Малды күтіп-бағу жүйесі адамдардың оларға жасайтын жағдайына (микроклимат, азық сапасы, азықтандыру режимі, орналастыруы) байланысты. Малдың биологиясы осы жағдайларға сәйкес болуы олардың денсаулығы мен өнімділігін  анықтайды.

Мал гигиенасының негіздері жалпы өндірістік дақылдардың, өткізетін өнімдердің сапасын арттыруға, шығатын өнімді көбейтуге және оның өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен, мал гигиенасының негіздері — мал саулығын сақтау, оны тиімді жүйелер арқылы бағу, өcipy, азықтандыру және дұрыс күту арқасында мал төзімділігін жоғарылатып, одан барынша мол, сапалы өнім алу туралы ғылым.

Гигиенаның негізгі мақсаты — малды бағып-күтудің, азықтандырудың, төл өсірудің , асыл тұқымды және жалпы тауарлық бағыттағы мал мүліктерін пайдаланудың нормалары мен ережелерін (тәртібін) анықтау. Негізгі назар қолда ұсталатын малға қора-жайлар салу үшін орын таңдауға аударылады. Сонымен қатар гигиена негіздері айналысатын мәселелер қатарына құрылыс сапасы, әр бас малға үлесті жер және ауа алмастыру көлемі, өндірісте механиканы пайдалану, малды орналастыру әдісі, серуендету, т.б. жатады.

Ауа ортасына, суға, топыраққа, азыққа және азықтандыруға, мал қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар

Малға арналған қора жағдайы микроклиматқа қойылатын зоогигиена талаптарына сай болуы керек. Мал шаруашылығындағы микроклимат деген түciнік қорадағы темпеатура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жарық, газдар құрамы, сонымен қатар қорадағы шаң мен микроорганизмдер және шу деңгейін анықтаумен байланысты. Микроклимат параметрін өлшеген уақытта қоралардың ecіктepi жабық, ал мал өз орындарында болғаны жөн.

Ең кepeктi байқау мезгілі: таңғы сағат 7 мен 8-дің, 14 пен 16-ның және 20 мен 22-нің аралығы. Ауа температурасы мал организмі жағдайының, әcipeсе жылу реттілігіне  қатысты сыртқы ортадағы физикалық факторлардың бірi әpi маңыздысы болып саналады. Малға ең жоғары және ең төмен температура да зиянды, өйткені олар организмде көптеген өзгерістер туғызады, яғни малдың өнімділігіне, азықтарды тиімді пайдалануға, аурулардың көбеюіне және малдың шығындалуына ықпалын тигізеді.

Ауа темпеатурасын қабырғадан 1 м қашықтықта және қора ортасынан  өлшейді. Өлшеуді еденнен жоғары 20 см-ден 120 см аралықта, малдың жасы мен түрiн ескере отырып өткізеді. Корадағы ауа темпеатурасы спирттік және электрлік термометрлермен өлшенеді.

Мал үшін ауа темпеатурасының нормативі мынадай (С): сиырлар мен 1 жастан асқан төлдер үшін — 8-12, 20 күндік бұзаулар үшін — 18-20°, 20 күннен 120 күндік бұзаулар үшін — 12-18°,  4-12 айлық жастағы төлдерге — 8-16 °, бордақылаудағы өгізшелер үшін — 8-12°, буаз мегежіндер мен бойдақ мегежіндер үшін — 14-20°, 20 күндік жасқа толмаған еметін торайлар үшін — 24-30°,  анасынан бөлінген торайлар — 22-24°,  бордақыдағы төлдер үшін – 16-19 0, қозылайтын қойлар қойлар – 10 -180 , 20 тәуліктен асқан қозысы бар қойлар үшін 4-10 0 , ересек құстар (тауықтар, үйректер, күркетауықтар, мысыртауықтар) 14-18 0 , аптаның алғашқы күндегі жас құстар үшін — 18-30 0.

Қорадағы ауаның ылғалдылығын темпеатураны анықтағандай бір нүктеде, бір аймақта және сол сағатта анықтайды. Ылғалдылықты анықтау үшін  психрометрлер, гигрометрлер және гигрографтар қолданылады.

Қорадағы малдың түрi мен жасына қарай салыстырмалы ылғалдылық 70%-дан аспауы керек. Организмге төменгі  (30-50% ) және жоғары (80-100% ) ылғалдылықтар тepic әсер етеді.

Ауаның қозғалыс жылдамдығы. Жылдың суық кезінде ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3 м/с, ал жаздың ыстық темпеатурасында 1 м/с-дан аспауы керек. Жаңа туған төлдер мен құстардың түратын орындарында 0,1-0,2 м/с аспауы тиіс. Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау анемометр және кататермометр аспаптары қолданылады.

Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы. Мал мен құстар қораларында көмірқышқыл, аммиак, күкipттi    көміртек тотықтары жиналуы мүмкін. Көмірқышқыл газы (СО2) қораларда мал мен құстардың тыныс алуы жиналады.

Коралардағы ауа газының концентрациясы малға — 0,25, төлдерге — 0,20, құстарға — 0,15-0,18 болуы тиіс.

Аммиак (NH3) мал қораларында құрамында органикалық азоты бар заттардың бұзылуы нәтижесінде пайда болады (несеп, нәжіс).Бұл — улы газ. Күтуші адамдар мен малға аммиак тepic әсер етеді. Аммиак сумен қосылғанда сілтіге айналып, химиялық күйдіргіш қасиетіне ие болады, кілегей қабықтарды, жоғары тыныс жолдарын тітіркенеді немесе тұяқ мүйізін қопсытып, қанға түседі. Қорадағы ауада мал үшін аммиактың шектеулі мөлшері 15-20 мг/м 3 , ал төлдер мен құстарға бұл көрсеткіш 1,5-2 есе аз.

Күкіртті сутегі (Н2S) құрамында күкірті бар ақуызды заттардың шіруінен, сонымен қатар, малдан шығатын газдар арқылы пайда болады. Өзінің әрекетіне қарай аммиактан да улы. Малға күкіртті сутегінің көп концентрациясының мөлшерінен icік және өкпенің жіті қабынуы байқалады. Мал күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері — 10 мг/ м3 , ал төл және құстар үшін бұл көрсеткіш 2 есе аз.

Көміртек тотығы (СО) қораларда пештен немесе автокөліктер  мен тракторлардың жұмыс iстey кезінде толық жанбаған жанармайлардан және толық желдетілмеген кезде жиналады. Қызмет көрсетушілердің жұмысы кезінде және мал тұрған аймақта газдың ең жоғарғы концентрациясы жиналады. Организмде газ жанбайды. Ол сыртқа өзгертілмеген түрде шығады, сондықтан уланған малды таза ауаға шығару керек. Қораларда көміртек тотығының  шектеулі концентрациясы 2 мг/мз болып саналады.

Концентрациясы зиянды әсер ететін газдарды әмбебап газ анықтағышпен (УГ-2) анықтайды. Бұған алдын ала әр газға арналған индикаторлы ұнтақты дайындап қою керек. Зиянды әсер ететін газдардың жиналуын болдырмау үшін кешенді шаралар жүргізілуі тиіс.  Яғни қорадан нәжіс пен несепті тез жинап шығару, едендерді ылғал жібермейтін мықты жабдықтармен жабдықтау, мал тұратын аймақта ауа алмасуын дұрыстау, едендерге газды бойына сіңіретін материалды (сабан, ағаш ұнтағы) және газ концентрациясын төмендететін препараттар (сөндірілген әк, суперфосфат) қолдану керек.

Қораны жарықпандыру. Жақсы жарықтандырылған қоралар аурулардан сақтандыру, сонымен бірге, малдың денсаулығын және өнімділігін сақтау факторлары болып табылады. Жарық табиғи және жасанды болып бөлінеді, ол жарық коэффициенттермен нормаланады (қалыптасады). Табиғи жарық коэффициенті деп әйнек көлемінің еден көлеміне қатынасын айтады. Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы барлық электр шамының қуатын есептеп, алынған шаманы қора көлемінe бөледі, Вт/м2. Малға және құстарға табиғи және жасанды жарықтың нормасы: 1:8-1:20 және 3,3-5 Вт/м2 шамасында.

Ауаның шаңмен және микробпен ластануы. Шаң  таза техникалық жолмен кілегей кабықтарды, жоғарғы тыныс жолдарын, көзді тітіркендіріп, әр түрлі  ауруларды тудырады. Шаңмен бірге тыныс жолдарына әр түрлі микроорганизмдер де eнуi мүмкін. Малдың жасына және олардың күту кезіндегі зоогигиеналық нормаларына байланысты шаң мөлшері  0,8-4,0 мг/м3 . Малға арналған қорадағы ауаның шақ және микробпен ластануын төмендету мынадай шараларды жүргізу керек: а) аумақты көгалдандыру; б) малды қорадан тыс тазалау; в) күнделікті залалсыздандыру; г) бактерицидтік ультракүлгін шамдарды пайдалану.

Шу және оның деңгейі. Шу малға зиянды әсер етеді. Шудың қарқындылығы децибелмен (дб) өлшенеді. Шудың мал организміне әсерiн стресс-фактор деп қарайды және ол организмнің реактиві мен  өнімділігін төмендетеді. Адам мен малға шудың шектеулі деңгейі — 50-70 дб.

Су және суару гигиенасы. Мал организмінде су маңызды рөл атқарады. Организмнің суды 10% жоғалтуы әлсіздік пайда болуына, жүйке жүйесінің бұзылуына, ал 20% жоғалтуы өлімге әкелуі мүмкін. Малға азық бермей, тек су берсеңіз, оның өмipi 30-40 тәулікке жететіні белгілі, ал сусыз мал 4-6 тәуліктің ішінде өледі. Мал денсаулығына судың мөлшері ғана емес, оның сапасы да әсер етеді. Суға толық баға беру физикалық жағдайына, химиялық құрамына және биологиялық қасиетіне қарай жүргізіледі. Ішетін су МЕМСТ 2874-82 талабына сай болуы керек.

Судың физикалық қасиетіне,темпеатурасына, мөлдірлігіне, иісіне, түсіне, дәміне көңіл бөлінеді. Судың мөлдірлігін арнайы шрифтелген бағаналы шыны ыдыста анықтайды. Судың жақсы сапасы — 30 см, түсi (межелік бойынша) 20° кем болуы керек,иісі  мен дәмі 20° температурада 2 баллдан аспауы тиіс. Судың құрамында (мг/л) хлорид 350, сульфид – 500, темір – 0,3, марганец – 0,1 ,мыс 5 болуға тиіс. Судың реакциясы (рН) бейтарапты немесе әлсіз сілтілі 6,9 – 8,5 болуы керек. Суды жай көзбен қарағанда суда су организмдері болуы тиіс. 1 см3 судағы бактериялардың жалпы саны 100-ден көп емес, ішек таяқшаларының саны 3-тен көп емес.

Ересек мал үшін ең жоғарғы су температурасы 10-12°С, төлдер үшін (жасына байланысты) 15-30°С. Малды және құстарды суару үшін суарғыш, шелек, астау қолданады. Малды жайылымда, лагерде ұстағанда астаудан суаруды ұйымдастырады. Ірі қара малға арналған астау өлшемдері мынадай: үстінің ұзындығы  35-40см, түбі – 25-30 см, тереңдігі – 25-30 см. Қой және ешкі үшін, сәйкесінше: 25-30 және 25-25 және 25-25 см. Бір басқа есептегенде суарғыш астаулар ұзындығы төмендегідей болуы керек: ірі қара мал үшін 0,50-0,75 м, қой және ешкі үшін – 0,25-0,35м. Суару ұзақтығы сиырлар үшін – 7-9 мин, қой мен ешкілер үшін – 5мин. Суаруды жағалаудағы су көздерінен ұйымдастырған су көзіне қиыршық тас, құм төсеп және қоршап, абаттандыру (жабдықтау) қажет. Суару орнында судың тереңдігі 20 см- ден аз болмауы тиіс.

Ірі қара мал автоматты суғарғыш болған кезде суды тәулігіне бөліп-бөліп 1-2 рет ішеді. Автосуарғыш жоқ болса, сиырларды тәулігіне 3 рет, ал жоғарғы өнімділерін 4-5 рет суарады. Сиырлар азықтандырудан және сауудан кейін суды жақсы ішеді. Суға деген қажеттілік жасы мен дене салмағына байланысты тәулігіне 20 л-ден 100 л-ге жетеді. Шошқаларды еркімен суарады, олар суды азықтандырудан кейін жақсы ішеді. Автосарғыш болмаған жағдайда шошқаларға суды тәулігіне 3 рет береді, суға қажеттілік жасына байланысты 525 л құрайды.

Қойларды тәулігіне  2-3 рет суару қажет. Суға қажеттілік 4-8 л құрайды. Күйіс қайыратын малды ішек қарын жолының әр түрлі бұзылулары болғандықтан. (мес қарын, кебyi), жас шырынды шөбі бар жайылымдарда, әcipece, бұршақ тұқымды шөпке жайған соң, жаңбырдан немесе шық түскен кезде суармаған жөн. Мезгіл-мезгіл суару заттарын, бұйымдарын залалсыздандырудан және механикалық тазалаудан өткізіп тұру керек.

Топырақ гигиенасы. Топырақ – өсімдік өнімін өндіруге қабілетті жер шарының борпылдақ қабаты. Сонымен қатар, ол — әр түрлі өсімдік және жануарлар текті шаруашылық-түрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың сорушысы, әpi қабылдаушысы, неше алуан микрофлора мен микрофаунаның көзi және жинақтаушы қоры. Жануарлардың өнімділігі мен денсаулығына тікелей және жанама әсер етеді. Топырақтың малға әсер ету сипаты оның механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық қасиетіне және онда өтуші процестерге байланысты болады.

Топырақтың химиялық құрамына онда өсуші азықтық өсімдіктердің химиялық құрамы және жер асты суларының құрамына     елеулі түрде әсер етеді. Мәселен, топырақта кальций тұздары мен фосфор қышқылының жетіспеушілігі малдағы минералдық алмасуға кepi әсер етіп, сүйек жүйесінің бірқатар ауруларын тудырады,  малдың өнімділігін және ұдайы өсу қызметiн төмендетеді.

Топырақта алуан түрлі микроорганизмдер болады. Топырақтың микробтық популяциясы бірқатар жағдайлар әсерiнeн едәуір өзгереді. Микроорганизмдер тыңайтылмаған, әcipece құмдауыт, балшықты топыраққа қараранда, тыңайтылған, қаршірікті,жақсы агротехникалық өңдеуден өткен топырақта көбірek болады.

Микрофлора құрамы топырақтың темпеатурасына да байланысты. Ауа жақсы келетін  топырақта аэробтық микроорганизмдер басым болса, оттегі аз топырақта анаэробтар басым болады.

күлгіндеу топырақ жақсы сіңіруші, құмдауыт топырақ нашар  сіңіруші(жутушы) болып табылады. Топырақ микрофлорасының бірқатар әр түрлі органикалық қалдыктардан (қи, садыра, ферманың тоқтау суы, т.б.) өздігінен тазалану процесінде маңызы зор.

Топырақты санитарлық қорғау. Агротехникалық және санитарлық шаралар өткiзe отырып, топырақты сауықтырады және малдың топырақ арқылы тарайтын ауруларының алдын алады. Осы мақсатта әpбір шаруашылықта ауыспалы егіс жүйесін топырақты жақсы өңдеуді, азықтық өсімдіктерді және топырақтың химиялық құрамын ескере отырып, тыңайтқыш қолдануды кадағалаған жөн. Сондай-ақ, батпақты жерлерді дренаж жасау жолымен, арна қондырғысымен, т.б. кептіру қажет.

Органикалық қалдықтармен қатты ластанған топырақты тазарту үшін оны аэрациямен (таза ауамен) қамтамасыз ету керек. Аэрация кептіру, терең аудару, арна қазу арқылы жүзеге асырылады. Күдікті бөлімшелерде топырақтық инфекция және геогельминтоздар жұқтырудың алдын алу үшін міндетті түрде мынадай талаптарды орындау керек: топырақтық инфекция қоздырғыштарымен залалданған жайылым бөлігін жайылым үшін пайдаланбау; оны қоршау; өлексе қорымында да (биотермикалық шұңқыр) осы тәртіпті ескеру, жайылымдық биологиялық дегельминтизациясының тиімді әдісі болып табылатын малды жаюдың қоршаулық әдісін қолдану. Споралық емес микрофлорамен залалданған топырақтың аздаған бөлігін залалсыздандыру үшін жаңа сөндірілген әк, күйдіргіш натрий формальдегид, т.б. сияқты әр түрлі  химиялық заттар қолданады. Споралық инфекция кезінде (топалаң, қарасан) топырақтың жекелеген бөлігін (мысалы, өлексе жатқан жерді) термиялық жолмен өңдейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *