Загрузка...

Қазіргі таңда сайт жасау үшін арнайы білімнің немесе белгілі бір оқу орындарын бітірудің қажеті жоқ. Өйткені сайт жасаудың оңай жолдары жетерлік десек те болады. Жалпы жақсы, бірақ қарапайым сайт жасау үшін 1 сағаттың өзі жеткілікті. Қазіргі кезде сайт жасаудың көптеген жолдары бар, солардың ішінде ең оңайы CMS қолдану болып табылады.

wordpress-sait

CMS дегеніміз — сайтты басқару жүйесі, яғни сайтты басқаруға арналған бағдарлама. Бәлкім сіз компьютерде біраз бағдарламалармен жұмыс істеп жүрген боларсыз. Мысалы, Microsoft Word, Excel, FineReader, Adobe Photoshop және т.б. CMS дегеніміз де осы бағдарламалар сияқты, яғни сол бағдарламаларға ұқсас функциялар атқарады. Сол себепті сізге сайт жасау тіпті де қиын болмайды.

Қазіргі таңда CMS-тердің түрлері 100-ден асады. Сіздің қандай сайт жасап шығарғыңыз келгеніне байланысты CMS таңдауыңыз керек болады. Бірақ та мен қазір солардың ішіндегі ең оңайына, әрі ең тиімдісіне тоқталып кетемін.

WordPress — қазіргі таңда сайттардың 70% — дан астамы осы CMS қолдану арқылы жасалынып шығарылған. WordPress менің ойымша ең оңай, әрі ең тиімді болып табылады. Өйткені қарапайым сайт жасау үшін WordPress көп білімді қажет етпейді, бұл бірінші себеп. Екіншіден, WordPress туралы мәліметтер ғаламторда көптен жоғары десек те болады. Үшіншіден болса WordPress бағдарламасына арналып шығарылған сайт үлгілері тегін әрі өте көп. Міне, егер сайт жасаудың оңай жолы қандай деген сұраққа жауап іздеген болсаңыз, күмәнданбай осы CMS-ті таңдасаңыз болады.

Қазір сіз ашып отырған сайттың өзі WordPress-те жасалған. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, көмектесуге дайынмын 😉

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *