Қоғамға деген философиялық көзқарас

Күрделі ұйымдасырылған жүйе ретіндегі қоғам туралы түсінік. Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа ойщылдар, философиялық мектептер әртүрлі жауап береді. Біреулері бұл – санамен біріккен қауымдастық деп есептейді. Екіншілері үшін қоғам тірі қалу мақсатымен ұйымдасқан билогиялық жаратылыстардың жиынтығы болып табылады. Үшіншілері тіршілік ету құралдарын өндіру мақсатында құрылған адамдардың өзара әрекеттесуінің жемісі деп санайды. Жалпыланған түсіндірме мынадай: бұл – адамдардың бірлескен қызметінің ұйымдасқан формасы.  Бірлескен өмірдің адамдарға ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға да тән екендігін айта кету керек. Мұндай жағдайда адамдар бірлестігінің өзге өмірдің төменгі формаларындағы бірлестіктерден сапалық айырмашылығы бар ма екен? Бар. Адамзат қоғамы тек биологиялыққа ғана емес, сондай-ақ мәдени принциптерге де негізделген. Өйткені адамдардың бірлескен өмірі – бұл тек қорғаныс, тамақ табу мен ұрпақты жалғастыру ғана емес. Қоғам адамдарға дүниені тануға және түрлендіруге, өзі мен бірлескен өмірді жетілдіруге, жинақталған тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беруге көмектеседі.

Осылайша, қоғам – бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам – бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы.

Қоғам инвидидтердің, яғни жекелеген адамдардың жай ғана механикалық қосындысы болып табылмайды. Қоғам ол әртүрлі жеке қасиеттері бар индивидтердің біріккен жүйесі. Мысалы, ешқандай адам Жердің бет әлпетін өзгерте алмайды. Бірақ біріккен кезде адамзат тап сондай қуатты геопланетарлық күш болып табылады.

Адам қоғамының мынадай негізгі сипаттамалары бар:

  • біртұтастық – элементтер мен қосымша жүйелердің бірыңғай жүйеге енуі;
  • өздігінен ұйымдастырылатындығы – ішкі күштер мен үрдістердің тіршілік етуімен дамуына әсері;
  • серпінділік – әлеуметтік формалар мен құрылымдардың қозғалғыштығы мен өзгергіштігі;
  • даму – қоғамның прогрессивті немесе регрессивті бағытқа қарай күрделі бағытталған өзгерістері;
  • заңдылық – қоғамның танып-білуге және адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір объективті заңдарға бағынуы.

Кез келген қоғам тірі адам индивидтерінен құралады. Индивидтердің белгілі жиынтығы қоғамның өмір сүруінің алғышарты болып табылады, алайда ол толыққанды қоғам емес. Индивидтер қоғам құру үшін, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі және соль қоғамның өзі орнықтылық және жүйелілік сипат алуы қажет. Индивидтердің тек осындай жиынтығын ғана қоғам ретінде қарастыруға болады.

Ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби (870-950) адамның барлық дүниетүзілімнен азаматтық әлеуметтік жаратылыс ретінде бөлектенетінін көрсетті. Өйткені адам табиғатында басқа адаммен немесе адамдар тобымен байланыс пен өзара әрекеттестікке ену қасиеті орын алады екен. Әл-Фараби бойынша мұның себебі адам жалғыз өзі қол жеткізе алмайтын көптеген заттарға мұқтаж және оларға қол жеткізуде адамдар қауымдастығының көмегін қажетсінетін болады. Яғни, адам жеке басына қажет қандай да бір затты өзі мүше болып табылатын қоғамнан ала алады. Бұл ретте әрбір адам басқасына қатысты дәл осындай жағдайда болады.

Сонымен, әл-Фарабидің пікірінше, қоғам мүлдем қайдағы бір тыныштықтағы құрылым емес, өзара әрекеттестікте болатын адамдардың қауымдастығы. Қоғаның көмегімен адам өзінің толып жатқан материалдық, сондай-ақ рухани қажеттіктерін қанағаттандырады.

Шын мәнінде қоғамды құрайтын адамдар бір-бірімен өзара әрекеттестікке бәрінен бұрын, өздерін базалық (бастапқы) әлеуметтік қажеттіктері итермелейтіндіктен түседі. Олар: тіршілік ету құралдарын өндіру немесе табуда бірлескен еңбекті, ынтымақтастықты қажетсіну; табиғат күштерімен, жыртқыштармен және т.б. күресте бір-бірін қолдау мен өзара қорғау қажеттігі және т.б.

Кез келген қоғамға:

  • бірге өмір сүрумен аумақты игерудің белгілі бір формасы;
  • шындық өмірді өндіру (және қайта өндіру): өмір сүруге қажет құралдар өндіру мен бала туу жолымен адам өмірін жалғастыру тәсілі;
  • әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесімен әлеуметтік мәртебелер мен рөлдердің соларға сай бөлінуімен бекітілген орнықты (берік) байланыстар мен қатынастардың болуы;
  • белгілі бір түсінімдер мен идеяларда, өмір құндылықтарында, дүниетанымда, мәдениетте және т.б. өрнектелетін өзінің тұтастық ретіндегі бірлігін, өзінің дербестігі мен бірегейлігін сезіну тән.

Осылайша, қоғам – бұл демографиялық, өндірістік, әлеуметтік және рухани жүйе – оны құрайтын индивидтердің қауымдастығы.

Қоғамды мемлекеттен ажырата білу қажет. Мемлекет – бұл аумақтық және саяси қауымдастық. Ол аумағының ортақтығымен, саяси билігінің ұйымымен және оның егемендігімен, қатынастарды құқықтық реттеуімен сипатталады. Қоғам бір сәтте және кездейсоқ қалыптасуы мүмкін емес, курделі, көп функциялы жүйе болып табылады. Әлеуметтік философияда қоғам өмірі үшін еңбек құралдарын ойлап табу мен өндірудің маңыздылығы негізделінеді. Олар аңшылықтың, егіншіліктің, қорғаныстың тиімділігін арттырды және тайпаның аман қалуына септігін тигізді. Біртіндеп жинақталған тәжірибені беру практикасы, еңбек пен міндеттердің бөлінісі қалыптаса бастады. Теңсіздіктің экономикалық, әскери және басқа түрлері пайда болды. Бұл адам өмірі мен өзара қатынастар құрылымы күрделі жүйесінің, яғни қоғамның дамуына жағдай жасады.

Қоғам дамуының күрделі сипаты оның өте күрделі құрылымымен, ондағы көптеген факторлардың әрекетімен анықталады. Бәрінен бұрын, онда қоғамдық қызметтің сипаты мен мазмұны бойынша әртүрлі салалары: өндірістік-экономикалық, әлеуметтік, саяси, т.б. жүзеге асады. Бұлардың әрқайсысы әлеуметтік кеңістікте орын тауып, қоғамдық қатынастардың сәйкесті түрлерімен қамтылады.

Қатынастық тәсіл қоғамды әлеуметтік қатынастардың органикалық біртұтастығы ретінде қарастырады, ал олардың негізінде экономикалық қатынастар жатыр деп есептеледі, өйткені олар түптің түбінде анықтауыш қатынастар болып табылады. Бұл қатынастарды жіктеу олардың қоғамдық өмірдің қандай салаларында қалыптасып, қызмет етуіне қарай жүзеге асырылады, оны мынадай сызбадан көруге болады. Кең тараған тәсілге сәйкес қоғам құрылымы қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананы қамтиды. Бұл ұғымдар тиісінше қоғам өмірінің материалдық және идеалдық жақтарын білдіреді.

Қоғамдық болмыс – бұл қызметтің саналуан түрлерінің жиынтығынан тұратын адамның нақты өмірі және өмір жабдықтарының қоғамдық өндірісі. Сонымен бір уақытта ол материалдық (физилогиялық) және рухани жаратылыс ретінде адамның өзін қайта өндіруі болып табылады.

Қоғамдық сана – бұл қоғамның өз болмысын ой елегінен, сана-сезімімен өткізуі. Басқа бір тәсілге сәйкес әлеуметтік құрылым қоғам өмірінің негізгі: рухани, саяси, экономикалық және әлеуметтік салары арқылы зерделенеді. Осылайша, қоғам – бұл жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, реттелеген әлеуметтік жүйе. Қоғам өзара тығыз байланысты және тұрақты әрекеттесетін әртүрлі бөліктер мен элементтер жүйесі ретінде көрініс табады. Осыған орай қоғам біртұтас жеке ағза, бірыңғай жүйе ретінде өмір сүреді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *