Индустриялық-инновациялық дамудың әртүрлі сатыларында мемлекеттің атқаратын қызметтері мен инвестициялық қызметті реттеу ұстанымдары бір-бірлерінен бөлек болып шығады. Одан өзге, қызметтер мен ұстанымдар шетелдік капиталды келтіру түрлері бойынша да әрқилы болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық кәсіпкерлік түрінде жеке шетелдік капиталды келтіру және пайдалану саласына қарағанда, халықаралық кредит беру және кәсіпкерліктің акционерлік емес пошымдары жүйесі мемлекет тарапынан үлкен көлемде реттелуге жатуға тиіс. Шетелдік капитал саласындағы заңнаманың сыртқы қарыз бойынша заңнамаға және шетелдік инвестициялар бойынша заңнамаға бөлінгені де тікелей осы ерекшелікке байланысты. Реттеу әдістері де шетелдік капитал мен инвестициялардың түрлеріне байланысты ажыратылатын болады.

Халықаралық мемлекеттік кредит беруді реттеу дәрежесі мемлекеттің халықаралық кредиттердің аралық қарыз алушысы болатындығымен айқындалады. Бұл жағдайда мемлекеттің рөлі төмендегілер арқылы анықталады:

  • мемлекет кредит беруші, кепілдік беруші және қарыз алушы рөлін атқарып, халықаралық қатынастардың аса белсенді қатысушысына айналады;
  • мемлекеттік кредиттеу (кредит беру) бюджет қаражатын шоғырландыру жолымен іске асырылады;
  • мемлекет жәрдемқаржылар, кредиттер, кеден жеңілдіктері, процент мөлшерлемелерін қаражаттандыру арқылы сыртқы экономикалық қызметті қуаттайды. Экспорттық кредиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктер ең көп пайдаланылатын кепілдіктер болып саналады;
  • көпшілік елдерде мемлекеттік бюджет есебінен фирмалар мен банктерге экспорттық кредиттер беріледі;
  • әлемдік нарықтарға ұмтылуды қолдау үшін, сыртқы сауда операцияларына кредит беруді және сақтандыруды жүзеге асыратын, жеке банктердің экспорттық кредиттеріне кепілдік беретін мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік экспорттықимпорттық банктер құрылады.

Мысалы, АҚШ-тың ЭКСИМ БАНКІ бұл елдің шетелдік мемлекеттерге беретін барлық кредиттерінің 40%-ін, Жапонияның ЭКСИМ БАНКІ 80%-ін қамтамасыз етеді.

Бюрократия аппараты мығым мемлекет кейде оларға инвесторлар тәуелді болмайтын жағдаймен келісе алмай, жасырын түрде тікелей шетелдік инвестициялар үдерісіне араласа бастайды. Көбінесе бұл мемлекет пен инвесторлардың арасындағы қарым-қатынастарда байқалады.

Мемлекет пен инвесторлардың қарым-қатынастарының маңызды элементі — мемлекетті бақылау қызметі. Бұл шетелдік инвестициялар үшін, яғни қосуға, алып (жұтып) қоюға, сатып алуға немесе шетелдік жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жұмыс істеп тұрған ұлттық компаниялардың басқаруына беруге байланысты шетелдік инвестициялар үшін маңызды.

Мемлекеттік бақылау қызметі барлық дамыған елдерде, — елде шетелдік инвестициялар туралы арнаулы заңның бар немесе жоқтығына қарамастан, — шетелдік инвестицияларды реттеуде кең пайдаланылады. Алайда мемлекеттің бақылауы бұл жағдайда әкімшілік сипатта емес, монополияға қарсы реттеу түрінде болады.

Мемлекет пен шетелдік инвестор арасында қарым-қатынастар орнатудағы маңызды мәселе — ол шетелдік инвестициялардың экономиканың бәсекеғе қабілеттілігін көтеру мақсатында ғана пайдаланылатындығы. Жалпы, дамыған елдерде шетелдік инвестициялар туралы заңдар қабылдау — бастапқыда капитал тарту әрекетінен ғана емес, сонымен бірғе шетелдік капиталдың қарқынды енуі нәтижесінде ұлттық нарықты қорғауды күшейту қажеттігінен де туған-ды.

Бәсеке доктринасы мемлекеттік шаралар үшін өзіндік өлшем болды. Ол шетелдік инвестициялардың негізғі мақсаты ұлттық нарықта өндірушілердің барынша көп санын қамтамасыз ету екенінен шығып отыр. Нақ осы мақсаттарда мемлекет ұлттық нарыққа шетелдік тауарлар мен капиталдардың еркін келуін қамтамасыз етеді.

Бәсеке доктринасын қолдану нарыққа қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты мемлекеттік реттеу шараларын әртүрлі бағытттарда үйлестіруге және ұлттық нарықта тепе-теңдік сақтауға мүмкіндік береді. Шетелдік инвестицияларға қатысты шектеулер енгізу лайықты жэне заңға сыйымды болуы үшін, шешімдер қабылдаудың осындай жағдайларда белгіленғен өлшемдері басшылыққа алынуға тиіс.

Шетелдік инвестициялардың көмегімен бәсекені қолдау қызметі Батыста айқын болғаны соншалық, шетелдік инвестициялар туралы заңдары жоқ елдерде мемлекет капитал импортын реттеуді монополияға қарсы ұлттық заңнамаға сүйеніп іске асырады. Монополияға қарсы заңнама бойынша көзделетін арнаулы әкімшілік шараның нысанасы болып мынадай инвестицияларды (ұйымдыққұқықтық пошымына байланыссыз): ұлттық кәсіпорынның акцияларын сатып алу немесе ұлттық кәсіпорынға қандай да бір түрдегі немесе сападағы мүлікті бірлескен өндіріске салым ретінде беру туралы келісімді немесе инвестордың өз күшімен жаңа заңдьт түлға құруын жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттер танылады.

Шетелдік инвестициялар режимдерінің өтпелі ырықтандырылуынсыз халықаралық өндірісті кеңейту мүмкін болмас еді. Шетелдік инвестицияларды ырықтандырудың түбегейлі мақсаты -экономикалық өркендеу және елдің әл-ауқаты деңгейінің көтерілуі.

Қазақстанның жаңа тәуелсіз, нарықтық қатынастарға бағдар ұстаған мемлекет ретінде дамуының қазіргі кезеңінде экономикалық реформалардың басты бағыты — мемлекеттің экономикалық өсудің биік қарқындарын қамтамасыз етуді, экономиканың тиімділігін арттыруды мақсат еткен инвестициялық саясатын әзірлеу және жүзеге асыру.

Осы міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ үкіметтің реформаларды тереңдету жөніндегі іс-шаралары бағдарламасы негізінде және қаржыландырудың ішкі көздерінің шектеулілігі жағдайында құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету үшін, республиканың экономикасына шетел капиталын келтіру маңызды мағынаға ие болып отьтр. Республиканың экономикасына шетелдік инвестицияларды келтіру және тиімді пайдалану — Қазақстанның шет елдермен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастығының негізі және басты бағыттарының бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі барысында инвестициялар саласындағы нормативтік-заңдық негіз де қатарлас құрылды.

1997 жылғы ақпанның 28-інде «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» № 75-1 ҚР Заңы жарыққа шьтқты. Онда ҚР-да тікелей инвестицияларды қуаттау барысында пайда болатын қатьтнастарды реттеу көзделген, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға жэне ҚР мүдделерін білдіруге уәкілетті жалғыз мемлекеттік орган — төрағасын тек ҚР Үкіметі тағайындайтын және қызметінен босататын орган — «Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі» белгіленді.

Одан өзге, 1997 жылғы сәуірдің 5-інде шыққан ҚР Президентінің «Тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін, экономиканың басымдыққа ие секторлары тізбесін бекіту туралы» № 3444-Жарлығымен 2000 жылға дейін инвестициялар тарту үшін аса маңызды және басымдыққа ие өндірістердің тізімі айқындалды. Оның ішінде: Астана қаласьтның өндірістік инфрақұрыльтмы, өңдеу кәсіпорны, тұрғын үй, әлеуметтік сала, туризм, ауыл шаруашылығы іспетті салалар бар.

ҚР Президентінің 2000 жылғы наурыздың 6-ындағы № 349-Жарлығымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында жеңілдіктер мен артықшылықтар беру ережелері бекітілді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *