Шаруашылықты интернационализациялау үдерістері

Шаруашылықты интернационализациялау үдерістері мен халықаралық экологиялық-экономикалық қатынастарды реттеудің ұлтаралық механизмі. Бейбіт шаруашылықты қалыптастыру тарихи тұрғыдан еңбек бөлінісі мен интернационалистік алмасудан басталады. Байлық жинаудың алғашқы кезеңінде салааралық сауданың ұлттық жергілікті орталықтарын әлемдік рынокқа айналдыру жүргізілді. Елдер арасындағы бәсеке барысында Халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) пайда болды. Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз әлемдік шаруашылыққа кіретін елдер арасындағы тұрақты ұдайы өндіру пропорциясы мен өзара байланыстар жүйесі. Ол өндірістік халықаралық мамандандыруға және кооперациялауға негізделеді. Мамандандырудың негізгі түрлеріне мыналар жатады: әлемдік шаруашылықтағы салалар мен салалық бөліктер арасындағы жеке еңбек бөлінісі. Сондай-ақ, әлемдік экономиканың салалары мен салааралық түрлері ішіндегі бірлі-жарым еңбек бөліністері де бар. Қазіргі кезде еңбек болінісінің барлық түрлері әлемдік шаруашылықга бір-бірімен үштасып жатады.

Мамандандыру өндіріс күштерінің дамуына көмектеседі. Ел экономикасының даму деңгейі оның ХЕБ-ке қатысу қарқынына байланысты. Сондай-ақ табиғи-климаттық факторлар, ұлттық экономика өндірісі көлеміндегі айырмашылықтар да әсер етеді. Ішкі рыноктың тарлығы шағын елдерді тұрақтандырады, олардың ТҰК-ының ХЕБ-ке белсенді қатысуы ұлттық ұдайы өндірістің мамандандыру деңгейін көтереді.

ХЕБ-тің даму деңгейі елдердің қосалқы жүйелердің халықаралық айырбасқа қатысуымен анықталады. ХЕБ-ке қатысу көрсеткіштері өндірістің жалпы көлеміндегі экспорт үлесі, ұлттық өнім көлемінің сыртқы сауда көлеміне қатынасы, халықаралық саудадағы елдің шартты колемі, жан басына шаққандағы сыртқы сауда айналымы көрсеткіштері болып табылады. Елдердің ХЕБ жүйесіне қосылу деңгейі ЖІӨ-дегі экспорт үлесімен анықталады.

ХЕБ-ке қатысу өндірісті мамандандыру мен кооперациялауды ұсынады. Халықаралық кооперация тар мамандандырылған өндірістің негізін қалау және ірі көлемдегі жобаларды жүзеге асыру үшін қажет. Кооперация әлемдік шаруашылықтағы тауарлар мен қызмет сапасын жақсартуға және өндіріс көлемін арттыруға, өндірістік күштерді одан әрі жетілдіруге жағдай жасайды.

XX ғасырдың екінші жартысында кооперация халықаралық саудадағы сипатын өзгертіп, алдын ала келісілген кешенді бұйымдарды, дайын өнімдерді кооперациялық тасымалдаушы болып табылды. Дамыған елдер арасындағы тауар айналымының 30%-ы кооперация тәртібіндегі өзара тасымалдауға келеді. Осы жағдайда халықаралық сауда әлемдік ұдайы өндірістік әлеуеттің маңызды элементі ретінде көрінеді.

Әлемдік шаруашылықта мамандандыру мен кооперациялаудың өсуіне көптеген факторлар, оның ішінде ҒТЖ-ның ықпалы болды; Қазіргі заманауи техника мен ондірістің жоғары технологиялық деңгейі ішкі қажеттіліктерді тиімсіз қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, өнеркәсіп өнімдеріңің барлық түрлерін ХЕБ-ке қатыспай-ақ өз күшімен өндіруге бағыттау да тиімсіз болып табылады. Шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің номенклатурасы жоғары болғаны соншалық, әлемдегі ешқандай ел барлық шикізат және өңдеуші салалардағы экономикалық жағынан тиімді өнімдерді жаппай өндіруді қамтамасыз ете алмас еді.

Өндірісті мамандандыру және кооперациялау өндіріс көлемін үнемдеуден түскен пайданы өсіруге және шығындарды азайтуға жағдай жасайды, сондай-ақ өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттырады. Арнайы есептеулер нәтижесі өңдеуші өнеркәсіп салаларында шығарылатын өнімді екі есеге өсіру шығындардың 10%-ға азаюын және тиімділіктің өсуін 40%-ға төмендетуді қамтамасыз ететіндігін көрсетті. Әлемдік шаруашылықтағы ғылыми-техникалық революцияның біркелкі болмауы бәсекедегі аралық күштердің өзгерісіне алып келеді. Бұл үдеріс мамандандыруды тереңдетуге және әлем шаруашылығы қүрьшымындағы алға басушылыққа эсер етеді. Мысалы, соңғы онжылдықта әлемдік экономикада өзіне жаңа тауашалар қалыптастырған немесе әлемдегі рынокта бұрыннан орнығып қалған бәсекелестерді ығыстырған, жаңа индустриялық елдер пайда болды. Әлемдік экономикаға, негізінен деңгейі жағынан бір-біріне жақын индустриялық елдердің ұдайы өндірістік байланыстары тән. 1996 жылы өндірісі дамыған елдер импортының 77,3%-ы басқа дамыған елдерге шығарылды. Даму деңгейі орташа елдер моральдық тұрғыдан тозған өнімдерді импорттайды. Әдетте ТҰК технологиялар мен өндірістерді нарығы қанығу дәрежесіндегі жұмыс күшінің құны төмен елдерге береді. Бұл тауарлар мен технологиялардың өмірлік циклін ұзартып, әлемдегі үшінші елдердегі экономикалық дамуды тежейді. Дамыған және дамушы елдер арасындағы қатынастар ассиметриялық өзара тәуелділік үстанымы бойынша қүрылғанымен, ХЕБ-ке қол жеткізген деңгейде сыртқы экономика әлемінен ажыраған елдерді ешқашан тастаған емес. ХЕБ-ті тереңдету мынаған алып келеді, ұлттық капиталдың көпшілік болігінің айналымы тек тауар немесе ақша түрінде ғана емес, сондай-ақ өндірістік түрде де әлемдік ұдайы өндіріс үдерісі деңгейінде қызмет атқаруда. Бұл халықаралық интеграция үшін маңызды алғышарттар жасай алады.

Интеграция даму деңгейі жағьшан жақын елдер арасындағы еңбек бөлінісі мен түрақты экономикалық байланыстарды қалыптастыру нәтижесі болып табылады. Интеграция бірыңғай аймақтық шаруашылық кешенді қалыптастыруға қабілетті ұлттық экономиканың сауда, қаржы-кредиттік және өндірістік өзара байланыстарын қамтиды.

Интеграцияның дамуын әр түрлі формалар мен кезеңдерге бөлуге болады. Аймақтық интеграция макродеңгейде мемлекетаралық интеграция ретінде, ал микродеңгейде ТҰК жүзеге асыратын бірлескен кәсіпкерлік ретінде корінеді. Мемлекетаралық интеграция алғашында саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған еркін сауда зонасы түрінде қалыптасады. Мемлекетаралық интеграцияның басқа формасы кеден одақтары болып табылады, оның шеңберінде басқа елдердің бэсекесінен мемлекеттік ішкі рьшокқа қатысушыларды кедендік және салықтан қорғау шаралары қарастырылады.

Интеграциялық үдеріс өз дамуында жүмысшы күші мен капитал қозғалысы, бірыңғай экономикалық рдақ құрумен байланысты заңды, экономикалық және техникалық сауда шарттары сияқты бірнеше кезеңнен өтеді. Экономикалық интеграцияны қалыптастыру валюталық одақ құрумен аяқталады. Еуропаның экономикалық интефациясы кеден және сауда одақтарынан басталып, кейіннен бірыңғай валюта жүйесі (еуро) бар Еуропа одағына (ЕО) айналды. Еуропадан басқа интеграциялық үдерістер Солтүстік Америкада дамыды. Солтүстік Америка еркін сауда қауымдастығы (НАФТА) ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Азияда, Африкада, Латын Америкасында 20-дан астам аймақтық топ бар. Аймақтық интеграциялық топтарға Латын Америка еркін сауда қауымдастығы (ЛАФГА), Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАА), Оңтүстік конустың жалпы рыногы («Меркосур») және т.б. жатқызуға болады.

Еуропа одағы шаруашылық интеграцияның жарқын үлгісі болып саналады. Батыс Еуропадағы интеграция заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің (Еуропа парламенті, Еуропа соты және т.б.) үкімет үстінен қарайтын институттарын құруды қарастыратын макроэкономикалық саланы қамтиды. Қазіргі кезде ЕО-ға енетін барлық 15 елдің шаруашылықтарының әр түрлі секторларының (аграрлық сала, сыртқы экономикалық, әлеуметтік қызмет және т.б.) жалпы шарттарын қалыптастыратын жанама шаралар ЕО-дағы халықаралық реттеудің негізгі қүралдары ЕО-да капиталдың, тауар мен қызмет көрсетудің бірыңғай рыногын құру жөніндегі бағдарламалар жасалды, олар аймақтағы өндіріс үдерістерін интернационалдандыруға ынталандырады. Әлемдік шаруашьшықты интеграциялық топтарға бөлу әлемдік ұдайы өндірісті интернационалдандыруға кері әсер етеді. Бір жағынан, интеграция ұдайы өндіріс үдерісін интернационалдандыруға көмектессе, екінші жағынан, әр түрлі одаққа кіретін елдер арасындағы экономикалық қатынастарда кедергі пайда болады. Сауда одақтарының және кейбір елдердің интеграциялық топтарының өзара қатынасы негізінен кеден және кредит саясатын қамтиды. Мысалы, ЕО Еуропа еркін сауда қауымдастығына кіретін (ЕСЕА) елдердің өндеуші өнеркәсіптік өнімдеріне баж салығынсыз сауданы жүзеге асырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *