Мануалды медицина

Мануалды медицина — медицина ғылымдарының көнесі. Медициналық манипуляциялар ежелгі Қытай территориясында осыдан 4 мың жыл бұрын қолданылғанын археологиялық жұмыстар да куәландырады. Үндістан мен Үндіқытайда, ежелгі Мысырда емдік мақсатта қолды пайдаланды. Қазіргі Батыс медицинасының атасы Гиппократ омыртқаны созу мен манипуляцияны қолдануды, сипаттаған (рахитерапия). Оның ойынша 20% шамасындағы барлық емдік процедуралар қолдармен жасалған. Медициналық манипуляция жайлы мәліметтердің көбісі шығыс медицинасы трактаттарында жазылған. Қытайдың ежелгі медицинасында әр түрлі қолданбалы қосымша әдістемелер қолданды. Мысалы, Дао Инь (тура аударғанда: «бағытталған тартылыс»). Бұл қазіргі дәстүрдің әдістері мен функционалды техниканың ежелгі аналогы. Оған бастыру (дозаланған компрессия), ысқылау (қабаттап ысқылау), созу немесе тарту (дренажды техниканың жақындатылған аналогы) және басқалар жатады. Дао Цзан атты даос канонының трактаттарында әр түрлі массаж арқылы денсаулықты күшейту мен сақтау және емдеу әдістерінен басқа, онда ұлпаларды қосатын мембрана, сүйек миы, ликвор, тыныс алу мен қанайналу арқылы организмге әсер ететін жүйелер жатады.

Үнді, Қытай және Парсы медицинасының карым-қатынасы тікелей орта ғасырдың Батыс Европаның медицинасының, алдындағы араб медицинасының және алхимия арсеналын байытты. Бірақ тарихтың бұл кезеңі Европада фармакотерапия, хирургия тарихымен және аз деңгейде мануалды терапиямен жиі байланысты. Бұл қарастырылып отырған тарих кезеңінде ортағасырлық дәрігерлер алдымен инфекциялық аурулармен және шоктармен айналысуына байланысты. Бұл — пандемия кезеңі, Европа елдерінде халықтың 80%-ы қырылған. «Моровая язва» кезеңінде мануалды терапияны қолдану жоғарғы деңгейдегі контагиоздыққа байланысты орынды болмады. Емшілер жұқпалы ауруларды алдын алу жолдарын және фармакологияның (сыннан өткен препараттары) және гигиенаның әдістері (асептика, антисептика) дамыту жолдарын іздестірген. Басқа жағынан, бұл — «травмалық эпидемия» кезеңі, кейде ұзақ жылдарға созылған соғыстар (жүз жылдық соғысты еске түсіру жеткілікті). Нәтижесінде осы жағдайлар хирургияның қарқынды дамуына, ал ол өз кезегінде мануалды медицинаның қарқынды дамуына әкелді.

Бас миы зақымдануында, омыртқа мен аяқ-қолдың зақымдануы және қансырау кезінде халық арасында мануалды әсер етудің жекеше түрлерін қолданған. Халық емшілері «кіндікті туырлап», «омыртқаларды өз орнына қойып», «асқазанды көтерген» және т.б. Қызығы, айта кететіні, осындай «мамандарды» Ресейде «сүйектүзетушілер», ал астеопатия мен хиропрактиканың шығуы кезінде ағылшындар оларды «bonesetters», ол сондай мағына білдіреді. Ертеден-ақ Қытайда соидай «халықтық» әдістерді Гу Чжен «сүйектерді түзету» деп атаған. Осылайша «түзету» идеясы әр түрлі халық арасында кең таралған және тұрақты, ол дәрігерліктің ежелгі формасы деп танылған.

Жаңа дәуірдегі мануалды терапия

Ортағасыр медицинасынан жаңа фармакотерапия және хирургия дами бастаған. Соңғы екі-үш ғасырда ол ерекше қарқында өтті. Бірақ XIX ғасырдың ортасына дейін Батыста мануалды медицина остеопатияның мектебін қалаған Стилл есімімен, АҚШ-та мануалды медицинаның ғылыми дамуымен байланысты. АҚШ Азаматтық соғысы кезінде Стилл хирург болып жұмыс жасады. Мектепте оқу 2 жылға созылған, оқушылар кәсіби дәрігер болмаған, олар өздігінен үйренушілер-сүйгіштер болды.

1895 жылы комивояжер Д.Палмер хиропракторлар мектебін қалады. Басынан бастап хиропракторлар мен остеопаттар арасында қарама-қайшылық теория жағынан да, техникалық әдістер жайлы да бәсекелес туды. Хиропракторлар «подвывих» теориясын «структурализмге» сүйене отырып дамытты. Ал остеопаттар, керісінше, функционалды қарым-қатынасты қолдаған және патологияға «остеопатиялық зақымдану» терминін пайдаланған немесе қазіргі атауы — «соматикалық дисфункция». Басқа жағынан қарағанда, осы екі бағыт та ресми медицинамен қатынасы қиын болды. Ең алдымен, ол екі бағыт та ресми дәрігерлерді оқытып шығармайды, өйткені олар ант беретін болған. Сондықтан қандай да бір ғылыми дискуссиялар өткізу мүмкін болмаған, керісінше, азаматтың және соттың процестері жиі болып отырған. Ресми медицина қызметкерлерінің абыройлары мен ақысының төмендеуіне себепші болған. АҚШ-та білім алатын хиропракторлар басқа шет елдерде мектеп салмауға, білімін ешкімге таратпауға сөз береді. Бұл Европада хиропрактикалық білімнің тарауына әкелмеді. Хиропрактиканың негізін салушы Д.Палмердің ұлы Б.Дж.Палмер хиропрактикаға қызығушы неміс дәрігерімен байланысқа түскенде бұл Европадағы хиропракторлар жағынан көп түсінбеушіліктер тудырды, олар оны сатқын деп айыптаған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін омыртқааралық дискілердің грыжасының ашылуы, дәрігерлердің омыртқаға деген қызығушылығы артты және механотерапия мүмкіндіктері кең көлемде қарастырылып, ол үлкен танымалдылыққа ие болды.

Мануалды терапия, шынында да эффективті және қажетті емдеу тәсілі болып табылады, сондықтан мануалды терапияның жеке әдістерін медицинаның әр саласында қолдана бастады. Ресейде және КСРО-да неврологияның дамуын ескере отырып, мануалды медицинаға, ең алдымен неврологтар көңіл бөлген (Батыс Европа елдерінде омыртқа аймағы мен барлық тірек-қозғалысының мәселесімен негізінен ревматологтар, кіші дәрежеде неврологтар және ортопедтер айналысады).

70-80-ші жылдары белсенді түрде дәрігерлердің мануалды терапияға деген қызығушылығы арта түсті. Бұл ортада көптеген социалды белсенді дилетанттар және медициналақ білімі жоқ сынықшылар болды. Бірақ бұл кезең және ресми медицина мануалды терапияға қызығушылық көрсетеді (ең алдымен омыртқа аймағында).

Мануалды медицина деген не?

Қазіргі кезде әлемде клиникалық қызметтердің үлкен көлемдегі бағыттары жалдамалар бар, өзінің негізінде қолдың жәрдемін қолдануды үсынды. Хирургия сөзбе-сөз аударғанда «қолдың еңбегімен айналысу» деғен мағынаны білдіреді. Бұлармен байланыста өзіңді хирургтардан ажырату керек, мануалды терапия аймағында Америкада тәжірибеде жүрген мамандар өздерін XIX ғасырдың хиропракторлары деп атайды. Мануалды медицинаға остеопаттардың зерттеуі және техникалық тәсілдері қатты әсер етті және де Америка континентіндегі практиканттардың өздерін солай атауының себебі, сүйек жүйесінде нәтижесінде «остеопатиялық зақымдануға» әкелді, бұл жерде сүйек патологиясы емес, өз атауымыз бойынша сүйек жүйесінің байланысының патологиясы деп ойлауға болады, остеопаттар сүйекті әділ түрде инертті емес деп қарастырады, оны жоғарғы реактивті орган дейді. Висцеропаттар ең бастысы ішкі органдарға көңіл бөледі — олардың өзара орналасуына, байланысуына, қозғалуына және механизмдер жиынтығына. Кейбір елдерде дәрігерлер бірігіп манипуляционды терапия әдісін қолдануды бүлшық ет қаңқасы деп атайды. Кинезиотерапия (қозғалыспен емдеу) ол да сәтсіз термин, бұл атау барысында постуралды балансты емдеу жағдайы көрсетілмеген, бұл жерде статиколокомоторлық терапия жөнінде айту дұрысырақ болар еді, басқа да кинезиотерапевт мамандары мануалды әдістерінің әсерін қолдануда.

Сол кезде терминологиялық түсінбеушілік кезінде әр түрлі маман дәрігерлерінің қызығушылығы 60-шы жылдары мануалды әдіс диагностикасын және терапияның жеке орталықтарын құру болды, әр елдің мамандарының бірігуінің нәтижесінде мануалды медицинаның әлемдік халықаралық федерациялық ұйымы құрылды. Ең бастысы кезінде әлемдік халықаралық федерациялық ұйымға әр түрлі мектептердің жүргізуші мамандары және әлемнің медициналық мамандары — неврологтар және ортопедтер, травмотологтар, физиотерапевттер және реабилито логтар, остеопаттар және хиропракторлар, акупунктуристтер және кинезиотерапевттер қатысты. Бұл мануалды медицина үйымының ең басты негізгі жүмысы негізгі терминологиялық аппараты шығару болып табылады, бүл жерде, біріншіден, мануалды меди-цинаның өзіне анықтама беру керек. «Мануалды медицина — емдеу әдісі» деп Глоссарий анықтайды және ары қарай «мануалды медицина функционалды қимыл-қозғалыс жүйесінің бұзылуларына қосымша жалпы диагностикалық және терапевтикалық тәсіл ретінде қолданылады» деп түсіндіреді. Мануалды медицина дисциплинасында омыртқа жотасын және жеке бүлінулерді емдеу барлық мануалдық диагностикалық және терапевтикалық техникалар қолданады. Мануалды медицина мануалды диагностикадан және мануалды терапиядан тұрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *