Мемлекеттің қаржы-бюджет саясатының мəні мен теориясы

Мемлекеттік қаржы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі тəсілі жəне жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) қайта бөлудің негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндірілген өнімнің біршама бөлігі мемлекеттік қаржы арқылы қайта бөлініп отырады, мысалы, Жапония мен Ресейде ЖІӨ 1/3 шамасы, Франция мен Нидерландыда – ЖІӨ жартысы, Швецияда ЖІӨ 2/3 аса, Қазақстанда ЖІӨ 1/3 шамасы қайта бөлініп отырады.

Мемлекеттік қаржы қоғамдағы қажеттіліктерге сəйкес бір салада жасалған қосылған құнды екінші бір салаға қайта бөледі. Белгілі жүйеде қолданылатын, сол жүйе арқылы ақша қоры жасалатын, бөлінетін жəне қолданылатын қаржы қатынастарының жиынтығы мен қаржы, салық ұйымдары жəне басқа да мемлекеттік органдардың желісін қаржы жүйесінің негізі деп анықтауға болады.

Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың негізгі бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік шығыстардың жəне оны қаржымен қамтамасыз ету көздерінің жылдық жоспары. Түп негізінде елдің əр түрлі экономикалық күштері арасындағы келісімі нəтижесінде қабылданған келісім құжаты болып табылады.

Бөлудің өзіндік жеке сала болып қолданылуына мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған ресурстарды талап ететін қоғамдық өндірістің өзі мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының орталықтандырылуы экономика-ның өмір сүруін қамтамасыз етуге жəне мемлекет қызметіне тікелей байланысты.

Маңызды салаларды қаржыландыру үшін, кең ауқымды əлеуметтік-мəдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс жұмыстарын шешу үшін, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін мемлекетке орталықтандырылған қаржы қажет.

Нарықтық экономиканың қазіргі дамуы кезінде орталықтандырылған қаржы қаражаттары қоғамдық өндірістің қажетті қарқында дамуына, оның салалық жəне аймақтық құрылымының жетілдірілуіне, мемлекеттік экономикалық жəне əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржылық көмек беруіне мүмкіндік туғызады.

Нақты бір елдің басқаруындағы əкімшілік-аймақтық құрылымына сəйкес (екі сатылы: орталық жəне жергілікті органдар; үш сатылы: орталық билік, республика, штат, жер, шалғай аймақ, облыс жəне жергілікті органдар муниципалитеттер мен коммуналар үкіметі) бюджеттерді орталық, шалғай аймақтық жəне жергілікті деп бөлу қалыптасқан.

Түсімдерінің түрі бойынша табыстарды бөлу жəне олардың ішіндегі жеке бюджеттердің үлесі көп даулар туғызады. Орталық бюджет пен жергілікті бюджет арасындағы қатынастар бірдей емес. Мысалы, Қаржы министрлігі бір аймақтан (донор аймақтар) салықтар мен алымдардың көп бөлігін орталық бюджетке алып отырса, екінші біреулерінен аз мөлшерін ғана алады, ал үшіншілеріне (реципиент аймақтар) демеуқаржы бөліп отырады. Аймақтардың бюджеттері арасындағы қатынастардың бірыңғай болмауы бұл аймақтардың даму деңгейіне жəне экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттарына байланысты болады.

Қазірде мемлекеттің таңдап отырған саясаты негізінде жасалынатын əрбір дамып келе жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына жəне дамуындағы алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Оның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық жəне əлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды тетіктерінің бірі — қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы мемлекеттік органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған жəне орталық-танбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Қазақстанның экономикасы басынан кешірген нарықтық қатынас-тарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыс-тарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, əсіресе оның шығыстарын басқару абсолютті жəне салыстырмалы тез өсуі оған тəн сипат болып отыр. Бұл инфляциялық үрдістен егеменді мемлекеттік қызметтің кеңеюінен, Қазақстанның ішкі жəне сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттілігінен туып отыр.

Мемлекеттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi жəне пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi жəне сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты салааралық, аймақаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу жəне ынталандыру, əлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.

Бюджеттік реттеу тəжірибесінде елдің əкімшілік бірліктерінің барлығын біріктіретін жиынтық, немесе шоғырландырылған мемлекеттік бюджет мағынасы қолданылады.

Мемлекеттік бюджет келесі маңызды қызметтерді атқарады: 1) салалар мен аймақтардың арасында, халық арасында бөлу жəне қайта бөлу мақсатында қаржы ресурстарының мемлекеттік органдар қолында шоғырланады; 2) мемлекет жəне мемлекеттік билік қызметін жүзеге асырушы институттарды ұстауды қамтамасыз етеді; 3) елдің маңызды бағыттары бойынша экономикалық өсімді ынталандырады; 4) халықтың кедей бөлігіне, зейнеткерлер мен жасөспірімдерге əлеуметтік қорған болады.

Бюджеттің маңызды көрсеткіштері: — жыл сайын бюджет арқылы елдің ЖІӨ қайта бөлініп отыратын қаражат бөлігі; — бюджет шығысының табыспен жабылуы – тапшылық (шығынның табыстан көп болуы) немесе профицит (табыстың шығыстан көп болуы); — бюджет шығындарының құрылымы.

Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы əртүрлi саяси, əлеуметтiк, мəдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету жəне т.б. мəселелерін шешедi.

Бюджет мемлекеттiң жəне мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдарға сəйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк əлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы тетігі болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға – бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.

Бюджетті дұрыс пайдалану — қайта өндіру үрдісінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы ретінде, оның көмегімен əлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми- техникалық прогресті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына жəне басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық тетігінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджетті реттеудің тиімді жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі мүмкін емес.

Қазақстанда мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттен – республикалық жəне жергілікті бюджеттерден тұрады. Жергілікті бюджет өз кезегінде, тиесілі маслихаттар қабылдайтын облыстық жəне аудандық бюджет болып бөлінеді.

Мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен рөл атқарады. Қазір мемлекетімізде мынадай бюджеттен тыс қорлар бар. Зейнетақы қоры жəне Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған (жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық- іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, əлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кəсіпкерлікті қолдау жəне бəсекелестікті дамыту қоры, т.б.). Қазір бұл қорлар қысқартылған. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, əртүрлі салаларға жəне территорияларға бөлінеді.

Мемлекеттегі бюджеттер бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қызмет етеді. Бюджеттердің жобалары атқару органдарымен: республикалық бюджеттің жобасы — Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті бюджеттің жобасы – жергілікті əкімдермен (облыстық жəне аудандық, олармен теңестірілген облыстық маңызы бар қаланың) жасалады. Сосын олардың орындалуын атқару органдары қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік басқаруды жəне мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар кешені қабылданады. Оларды біз бюджеттік бағдарламалар дейміз. Бұл бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламалар жəне дамудың бюджеттік бағдарламалары деп бөлінеді. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң актілеріне сəйкес, тұрақты сипатта болатын мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған немесе бір мезгілдік шараларды жүргізуді көрсететін бағдарлама. Дамудың бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық жəне институционалды дамуына бағытталған бағдарламалар болып табылады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сəйкес құқықтық нормаларға негізделген əр түрлі деңгейдегі бюджет-терді қамтиды (сурет 1). Бюджеттің əр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық жəне жергілікті бюджет-тердің болуын көздейді.

Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады жəне дербес болып табылады: • республикалық бюджет; • облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті; • ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті).

Республикалық бюджетсалықтық жəне басқа да түсімдерденқұралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды жəне мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджетісалықтық жəне басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функция-ларын орындауды жəне сəйкес əкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сəйкес əкімшілік-аумақтык бірліктегі мəслихат шешімімен бекітіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *