Нанотехнологияны енгізудің экономикалық тиімділігі

Нанотехнология — әртүрлі заттардың (заттектердің) қасиеттерін атом және молекула деңгейлерінде зерттейтін қолданбалы ғылым, ол -нанометр тәртібінде мөлшерлермен жұмыс атқаратын технология. «Нано» қосымшасы 10.9 (миллиард) есе ауқымда өзгеруді білдіреді, яғни 1 нанометр = 1 нм = 109 м (один нанометр — метрдің миллиардқа бөлінген бөлігі), ол біз үшін үйреншікті миллиметрдің бір миллионын құрайды. Сондықтан «микродан» «наноға» көшу — бұл енді санмен көрсетілетін емес, сапалық көшу — заттектермен әртүрлі әрекеттер жасаудан жекелеген атомдармен әрекеттер жасауға секіру.

Нанотехнология — конвергенция (қосылу) технологияларының бірі. Келешегі аса зор деп танылған өзара байланысты ғылыми-техникалық төрт бағыт: нанотехнология, биотехнология, нейротехнология және ақпараттық технология осылай деп аталады. Бұл олардың әрқайсысындағы жаңа жетістіктердің қалғандарындағы жаңа ұмтылушылықтарға келтіретініне байланысты.

Нанотехнологиялардың дамуы туралы сөз болғанда, үш бағыт ескеріледі:

  • молекулалар мен атомдардың мөлшерімен салыстырылатын белсенді элементтері бар электрондық сызбанұсқалар (оның ішінде көлемділерін де) дайындау;
  • наномашиналар, яғни молекуланың көлемімен бірдей механизмдер мен роботтар зерттеу және жасау;
  • атомдармен, молекулалармен тікелей әртүрлі амалдар жасау және олардан барлық бар нәрселерді құрастыру.

Осы бағыттарды түгелдей іс жүзіне асыру басталып кетті. Он жылға жуық уақыт бұрын бірен-саран атомның орын ауыстыруы бойынша алғашқы нәтижелер алынып, олардан белгілі бір конструкциялар жинастырылып, алғашқы наноэлектрондық элементтер зерттеу жолымен әзірленіп, шығарылды. Мамандардың бағалары бойынша енді алдағы ғасырдың шептерінде наноэлектрондық чиптердің, мысалы, зердеде сақтау сыйымдылығы ондаған гигабайт құрайтын микросызбанұсқалар өндіру басталады.

Нанотехнологияларда негізгі зерттеу нысаны болып жекелеген атомдар мен молекулалардың қасиеттері, олардың өзара әрекеттесуі және кванттық нәтижелер саналады.

Ғалымдар нанотехнологиялардың медицина мен электроникадағы әлеуетіне назар аударып жатыр. Алғаш рет нанотехнологияларға жататын әдістер туралы америкалық ғалым-физик, Нобель сыйлығының лауреаты Ричард Фейнман 1959 жылы дәріс оқып, онда бірінші рет заттектерді мүлдем жаңа тәсілмен, атап айтқанда, «атомдық тәртіппен», яғни адам атомдарды одан талап етілетін тәртіпте орналастыра отырып, олармен жеке-жеке жұмыс істей алатын тәсілді айтқан-ды. Алайда әзірше нанотехнологиялар іс жүзінде кең таралуға жете қойған жоқ.

Жаңа ғылымның мүмкіндіктерін бағалаған және осы бағытта ұзақ мерзімдік стратегия жасап шығарған бірінші ел АҚШ болды: онда 2000 жылғы ақпанда орасан үлкен ғылыми-техникалық бағдарламаны білдіретін Ұлттық нанотехнологиялық бастама туралы жария етілді. 2001 жылы-ақ АҚШ-тың да, Жапонияның да үкіметтері 500 млн. доллар бөлуді жоспарлап, нанотехнологиялардың жан-жақты дамуына бағытталған маңызды іс-шаралардың бірқатарын іс жүзіне асыруды бастап кетті. Оның ауқымдары туралы келесі экономикалық болжам -сарапшылардың есептеулері бойынша нанотехнологияларға байланысты тауарлар мен қызметтер нарығының көлемі тек Жапонияның ішінде ғана 270 млн. доллар болған.

Нанотехнологиялар өндірістің барлық салаларында қолдануға жарамды, сондықтан ол өнеркәсіп пен ғылымда да, жалпы алғанда, адам өмірінде де түбегейлі өзгерістер тудыруға қабілетті. Әлемнің 50-ден астам елі нанотехнологиялар саласында зерттеулер жүргізеді, бірақ соңғы жылдары инвестициялар орталығы корпорацияларға жэне тіпті жеке инвесторларға қарай ьтғьтса бастады. Мемлекеттік емес инвесторлар тарапынан мүдделілік келешектегі жоғары табыстылыққа байланысты.

Нанотехнологиялар неге басқа қалған технологиялардың ішінде ең жақсы саналады?

Бұл — басқарушы ақпарат нанотүтік арқылы әрбір атомға және молекулаға жеке-жеке «күш жұмсау әдісімен» берілетін технология. Нанотехнологиялардың қалған дәстүрлі технологиялардан түбегейлі айырмашылығы осында. Бұйымдар мен материалдарға тікелей атомдар деңгейінде нанотехнологиялық бақылау жасау өнеркәсіптің кейбір салаларында кәдуілгі іске айналды. Нақты мысал — DVD-дискілер: олардың өндірісі матрицаларды (қалыптарды) нанотехнологиялық бақылаусыз мүмкін болмас еді.

Материалдар мен жүйелерге түбегейлі жаңа сапалар бере отырып, нанотехнологиялар техника мен өнеркәсіптің барлық жұмыс істеп тұрған салаларында іс жүзінде өрлеуді қамтамасыз етеді. Бұл шын мәнінде солай, өйткені нанотехнологиялар материя құрылымдарын атомдар деңгейінде, яғни барша тірі және тірі емес нәрселерге ортақ деңгейде басқарады: олар бүгінгі таңда өндірістің күнделікті тәсілінің барлық салаларында көптеген инновациялық шешімдердің негізі болып отыр. Генетика, клондау, бактериялар немесе микроорганизмдер немесе автомобиль жасауга қажетті материалдар, металлургия өнімдері туралы сөз болып отыр ма — барлық жерлерде де, әрі түгелдей инновациялық шешімдер, қалай болғанда да, нанотехнологияларға байланысты. Нанотехнологиялардың бұл ықпалдастырушылық рөлі оларды маңызды технологиялардың, яғни олардың дамуынсыз бүгінгі күні әлемнің бірде-бір мемлекеті бәсекелестік технологиялық өркендеуге және өзінің зияткерлік меншігін ғылым мен технологиялар саласында құруға үміт арта алмайтын технологиялардың алдыңғы орындарының біріне шығарып отыр.

Медицинада адам ағзасының ішінде барлық пайда болатын бүлінушіліктерді жоя отырып немесе генетикалық бұзылушылықтарды қосқанда, ондайлардың пайда болуының алдын алып «өмір сүретін» молекулалық робот-дәрігерлер жасау жоспарланып жатыр. Оның болжамды іске асырылу мерзімі — XXI ғасырдың бірінші жартысы.

Геронтологияда — жасушалардың қартаюын болдырмайтын молекулалық роботтарды ағзаға енгізу, сондай-ақ адам ағзасының тіндерін қайта құру және «асылдандыру» есебінен адамдардың жеке ажалсыздығына қол жеткізу. Бұл — қазіргі уақытта крионика (мұздату) әдістерімен аурулары тежеліп тұрған үмітсіз науқас адамдарды тірілту және сауықтыру. Жүзеге асырудың болжамды мерзімі — XXI ғасырдың 3-4-ширектері.

Өнеркәсіпте — молекула роботтарының көмегімен тікелей атомдар мен молекулалардан тұтыну заттарын жинастыру арқылы өндірістің дәстүрлі әдістерін ауыстыру. Бұл кез келген затты жасауға мүмкіндік беретін дербес синтезаторлар мен көшіргіш құрылғыларға дейін өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы іс жүзіндегі нәтижелер XXI ғасырдың басында алынып қалуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығында — өсімдіктер мен жануарлар азығын олардың жасанды ұқсас түрлерімен — молекула роботтарынан жасалған қосылыстармен өндіру үшін «табиғи машиналарды» ауыстыру. Ол тірі ағзада болып жататын химиялық өзгерістерді мейлінше қысқа және тиімді жолмен қайта тудыратын болады. Мысалы, «топырақ -көмірқышқыл газы — фотосинтез — шөп — сиыр — сүт» тізбегінен барлық артық тармақтар алынып тасталады. Қалатыны: «топырақ -көмірқышқыл газы — сүт (сүзбе, май, ет — яғни қалағаныңның бәрі)». Демек, осындай «ауыл шаруашылығының» ауа райы шарттарына тәуелді және ауыр қол еңбегіне зәру болмайтыны туралы айтудың керегі жоқ! Ал оның өндірімділігі азық-түлік мәселесін түбегейлі шешуге жеткілікті. Әртүрлі бағалар бойынша, ондай алғашқы қосылыстар XXI ғасырдың екінші — төртінші ширектерінде құрылатын болады.

Биологияда — атомдар деңгейінде тірі ағзаға «енгізу» мүмкін болдды. Нәтижелері өзгеше әртүрлі — құрып біткен түрлерді «қалпына келтіруден» бастап, тірі тіршілік иелерінің, биороботтардың жаңа тұрпаттарын жасауға дейін іске асуы мүмкін. Іс жүзіне асырудың болжамды мерзімі — XXI ғасырдың ортасы.

Экологияда — адам қызметінің қоршаған ортаға зиянды әсерін толық жою. Біріншіден, бұл адам қызметінің қалдықтарын бастапқы шикізатқа айналдыратын молекулалық робот-санитарлармен экосаланы қанықтыру есебінен, екіншіден, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қалдықсыз нанотехнологиялық эдістерге көшіру есебінен іске асырылады. Іс жүзіне асырудың болжамды мерзімі — XXI ғасырдың ортасы.

Ғарышты игерудін «әдеттегі» тәртібінің алдында оны нанороботтардың көмегімен игеру орын алады. Робот-молекулалардың орасан үлкен армиясы Жерді қоршаған ғарыш кеңістігіне шығарылады және оны адамның қоныстануына дайындайды — Айды, астероидтарды, жақын планеталарды өмір сүруге жарамды етеді, «қолда бар материалдардан» (метеориттерден, кометалардан) ғарыш стансаларын тұрғызады. Бұл қазіргі қолданылып жүрген эдістерден анағұрлым арзан және қауіпсіз болмақ.

Кибернетикада — қазіргі бар жоспарлы құрылымдардан көлемді микросызбанұсқаларға көшу орын аладьт: белсенді элементтердің көлемдері молекулалардың мөлшерлеріне дейін кішерейеді. Компьютерлердің жұмыс жиілігі терагерц мөлшемдеріне дейін жетеді. Нейронға ұқсас элементтерге сызбанұсқалық шешімдер кең таралатын болады. Белок молекулаларында сыйымдылығы терабайттармен өлшенетін, ұзақ уақытқа жететін, жьтлдам әрекет ететін зерде пайда болады. Адамның ақыл-ойының компьютерге «көшуі» мүмкін болады. Оның іске асырылатын болжамды мерзімі — XXI ғасырдың екінші ширегі. Біздің өмір сүріп жатқан ортамызға келетін болсақ, онда ол ойға қонымды наноэлементтерді енгізу есебінен «ақылды» және адам үшін тікелей жайлы болады. Іске асырудың болжамды мерзімі — XXI ғасырдан кейінгі уақыт.

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Ғылым академиясы (РҒА) 2007 жылдың шілдесінде нанотехнологиялар саласында ғылым және білім берудің инновациялық ынтымақтастығын ұйымдастыру мақсаты туралы келісім-шарт жасасты. Алғашқы бірлескен озық жоба «Физика-техника институты» техникалық өрлеу департаментінің (ТӨД) бір құрылымдық бөлімшесі саналатын Ұлттық нанотехнологиялық зертхананың, сондай-ақ Ресейдің жетекші ғылыми орталықтарының қатысуымен Алматы маңында «Кремний алқабын» құру болмақ. «Кремний алқабы» ақпараттық технологиялар индустриясын дамытудың өзіндік негізіне айналатын болады.

Сонымен қатар Қазақстанда қазіргі уақытта «ҚР-да 2007-2014 жылдарға арналған наноғылым мен нанотехнологияларды дамыту» бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бағдарлама бойынша бас ұйым болып қазіргі уақытта «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің құрамына кіретін «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» (ЖМБҒО) саналады. Бас ұйым болатын себебі -бағдарлама осы орталықтың ғалымдарының бастамашылығымен және қатысуымен құрылды.

Біздің елімізде барлық ғалымдарымыздың күш-жігерлерін біріктіру және олардың әрқайсысына материяның наноқұрылымдық деңгейінде бәсекелестік әзірлемелерде көмек көрсету бойынша тиімді механизм құру қажет. Оны орындау үшін ғалымдарға ғылым әлемінде өздерін ақтап шыққан қазіргі заманғы қүрал-жабдықтар беріп және оларды тиімді пайдалану бойынша қызметтер көрсету керек.

Қабылданған басымдықтар бойынша Қазақстанның экономикасын әртараптандыру үшін нанотехнологиялардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде нанотехнологияларсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес металлургия кластерін дамытуды атап айтуға болады.

Қазақстан үкіметі индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі. Онда басты назар еліміздің шикізат өнеркәсібінен өңдеу өнеркәсібіне көшуіне аударылған. Озық ғылыми жетістіктерсіз жасау мүмкін болмайтын жоғары технологиялар қажеттілігі талап етілмек. Бүкіл әлемнің ғалымдары техникалық және экономикалық өрлеудің болашағы нанотехнологияларда жатқанын мойындап отыр. Нанотехнологиялар — ол білімдердің аса қызықты саласы, өйткені ғалымдар физика, химия, биология, материалтану, электрондық және компьютерлік техника және басқа да ғылыми пәндердің тоғысында жұмыс істейді. Нанотехнологиялар — ол еліміздің отандық және трансұлттық бизнеспен серіктестігі барысында нақты нәтижелерге жетуі мүмкіндігі бар сала. Жоғары технологиялардың әлемдік нарығы бүгінгі таңда жылына 2,5 триллион долларға бағаланады. Олардың ішінде АҚШ-тың үлесіне — 39 процент, Жапонияға — 30, Германияға 16 процент тиесілі. Қалған әлемнің үлесі — 15 процент. Қазақстанның басты міндеті -мүмкіндігінше тезірек солардың қатарына еніп, өз орнын табу. Еліміздің географиялық жағдайы бізге аймақтық нарыққа бағытталған жоғары технологиялы өндірісті дамытуға мүмкіндік береді: онда Қазақстан келешекте аймақтың сервистік-технологиялық орталығына айналуға тиіс.

Технологиясы дамыған мемлекеттер саналатын 50-ден астам ел нанотехнологиялар саласында зерттеулер жүргізудің ұлттық бағдарламаларын жасап, енді соларды жетілдірумен айналысып жатыр. АҚШ, Қытай, Жапония, Германия және Франция бүл салада көш бастап отыр. Сөйтіп, АҚШ-та елдің технологиялық дамуының Ұлттық нанотехнологиялық бастама деген атпен танымал бағдарламасы тұжырымдалды. Жылдан-жылға оның орындалуы барысын АҚШ үкіметі қадағалап отырады. Бұл бағдарламаның бюджеті түрақты өсу үстінде: өткен жылы ол бір миллиард АҚШ долларынан асып кетті. Сондай-ақ Қытай да 2000 жылдан бері қарай нанотехнологияларды үлкен көлемде қаржыландырып келеді, нәтижесінде, онда осы салада 40 мыңға жуық кәсіпорын құрылып үлгірді.

Қазақстанда 2003 жылдан бастап нанотехнологиялар бойынша зерттеулер Ұлттық ғылым академиясының үйлестіруімен жүргізілетін іргелі зерттеулер басымдықтарының біріне айналды. Елімізде осы бағытта зерттеулер жүргізетін жэне нанотехнологиялар мен аралас салаларда әзірлемелер жасап үлгірген ғылыми ұжымдар бар.

Бұл — жартылай өткізгіш және металл жүйелеріндегі нанокластерлер мен наноқұрылымдар түзілімі саласындағы зерттеулер, наноөлшемді катализаторлар, сенсорлық наноқүрылымды материалдар мен көміртекті наноқұрылымдар саласындағы зерттеулер. Инновациялық өндірістердің нанотехнологиялық элементтерді қамтитын және оларды іс жүзіне асыруға дайын бірнеше жоба бар. Бұл — силалдарды алу және тазарту сатысы арқылы кремний өндіру; бұл — белсенді сатысында тұрған наноөлшемді бөлшектердің құрамында металл бар катализаторлар өндірісі; сондай-ақ нанокеуекті сезгіш қабаты бар газ сенсорлары өндірісі. Осындай әзірлемелер патенттермен қорғалған, технологиялық «ноу-хаулары» бар мен жоғары эскпорттық әлеуетке ие: бұл өндірістерді ұйымдастырудан жылдам, әрі жеткілікті пайда алуға мүмкіндік туғызады, зерттеулер мен инновациялық жобалардың кең қанат жаюы үшін қосымша қаражат көзін береді.

Қазіргі уақытта қазақстандық биологтар ағзаға дің жасушаларын енгізу (орналастыру) мүмкіндігін зерттеумен және медицинада нанодеңгейде дәрі-дәрмектер жасаумен айналысып жатыр. Соған орай, қазір нанотехнологиялар бойынша жұкпалы тұмаудың жаңа дәрісі жасалу үстінде. Сондай-ақ электролиз тәсілімен ғалымдар мыстың микроұнтақтарын алып отыр. Егер осы ұнтақты мотор майына қосса, онда ол кіп-кішкентай сызаттарды қалпына келтіріп («тірілтіп»), механизмді пайдалану мерзімін едәуір ұзартады. Сонымен қатар кез келген наноматериалды алудың бастапқы негізі болып саналатын нанотүтіктер әзірленеді. Бұл жерде енді үлкен өндіріс туралы айтуға болады. Қарағанды политехникалық институтында электр қуатын тұтынуды екі есе азайтуға мүмкіндік беретін наноматериалдар құрылып жатыр.

Енді мұнай-газ және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты айтайық. Мұнай-газ саласында ғалымдарымыз нанотехнологиялардың көмегімен түпкілікті өнімнің сапасын 1,5 есе көтеретін катализаторлар алып жатыр.

Ауыл шаруашылығында да жасуша деңгейіндегі жұмыстар -генетикалық жаңаландырылған өнімдер тудыру бойынша жұмыстар жүргізілу үстінде. Биология бағытында елімізде сегіз институт, сондай-ақ астық орталықтары жұмыс істейді.

«Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің құрамына кіретін «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» (ЖМБҒО) АҚ-ы бас ұйым ретінде жоғарыда аталған жұмыстарға жетекшілік етеді. Одан өзге, осы орталық арқылы қаржылай қолдау көрсетіледі.

Алайда нанотехнологиялардың барлық артықшылықтарын ең үлкен дәрежеде жалпыұлттық бағдарлама аясында ғана пайдалануға болады. Онда басты назар тиімділігі жоғары іргелі зерттеулер мен нанотехнологиялық өнім өндірісін ұйымдастыру үшін инфрақұрылым құруға келіп саюға тиіс. Ол кезде нанотехнологиялар саласында ғалымдарды,  технологтарды және өндірісті ұйымдастырушыларды даярлауға, сондай-ақ жетекші ұлттық университеттерде жаратылыстану ғылымдары бойынша тиісті мамандықтар үшін пәнаралық оқу бағдарламаларын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінуге тиіс.

Соған байланысты 2007 жылы Қазақстанда наноғылымды және нанотехнологияларды дамытудың 2007-2014 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, сол жылдың шілдесінде Қазақстанның Білім жэне ғылым министрлігі мен Ресей Ғылым академиясы нанотехнологиялар саласында ғылым және білім беруді ұйымдастыру мақсаты жөнінде инновациялық ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасты. Аталған келісім-шарт аясында «жартылай өткізгіш гетероқұрылымдар негізінде Күн батареяларының жоғары технологиялы өндірісін құру жобасы» іс жүзіне асырылатын болады.

Сонымен қатар нанотехнологияларды дамыту үшін, Қазақстанда халықаралық ынтымақтастық және лайықты мемлекеттік қаржыландыру болуы керек. Ғылыми-техникалық зерттеулерді ұйымдастыру, оларды қажетті құрал-саймандармен жабдықтау, тиісті деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша іс-шаралар қабылдау қажет. Орта және шағын бизнес те осы технологиялардың ары қарай ілгерілеуіне септігін тигізуге тиіс. Қазақстанда ондай компаниялардың бесалтауы бар. Біреулері кен байыту саласында үздіксіз ұсақтаумен айналысса, екіншілері бериллий негізінде құрылымдық қосылыстармен, үшіншілері электрдің тиімділігін көтерумен айналысады. Ал ғалымдар қазақстандық кәсіпорындарды жаңа идеялармен және материалдармен қанықтырып отыруға тиіс. Сонда біз Қазақстанның болашағына батыл қадам жасай аламыз.

Соған байланысты ғалымдар мемлекет басшысының үш технопарк: Алматы түбіндегі Алатау ауылында — ақпараттық технологиялар орталығын, Степногорскіде — биотехнологиялық орталық, Курчатовта ядролық технологиялар орталығын құру туралы шешіміне үлкен үміт артады. Аталған орталықтардың алдында қазақстандық ғалымдардың ең бір батыл ғылыми идеяларын, — сөз жоқ, оған нанотехнологиялар да жатады, — жүзеге асырудың полигондарына айналу міндеті тұр.

Президенттің Қазақстан халқына арнаған 2011 жылғы қаңтардың 29-ындағы жолдауында елбасы: «…алдымызда жоғары технологиялы және ғылыми негіздеуді қажетсінетін өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды дамытуды… басып озатын экономиканың теңгерілімділігін қамтамасыз етудің маңызды міндеті тұр», — деп атап көрсетті. Осы кезеңде, шамасы, алдыңғы қатарлы елдер бізге дейін жүріп өткен технологиялық өрлеу жолын біздің өтпегеніміз жөн шығар. Дереу супертехнологияларды, оның ішінде нанотехнологияларды шапшаң дамытуды қолға алу керек, өйткені жаңа технологиялар бүгінгі күні бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторларына айналды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 2006 жылғы мамырда сөйлеген сөзінде ҚР Президенті: «Алдымызға жақын онжылдықта елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына шығарудың стратегиялық міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологиялар дамуының ғаламдық үрдістерін мұқият қадағалап отыруға тиіспіз. Алдағы онжылдықта жаңа технологиялық тәртіпте дамытудың маңызды бағыттары биожәне нанотехнологиялар, жасанды зерде жүйелері, ғаламдық ақпараттық желілер және жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелері, энергия үнемдеуші технологиялар болады… Бұл бағыттарды бәсекеге қабілеттілікті көтерудің қазақстандық стратегиясын іске асыру барысында назарда ұстауға тиіспіз», — деген-ді.

Демек, ғылым мен жаңа технологиялардың өркендеуі ірі қаржы салымдарын қажет етеді. Сол себепті мемлекеттік деңгейде 2012 жылға дейін ғылымды дамытуга инвестициялар салымы көлемін жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізіп, 25 есе көбейту міндеті қойылды. 2015 жылға қарай Қазақстан ЖІӨ құрылымында ғылыми және гылымиинновациялық қызметтің қызметтер көрсетудегі үлес салмағын 2000 жылғы 0,9 проценттен 5,5-5,7 процентке дейін көтермек.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда ғылым бытыраңқы түрде қаржыландырылып келді. Соның нэтижесі — ғылыми. өркендеудің басымдықтарын айқын көрудің мүмкін болмауы. Сондықтан ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрінің басшылығымен Қазақстанның технологиялық өркендеуінің бес басымдығын әзірлеумен айналысуға кіріскен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ВҒТК) құрылды.

Елдің ғылыми-техникалық өркендеуінің аталған бес басымдығына сәйкес, Қазақстанның барлық ғалымдары мен ғылыми ұжымдары еркін пайдалана алатын ашық тұрпатты бес ұлттық зертхана, сондайақ жеке сектор дүниеге келді. Бұл бес ұлттық зертхана: нанотехнологиялар, биотехнологиялар, ядролық технологиялар, көміртек және тау-кен-металлургия өнеркәсібі үшін жаңа технологиялар деп аталатын бағыттар бойынша құрылды.

Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, XXI ғасыр — наноғылым мен нанотехнологиялардың ғасыры болмақ. Нанотехнологиялардың өмір сүруге ықпалының жалпыға ортақ сипатқа ие болатыны, экономиканы өзгертіп, тұрмыстың, жұмыстың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларын қамтитыны байқалады. Нанотехнологиялардың көмегімен уақыт үнемдеп, аз багаға көп игіліктер иеленіп, тұрақты түрде өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарта алатын боламыз.

Нанотехнологияларға байланысты алда тұрған өзгерістерді Ғаламдық болжау институтының қызметкері Дж.Кэнтон былай тұжырымдайды:

  • наноэнергетика жаңа тұрпатты қозғалтқыштар, отын элементтерін және көлік құралдарын эзірлеп шығару нәтижесінде әлемді барынша таза ететін болады;
  • нанотехнологиялар мен наноөнімдерге негізделген жаңа экономика қалыптасады. Е-бизнес (электрондық-ақпараттық) басымдық алған шептерін NT-бизнеске (нанотехнологиялық) береді;
  • наноөнеркәсіптің шапшаң дамуы білім беру жүйесін барлық деңгейлерде түбегейлі қайта құруды талап ететін болады;
  • тұтыну және өнеркәсіп тауарлары ұзақ мерзімге төзімді, сапалы және шағын көлемді, сонымен бірге арзан тұратын болады;
  • медициналық қызмет көрсету қолжетімді және тиімді болмақ. Жаңа дәрі-дәрмектер және диагноз қою құралдары дүниеге келеді. Нанобиотехнология адамдардың өмірін сау және ұзақ ететін болады;
  • Интернетке қосылған, телефон мен теледидардың және компьютердің қызметтерін біріктірген жаңа құрылғылар барлықтарын барлық жерлерде және әрдайым біріктіретін байланыстың ғаламдық жүйесін құратын болады;
  • Тұрмыс пен өндірістің барлық заттарына чиптер кіріктіру есебінен қоршаған нәрселердің әлемі «зиялыға» (ақылдыға) айналатын болады».

Қазақстанның тұрғындары осы үдерістерге тартыла ма? Сұрақ біз бұл игіліктерді тұтынушылар ғана боламыз ба, әлде жасаушылар да боламыз ба, яғни біз олар үшін тек ақы төлейміз бе, әлде нанотехнологияларда ақша да табамыз ба дегенге келіп тіреледі.

Ғылыми ізденістің осы бағытын таңдаудың сенімділігі үшін Американың Ұлттық ғылыми қорының бұрынғы директоры Нил Лейннің 1998 жылы АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде айтқан: «Егер менен ғылым мен техниканың қай саласы бізге болашаққа жарып шығуды қамтамасыз ететінін сұрасаңыздар, мен нанотехнологияларды атайтын едім», — деген пікірін келтірейік.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *