Құрсақ ісіктері

Құрсақ қуысының ісіктері несеп-жыныс мүшелерімен шектесетін аймаққа жатады. Олардың бүйрек пен жоғарғы несеп жолдарына анатомиялық тығыз жақындығына және бүйрек ісігінен айырудың қиындығына байланысты урологиялық практикада мұндай аурулар айтарлықтай жиі кездеседі.

Құрсақ ісіктері. Ісіктерді негізгі үш топқа бөледі: 1) мезенхима текті ісіктер (липома, фиброма, липосаркома, фибросаркома және т.с.с); 2) нерв тканінің ісіктері (нейрофибромалар, неврилеммомалар, параганглиомалар); 3) кисталар мен тератомалар.

Белгілері мен клиникалық барысы. Хромаффин тканьдеріндегі параганглиома ісіктерінің белгілері феохромоцитоманың белгілеріне ұқсас. Басқа құрсақ ісіктері өте үлкейгенге дейін ұзақ уақыт білінбейді. Үлкен құрсақ ісігі көршілес мүшелерге қысым түсіре отырып, бел мен ішті ауыртады, онда жүрек айнып, құсқысы келеді, іш бітеледі, іш кебеді. Кейде ісікті кездейсоқ, ішті дәрігер немесе науқастың өзі қолмен басқанда табады.

Диагноз қою. Құрсақ қуысында ісіктің болатынын іштің бір жақ жартысынан жоғарғы ұшы қабырғаның астына қарай кететін, ал төменгі ұшы кейде кіші жамбасқа дейін жететін жұмыр тығыз денені қолмен сипап сезеді. Жалпы рентгенограмма бойынша бүйректен төмен орналасқан үлкен түзіндінің контурын анықтайды: бел бұлшық етгерінің контуры көрінбейді. Экскреторлық урограмма мен кері уретеропиелограммадан бүйректің жоғары қарай ығысқанын, оның ротациясын, несепағардың ортаға қарай едәуір ауытқығанын көреміз. Радиоизотопты сканирлеу немесе сцинтиграфия ультрадыбыспен сканирлеу арқылы да бүйректің осындай ығысуын анықтауға болады, сонымен қатар, түзіндінің консистенциясы тығыз екені де анықталады. Егер аталған әдістер арқылы ісіктің көлеңкесін бүйректің бейнесінен айыру қиын болса, онда ісіктің бүйрекке қатысы жөніндегі мәселені бүйрек артериографиясының көмегімен шешеді. Венокавография төменгі қуыс венаның ығысуын, қысылуын немесе өсуін аныктауға мүмкіыдік береді, оның диагнозды анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ ісікке операция жасау жөніндегі мәселені шешуде маңызы бар.

Дифференциалдық диагностика. Құрсақ ісіктерін көбіне бүйрек ісігі мен кисталарынан, үйқы безінен, тоқ ішектен, еннен, қолқа аневризмінен, сондай-ақ қүрсақ қуысындағы паразиттік кисталар мен инкапсулданған гематомалардан жіктеуге тура келеді. Бұл жағдайда дифференциалдық диагностика үшін хирургиялық лапароскоптық, сондай-ақ ангиографияның жәрдемімен жүзеге асырылатынтері ретроперитонеоскопиясы деп аталатын әдісті жүргізу маңызды болады.

Емдеу. Қауіпті ісік секілді, қүрсақгың қауіпсіз ісігі де операциямен емдеуге — ісікті сылып тастауға қажетті керсеткіш болады. Құрсақ ісігінің үлкендігіне, олардың айналасындағы мүшелермен және тканьдермен, оның ішінде төменгі қуыс венамен немесе қолқамен бірігіп өсетініне байланысты операция жасау едәуір қиындық келтіреді, кейде осымен бір мезгілде нефрэктомия, спленэктомия, асқазанды, ішекті, ұйқы безін алу керек болады. Мүндай үлкен операцияны жасау үшін кең люмболапаротомиялық әдіс қажет болады.

Болжам. Қауіпті құрсақ ісігінің болжамы аса қолайлы емес: науқастардың біразы ғана 5 жыл өмір сүре алады. Мұндай болжам кептеген диагностикалық әдістер үшін қиындыққа түсетін құрсақ қуысының ісігін кеш айыруға байланысты. Құрсақ ісігін неғұрлым ерте анықтап, дер кезінде тиімді емдеу жүргізу болжамды жақсартады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *