Несеп-жыныс мүшелерінің актиномикозы

Актиномикоз — адам мен жануар организміне сәулелі,саңырауқұлақтың енуінен пайда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Сәулелі саңырауқұлақ — актиномицеттің денесі ұзындықтары мен жиілігі алуан түрлі, тармақталған, жіңішке жіпшелер (мицедла) торынан тұрады. Инфекцияны жеткізушілер — өсімдіктер. Бірқатар жағдайларда ауру органимзге қоршаған ортада еркін өмір сүретін актиномицеттің енуінен, яғни экзогенді жолмен пайда болатындықтан, сонда да оның жұғатын басты жолы — эндогенді жол, мүнда ауруды адамның аузы мен ішек-қарын жолында тіршілік ететін паразит қоздырғыш туғызады.

Несеп-жыныс мүшелерінің актиномикозы сирек кездеседі және құрсақ инфекциясының салдары ретінде дамиды. Рероцекалды клетчаткада басталған бұл процесс контактілі және лимфогенді жолдармен жоғары қарай таралып, фасциалды қабаттарды бұзады да, бүйрек маңындағы клетчатканы қамтиды, ал бұл клетчатка мұндай жағдайларда ішін ірің ошақтары толтырған тастай қатты тыртык-склероз масса болып табылады. Бұл масса бүйрек пен несепағарды тыс секілді қаптап жатады. Клетчаткадағы айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, бұл процесс бүйректің өзіне сирек таралады.

Бүйректің бастапқы актиномикозы сирек кездеседі және белгілі бір, әсіресе өкпедегі жасырын ошақтан гематогенді метастаздаудың нәтижесі болып табылады. Бүйрек тканінің зақымдану терендігі айтарлықтай болуы мүмкін.

Батыл операциялық емдеу (нефрэктомия) мен антибиотиктер терапиясы организмді сауықтырады. Қуықтың бастапқы зақымдануы бұдан да сирек байқалады және әдетте қуыққа богде денелердің түсуіне байланысты. Көптеген жағдайларда бұл процесс қуыққа паравезикальды клетчаткадан өтеді.

Цистоскопия арқылы инфильтрат немесе іріңді жара орнынан ісіну құбылысын көруге болады. Ол жарылғанда несептен актиномицеттерді табады. Еркектің жыныс мүшелерінің актиномикозы экзогенді жолмен пайда болады және сирек кездеседі. Оның диагнозын қою қиын, оны әдетте өте кешігіп қояды. Закымданған мүшеде көптеген терең жаралардың, нығыз, бедерлі инфильтраттардың болуы, егудің мәліметтері, сифилис пен туберкулезге зерттеулердің теріс нәтижелері, актиномицет антигені бар тері ішіндегі реакциялардың және Борде-Жангу комплиментін байланыстыру реакцияларының дүрыс нәтижелері диагноз қоюға негіз болады, Терең жарадан немесе несептен сәулелі саңырауқүлақ торын табу сенімді диагностикалық белгі болып табылады. Бүйрек актиномикозының пиелографиялық көрінісі туберкулезге өте ұқсас, ал зақымдану ошақтары паренхиманың түбіне орналасқанда — ісікке ұқсайды.

Жыныс мүшелерінің шығу тегі түсініксіз қабыну ауруларының барлық жағдайларында актиномикоз кездесу мүмкіндігін есте сақтау керек. Актиномикозды емдеуде антибиотиктер жетекші орын алады: пенициллин, стрептомицин әдеттегі мөлшерде және хлортетрацелин гидрохлориді (ауреомицин) 0,1-0,2 г-нан тәулігіне 4-6 рет ішу. Актиноизат иммунотерапиясы арнайы иммунды денелердің жиналуына жәрдемдеседі және емдеу нәтижесін жақсартады. Актиномицеттің туберкулез микобактериясымен биологиялық туыстығы актиномикозды емдеу үшін фтивазидті ойдағыдай қолдануға жағдай туғызды (алғашында күніне 1 г-нан қолданып, кейін біртіндеп мөлшерін арттыру). Операциясыз терапияға көнбейтін оқшауланған бүйрек актиномикозында бүйрек кесілуі немесе нефрэктомия жүргізілуі мүмкін. Мұндай науқастарда операциядан кейін оның барысын операциялық жара актиномикозы асқындырады. Жыныс мүшесі актиномикозында сәулелі терапияны қолдану тиімді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *