Орында тұрып және қозғалыста әскери сәлемдесу тәсілдерін орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру

Әскери сәлемдесу анық және жігерлі орындалады. Саптан тыс жерде орында тұрып баскиімсіз әскери сөлемдесуді орындау үшін бастық (шені үлкенге) жаққа үш-төрт қадамдай қашықтықта тұрып бұрылу, саптың қалыпты сақтау және оның бетіне қарау, оның соңынан басты бұру керек. Егер баскиім киілген болса, онда жоғарыдағы әрекетке қоса оң қолды саусақтарды бірге, алақан тура, ортаңғы саусақ баскиімнің төменгі шетіне (күн-қағарына) тиетіндей, шынтақ түзу және иық биіктігінде болатындай (3-сурет) етіп, шапшаң басқа қою керек. Бастық (шені үлкен) жаққа басты бұру кезінде баскиімдегі қол жағдайы өзгеріссіз қалады.

Бастық (шені үлкен) әскери сәлемдесушінің жанынан өтіп кеткен кезде басты түзу ұстап, онымен бір мезгілде оң қолды түсіру керек.

Саптан тыс жердегі қозғалыс кезінде баскиімсіз әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа (шені үлкенге) дейін үш-төрт қадам қашықтықта аяқтың және қолдың қозғалысын тоқтату, басты оның жағына қарай бұра отырып бетіне қарау керек. Бастықтан (шені үлкеннен) өткеннен кейін басты түзу ұстап, қолдың қозғалысын жалғастыра беру керек. Баскиім киілген кез­де аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты бұру және оң қолды баскиімге қою, сол қолды қозғалыссыз ұстау қажет (4-сурет); ал бастықтан (шені үлкеннен) өткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты түзу қалпында қалдырып, оң қолды түсіру керек.

Бастықты (шені үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші қадамымен орындалады. Екінші қадаммен бас түзу күйінде қалдырылады және оң қол түсіріледі. Егер әскери қызметшінің қолында зат бар болса, онда әскери сәлемдесу басты бастық (шені үлкен) жаққа бұрумен орындалады.

Орында және қозғалыс кезінде қарумен әскери сәлемдесуді орындау

Саптан тыс бір орында қарумен әскери сәлемдесуді орындау қарусыз орындалатындай жүргізіледі; бұл ретте карабиннің «иыққа» жағдайын қоспағанда, қару жағдайы өзгермейді және қол баскиімге қойылмайды.

Карабинмен «иыққа» жағдайында әскери сәлемдесуді орындау кезінде қару алдын ала «аяққа» жағдайына ауы-сады.

Қарумен «арқаға» жағдайында әскери сәлемдесу оң колды баскиімге қоюмен орындалады.

Саптан тыс жердегі қозғалыс кезіндегі қару «аяққа», «бауға» немесе «кеудеге» жағдайында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа (шені үлкенге) дейін үш-төрт қадамда аяқты қоюмен бір мезгілде басты ол жаққа қарай бұру және бос қолдың қозғалысын тоқтату; ал қару «арқаға» жағдайында, бұған қоса оң қолды баскиімге қою керек. Саптан тыс жердегі қозғалыс кезінде баскиімсіз әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа (шені үлкенге) дейін үш-төрт қадам қашықтықта аяқтың және қолдың қозғалысын тоқтату, басты оның жағына қарай бүра отырып бетіне қарау керек. Бастықтан (шені үлкеннен) өткеннен кейін басты түзу ұстап, қолдың қозғалысын жалғастыра беру керек. Баскиім киілген кез­де аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты бұру және оң қолды баскиімге қою, сол қолды қозғалыссыз ұстау қажет (4-сурет); ал бастықтан (шені үлкеннен) өткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты түзу қалпында қалдырып, оң қолды түсіру керек.

Бастықты (шені үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші қадамымен орындалады. Екінші қадаммен бас түзу күйінде қалдырылады және оң қол түсіріледі. Егер әскери қызметшінің қолында зат бар болса, онда әскери сәлемдесу басты бастық (шені үлкен) жаққа бұрумен

Карабинмен «иыққа» жағдайында әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолдың қозғалысын жалғастыра беру керек.

Карабинмен «аяққа» жағдайында «оң жақтан (сол жақтан, алдынан) кездестіру үшін қарауыл-Ға!» пәрмені бойынша әскери сәлемдесуді орындау екі тәсілмен жүзеге асырылады:

Бірінші тәсіл — карабинді оң қолмен көтеріп, оны үңғысымен кеуденің орта тұсына қарсы, көздеу тетігін өзіне қарата тік ұстау, мұнымен бір мезгілде сол қолмен карабинді алдыңғы дүмінен (төрт саусақ магазиннің ал-дында, ал бас бармақ — көздеу тетігінің астында) ұстап, сол қолдың білезігін иық биіктігіне келтіру.

Екінші тәсіл — оң қолды дүмнің мойыншасына ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ дүмі мойыншасының артқы жағында, ал қалған саусақтар бірге жұмылған күйде, алға шығып тұратындай етіп ұстау.

Екінші тәсілді орындаумен бір мезгілде басты оңға (солға) бұру және оның соңынан басты бұра отырып көзқараспен шығарып салу керек.

Карабинмен «қарауылға» жағдайынан «аяққа» жағдайына «Аяқ-Қа!» пәрмені бойынша ауыстырылады.

Алдын ала пәрмен бойынша басты түзу ұстау керек, ал орындау пәрмені бойынша карабинді аяққа қою үш тәсілмен іске асады:

Бірінші тәсіл — оң қолды жоғары көтеру және онымен карабин дүмінің жоғары бөлігі мен ұңғы астарынан ұстау.

Екінші  тәсіл карабиннің дүмін оң аяқтың табанына тиетіндей етіп ауыстыру; карабинді сол қолмен найзалық түтікшесінен ұстау.

Үшінші тәсілсол қолды тез түсіру, ал оң қолмен карабинді баяулап жерге қою.

Карабинмен «қарауылға» тәсілімен орындалатын әскери сәлемдесуді бөлімшелер мен бөлімдер сапта және бір орында тұрған кезде жүргізеді.

«Оң жақтан (сол жақтан, алдыдан)» кездестіру үшін «Қара-Уылға!» пәрмені бойынша карабиндер «қарауылға» жағдайына алынады; саптағы барлық әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды және бір мезгілде бастарын бастық жаққа қарай бұрады да, оны көзқарастарымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқ атқыштары мен қол граната атқыштары бар болса, онда олардың жағдайы өзгермейді.

Саптағы бір орында тұрып және қозғалыста әскери  сәлемдесуді орындау

Сапта бір орында өскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 10-15 қадамдай жақындаған кезде бөлімше командирі: «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)!» пәрменін береді.

Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, онымен бір мезгілде бастарын оңға (солға) бұрады, яғни бастықтың соңынан бастарын бұра отырып, оны көзқарастарымен шығарып салады.

Бастық саптың ту сыртына жақындаған кезде, коман­дир бөлімшені артқа бұрады, одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін пәрмен береді.

Бөлімше командирі әскери сөлемдесуді орындау үшін (егер ол қарусыз немесе қару «арқаға» жағдайында болса қолын баскиімге қояды; егер қарумен «иыққа», «бауға» не­месе «кеудеге» жағдайында болса, қаруы жоқ қол баскиімге қойылмайды) қозғалыс жалғаса отырып, пәрмен беріп, бастыққа саптық қадаммен жақындайды; оған екі-үш қадам қалғанда тоқтайды және баянат жасайды. Мысалы, «Лейтенант мырза! Екінші бөлімше сабақтар кестесіне сәйкес жүмыспен айналысуда. Бөлімше командирі — сер­жант Әлімов».

Сәлем берілген бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін бөлімшеге пәрмен берілгеннен кейін қолын баскиімге қояды.

Бөлімше командирі баянатты аяқтаған соң, қолын баскиімнен түсірместен сол (оң) аяқпен бір адым аттаумен оңға (солға) қарай бір мезгілде бұрылады және бастықты алдына жіберіп, оның соңынан бір-екі қадам артта және саптың сырт жағынан жүреді.

Бастық өткеннен кейін қағида бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР!» пәрменін береді және қолын түсіреді.

Саптағы қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орын­дау үшін бастыққа дейін 10-15 қадам қалғанда бөлімше командирі: «Бөлімше, ТІК ЖҮР!», «назар оң-ҒА (сол-Ға)» пәрменін береді. «ТІК ЖҮР!» пәрмені бойынша барлық әскери қызметшілер саптық қадамға көшеді, ал «назар оң-ҒА (сол-Ға)» пәрмені бойынша бір мезгілде бастық жаққа бастарын бұрады және қару ұстамаған қолдың немесе қолдардың қозғалысын тоқтатады. Карабинмен «иыққа» жағдайында қару ұстамаған қолдың қозғалысы тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз не­месе «арқаға» жағдайындағы қарумен болса, онда басын бұрып, қолын баскиімге қояды.

Бастық өткеннен кейін қағида бойынша болімше командир! «ЕРКІН ЖҮР!» пәрменін береді және қолын түсіреді.

Бастықтың сәлемдесуі немесе алғыс жариялауы кезінде әскери қызметшілер қатты, айқын, үйлесімді жауап береді.

Қозғалыс кезінде барлық әскери қызметшілер жауапты сол аяқты жерге қоюмен бастайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *