен 200 үлесшеге бөледі. Әрбір үлесше 1-2 ирек өзекшеден (tunica seminiteri contorti) тұрады, бұлар еннің орта қабырға аралығына жақындап тік өзекшеге (tunica seminiteri recti) өтеді, бұлар гаймор денесі болып өсіп, ен торын түзеді (rete testis). Еннің орта кабырға аралығында 12—18 тік әкетуші өзекшелер (ductuli efferens testis) бастау алып, бұлар ен сағағының басына кіреді.

Ен мен сағақ қанмен а. testiculariс-тен, ішінара а. cremasteric-тен жабдықталады, веналық қанның кері ағысы plexus pampiniformis-ке барады.

Еннің лимфалық жүйесі белок қабық пен паренхиманың, гаймор денесінің лимфалық қылтамырлары торынан қалыптасады; олар ұрық бауының құрамындағы ірі лимфатамырларға бірігіп, қолқада, төменгі қуыс венада, мықын асты алдыңғы бетінде орналасқан аймақтық лимфатораптарға құяды.

Ен мен сағақтың иннервациясы plexus testicularis et plexus deferentialis есебінен болады,

Ұрық бауы (funiculus spermaticus) — ен сағағының басынан басталып шап каналының ішкі тесігіне барып бітетін, ұзындығы 15-20 см жұп орган. Ұрық бауының құрамына мыналар кіреді: 1) ductus defevens — ұрық әкететін өзек; 2) артериялар a. testicularis et a ductus deferentis; 3) веналар — plexus pampiniformis et v.v. testicularis et deferentialis; 4) лимфатамырлар — vasa limfatica; 5) жүйке өрімдері — plexsus testicularis et plexus deferentialis.

Жыныс мүшесі (penis) қанға толы екі меншікті кеуекті денеден (corpus spongiosum) және көптеген фиброздық-серпімді талшықтардан тұратын үрпінің үңгірлі денесінен құралады. Үңгірлі денелердің тығыз белок қабығы болады, олар ортақ шандырлы қабықпен қапталады — fascia penis. Үрпінің үңгірлі денесінің артқы шеті буылтық —bulbus penis түзеді, алдыңғы шеті мүшенің басы — glans penis болып бітеді.

Еркектің несеп шығару өзегі (uretra masculina) кілегей және бұлшық ет қабығынан тұратын ұзындығы 18—25 см тар түтікше болып келеді. Анатомиялық тұрғыдан үрпі простатикалық (pars prostatica), жарғақтық (pars membranacea) және үңгірлі (pars cavernosa) болып бөлінеді. Соңғысында буылтық бөлігі (pars bulbosa) және жыныс мүшесінің басының бөлігі сараланады.

Клиникалық тұрғыдан үрпіні алдыңғы (pars cavernosa) және артқы (pars membranacea et pars prostatica) деп бөледі. Үрпінің простатикалық бөлігі қуықалды безі арқылы өтеді (ұзындығы 3-4 см), оның артқы қабырғасында ұрықтық төмпешік болады, оның негізінде екі жақтан тұқым шашатын өзекше және қуықалды безінің әкетуші өзектерінің көптеген тесіктері ашылады. Үрпінің жарғақтық бөлігі (1,5-2 см) простатикалык беліктен үрпінің буылтығына дейінгі аралық (үрпінің үңгірлі денесінің артқы шетінің буылтығы), шетінің буылтығы).

Үрпінің үнгірлі бөлігі (14-15 см) — несеп-жыныс көкетінен оның сыртқы тесігіне дейін. Үрпінің үңгірлі бөлігінің буылтық бөлімінде бүйірлерінде купер бездерінің (ge Соореrіі) әкетуші өзекшелері (бұршақтың үлкендігіндей) орналасқан. Үрпінің кілегей қабығынын ұзына бойында бездің көптеген әкетуші өзекшелері арна болып ашылады de. uretrales (littrei). Үрпінің алдыңғы бөлігінде, бас өңірінде қайық бітімдес ойыс (fossa navicularis) болады. Осылайша үрпінің ені оның бүкіл ұзына бойында бірдей емес — тарылатын аралықтар бар: жарғақтық бөлік, оның ішкі және сыртқы тесігі алдында; кеңейетін аралықтар: кайық бітімдес ойыс өңірі, үрпінің үңгірлі денесінің буылтығы, үрпінін простатикалық бөлігі.

Үрпінің екі иілмесі бар — қасағалық жарғақтық бөліктің үңгірлі бөлікке өтетін түсында және — қасаға алды — фиксациялық бөлігінің козғалмалы (үрпінің салбыраңқы бөлігі) бөлігіне өтетін тұсында.

Қанмен жабдықталуы — a. pudenda interna тармақтарынан үңгірлі денелер a. dorsalis penis-тен көбіне жыныс мүшесінің қабықтары мен басының төңірегі қанмен жабдықталады; a. profunda penis et a. bulbi urethrae жалғаспалары бар. Жыныс мүшесінің веналары батыңқы (plexus venosus vesikalis-ке құяды) және беткі (v.saphena magna-ға құяды) веналар болып белінеді. Лимфа кері ағысы шап тораптарының ішкі тобына, ішінара сыртқы мықынасты тораптарына барады. Иннервация n. perinealis, n.dorsalis penis, plexus prostaticus арқылы болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *