Пирамидалар не үшін салынған?

Ежелгі Мысыр пирамидалары

Ежелгі Мысыр пирамидалары

Ежелгі Мысырдағы (Египеттегі) алып пирамиданы перғауын Хуфудың (грекше атауы Хеопстың) жарлығымен біздің дәуірімізден бұрынғы 3-мыңыншы жылдары тұрғызылған. Гизадағы Хеопс пирамидасының биіктігі 146,4 метр. Бұл пирамиданы салуға 6,5 миллион тонна әктас жұмсалыпты. Пирамида мысырлық перғауындардың табыттары сақталатын зират есебінде салынса керек. Ғалымдардың болжамдары бойынша пирамиданы салу үшін 1 ғасырдай уақыт қажет болған секілді. Пирамида тұрғызу Ежелгі Мысыр халқын біріктіру әрі бір орталықтан басқару ісін жүзеге асыруға қажетті әдіс болған секілді. Табан қабырғасының ұзындығы 230 метр, ал табаны алып жатқан жер телімінің ауданы 5,3 гектар. Әрбір әктас «кірпіштің» орташа салмағы 2,5 тонна болған. Пирамида 2 миллион 300 мың әктас кірпіштен тұрғызылған. Ішінара салмағы 15 тонна алып кірпіштер де кездеседі. Пирамиданың жалпы көлемі шамамен 2 миллион 568 мың шаршы метр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *