Радиоактивті, биологиялық зақымдану ошағындағы өзін-өзі ұстау тәртібі

Радиоактивті, химиялық зақымдану аймақтары мен биологиялық зақымдану ошағындағы адамдардың мінез-құлқы және өзін-өзі ұстау тәртібі. Қарсыластың соққылары кезінде заманауи зақымдау құралдарынан ойдағыдай қорғану көбінесе зақымдану аймақтарындағы оңтайлы, дұрыс іс-әрекеттерге байланысты.

Қарсыластың шабуылдау қаупі туралы хабардар ету кез келген уақытта елдің аумағы соққыға ұшырауы мүмкін дегенді білдіреді. Барлық азаматтар осы кезеңде жүргізілетін Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуына белсене қатысуға міндетті және тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарды сатып алулары (жұмыс, оқу орнынан алуы), өзі және отбасы мүшелері үшін ең қарапайым қорғану құралдарын дайындауы және күнделікті киімдерін радиоактивті заттарын қорғауға әзірлеуі тиіс. Әрбір отбасы дәрі-дәрмек жиыны бар дәрі қобдишасын дайындауы қажет. Отбасының ересек мүшелері баспананың тасалану орындары орналасқан жерлерді нақтылауы тиіс: егер жақын жерде тасалану орындары жоқ болса, онда олардың құрылысына белсене қатысулары қажет. Бұл кезеңде азық-түлік қорлары мен суды мүмкін болатын зақымданудан сақтау шараларын қабылдау өте маңызды. Бөлмелерде өртке қарсы жарықты тұмшалау жұмыстарын жүргізу, пәтерлердің (үйлердің) радиоактивті заттардан қорғау қасиеттерін арттыру қажет.

Халықты қарсыластың жаппай зақымдау қаруын қолдану қатерінен немесе қолданылу мүмкіндігі туралы өз уақытында сақтандыру үшін бүкіл елде Азаматтық қорғаныстың хабардар етуге арналған бірыңғай сигналы белгіленген: «Барлығының назарына!»: «Әуе дабылы», «Әуе дабылының аяқталуы», «Радиациялық қауіп», «Химиялық дабыл».

«Әуе дабылы» сигналы қарсылас шабуылының тікелей қатерінен сақтандырады. Ол радио және теледидар арқылы беріледі: «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Азаматтар! Әуе дабылы! Әуе дабылы!» — созылыңқы үнмен, өндіріс пен көлікте 2-3 минутқа қайталанады. Сигналды үйде болғанда естіген кезде жылдам киіну; жеке қорғану құралдарын, дайындалған заттар мен азық-түлік, су қорын алу; терезелерді жабу; газды өшіру және дереу ең жақын қорғаныс құрылысына жету керек. Сигналды көшеде (қоғамдық орында, қалалық көлікте) естіген кезде ең жақын баспанаға (тасалану орнына) тасаланады.

Білім беру мекемелерінде «Әуе дабылы» сигналы бойынша сабақтар тоқтатылады, оқушылар мен студенттер ұйымдасқан түрде баспанаға немесе тасалану орындарына қарай шоғырланады.

«Әуе дабылы» сигналынан кейін, егер шабуыл қаупі жоқ болса, «Әуе дабылының аяқталуы» сигналы берілуі мүмкін. Бұл сигнал да радио мен теледидар арқылы беріледі: «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Азаматтар! Әуе дабылының аяқталуы! Әуе дабылының аяқталуы!». Осы сигнал бойынша халық баспаналар мен тасалану орындарынан шығады. Тасалану орындарынан шыққан кезде шабуыл қаупі кезеңіне белгіленген ережелерді сақтау қажет.

«Радиациялық қауіп» сигналы тікелей қатер төнген аумақтан радиоактивті зақымдану айқындалған кезде 1 сағ ішінде жергілікті техникалық құралдар көмегімен беріледі, сондай-ақ дыбыстық және жарықтық құралдармен қайталанады. Бұл сигнал бойынша газтұмылдырықты (тұмылдырық, шаңға қарсы мата маска, мақта-дөкелі таңғыш) кию, құжаттарды, дайындалған заттарды алу және баспанаға (тасалану орнына) кету керек. Пәтерде су, газ көздерін бекіту, жарықты сөндіру, желдеткіштерді, терезе мен есіктерді жабу қажет. Егер де қандай да бір себептермен пәтерде (өндірісте, оқу орнында) қалуға тура келсе, уақытты жоғалтпай үй-жайды қымтауды, терезелерді жабуды, саңылауларды бітеуді, есіктерді матамен көмкеруді бастау керек. Бұл кезде адамдардың ішкі бөлмелерде, дәліздерде болғаны дұрыс.

«Химиялық дабыл» сигналы химиялық және биологиялық зақымдану қатері айқындалған кезде беріледі. Ол радио хабарларын тарату желісі бойынша төмендегідей беріледі: «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Азаматтар! Химиялық дабыл!» Ол жер-жерде үн шығарушы заттарды жиі соққылаумен қайталанады. Бұл сигнал бойынша дереу газтұмылдырықты, теріні қорғау құралдарын (табельдік жиі құралдар  жоқ болған кезде тыныс алу органдары мен теріні қорғаудың қолда бар құралдарын) кию және баспанаға (тасалану орнына) жету керек. Егер жаңын жерде қорғаныс құрылыстары жоқ болса, онда үй-жайда қалып, терезелер мен есіктерді нығыздап жабу, саңылауларды бітеу керек. «Химиялық дабыл» сигналы сәтінде баспанада болған адамдар олардан шығуға рұқсат берілгенге дейін сонда қала тұрулары тиіс. Баспанада қорғану құралдары кезекшінің әмірі (өкімі) бойынша кез келген сәтте киюге дайын түруы қажет. Радиацияға қарсы тасалану орындарына жеткендер дереу газтұмылдырықтарын шешеді.

Радиоактивті заңымдану аймағында болған кезде ауданның зақымдану дәрежесіне қарай Азаматтық қорғаныс штабтары белгілейтін радиациядан қорғану режімін қатаң орындау қажет. Қауіпті зақымдану аймағында адамдар тасалану орындары мен баспаналарда үш тәулік және одан көп уақыт болуы тиіс, одан кеиін тұрғын үй-жайға ауысуға және онда төрт тәуліктен кем емес уақыт қалуға болады. Үй-жайдан көшеге тек қысқа мерзімге ғана (тәулігіне 4 сағаттан артық емес) шығуға болады.

Күшті зақымданған аймақтағы адамдар үш тәулікке дейін тасалану орындарында болулары тиіс, өте қажет болған кезде ғана тәулігіне 3-4 сағатқа шығуға болады. Бұл ретте тыныс алу органдары мен теріні қорғау құралдарын кию қажет.

Шамалы зақымданған аймақтағы халық, әдетте, бірнеше сағат бойы тасаланады, одан кейін кәдімгі үй-жайға көшуге болады. Алғашқы тәуліктерде үйден 4 сағаттан артық шығуға болмайды.

Тасалану орындары мен ғимараттардан тыс болған жағдайлардың барлығында жеке қорғану құралдары қолданылады.

Радиоактивті сәулеленудің зиянды әсерін азайтатын алдын алу құралы ретінде АИ- 2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы жинақталымындағы радиокорғаушылық таблеткалар пайдаланылады.

Химиялық зақымдану аймағындағы баспанада (тасалану орнында) одан шығу туралы өкім алғанға дейін қалу  кер«к. Баспанадан (тасалану орнынан) шығу қажет болса тыныс алу органдары мен теріні қорғайтын құралдарды кию қажет.

Зақымдану аймағынан шығу бағыты көрсетуші белгілермен бейнеленеді, олар жоқ болған кезде жел бағытына қарсы жаққа қарай шығу керек.

Зақымданған жерден жылдам, бірақ жүгірмей, шаң көтермеи, айналадағы заттарға тиіспей, уландырушы заттардың көрініп тұрған тамшыларын баспай жүру керек.

Зақымдану аймағынан қандай да бір затты алуға, жерге отыруға немесе жатуға болмайды. Тіпті қатты шаршағанның өзінде жеке қорғану құралдарын шешуге болмайды. Егер уландырушы заттардың тамшылары дененің ашық жерлері мен киімге түссе, оған дереу химияға қарсы дербес пакеттегі заттар көмегімен өңдеу жүргізу керек?

Зақымдану аймағының шектерінен шыққаннан кейн жеке қорғану құралдарын, әсіресе газтұмылдырықты рұқсатсыз шешуге болмайды, өйткені киім, аяқкиім мен қорғану құралы уландырушы заттардан зақымданған болуы мүмкін. Зардап шегушілерге дереу дәрігерге дейінгі көмек көрсету: қайтарушы (антидот) егіп, дененің ашық жерлерін химияға қарсы дербес пакеттегі заттармен өңдеу, одан кейін науқасты медициналық пунктке жеткізу қажет. Зақымдану аймағынан шыққандардың барлығы міндетті түрде толық санитарлық тексерістен және арнаулы шаю пункттерінде киімдері өңдеуден өткізіледі.

Санитарлық өңдеу — бұл адамның тері жабынынан, сондай-ақ жеке қорғану құралдарынан, киген киімі мен аяқкиімінен радиоактивті заттарды кетіру, уландырушы заттарды, ауру таратушы микробтар мен токсиндерді за-рарсыздандыру.                                                          *

Ішінара санитарлық өңдеу радиоактивті заттармен (радиоактивті шаңмен) зақымданған кезде тікелей радиоактивті зақымдану аймағында немесе одан шыққаннан кейін мүмкіндігінше бірінші сағатта жүргізіледі. Бұл үшін сырт киімді шешіп, арқаны желге қарсы ұстап тұрып сілкиді.

Одан кейін киімді ілу және оны ұрып-қағу немесе тазалау керек. Аяқкиімді сумен жуу немесе ылғал шүберекпен сүрту; қол мен мойынның ашық жерлерін, газтұмылдырықтың беттік бөлігін таза сумен жуу; газтұ-мылдырықты шешіп, бетті мұқият жуу; ауыз бен тамақты шаю қажет. Егер су аз болса, онда тері жабынының ашық жерлерін және газтұмылдырықтың беттік бөлігін ылғал тампондаюмен  сүрту керек. Қыста киім мен аяқкиімді  қармен сүртуге болады.

Тамшылы-сұйық уландырушы заттармен зақымданған кезде дереу ішінара санитарлық өңдеу жүргізіледі. Бұл үшін газтұмылдырықты шешпестен терінің ашық жерлеріне түскен УЗ-ны, киімнің зақымданған жерлерін, газтұмылдырықтың беттік бөлігін химияға қарсы дербес пакеттегі ерітіндімен өңдеген жөн. Егер ол жоқ болса, онда тамшылы-сүйық УЗ-ны тұрмыстық химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Мысалы, ересек адамның терісін өңдеу үшін алдын ала 1 л 3%-дық сутек асқын тотығы мен 30 г күйдіргіш натрды дайындау керек, оларды тікелеи пайдаланудың алдында араластырады. Күйдіргіш натрды силикатты желіммен алмастыруға болады (1 л 3% -дық сутек асқын тотығына 150 г желім). Ерітінділерді қолдану тәсілі химиялық пакет сұйықтығын қолдануға ұқсайды. Құрғақ күйдіргіш натрды пайдалану кезінде оның көз бен теріге түсіп кетпеуін қадағалаған жөн. Биологиялық заттармен зақымданған кезде ішінара санитарлық өндеуді өткізу үшін дененің ашық жерлерін залалсыздандырушы құралдармен сүртеді, ал мүмкіндік болған кезде оларды сабындап, жылы сумен жуу қажет.

Толық санитарлық өңдеу бүкіл денені жылы сумен және сабынмен мұқият  жууды, сондай-ақ зардап шеккендерге арнаулы медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Бұл ретте ішкі киім, киім, аяқкиім арнаулы өңдеуден өткізіледі немесе алмастырылады. Санитарлық пункттер жуыну павильондарының, моншалардың және басқа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің негізінде немесе сол жерде, тікелей шатырларда ұйымдастырылады. Жылдың жылы мезгілінде толық санитарлық өңдеуді зақымданбаған ағынды су қоймаларында өткізуге болады.

Зақымданған жердегі әрекеттердің нәтижесінде киім, аяқкиім, қорғану құралдары, техника радиоактивті, уландырушы заттармен зақымдануы мүмкін. Оларды зарарсыздандыру үшін және адамдарға жұқтырмас үшін дезактивация, дезинфекция, газсыздандыру ішінара және толық жүргізіледі. Дезактивация (белсенділігін жою) — зақымданған беттерден радиоактивті заттарды кетіру. Киім, аяқкиім мен қорғану құралдарын дезактивациялау үшін оларды қағып-сілкиді, жуушы құралдардың судағы ерітіндісімен жуады немесе сүртеді (резеңке және былғары бұйымдарды); киімді дезактивациялаушы заттарды қолдану арқылы шаюға болады.

Техниканы ішінара дезактивациялау оның зақымдану дәрежесін төмендету мақсатында өткізіледі. Техниканы толық дезактивациялау зақымданудың жол берілетін шамаларында барлық беттерден радиоактивті заттарды ерітіндімен, сумен шаю, онымен бір мезгілде зақымданған беттерді арнайы қылшықтармен тазарту арқылы өңдеуді қамтиды. Оны арнаулы өңдеу пункттерінде Азаматтық қорғаныс құрамалары өткізеді.

Дезактивация үшін арнаулы ерітінділер, жуушы ұнтақтар мен басқа да жуушы құралдардың судағы ерітінділері, сондай-ақ кәдімгі су мен еріткіштер (бензин, керосин, дизельдік отын) қолданылады.

Газсыздандыру — уландырушы заттарды кетіру немесе химиялық жою (залалсыздандыру). Киімді, аяқкиімді, жеке қорғану құралдарын газсыздандыру қайнату, бу-аммиактік қоспамен (арнаулы құрылғыларда) өңдеу, жуу мен желге ұстау (табиғи газсыздандыру) арқылы жүзеге асырылады.

Техниканы ішінара газсыздандыру кезінде оның адамдар жанасатын бөліктері ғана өңделеді. Толықтай газсыздандыру объектінің барлық беттерінен уландырушы заттарды кетіруден немесе залалсыздандырудан құралады.

Газсыздандыру үшін арнаулы газсыздандыру ерітінділері колданылады. Ол үшін жергілікті материалдарды: сілтілік сипаттағы өнеркәсіптік қалдықтарды, аммиак ерітіндісін, күйдіргіш калий немесе күйдіргіш натрды, сондай-ақ еріткіштерді (бензин, керосин, дизельдік отын) пайдалануға болады.

Дезинфекция (зарарсыздандыру) — биологиялық құралдар мен токсиндердің химиялық әсерін жою. Киімді, аяқкиімді және жеке қорғану құралдарын дезинфекциялау бу-ауа коспасымен өңдеумен, қайнатумен, дезинфекциялаушы ерітінділермен ылғалдандырумен (немесе олармен сүртумен), жуумен жүзеге асады.

Техниканы толықтай дезинфекциялау газсыздандыру кезіндегідей тәсілдермен, тек дезинфекциялаушы ері-тінділермен өткізіледі.

Дезинфекция үшін арнаулы дезинфекциялаушы құралдар: фенол, крезол, лизол, сондай-ақ газсыздандырушы ерітінділер қолданылады.

Биологиялық зақымдану ошағында жүқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін арнаулы режім — карантин немесе обсервация енгізілуі мүмкін. Карантин аймағындағы халық ұсақ топтарға бөлінеді, оларға өз пәтерлері мен аулаларынан шығуға рұқсат етілмейді. Азық-түлік өнімдері, су қоры және ең қажетті заттар үйге жеткізіледі. Карантин жариялаған аудандардан шығуға (көлікпен шығуға) тыйым салынады.

Обсервация кезінде ауруды айқындау үшін медициналық іс-шаралар, алдын алу шаралары, әсіресе екпе салу жұмыстары ұйымдастырылады, адамдардың өзара қарым-қатынасы шектеледі. Оқу орындары мен мәдени-ағартушылық мекемелер өз жұмыстарын білгіленген қатаң тәртіптерді орындау жағдайында ғана жалғастыруы мүмкін.

Биологиялық зақымдану ошағындағы халық Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Әсіресе тамақтану режімін сақтау маңызды. Тоңазытқыштарда немесе жабық ыдыстарда сақталған азық-түлікті ғана тұтынуға рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, ауызсуды да міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу керек.

Мұндай жағдайларда тұрғын үйлерді, аулаларды, ортақ пайдаланылатын жерлерді үнемі тазалықта ұстау үлкен маңызға ие. Жеке гигиена талаптарын: жуынуды, ішкі киім мен төсектік жаймаларды алмастыруды, қолдың, шаштың және т.б. тазалығын сақтауды мұқият  орындау қажет. Биологиялық зақымдану ошағында болған кездегі барлық жағдайларда халық байсалдылық пен тәртіптілік көрсетуге, белгіленген ережелерді қатаң орындауға міндетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *