Саяси жүйе. Саясаттануда XX ғасырдың ортасынан бастап қоғамды бір-бірімен өзара байланыстағы әртүрлі институттардың өзара әрекеттесуі ретінде қарастыратын жүйелік талдау кеңінен қоланыла бастады. Жүйелік әдістің басқалардан ерекшелігі сонда — оның барлық бөліктері, құрамдас элементтері, олардың арасында қалыптасқан қатынастардың бір-бірімен өзара байланысқаны соншалықты, бір элементте орын алған өзгерістер бүкіл жүйенің түбірімен өзгеруіне алып келуі мүмкін. Социогуманитарлық ғылымдар, осы орайда, қоғамды түтас жүйе ретінде қарастырады. Қоғам ішінде саяси, экономикалық, мәдени және тағы басқа да жеке жүйелер қалыптасады.

Саяси жүйе қоғамдық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады және қоғамда билік жүзеге асатын мемлекеттік мекемелерді, қоғамдық ұйымдарды, партияларды, басқа да саяси және саяси емес институттарды қамтиды. Сонымен қатар, саяси мәдениеттің қалыптасқан түрі, құрылымдық ұйымдар (заңдарды қабылдау тетіктері және т.б.) және саяси қызмет те саяси жүйенің компоненттері ретінде қарастырылады. Саяси жүйе өз қатысушыларының пікірлерін, мүдделері мен сұраныстарын мемлекеттік билік органдары тарапынан қабылданатын саяси шешімдерге айналдырады.

Саяси жүйе ұғымын ғылыми айналымға американдық саясаттанушы Д.Истон ендірді. Ол саяси жүйе шеңберінде жекелеген элементтердің өзара әрекеттесуі ғана орын алмайды, сонымен қатар жүйенің күйі өзгерістерге түсіп, динамикалық әрекетте болады деп санады. Осы ретте, жүйенің қызмет атқаруы және оның қоғаммен өзара әрекеттесуі екі функцияның қызмет атқаруы негізінде жүзеге асады: кіріс және шығыс. Бүл жерде кіріс үғымы азаматтардың мүдделері мен сұраныстарын білдіреді, ал шығыс ұғымы азаматтардың мүдделері мен сұраныстарын қанағаттандыруға және олардың қалаулары мен еріктерін іске асыруға бағытталған билік органдарының шешімдері мен әрекеттерін білдіреді. Американ ғалымы Г.Алмонд барлық кіріс функцияларын келесідей бөліктерге топтастырады: — саяси әлеуметтену және саяси қатысу, — мүдделерді артикуляциялау (мүдделерді қоғам мен билік органдары деңгейінде әзірлеу және жеткізу), — мүдделерді агрегаттау (ортақ сүраныстар мен қажеттіліктер негізінде біріктіру), — саяси коммуникация.

Бұл функциялар негізінен үкіметтік емес ұйымдармен, яғни тұрғындардың қалаулары мен еріктерін білдіретін партиялардың, қысым көрсету топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметімен іске асырылады. Шығыс функциялар билік және басқару органдарының құзыреті мен басымдығына жатады.

Ал шығыс функцияларына келесілерді жатқызуға болады: — нормаларды әзірлеу, — нормаларды қолдану, — нормалардың сақталуына бақылау жасау.

Саяси жүйе азаматтардың мемлекет істеріне қатысуын камтамасыз етуді және олардың кұықтары мен бостандықтарын шынайы жүзеге асыруды көздейді. Демократиялық емес саяси жүйеде билік халықтың қалауы мен еркін білдіруіне тосқауылдар қоя отырып, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын шектейді. Демек, жүйенің ашықтығы, оның адамдардың мұқтаждығына, талаптары мен қүқықтарына құлақ асуы саяси жүйенің демократиялығы мен әділдігінің өлшемі болып табылады. Демократиялық мемлекеттерде биліктің қандай болуы және оның қандай шешімдер қабылдайтыны азаматтардың еркіне байланысты болса, демократиялық емес мемлекеттерде билік түрғындардың саясатқа қатысуы өкімет шешімдерін орындаумен шектелетін ауқымда қызмет атқарады. Жүйелік талдау әртүрлі органдардың жүйе шеңберінде өзара әрекеттесулерінің пәрменділігін салыстыруға және билік шешімдеріне ықпал ететін тетіктерді анықтауға мүмкіндік беріп, әртүрлі мемлекеттердің еаяси жүйелерін салыстыратын құралдарды береді.

Қазіргі күнде өмір сүріп отырған жүйелерді классификациялау саясаттанудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы орайда, саяси жүйелерді типологиялауды құру үшін әртүрлі негіздемелер, оның ішінде мемлекеттік билік, саяси режим, мемлекеттің аумақтық құрылысы, саяси мәдениеттің өзіндік ерекшелігі, елдің экономикалық дамуы тәрізді өлшемдер арқылы типологиялау ұсынылады. Олардың бірқатарын енді қарастырып көрелік.

Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет саяси жүйені құрайтын негізгі элемент болып табылады. Мемлекет институты адамзат дамуының ерте дәуірінде пайда болды және оның даму тарихы ұзақ кезеңдерді қамтиды. Оның қалыптасу үдерісі қоғамның қүрылымы мен ауқымының күрделенуімен тығыз байланыста көрініс табады. Мемлекетке дейінгі дәуірдегі өмір сүрген қүрылыс алғашқы қауымдық деп аталады. Ежелгі қауымдардың мүшелері қандық текпен біріккен адамдардан тұрды. Бірнеше рулар, өз кезегінде тайпаларға біріге алатын. Әдетте бұл кезеңде аса маңызды шешімдер сол қауымдағы дауыс беру құқығына ие ересек мүшелердің жалпы жиналысында қабылданатын. Жоғарғы билікке қауымдағы барлық ұжым иелік ететіндіктен, басқарудың мұндай түрін алғашқы қауымдық демократия деп атайды. Тайпа көсемі жалпы жиналыста сайланатын, ал тайпаластар арасындағы өзара қатынастар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлермен реттелетін. Ол дәуірде қағазға түсірілген заңдар әлі жоқ еді.

Алғашқы қауымдық құрылыста қауымның барлық мүшелері жерлер мен мүліктерді бірігіп иеленетіндіктен ұжымдық еңбек басым болды. Өндірістің төменгі деңгейі еңбектің терең бөлінісін қажет етпеді. Қауым мүшелерінің міндеттері негізінен олардың жас ерекшеліктері мен жыныстық айырмашылықтарына сәйкес бөлінетін. Дегенмен, өндіріс деңгейінің көтерілуі және еңбек бөлінісі мен маманданудың дамуы бірте-бірте қоғам ішіндегі өзара қатынастардың күрделенуіне алып келді. Тайпаластар арасынан жауынгерлер, ақсақалдар кеңесі бөлініп шығып, көсем лауазымы мұрагерлікке ұласты, Жауынгерлердің қауымдағы орындары мен рөлдерінің күшеюі арқасында дауыс беру құқығын әскерилер ғана пайдалана бастады. Техниканың жетіле түсуі жоғары кәсіби дайындықты талап ете бастады. Осыған дейінгі жыныстық және жас ерекшелікке сәйкес маманданудың әлсіз түрі кәсіби және тар сипатқа ие бола бастады. Тайпалардың көрші тайпалармен байланыстары күшейіп, бір мезгілде олардың арасында орын алатын әскери қақтығыстар өрши түсті. Бұл, өз кезегінде тайпалардың бірігуіне немесе олардың бірін-бірі бағындыру жолымен ұлғаюына жол ашты. Осылай, халықтың әскери қуатына қолдау білдіре алатын, басқыншыларға қарсы түра алатын, сауда-саттық пен қолөнершіліктің дамуына қолғабыс ете алатын жаңа күшке қатынастағы сүраныстар пайда бола бастады.

Жалпы, алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар қауымы ондағы қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде көрінетін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге негізделетін үлкен отбасы түрінде өмір сүрді. Мұнда жоғарғы билік барлық ұжымның қолында болды және қауымның өндірістік, әскери және басқару функциялары қатаң түрде бөлінбеді. Қоғамның күрделі құрылымының пайда болуы, ортақ мүдделерді қорғау қажеттілігі күшті және жоғары сапада үйымдасқан бірлестікті құрудағы маңызды серпін болды. Яғни, алғашқы қауымдық құрылыстың түкпірінде мемлекеттің негізі туындай бастады.

Адамзат тарихындағы ежелгі мемлекеттер Инд, Хуанхэ, Ніл, Тигр және Евфрат жағаларында пайда болды. Одан кейінгі дәуірлерде үлкен империялардан бастап (римдіктер, Александр Македонский, Шыңғысхан, көне түркілер, Напалеон), шағын корольдіктерден түратын (қазіргі күндегі Люксембург, Лихтенштейн, Монако, Андорры және басқа да князьдіктер) әртүрлі түрдегі мемлекеттер өмір сүрді.

Шаруашылықты бірлесіп жүргізу, қорғаныс сұранысы, тың жерлерді игеру қажеттілігі мемлекеттің көне заманнан біздің күнімізге дейінгі негізгі міндеті болып табылады. Халықтардың шексіз империяларға бірігуінің басты себебі әскери басып алулардан туындады. Әдетте, империялар оның негізін қалаушы адамның дүниеден озуымен тез арада құлдырауға ұшырып, тарқап кетіп отырды

Мемлекеттің пайда болуының негізгі тұжырымдамалыры (концепциялары). Мемлекеттің пайда болуын түсіндіру мәселесінде әр кезеңде әртүрлі себептерге басымдық берілді. Осы орайда, жалпы түрде мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін ең көп таралған бірнеше тұжырымдамаларды жүйелеуге және бөліп қарастыруға болады.

Патриархалдық теория бойынша, мемлекеттің бастауы жекелеген рулардың өз биліктерін ірі руларға — тайпалық бірлестіктерге беруінен туындайды, ал олар өз кезегінде бірте-бірте мемлекетке айналатын берік одақтарды қалыптастырды.

Орта ғасырларда кең таралған теологиялық теория бойынша, мемлекеттің пайда болуы Құдайдың қалауына және ондағы монарх билігін сакралдандыруға негізделді.

Мемлекеттің пайда болуының келісімшарттық тұжырымдамасының өкілдері (Гоббс, Локк, Руссо және т.б.) әлеуметтік қатынастарды тәртіпке келтіру және ортақ игілікке қол жеткізу мақсатында адамдар арасында бекітілетін белгілі бір түрдегі уағдаластықты немесе қоғамдық келісімшартты мемлекеттің өмір сүруінің негізі деп қарастырды.

Әлеуметтік-экономикалық теория мемлекеттің пайда болуын мүлікке ие таптардың, әлеуметтік өндірістік құрылымдар мен меншік қатынастарының қалыптасуынан шығарады.

Осы ретте, мемлекеттің пайда болуын басқаша түсіндіретін тұжырымдамалар да бар және бұл жерде олардың барлығын тізбектеп отыру міндетті емес тәрізді. Мұнда бір нәрсені анық айтуға болады: мемлекеттің пайда болу мәселесіне қатысты теориялық әдістердің көптүрлілігі осы мәселенің күрделі екендігін білдірумен қатар, шындығына келгенде мемлекеттің пайда болуы бір емес, бірден бірнеше факторлардың ықпалымен пайда болғанын және ол әртүрлі тарихи жағдайларда өзіндік ерекше нысанда көрініс тапқанын көрсетеді.

Ал, Қазақ мемлекеттілігінің бастауын түсіну үшін көшпелі қоғамның өзіндік болмысын түсіну аса маңызды. Осыған дейін қабылданған мемлекет түрлерін классификациялау белгілі бір түрдегі өркениеттердің ерекшелігін көрсете алмайды. Мәселен, таптық әдіске сүйенетін маркстік тәсіл кез келген мемлекеттің пайда болу себебін қанаушы таптың қаналушы таппен өндірілген қосымша еңбекті иеленуімен түсіндірді. Қазақ мемлекеттілігі архаикалық түрғыдағы ру-тайпалық қатынастар тән белгілерге де, батыс мемлекеттеріне тән бірқатар түрлерге де ие еді. Көшпелі қоғамның негізін қауымның азат мүшелері мен меншік иелері құрағанымен, қауым ішіндегі иерархияны меншік қатынастары емес, туыстық қатынастар қалыптастыратын. Осы тұрғыда хан билігінің пайда болуы жекеменшік қатынастар мен таптық қоғамның қалыптасуымен байланысты емес еді. Көшпелі қоғамның басқару жүйесінің де өзіндік ерекшелігі болды. Мұндағы басқару құрылымы батыстық үлгілермен салыстырғанда орталықтандырылған бюрократиялық аппаратқа, тұрақты әскерге, қазынашылық жүйеге және басқа да тетіктерге сүйенбеді. Мемлекет ішіндегі байланыстардың күрделі түрі экономикалық және меншік қатынастарымен анықтала алмайтын. Сословиелік және тектік қатынастар әлеуметтік қүрылымның өзегі ретінде көрінді.

Әлеуметтік құрылымның ерекше түрі көшпелі қоғам шеңберіндегі билік сипатының өзіндік ерекшелігіне алып келді. Мұндағы биліктің негізгі элементін көсемдік (потестарлық қүрылым) — яғни ру-тайпалар көсемдерінің (билер мен батырлар) билігі деп атауға болады. Осы ретте, отандық тарихшы Ж.Артықбаев осы орайда былай деп жазады: «Көсемдік беделге, ал кейбір жағдайларда мүрагерлік басымдықтарға негізделеді. Потестарлық бөліктердің осындай жиынтығынан мегақауым — мемлекет туындайды. Қазақ хандығы осы тұрғыда мүлдем басқа сапаға ие еді. Қазақ хандығы мемлекет ретінде екі бастаудың симбиозына — жоғары билік институты түріндегі саяси бастауға және көсемдік пен потестарлық құрылым түріндегі биліктің тайпалық ұйымдасуы бастауына тұғырланады. Бұл қоғамда көсемдік биліктің негізгі, күшті және пәрменді бөлігі ретінде рөл атқаратын болса, ол бір мезгілде халық пен саяси сословие арасындағы буфер ретінде әрекет етеді. Осының арқасында оның жоғары дәрежедегі тұрақтылығына қол жеткізіледі».

Потестарлық құрылым (көсемдік) қоғамның билік құрылымын қалыптастырды. Сонымен қатар ата-тектің, дәстүрлердің, өмір сүру болмысы мен социомәдениеттік тұтастықтың ортақтығын түсіну мемлекеттік бірегейлікті қалыптастырудың маңызды компоненттері болды.

Қазақ мемлекетінің тарихы. Біздің еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттер өткен мыңжылдықта пайда бола бастады. Қазіргі күндегі Қазақстан Республикасы түркі, сақ, сармат, үйсін, қараханидтер, қыпшақтар мемлекетінің заңды мүрагері болып тобылады. Әрине, тайпалар мен тайпалық одақтар күшейу мен қүлдырау кезеңдерін әлсін-әлсін басынан өткеретін. XV ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рутайпаларының бірігуі негізінде Шу өзенінің бойындағы Хантау тауында Қазақ хандығы түріндегі жаңа мемлекет дүниеге келді. Хан билігінің астына тегі бір рулар мен тайпалардың жиналуының нәтижесінде көп өтпей-ақ Қазақ хандығының жер аумағы бүгінгі шекараға жетті. XVIII ғасырдың басында, 1708 жылы Тәуке хан дүниеден қайтқаннан кейін орталықтандырылған мемлекет үш жүзге бөлініп кетті. Ал 1723 жылы қазақ халқы жоңғарлар шабуылының нәтижесінде өз тарихындағы аса ауыр «ақтабан шұбырынды» оқиғасын басынан өткерді. Қазақ жеріне тереңдеп енген жоңғарларға қарсы тұру үшін қазақ халқы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның төңірегіне бірікті. Осының нәтижесінде қазақ хандығы жоңғарларға төтеп беріп, өз жерін аман-есен сақтап қалды. Одан кейін хандықты ұзақ уақыттар бойы Абылай хан басқарды.

ХVIII-ХІХ ғасырларда қазақ жерлерін Ресей империясына қосу үдерісі басталды. Ол негізінен бейбіт түрде өткенімен, кейде әскери күшпен де жүргізіліп отырды. Егер Орта және Кіші жүз сұлтандарының көпшілігі Ресей билігінің қол астына өз еріктерімен кірген болса, ол кезде Қоқан хандығының қол астында отырған оңтүстік аймақтар күшпен алынды. Патша өкіметі қазақ даласына қатынастағы саясатын дәстүрлі жүйені сақтау деп жариялағанымен, ол жергілікті өмір сүру шынайылығын жалпыресейлік тәртіпке бағындыруға түғырланды. Отарлаушы билік бірте-бірте қазақ билерінің сот билігін атқаруын шектеп, сұлтандардың лауазымдары мен атақтарын ресми түрде қалдыра отырып, олардың билік құзыретін қыса бастады.

XX ғасырдың басында Ресейде орын алған саяси-әлеуметтік өзгерістер кезінде Қазақ мемлекетін қайта қүру үшін нақты мүмкіндік пайда болды. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін империяның сол кездегі үлттық шет аймақтары өз егеменділіктерін қайта орнатуға талпынды. Қазақ халқы да басқалар тәрізді қазан революциясына көп үміт артқан болатын. Алайда, билік басына большевиктердің келуімен еліміздің тұрғындары патшалық дәуірдегіден бетер көп қысымға ұшырады. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстанның дербестігі туралы ешқандай әңгіме болуы мүмкін емес еді. КСРО Конституциясы бойынша ондағы одақтас республикалар дербес мемлекеттер ретінде жарияланғанымен, шынтуайтына келгенде барлық шешімдер Мәскеуде қабылданатын. Тек өткен ғасырдың 80 жылдарының аяқ кезінде ғана одақтас республикалар бірқатар құқықтарға ие бола бастағанымен, жалпы кеңестік жүйе федерация шеңберінде республикалардың дербестігіне шынайы сипат беруге дайын еместігін көрсетті. Еліміз өзінің толық тәуелсіздігіне 1991 жылы ғана қол жеткізді. Осы кезден бастап Қазақстан әлемдік қауымдастыққа кіре бастады.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің орталық институты болып табылады. Мемлекеттің негізгі функциясы. — саяси басқару, елді сыртқы жаулардан қорғау, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдау.

Джон Локк осы тұрғыда былай деп жазды: «Барлық индивидтер меншікке ие болғандықтан, мемлекет осы меншіктіц қоргаушысы ретінде көрінуі тиіс. Мемлекет — тұлға қауіпсіздігінің кепілі». Алқашқы қауымдық қоғамда меншік ұжымдық сипатта болғандықтан, ол кезде дүниесі мен мал-мүлкі өзіне ғана тиесілі жеке меншік иесін қорғауға қажеттілік болмады. Джон Локк тұлға ұғымының қалыптасуын адамның жеке меншігінің пайда болуымен өзара байланыста қарастырады.

Мемлекеттік билік ел аумағындағы барлық азаматтарға, кәсіпорыңдар мен мекемелерге таралады. Билік функцияларын атқару мақсатында арнайы құрылымдар — сот, әскер, полиция, әкімшілік аппарат құрылады. Мемлекет билігі елдің барлық аумағында үстем және/немесе егеменді болып табылады.

Мемлекет егемендігі — оның билігінің ішкі және сыртқы саяси қызметтегі үстемдігі. Мемлекет аумағында тек оның заңдары жүреді. Егемендік қағидаты бір мемлекеттердің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына жол бермейді. Заманауи әлемдегі халықаралық құқық негізіне егеменділікке құрмет көрсету принципі қойылған.

Мемлекеттік биліктің үстемдігі келесіні білдіреді: — ол мемлекеттің барлық аумағында әрекет етеді, — ол әрбір азаматқа және қоғамның барлық құрылымына таралады, — заңда көрсетілген жағдайларда мемлекет ғана күш көрсете алады, — мемлекет атынан ғана сот үкімі шығарылады және заңдар қабылданады, — тек заңдарға сәйкес қабылданған және соның негізінде қызмет атқарып отырған актілер ғана күшке ие болады.

Демократиялық қоғамда халық биліктің жоғарғы көзі болып саналады. Сондықтан, конституцияларында басым көпшілігінде мемлекетке билікті халықтың беретіні көрініс табады. Алайда, азаматтар өз құқықтарының бір бөлігін және өз бостандықтарының бір бөлігін мемлекетке өздерін шектеу цшін емес, керісінше осы құқықтар мен бостандықтарды одан сайын жақсы қорғау үшін береді. Тіпті диктатура жағдайының өзінде осы ереже қандай да бір дәрежеде өмір сүруге құқы бар. Өйткені азаматтар ешқандай бақылауға түспейтін режимнің өмір сүруіне төзіп отырған болса, олар билік тарапынан орын алып отырған әділетсіздіктерге қатысты жауапкершілікті өз мойындарына алуы тиіс.

Қоғамдық келісімшарт идеясының орныға бастауымен, билік мемлекетті құрған халықтың қалауына сүйенетін болса, оның заңды екендігі туралы түсінік кең етек ала бастады. Қоғамның сословиелік қатынастардан тыс екендігі идеясының орныға бастауымен, билік тұрғындардың барлығының қолдауын алуға ұмтыла бастады. Сондықтан, заманауи демократиялық мемлекеттер халықты биліктің бірден-бір көзі ретінде санайды. Мұның ең жақсы дәлелі — мемлекеттің маңызды институттарының жалпы дауыс беру жолымен сайланатындығы. Әрине, диктатура жағдайында билік басындағы адамдар өз биліктерінің өкілеттілігі халық қалауына сүйенетіндігін айтуды ұнататын болса да, ондай мемлекеттерде халық еркі мен қалауының демократиялық рәсімдеріне жол берілмейді, ал сайлаулар мен референдумдар өте қалған жағдайда олар көзалдау түріндегі шараларға айналып кетеді. Үкімет мұндай жағдайда үгіт-насихат немесе қорқытып-үркіту жолымен адамдарды өз құзыреттілігіне сендіруге тырысады.

Мемлекет функциялары. Қазіргі күнде мемлекеттің атқаратын функциялары айтарлықтай ауқымды деп айтуға болады. Ол тұрақты азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін жағдай тудырады, әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттейді, орын алуы мүмкін қақтығыстардың алдын алады. Экономика саласы мемлекет орнатқан заңнамалық тетіктермен реттеліп отырады. Билік органдары сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және тағы басқа салалардың қызмет атқаруын іске асырады. Еңбек дауынан туындайтын ірі ереуілдер орын алған жағдайда биліктегі ресми тұлғалар көбінесе жұмысшылар мен қызметкерлердің және жұмыс беруші кәсіпкерлердің арасында делдалдық рөлді өз мойындарына алады. Мұндай жағдайлар экономикасы нарықтық тетіктермен реттелетін кез келген мемлекет үшін үйреншікті көрініс деп айтуға болады. Үкімет одан бөлек қоғамдағы этникалық, нәсілдік немесе конфессияаралық қатынастардан туындайтын қақтығыстарды шешуге де тікелей араласуға мәжбүр болады. Жалпы, мемлекет әрекетінің пәрменділігі орын алған қақтығыстардың шешімін табумен емес, сол мәселелер пайда болып келе жатқан кезде туындайтын себептерді жоя алуымен анықталады. Дегенмен, жекелеген мемлекеттерде қоғамда орын алуы мүмкін немесе орын алған әртүрлі қақтығыстарды шешу мақсатында күш қолдану түріндегі немесе басқа да қатаң шаралар жиі қолданылады.

Мемлекеттің сыртқы саясаттағы функцияларында сыртқы қауіп-қатерден қорғау, басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екі жақты және көпжақты байланыстарды лайықты деңгейде ұстап отыру ерекше мәнге ие. Мемлекеттер арасында орын алатын қақтығыстар әлемнің жекелеген аймақтары мен бүкіл жер шарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. Сондықтан демократиялық мемлекеттердің халықаралық саясаттағы негізгі мақсаты — елдердің арасындағы экономикалық, саяси, мәдени, және басқа да салалардағы ынтымақтастықтарының пәрменділігін арттыру және тереңдете түсуге негізделеді.

Мемлекеттің функциялары, оның қоғамдық үдерістерге ықпал ету нысаны үнемі өзгеріп отырады. Қоғамның дамуымен азаматтардың мемлекетке қатынасы өзгеріп отырады. Саяси биліктің сипаты мен функцияларына әртүрлі тарихи жағдайлар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, менталитет, саяси мәдениеттің деңгейі ықпал етіп отырады. Менталитет — индивидуумдар мен қоғамның тарихи қалыптасқан пайымдаулары мен жүріс-тұрыстарындағы ерекшеліктер.

Кейде мемлекет өз бодандарының барлық мәселелерін шешуді өз мойнына алады. Мәселен, орта ғасырларда бірқатар қалалардың биліктері азаматтардың қалай киініп, өз өмірлері мен тұрмыстарын қалай ұйымдастыруы керектігіне дейін көрсетіп беретін және оны бүзуды қылмыс ретінде қарастыратын. Ал қазіргі күндегі заманауи мемлекет қоғамның лайықты деңгейде қызмет атқаруына қажетті маңызды функцияларды өзіне қалдырып, қалғандарын азаматтардың өз еркіне қалдырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *